Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа
Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.
Кіріспе 4
1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6
және экономикалық сипаттамасы
1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6
1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық
көрсеткіштерін талдау 10
1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18
2 Қаржылық есеп беру 21
2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22
да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30
3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45
3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері
және оның мазмұны 45
3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46
3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48
3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51
3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің
тиімділігін талдау 54
3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56
кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау
Қортынды 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі 66
Тіркемелер 69
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорында активтерді қалыптастыру көздерінің жалпы шамасы 107 мың тг-ге өскен. Ол негізінен қарыз капиталының 10 мың тг-ге өсуімен қамтамасыз етілген. Меншікті қаражаттардың үлесі 70 пунктке кеміген. Бұл ойдағыдай жағдай. Осы арқылы кәсіпорынның меншікті капиталы 49.4 % құраған. Бұл жағдайлар кәспорынның қаржы жағдайының тұрақтана түскенін көрсетеді. Енді келесі кезекте қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері зерттеледі.
Пайдалануына байланысты капитал ұзақ мерзімді тұрақты (перманентті) – баланс пассивінің бірінші және екінші бөлімі және ағымдағы – баланс пассивінің үшінші бөлімі болып бөлінеді. Меншікті капиталдың қажеттілігі кәсіпорынның өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Меншікті капитал кәсіпорын тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорын қызметін тек өз қаражаттарының есебінен қаржыландыру әр уқытта тиімді бола бермейді (әсіресе оның өндірісі маусымды болса) Бұл ретте жекеленген уақытта олар жетіспейді. Сонымен қатар қаржы ресурсатарының бағасы төмен болса, ал кәсіпорын несиелік ресурстар өтеміне қарғанда капитал салымының қайтарымын жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алса, онда қарыз қаражаттар қатыстыра отырып-ақ меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылата алады.
3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау
Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті және т.б.
Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капитал мен баланс валютасның арақатынасы арқылы анықталады. Ол коэффициенттің оңтайлы мәні 0,5-0,6
Кесте-12 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | 2007 ж | 2008ж | Өзгеруі (+;-) |
1 | Активтер, мың тг | 1110 | 1110 | - |
1.1 | Ұзақ мерзімді активтер | 895 | 895 | - |
1.2 | Ағымдағы активтер | 1836 | 420 | -1426 |
2 | Пассивтер, мың тг | 145 | 145 | - |
2.1 | Меншікті капитал | - | - | - |
2.2 | Ағымдағы міндеттемелер | 2073 | 1401 | -672 |
3 | Тәуелсіздік коэффициенті | 0,78 | 0,55 | -0,23 |
4 | Қаржыландыру коэффициенті | 1,26 | 1,11 | -0,15 |
5
| Қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті | 3,59 | 1,23 | -2,36 |
6 | Инвестицияларды жабу коэффиценті | 0,78 | 0,55 | -0,23 |
7 | Инвестициялау коэффициенті | 4,98 | 3,78 | -1,2 |
Тәуелділік коэффициенті тәуелсіздік коэффициентіне кері шама, яғни қатыстырылған капитал мен баланс валютасының арақатынасы арқылы анықталады. Оның оңтайлы мәні 0,4-0,5
Қаржыландыру коэффициенті меншікті капитал мен қатыстырылған капиталдың арақатынасымен анықталады. Оның мәні 1-ден жоғары болуы тиіс. Қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капиталдың арақатынасы арқылы анықталады. Оның мәні 1-ден кем болуы тиіс. Инвестицияларды өтеу коэффициенті меншікті және ұзақ мерзімді міндеттемелердің баланс валютасына қатынасымен анықталады. Оның мәні шамамен 0,9-ға тең болуы тиіс. Инвестициялау коэффциенті меншікті капитал мен негізгі капиталдың арақатынасымен анықталады. Оның мәні 0,5-тен артық болуы керек. «Асыл-Дизаин» ЖШС қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштерін талдау үшін баланс мәліметтері негізінде келесі кесте құрылады. Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері жыл басында да жыл соңында да қалыпты жағдайда болған. Тәуелсіздік коэффициенті 0,23 пунктке кеміп, 0,55-ті құраған, яғни қалыпты деңгейіне сай келеді. Қалыпты деңгейге сондай-ақ қаржыландыру коэффициенті де, қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті де сәйкес болған. Қаржыландыру коэффициенті 0,115 пунктке азайып, 1,11-ді, ал қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффициенті 2,36 пунктке кеміп, 1,23-ті құраған. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын инвестицияларды жабу коэффициенті 0,23 пунктке кеміп, 0,55-ті құраған. Дегенмен оның мәні қалыпты деңгейге сәйкес келмеген. Бұл ретте кәсіпорынды дағдарыстық жағдайда деп айтуға болады. Бірақ оған толық баға беру үшін қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Ма.к.=Мк-Ұа (1)
2.Тауарлы-материалдық босалқылардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің нақтылығы (Ма.к/ұз).
Бұл көрсеткіш алдыңғы көрсеткішті яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер (Ұм) сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады.
(мың тг)
№ | Көрсеткіштер | 2007 ж | 2008 ж | Өзгеруі (+;-) |
1 | Меншікті капитал | - | - | - |
2 | Ұзақ мерзімді активтер | 895 | 895 | - |
3 | Меншікті айналым капиталы | 2673 | 4793 | 2120 |
4 | Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | - | - |
5
| Тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастырудың меншікті және ұзақ мерзімді көздерінің нақтылығы | 1836 | 420 | 1426 |
6 | Қысқа мерзімді несиелер | - | - | - |
7
| Тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастырудың қалыпты көздері | - | - | - |
8 | Тауарлы-материалдық босалқылар | 1836 | 420 | 1426 |
9
| Меншікті айналым капиталының артықшылығы (+), жетіспеушілігі (-) | - | - | - |
10
| Меншікті және ұзақ мерзімді көздерінің артықшылығы (+), жетіспеушілігі (-) | - | - | - |
11 | Тауарлы-материалдық босалқыларды қалыптастырудың қалыпты көздерінің артықшы-лығы (+), жетіспеушілігі (-) | - | - | - |
Ма.к/ұ=Ма.к-Ұм (2)
3.Тауарлы-материалдық босалқылардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыз (Қм) сомасына қосу жолымен мына формула арқылы анықталады:
НК= Ма.к/ұ+Қм (3)
Тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
1) қаржы жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
2) қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржы жағдайы;
4) дағдарысты қаржы жағдайы.
Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштерін зерттеу үшін келесі кесте құрылады.
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай «Томирис-1» ЖШС меншікті айналым қаражаттарымен айналым қаражаттары тұрмақ ұзақ мерзімді активтерін де қамтамасыз ете алмаған.
Жыл басында тауарлы-материалдық босалқылардың қалыпты көздермен қамтамасыз етілмеуі 2886319 мың тг-ні құраса, жыл соңында 1992944 мың тг құраған. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның дағдарыстық жағдайда екенін көрсетеді.
3.4. «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті ) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау талдау міндеттеріне мыналар жатады:
табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
табыстың өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
табыстылықтың (рентабельдліктің) әр түрлі коэффициенттерін және олар дың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.
Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін есептеу үшін келесі кестені талдауға болады.
Кесте – 13 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін бағалау
№
| Көрсеткіштер
| Өл. бірл. | Нақты | Абсол. ауытқу +;- | |
2007 ж. | 2008 ж. | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Өнімді сатудан түскен табыс | мың тг. | 2919 | 4049 | +1130 |
2 | Өндірілген өнімнің өзіндік құны | мың тг. | 2673 | 4793 | 2120 |
3 | Жалпы табыс | мың тг. | 2335,4 | 406,5 | -1928,9 |
4 | Мерзімдік шығындар | мың тг. | 458 | - | -458 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) | мың тг. | -212 | -744 | -956 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) | мың тг. | -212 | -744 | -956 |
7 | Таза табыс (зиян) | мың тг. | -217 | -744 | -956 |
Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы