Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.

Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын онын деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазақстан Республикасыньщ Мемлекетгік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.

Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалга бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық кұндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.

Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырган кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгедеу комиссиясына егжей тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жүмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы (пересортировка) бойынша олардын артық ие кем шығуын есепке (зачетқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортгалу кезінде нақгы жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шықкан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдык жауапты адамдардық кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашьш көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, кызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шотгарында есептелген сомалардың мұқият негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сагып алушылардың және басқа дебиторлардьщ мөліметгерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.

Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе өздерінін толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.

Түрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар қүндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы үсыныстары айтылған хатгамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.

Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. қүжатгардың толықтүскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі қүралдардық амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсатгарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезендердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақш өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықгарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шотгарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.

Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша (материалдар, метиздер, ағаш материалдары және т.с.с.) материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады, ол тауарлық-материалдық құндылықтарының кірісі мен шығысы бойынша 1310-шы «Шикізат және материалдар» және 1330-ші «Тауарлар» ішкі бөлімдердің жинақтаушы, шоттары материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл бөлімнің деректері 1320-шы «Шикізат және материалдар» немесе 1330-ші «Тауарлар» ішкі бөлімдердің шоттары жөніндегі Бас кітаппен салыстырылады.

1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтертерді есепке алуға арналған.

 

 

2.3 Қаржылық есеп беруді жасау

 

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша каражатының козғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің максаты пайдаланушыларды есептік кезеңцегі қызметінің нәтижесі мен қаржьшық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

-инвесторлар — жасаган инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына кдншалықгы пара-пар келетіндігін анықгау үнгін; кәсіпорьшға салған инвестциясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақгаудың қажеттілігі аныктау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу кабілетгілігін аныктау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- кредитор — алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілетгілігін (мүмкіндігін) анықгау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- жабдықтаушылар кредиторлық карызды дер кезінде өтей алатын кабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- сатып алушы — кәсіпорын қандай кезенде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

- қызметкерлер — кәсіпорынның түрақгы әрі рентабельді болғанына мүдцелі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысьш және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып түруын көздейді;

- Мемлекеттік органдар - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жүмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатгы (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

- Жұртшылык, — жұмыс орнын табу мақсатында кажетгі акпаратгарды елді мекенді, аймакгы дамыгуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Каржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дүрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының аганын бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардық басқарушы органдарының қызметіне кажет ақпаратгармен қамтамасыз етуге өз септігін тагізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпаратгар оларды канағаттандыруы тиіс.

Бүл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді. Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылыктың бір ғана операциясы өртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпаратгарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер аркылы олардың мазмүнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беруде занды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсегілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметгерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі - мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жанадан құрылған субъектілер үшін — занды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезендігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржьшық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік жөне мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалык олжа ретінде көрсетіледі.

Ол еткен мәміленің немесе басқа окңғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметгі) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорьшның міндетгемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінін арасында бөлінуі мүмкін.

Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондыргалар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, "ноу-хау", гудвилл және т.б.); совдай-ақ активтер дебиторлық карыз іспетгес те болып келуі мүмкін.

Шаруаіпылық жүргізуші субъектгің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе кайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа актавтерді жасау мен оларға жұмсалган шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уакцпа бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жыддық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердіц түпкілікті өз арналымдарына сөйкестігін көрсетпейді.

Міндеттемелер - бұл өткен мөміленің нөтижесі, ол жүзеге асқандыктан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекетгің кредитор пайдасьгаа жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесіи орындалуын талап етуге қүқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндетгеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шартгақ қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндетгеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа актавті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы — бұл субъекттің міндетгемесі шегерілген акшві. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлықкапиталы, қосымшатөленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылык есеп беруді пайдаланушылар үшін бүндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің каржылык жағдайының тұрақталығын көрсетеді. Қаржылық нәтижесі — бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Каржылык нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс — бұл есепті кезендегі активтердін өеуі, не міндеттемелердін азаюы; шыеыс — бұл есептік кезенде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъектгің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру — шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) карап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдыққызмет, ауьш шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақтабыс пен шығысты әдетгегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар — бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінін нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатканнан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестациялык қызметгерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың кдтарына: негізгі қүралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар — өнімді өндірумен, жүмысты аткарумен, қызметті көрсетумен байланысты шышндар, негізгі және негізгі емес қызметіен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражатгары, материалдық запастар, негізгі қүралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайганын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықгай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы