Нормативті нақты шығындар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:45, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы нақты және нормативтік шығындарға сипаттама беру, оны талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
басқару есебіндегі шығындар ұғымына түсінік беру;
нақты және нормативтік шығындарға түсінік беру;
нақты және номативті шығындардың ауытқуы және оларды азайту жолдарын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі
Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері................................5
1.2 Нормативті және нақты шығындардың өнімнің өзіндік құнына әсері........9
1.3 Басқару есебінің нормаларының құқықтық реттелуі...................................15
«Алматы ет» ЖШС норамитвті және нақты шығындарының ұйымдастырылуы
«Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты.........................................16
«Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану........................................................................................................18
2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы.......28
2.4 Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары…................................................29
Қорытынды.......................................................................................................33
әдебиеттер........................................................................................................35
ТІРКЕМЕ................................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

нормативті шыгындар есебі.docx

— 320.40 Кб (Скачать)

 АТМГИ мамандық 5В050800 есеп аудит және сервис, топ-ЕжА-11  ССО,  қ/б         


           Студеттің аты-жөні: Құбашева Гүлжанат

Мазмұны

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

  1. Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі
    1. Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері........................................................................................5

1.2 Нормативті және нақты  шығындардың өнімнің өзіндік  құнына әсері........9

1.3 Басқару есебінің нормаларының  құқықтық реттелуі...................................15

 

 

  1. «Алматы ет» ЖШС норамитвті және нақты шығындарының ұйымдастырылуы
    1. «Алматы ет» ЖШС даму тарихы, есеп саясаты.........................................16
    2. «Алматы ет» ЖШС нормативті және нақты шығындарды өндірісте пайдалану........................................................................................................18

2.3 «Алматы ет» ЖШС нақты және нормативті шығындардың ауытқуы.......28

2.4 Кәсіпорындағы нормативті және нақты шығындарды төмендету жолдары…………………......................................................................................29

 

Қорытынды.......................................................................................................33

әдебиеттер........................................................................................................35

ТІРКЕМЕ................................................................................................................36

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс  тақырыбының өзектілігі. Нарықтық жағдайда шаруашылықтанудың жаңа талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті. Кеңес үкіметі кезеңінде ұзақ жылдар бойы отандық ұйымдардың көпшілігі жоспарлау, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдаудан көп тәжірибе жинақтады. Бірақ бұл тәжірибе нарықтық экономика ұстамдарынан едәуір ерекшеленетін, теориялық негіздегі орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында қалыптасты.

Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар  өз қызметінің нәтижесіне толық жауап  беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік –  қаржылық қызметінің тиімділігіне деген  басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім  көмектеспейтін болды. Өндірістік –  шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін  тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта  құру арқылы мәселелерді ұйымның  өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық  нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, тіпті оның мәні күшейе түсті, бухгалтерлік есеп, сонымен бірге  өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты  экономикалық талдау да жалғастырылды. Бірақ, олар көпшілік жағдайда айдың  соңында жүргізілгендіктен, оның тиімділігі онша жоғары дәрежеде болмады.

Дегенмен де, түбегейлі  өзгерістер, ең алдымен бұрынғы жоспарлау, есеп, бақылау және талдау әдістемесінде  басқару үшін экономикалық ақпаратты  қалыптастыру мен пайдалану жүйесінде  қажет болды. Қазіргі жағдайда өндіріс  шығындары мен қаржылық нәтижелер  туралы ақпараттарды қалыптастырудың, оларды басқарудың жаңа жолдарын құру, жедел талдау үшін алынатын мәліметтердің  жеделдігі мен құндылығын арттырудың дәстүрлі емес жүйесін құру – қазіргі  шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен бақылауының және талдаудың  өзекті мәселелерінің бірі болып  табылады.

Экономикасы жоғары дамыған  елдерде нарық жағдайындағы ұйымның  оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық  кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде  пайдалану өте қажет. Ұйымды басқару  теориясы мен тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы нақты және нормативтік шығындарға сипаттама беру, оны талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

    • басқару есебіндегі шығындар ұғымына түсінік беру;
    • нақты және нормативтік шығындарға түсінік беру;
    • нақты және номативті шығындардың ауытқуы және оларды азайту жолдарын саралау.

Басқарушылық есепті ұйымдастыру  мен жүргізу ұйым басшыларының жедел  және стратегиялық шешім қабылдауына  керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі  болып табылады.

Бұл анықтама халықаралық  стандарттарға сай және ұйымды басқару  үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік  қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын  оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты  жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.

Ғалымдар мен экономисттердің  арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем  тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ  өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен  қатар басқарушылық шешімдердің  тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын  үшін маңызы жағынан кем түспейтін  өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.

Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша  басқарылатын әрбір объектінің есептік  жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары  туралы мәліметтерді талдауы болып  көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның  қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі  тиімді басқарушылық шешімдерін жедел  қабылдау үшін ақпараттың негізі болып  саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару  үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік – шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, қорытындыдан және 2 бөлімнен тұрады.

Курстық жұмыстың көлемі: 38 бет

 

 

 

1.Кәсіпорындағы нормативтік және нақты шығындардың теориялық негізі

    1. Шығындырдың мәні, басқару есебіндегі шығындар туралы түсінік, оның жіктелуі, түрлері

Шығандарды жіктеудің  осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен «шығын» деген ұғымның өзін жете түсіну кажет, яғни оның терминологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын кәне есебін түсіндіру керек.

«Шығындар, деп жазады Лисович Г. М., Ткаченко И.Ю - бұл қолдағы бардын сатып алуға жүмсалғанын және- оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге кабілетті қаражаттар». Бірақта, кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның баскалай да трактовкасы (немесе түсіндірулері) кездеседі. Мәселен, проф. Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж. оны келесідей түрде тұжырымдайды: «Әдетте, шығындар — тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар (ақшалар) деп түсіндіреді».

Тура осындай мазмұндағы анықтаманы сәл кейінірек проф. Шеремет А. Д. және басқа да авторлар берді .

Осы ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі деңгейде екендігі көрініп тұр. Дәл сондықтан, осы күнге дейін экономи-калық әдебиеттерде осы мәселе бойынша көзкарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде, «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған кара-жат» ұғымдары бірдей деп тендестіріледі немесе ұқсас болып келеді және «өндіріс шығындары», не «өндіріске жұмсалған шығын» термин-дері қолданылады. Біздің пікірімізше, «шығын» деген сөздің табиғаты, әр қилы ахуалға байланысты әр түрлі мәндерге ие болып келетін сияқты. Басқару есебінде (БЕ) шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі әдістермен жіктеледі, яғни ол бір мағыналы емес. Шығын факторы - бұл шығындардың пайда болуына әкелетін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар.

Сондықтан, мұндағы шығындардын ой өзегі, әр түрлі мақсаттағы  шығындар әр түрлі топтастырылуы мүмкін.

«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді. Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «актив» келешекте одан табыс әкелінеді деп күтілетін және өткен оқиғалар нәтижесі ретінде, субъект бақылайтын ресурстар тұрғысынан карастырылады. «Шығын-дар» мен «шығыстар» ұғымдарын толық деңгейде ұқсас деуге болмайды. «Шығыстар» — бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойында табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.

Бухгалтерік есептің стандарттары бойынша «Шығыстар» есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстын азаюын, сондай-ақ капиталдың азаюына әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің пайда болуы мүмкін.

Енді біз «шығындардың»  мәнін түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіруді, яғни олардың іске  асырылу жайын салыстырады.

Осыдан келіп, шығындар өзіндік  құнға қарағанда едәуір кең және бір мезгілде белгілі мақсаттарға  ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді.

Осыдан барып, есептің  мақсаты, атқаратын қызметі және мазмұндарды өзгерді. Осыдан «шығындарды» өздігінше есепте көрсету, оның соңғы өнім болып  табылады, ал ол мақсатқа жетудің құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде әр түрлі «өздерін алып жүреді», ал жекелеген тұрғысынан қарасақ, ол: «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра, шетелдік әдебиеттерде, әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша теориялық еңбектерінде «шығындардың әрекетті» деген терминді өте жиі қолданады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы туралы айту қабылданғанмен, бірақта «шығындардың әрекеті» термині, біздің пікірімізше, тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе бақса шығыстардың мүмкін болатын статистикалық жағдайын көрсететін, өте ауқымды ұғым болып көрінеді.

Одан басқа, бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

Демек, бідің пікірімізше, шығындардың жіктемесі басқару мәселелерін шешу үшін құрал ретінде, яғни шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процесіне қатысты. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білуі керек. Релевантты шығындар деп тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін, болашақ шығындарды еептеуге болады.

Өндірістік шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда  болу орындары мен апарылатын көздеріне  қарай жіктеледі.

1) Құрамына қарай шығындар элементтік, кешендік болады. Бір элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы, амортизация және басқалары. Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады, мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе жалпы зауыттық шығындар.

2) Шығындар     түрлері     бойынша     экономикалық     элементтер     және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады.

Өнімдердің өзіндік құнына кіретін шығындардың элементтеріне мыналарды жатқызуға болады:

материалдық шығындар;

еңбек ақы төлеу шығындары;

әлеуметтік қажеттіліктерге  аударымдар;

негізгі қорлар амортизациясы;

       басқада шығындар.

Шығындарды элементтері  бойынша топтастыру өнімді өндіруге жұмсалған нақты шығындарды, жалпы  шығындар сомасындағы жеке элементтердің  арақатынасын көрсетеді. Жекелеген  өнімдердің өзіндік құнын есептеу  үшін өндірістік кәсіпорындар шығындарды калькуляциялау баптары бойынша  топтастырады. Шығындар номенклатурасын  әрбір кәсіпорын өз спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, өздері бекіте алады. Олардың жалпы тізімі салалық өнімдер есебі мен  өзіндік құнды калькуляциялау жөніндегі  нұсқаулары бойынша анықталған. Жалпылама  түрде калькуляциялау баптары келесі түрде болады:

шикізаттар мен материалдар;

сатылып алынатын және құрастырушы  өнімдер, жартылай фабрикаттар;

қайтарылған қалдықтар (шегеріледі);

технологиялық мақсаттағы отын және энергия;

өндірістік жұмысшылар еңбек  ақысын төлеу шығындары;

әлеуметтік қажеттіліктерге  аударымдар;

жабдықтарды ұстау және күту шығындары;

жалпы өндірістік шығындар;

жалпы шаруашылық шығындар;

ақауға байланысты зиян;

коммерциялық (өндірістен тыс) шығындар;

басқа да өндірістік шығындар.

3) Пайда болу орнына  қарай шығындар өндірістер, цехтар, бөлімшелер, басқа да кәсіпорынның  құрылымдық бөлімшелері бойынша,  яғни жауапкершілік орталықтары  бойынша топтастырылады және  есепке алынады.

4) Шығындарды апару объектілеріне  байланысты, яғни өнімдер, жұмыстар, қызметтер бойынша олардың өзіндік  құнын анықтау мақсатында топтастыру.

Информация о работе Нормативті нақты шығындар есебі