Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

— есеп беруді өзара сәйкестендіреді (есеп беру қосымша өнделеді, жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі);

— активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әркайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;

— кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар жойылуы мүмкін.

Бірнеше занды түлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылык, есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметгердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.

Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жүмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес зандытұлғада да көрсетілмейді.

Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі, яғни еншілес занды тұлғаның нақты таза активімен алмастырылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің жөне негізгі заңцы тұланың үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның ұлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктесгіктердің үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.

Негізгі занды тұлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза активтері асып тұссе, онда оның ағымдағы сатып алынған актавтерінің құнынан мәмілесі бойынша өтетін міндетгемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардың гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады.

Егер де негізгі занды тұлғаның қүрамына кіретін еншілес занды тулғанық құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы құны мен сол күні алынған міндетгемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстьң жеке бабы болып көрініс табады.

Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады (2 кесте), ал ол келесі кезеңцерден тұрады:

- бірінші кезекте еншілес занды түлғаны алысымен, алдымен, негізгі занды түлғаның өзіне кэтысты таза активінің үлесі аныкталады (кәсіпорьшның активінен оның міндетгемесі алынып тасталынады);

Кәсіорын инвестициясына байланысты инвестициясының баланстық құны жойьшады және меншік капиталындағы сомасы, яғни 1750 мың тенге сомасы.

Кәсіорын инвестициясына байланысты алыыған қүны таза актив кұнынан асып түскендіктен, консолидацияланған кезде "оң іскерлік фирмасы (гудвилл)" деген түсінік пайда болады.

Түзетілген: негізгі занды түлғаның инвестициясының құны 810 мың теңге сомасына ("Инвестиция" бабы) бағаланған, ал негізгі занды тұлғаның еншілес кәсіпорындағы үлесі 520 мың теңгеге бағаланган (500 мьщ теңге

 

 

 


3. Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау

3.1. Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері және оның мазмұны

 

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

              Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және слыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау; 2) тікелей талдау; 3) трендтік талдау; 4) салыстырмалы талдау; 5) факторлық талдау; 6) қаржылық коэффициенттер әдісі.  Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын   өткен   кезеңімен   салыстыру.   Ол   өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлім-дері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптар-дың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар. Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толық-тырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды. Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықгық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүм-кіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе ретгелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элемент-терін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономика-лық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтьшығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

 

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау

 

Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив.

Активте айналым қаражатының және айналымнан тыс активтердің синтетикалық шоттары бойынша толтырылған қалдықтарды; пассивте міндеттемелер мен меншікті капиталды көрсетеді.

Сонымен қатар, баланста баланстан тыс шоттарда есепке алынатын қолда бар құндылықтар туралы анықтама келтіріледі. Анықтама баланста твс шоттар бойынша жүргізілетін есеп жүйесінің деректер бойынша жасалады.

Баланс деректері бойынша кәсіпорынның қаржы жағдайындағы талдау жасалады.

Бухгалтерлік баланстан басқа, кәсіпорын есеп берудің мынадай үлгерін толтырылады.

Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру табыстардың және шығындардың шоттардың жинақтап ашатын негізгі үлгі болып табылады.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы берліген есепте мынадай ақпаратты: негізгі қызметтен келген табысты; өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны; жалпы табысты; кедендегі шығындарды; жалпы және әкімшілік шығындарды; проценттерді төлеуге жұмсалған шығындарды; өткізу бойынша жұмсалған шығындарды; негізгі қызметтен келген табысты (зиянды); негізгі емес келген табысты (зиянды); табыс салығын; әдеттегі қызметет келген салық салынғаннан дейінгі табысты (зиянды); төтенше жағдайлардан келген табысты (зиянды); таза табысты (зиянды) ашу қажет.

Ақшалай қаражат қозгалысы туралы берілетін есеп. Есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат тасқыны туралы барлық деректер, сондай-ақ қаржы қызметін пайдаланылатын таза ақшалай қаражат, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорын активтерінің жалпы сомасы -511 мың тг-ге кеміген. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызмет аясының төмендегенін көрсетеді.

              Кәсіпорын өндірістік потенциалының құны +13066 мың тг-ге өсіп, 36780 мың тг құрағанымен, оның үлес салмағы 12,2 пунктке көбейген

              Активтер құрамындағы ұзақ мерзімді активтер мен ағымдағы активтердің қаражат бөлінуі жыл басында тиісінше 54,2 және 14,6 %-ті құраса, жыл соңында 45,8 және 85,4 % құраған.

              Сонымен кәсіпорын активтерінің құрылымы қалыпты деңгейде. Дегенмен ағымдағы активтердің үлес салмағы жыл соңында төмендеген.

              Ағымдағы активтердің құрамындағы ақшалай қаражаттардың өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын дәлелдейді.

Олардың көлемі бірінші кезектегі төлемдерді өтеуді қамтымасыз етуі тиіс. Бірақ ұзақ мерзім бойына үлкен ақшалай қаражат қалдықтарының болуы айналым капиталының дұрыс пайдаланылмауының нәтижесін көрсетеді. Көлемі аз, бірақ ширақ қозғалатын босалқылардың болуы қаржы ресурстарының аз ғана бөлігі қорда тұрғанын бейнелейді. Ал олардың шамадан тыс көп болуы өндіріс белсенділігінің төмендегенін сипаттайды.

Егер баланс активінде кәсіпорын қаржаттары көрініс тапса, пассивінде олардың қалыптасу көздері көрініс табады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі көп жағдайда оның қарауындағы қаражат түрлеріне және олар неге салынғанына байланысты болып келеді. Тиістілік деңгейі бойынша пайдаланылып отырған капитал меншікті (баланс пассивінің бірінші бөлімі) және қарыз болып (баланс пассивінің екінші және үшінші бөлімі) болып бөлінеді.

 

Кесте – 11 «Асыл-Дизайн» ЖШС авансталған капиталының құрамы мен құрылымы

 

Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

Өзгеруі (+;-)

Сомасы, мың тг

Ү/с, %

Сомасы, мың тг

Ү/с, %

Сомасы, мың тг

Ү/с, %

1

Меншікті капитал

-

-

-

-

-

-

2

Жарғылық капитал

354

70

354

49.4

-

100

3

Қарыз капиталы

-

-

-

-

-

-

4

Кредиторлық қарыздар

152

30

42.25

50,6

+107

170.4

 

Барлығы

506

100

613

100

+107

170.4

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы