Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.

Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.

Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін. Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.

Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.

Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті - жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.

Тәуекел талдауының блок-нобайы

Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторлар тікелей нақгы түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай.

Тәуекелдің сандық талдауы - бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары: статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау, экспертгік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану.

Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтару-лардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсция және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі.

Вариация - бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің сандық бағасының өзгеруі (тербелмелігі). Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылық-тың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

Вариация дисперсиямен, яғни орташа мәннен белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен бағаланады. Орташа өлшемді дисперсияны математиктер мына формуламен есептейді:

Нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпо-рынның қызметі солғұрлым тәуекелді болады.

Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісі көптеген көлемді мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым болмағандықтан, оны қолдану қиындайды.

Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:

1) құнның ең басында жете бағаланбауы;

2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;

3) өнімділіктегі айырмашылық;

4) алғашқы құнның өсуі.

Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін. Мысал ретінде, қаржы-қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қызмет ете алады.

Эксперттік-бағалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.

Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құбьшыстардың, құралдардың, жүйелердің ұқсастығын тауып пайдала-нуында болып табылады, яғни жаңа идеялар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.

Банкроттық түсінігі, түрлері және себептері

Банкроттық – бұл шаруашылық субъектінің қаржының жоқтығынан өзінің қарыздық міндеттемелерін төлеуге және ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыруға құжатпен дәлелденген қабілетсіздігі.

Банкроттық соңғы нәтижеге жетудің анықталмағанымен және шығынға ұшырау тәуекелдігімен байланысты нарықтық қатынас жүйесінде алдын-ала анықталып қойған.

Шаруашылық субъектінің қабілетсіздігі келесілерден болуы мүмкін:

- «бақытсыздық», өз кінәсінен емес, алдын-ала болжанбаған оқиғалардың салдарынан (табиғи апат, әскери іс-қимыл, қоғамның саяси тұрақсыздығы, мемлекеттегі дағдарыс, өндірістің жаппай құлдырауы, қарыз кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы және басқа да сыртқы факторлар);

-   «жалғандық», кредиторларға қарыз төлеуден жалтару мақсатында өз мүлкін әдейі жасыру нәтижесінде;

- «байқамай қалу», тәуекелді операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстың тиімсіздігі салдарынан;

Бірінші жағдайда, мемлекет кәсіпорынға дағдарыстық ситуациядан шығу үшін көмек көрсетуі қажет. Әдейі жасалған банкроттық қылмыстық жазаға тартылады. Неғұрлым кең тарағаны банкроттықтың үшінші түрі болып табылады.

«Байқамай қалу» тәуекелдігі біртіндеп басталады. Өз уақытында білу және жою үшін кәсіпорынның ауру нүктелерін табуға және кәсіпорын экономикасын жақсарту іс-шараларын қолдануға мүмкіндік беретін қаржы жағдайына жүйелі түрде талдау жасап отыру қажет.

Банкроттықтың алғы шарттары әртүрлі – бұл ішкі және сыртқы факторлардың өзара әсер ету нәтижесі. Оларды былай классификациялауға болады:

Сыртқы факторлар.

1. Экономикалық: мемлекет экономикасының дағдарыс жағдайы, өндірістің жаппай құлдырауы, инфляция, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы, ресурстарға бағаның өсуі, нарық конъюнктурасының өзгеруі, мүдделестердің төлем қабілетсіздігі және банкроттығы. Шаруашылық субъектінің төлем қабілетсіздігінің бір себебі мемлекеттің дұрыс жүргізбеген фискальдық саясаты болуы мүмкін. Салық салудың жоғары деңгейі кәсіпорын үшін ауыр болуы мүмкін.

2. Саяси: қоғамның саяси тұрақсыздығы, мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясаты, экономикалық байланыстардың үзілуі, өтім нарығының жоғалуы, экспорт және импорт жағдайының өзгеруі, шаруашылық құқық, монополияға қарсы саясат, кәсіпкерлік қызмет аясындағы заңнаманың жетілмеуі және басқа да мемлекеттің реттеуші функцияларының дұрыс жолға қойылмауы.

3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты халықаралық бәсекелестіктің күшеюі.

4. Демографиялық: халықтың құрамы мен саны, халықтың әл-ауқатының деңгейі, халықтың қандай да бір тауар немесе қызметке төлем қабілетті сұранысы мен қажеттілігінің көлемі мен құрылымын анықтайтын қоғамның мәдени жағдайы.

Ішкі факторлар.

1. Тиімсіз өндірістік-коммерциялық қызмет немесе тиімсіз инвестициялық саясат салдары ретіндегі меншікті айналым капиталының тапшылығы.

2. Техника, технология және өндірісті ұйымдастырудың төменгі деңгейі.

3. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын пайдалану тиімділігінің, оның өндірістік қуатының төмендеуі, оның салдарынан өзіндік құнның жоғары деңгейі, шығындар.

4. Аяқталмаған өндіріс, аяқталмаған құрылыстың, өндірістік қорлар, дайын өнімнің нормадан артық қалдықтарының қалуы, осыған байланысты капитал айналымдылығы баяулайды және оның тапшылығы туындайды. Бұл кәсіпорынды қарызға кіруге мәжбүр етіп, оның банкроттығының себебі болуы мүмкін.

5. Кәсіпорынның нашар клиентурасы, олар кешігіп төлейді немесе банкроттықтықтың себебінен мүлде төлемеуі де мүмкін.

6. Өнімді өткізу нарығын зерттеу бойынша маркетингтік қызметті ұйымастырудың төменгі деңгейіне байланысты өтімнің болмауы.

7. Тиімсіз жағдайда кәсіпорын айналымына заемдық қаржылар тарту, бұл қаржы шығындарының ұлғаюына, шаруашылық қызметтің рентабельдылігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

8. Шаруашылық қызметтің тез әрі бақылаусыз кеңеюі, нәтижесінде қорлар, шығындар және дебиторлық қарыздар сату көлеміне қарағанда тез өседі. Осы жерден қысқа мерзімді заемдық қаржыларды тарту қажеттілігі туындайды, бұл таза ағымдағы активтерді жоғарылатуы мүмкін. Нәтижесінде кәсіпорын банк және басқа да кредиторлардың бақылауына ілігуі мүмкін.

Банкроттық ішкі және сыртқы факторлардың бірігіп әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Нарықтық экономикасы дамыған, экономикалық және саяси жүйесі тұрақты  елдерде шаруашылық субъектінің дағдарысының 1/3 себебі сыртқы факторлармен, 2/3 – ішкі факторлармен байланысты.

Банкроттық ықтитмалдықты анықтау әдістері

 

Кесте 19 - Қаржылық жағдайын бағалау критерийлері бойынша кәсіпорындарды топтау

 

Көрсеткіштер

Критерийлерге сәйкес кластардың шекарасы

1 класс, балл

2 класс, балл

3 класс, балл

4 класс, балл

5 кл, балл

6 класс, балл

Абсолютті ликвид-тілік коэффициенті

0,25-тен жоғары - 20

0,2-16

0,15-12

0,1-8

0,05-4

0,05-тен аз – 0

Тез арада ликвид-тілік коэффициенті

1,0-ден жоғары - 18

0,9-15

0,8-12

0,7-9

0,6-6

0,5-тен аз – 0

Ағымдағы ликвид-тілік коэффициенті

2,0-ден жоға-ры – 16,5

1,9/1,7-15/12

1,6/1,4-10,5/7,5

1,3/1,1-6/3

1,0-1,5

1,0-ден аз-0

Қаржылық тәуел-сіздік коэффициенті

0,6-дан жоғары-17

0,59/0,54-15/12

0,53/0,43-11,4/7,4

0,42/0,41-6,6/1,8

0,4-1

0,4-тен аз – 0

Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті

0,5-тен жоғары - 15

0,4-12

0,3-9

0,2-6

0,1-3

0,1-ден аз – 0

Қорлардың меншік-ті капиталмен қам-тамасыз етілу коэф-фициенті

1,0-ден жоғары - 15

0,9-12

0,8-9,0

0,7-6

0,6-3

0,5-тен аз - 0

Шекараның ең төменгі мәні

100

85-64

63,9-56,9

41,6-28,3

18

-

     

Банкроттық ықтималдықты анықтау үшін бірнеше әдіс қолданылады:

А) бірнеше критерийлер мен белгілер жүйесі негізіндегі трендтік талдау;

Б) көрсеткіштердің шектеулі шеңбері;

В) интегральдық көрсеткіштер;

Г) кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының нарықтық критерийлері негізіндегі рейтингтік баға беру;

Д) факторлық регрессиялық және дискриминанттық моделдер;

Банкроттық белгілерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жақын арада мүмкін болатын қаржылық қиындықтар мен банкроттық ықтималдығын куәлендіретін көрсеткіштер:

-         негізгі қызметтегі қиындықтардың қайталана беруі;

-         көп уақыттан бері төленбей уақыты өткен кредиторлық және дебиторлық қарыздардың бар болуы;

-         ликвидтілік коэффициентінің төменгі мәні және олардың төмендеу тенденциясы;

-         қарыздық капиталдың оның жалпы сомасындағы үлесінің қауіпті шекке дейін ұлғаюы;

-         меншікті айналым капиталының тапшылығы;

-         капитал айналымы ұзақтығының жүйелі түрде ұлғаюы;

-         шикізат пен дайын өнімнің қорының нормадан артық сақталуы;

-         қаржы ресурстарының жаңа көздерін тиімсіз жағдайда пайдалану;

-         тапсыпыс портфеліндегі тиімсіз өзгерістер;

-         кәсіпорын акциясының нарықтық құнының құлдырауы;

-         өндірістік потенциалдың төмендеуі;

Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды қауіпті деп санауға негіз болмайтын, бірақ қажетті іс-шаралар қолданбаған жағдайда жақын арада оның бірден нашарлауы мүмкіндігінен хабар береді. Оларға жататындар:

-         кәсіпорынның қандай да бір нақты жобаға, құрал-жабдық түріне, актив түріне, шикізат немесе өтім нарығына тікелей тәуекелдігі;

-         басты контрагенттерді жоғалту;

-         техника мен технологияны жаңартуды дұрыс бағаламау;

-         басқару аппаратындағы тәжірибелі қызметкерлерді жоғалту;

-         мәжбүрлік тоқтап қалу, ырғақсыз жұмыс;

-         тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

-         капитад салымдарының жетіспеушілігі т.б.

Бұл индикаторлар жүйесінің артықшылығы жүйелілігі және комплекстігі, ал кемшілігі – шешім қабылдау күрделілігінің жоғары деңгейі, есептелген көрсеткіштердің ақпараттық мінездемесі.

Кәсіпорынның банкроттығы туралы заңға сәйкес олардың төлем қабілетсіздігіне баға беру үшін бірнеше көрсеткіштер пайдаланылады: ағымдағы ликвидтілік коэффициенттері, меншікті айналым капиталымен қамтамасыз етілуі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы