Инвестиялық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:03, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану.

Содержание

Кіріспе 3
1-Бөлім. Қаржылық инвестицияныңэкономикалық мәні және оның маңызы 4
1.1 Инвестицияның экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері 4
1.2 Қазақстан республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралары мен жолдары 8
2-Бөлім. Инвестициялардың есебі 11
2.1 Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі 11
2.2. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу 17
3-Бөлім. Инвестиция аудиті жәнежүргізу тәртібі 22
3.1. Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы аудиторлық тексеру бағыттары 23
3.2. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу 26
3.3 Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі. 27
3.4. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары 31
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Работа содержит 1 файл

Учет инвестиций.docx

— 735.12 Кб (Скачать)

Құн әдісін  инвестор қаржылық есеп беруді құру кезінде қолданады:

  • тәуелді ұйым қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет еткен кезде;
  • инвестициялар жақын болашақта сату мақсатымен алынған кезде.

Құн әдісін қолдану кезінде  инвестор осы инвестицияларды сатып  алған күннен  кейін инвестиция салынған ұйымның таза табысынан  алынған дивидендтер сомасындағы  табысты  ғана мойындайды.

Инвестиция сатып алғанға  дейінгі кезеңдегі дивидендтер  капитал қайтарылымы ретінде  қарастырылады да, инвестор оны инвестицияның  баланстық құнының азайтылғанында көрсетеді.

Бағалы қағаздарды сату кезінде, әдетте ұйым табыс алады немесе зиян шегеді. Бұл кезде сатудан алынған  табыс пен шығындар алынып тасталған  баланстық құн арасындағы айырмашылық  табыс немесе шығын деп танылады.

Акциялар мен облигациялар бойынша табысты төлеу тәртібі  Қазақстан Республикасының заңымен  реттеледі.

Заң келесі жылы акционерлерге  қоғамның теріс меншік капиталы кезінде  немесе егер қоғамда төлем қабілетсіздігі белгісі немесе банкроттық туралы заңға  сәйкес қабілетсіздік байқалса немесе көрсетілген белгілер қоғамда дивидендтер  хабарланған және төленгеннен кейін  пайда болған жағдайда дивиденд төлеуге  тыйым салады.

 

    1. Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі.

Қаржылай инвестициялар  дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде, пайда  табу мақсатында субъект ие болып  отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын  мүлікке салынған инвестиция да жатады.

Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымының жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар  салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикпсының  аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар  беріледі.

Аудитор қаржылай инвестициялардың есебін тексеруге кірісердің алдында  тексерудің сапасы мен тиімділігін  арттыру мақсатында тексеру барысында  анықтауды, назар аударуды, тексердуді талап ететін мәселелер бойынша  бағдарлама жасайды:

  • баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендерін тексеру;
  • инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
  • инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғанын тексеру;
  • нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттарымен танысу;
  • құнды қағаздарды сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
  • қаржылай қағаздарды инвестицияларды қайта бағалаудың нәтежиесін, қайта бағалаудың қайталану жилігін тексеру;
  • қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының    бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
  • шаруашылықтың  басқа  заңды  тұлғаларға берген қарыздарының құжаттарымен танысу.

Жасалған бағдарламаға сәйкес, аудитор жылдың басындағы және ағымдағы мәліметтерін салыстырып тексеруге  міндетті. Тексеру барысында аудитор  қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталғандығына  назар аударып, олардың есебінің шаруашылықтың қабылдаған есеп жүргуізу саясатына сәйкес ұйымдастырылғандығына  көз жеткізуі тиіс. Қаржылай инвестициялар  мақсаттық  бағытына және салыну мерзіміне  қарай ұзақ мерзімді болып екіге  бөлінеді.

Аудитор қысқа мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша немесе сатып  алып алу құны мен ағымдағы құнының  ең төмен бағалануы бойынша есепке алынып, олардың ағымдағы құнының өзгеруінен  болған табыстың немесе зиянның сол есепті кезеңде татаңылғандығына тексеру жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді қаржылай  инвестициялардың бухгалтерлік баланста сатып алу құны бойынша қайта  бағалаудың нәтижесі ескеріліп есепке алынған құны бойынша және қоржын негізінде айқындалатын сатып алу  құны ағымдағы құнының ең төменгі  бағалануы бойынша есепке алынғандығын тексереді.

Әдетте қаржылай инвестициялар  операциялары онша көп болмағаны  мен, құндылығы жөнінен өте маңызды. Аудитор тәртіп бойынша бақылау  тестін жүргізбегенімен, қаржылай инвестициялардың әрбәр операциясын жеке-жеке мұқият зерттеуге және бағалауға міндетті.

Негізінен  күрделі салымдарының ұйымдастырылуының аудиторлық тексеруді  аудиттің бес бағытына сәйкес жүргізуге  тиісті: тіршілік ету немесе пайда  болу; толықтық; бағалау; құқық және міндеттеме, тапсыру және ашу. Бұл  аталған бағыттар субъектінің басшысының қаржылық саясатында іске асыратын шаруаларға көзқарасын білдіреді. Осы мәселелерге  сүйене отырып, аудитор тексеруге  тиісті  сұрақтарын кәсіби біліктілікке және нақты дәл белгілеуге тиіс.

 

Инвестицияның ішкі бақылауы мен бухгалтерлік есеп жүйесі жағдайын тексеру тестілері.

                                                                                                                      8-Кесте 

Зерттеру мәселесі немесе объектісі

Тексеру қорытындысы

Аудитордың тұжырымдары  мен шешімдері

Бағалы қағзадардың сақталуы мен олар жайлы ақпараттардың  таралмауына жауапты бөлімше  қызметкерлер анықтала ма?

Бұл мәселе туралы шаруашылық жүргізуші субъекті  басшысының бұйрығы

Бұйрық белгіленген талаптарға сай

Инвестицияның және олар жайлы  ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасалды ма?

Бағалы қағаздар кассада  сақталады. Оларды ресімдеу мен құжаттауға рұқсат шектеулі

Бағалы қағаздардың сақталуын  қамтамасыз ететін жағдайлар қанағаттанарлық

Инвестицияны түгендеу жүргізіледі  ме?

Басшының бұйрығымен тағайындалған  түгелдеу комиссиясы жыл соңында  тек бір-ақ рет жүргізіледі.

Тұтастай ьүгендеу жүргізу  керек

Инвестициялы операцияларды  санкциялау тәртібі қалай?

Шешімдерді директорлар  кеңесі қабылдайды, өкімдермен рәсімделеді

Ішкі бақылау қанағаттанарлықтай. Атқару мерзімдерін анықтау

Инвестициялар есебінде кіріске  алудың толықтығы мен уақыттылығын тексеру жүргізіледі ме?

Іріктемелі бақылау жүзеге асырылады

Бақылаудың тәуекелділігі  жоғары. Тұтастай тексеру жүргізу

Инвестицияны тиісті топтарға жіктеу жүргізіледі ме?

Иә, ұзақ мерзімді және қысқа  мерзімді инвестиция түрі бойынша

Жіктеудің дұрыстығын талдау

Инвестицияларды шоттарда көрсетудің сызбасы жасалады ма?

Шоттардың жұмыс жоспары  белгіенеді

Шоттар корреспонденцияларында қателердің ықтималдығы жоғары

Инвестициялардың аналитикалық  есебі ұйымдастырылады ма?

Аналитикалық есеп инвестиция түрлері бойынша жүргізіледі

Аналитикалық есептіңрегистрлер бойынша мәліметтерін талдап шығу

Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есептің мәліметтері  қандай мерзімділікпен салыстырылады

Тоқсан сайын

Мерзімді есептілікте  қателердің болу ықтималдығы жоғары емес


 

Аудитор  қаржылай  инвестицияларды  тексерген   кезде құнды қағаздардың  түрлеріне қарай есеп мәліметтерінің жинақталып көрсетілгендігіне көз  жеткізіп, олардың ерекшеліктеріне  назар аударуға тиіс.

Олардың түрлеріне қысқаша  тоқталатын болсақ, олар былай жіктеледі:

  1. Жай акциялар (шаруашылық қызметінен табыс алуға және шаруашылықты басқаруға қатысуға құқық беретін). Акция ұстанушылар акцияларының санына қарай акционерлердің жиналысында сонша дауысқа ие болады.
  2. Артықшылығы бар акциялар (тұрақты табыс алуға құқық берілген, бірақ шаруашылықты басқаруға араласуға құқық берілмеген).
  3. Облигациялар (шығарған шаруашылықтың немесе мемлекеттік органның қарыз міндеттемесі, оларды ұстаушыларға белгілнген табыс төлеуге, белгілі бір жұлдызға облигацияның құнын қайтаруға).
  4. Вексель бір жақты бұлжытпай орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысанды құжат.

Вексельдер жай және аударма  болып бөлінеді:

Жай вексель (соло) дегеніміз – талап ету бойынша немесе  белгіленген мерзімінде вексельді берушінің, вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы төлейтіні жөнінде ешбір құжатта мақұлданбаған міндеттемесі.

Аударма вексель (тратта) – бұл несиелеушінің (трассанттың) үш жақты вексельдік қатынастарын реттеуші құжат. Бұл қатынастардың трассант трассатқа вексель жазып беріп ремитентке белгілі бір сомадағы ақшаны, белгілі бір орында, мерзімде төлеп беруге ұсыныс жасауды білдіреді.

Аудитор вексель дегеніміз  – вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлға (трассантқа), бірінші  вексель ұстанушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте  белгілі бір уақытта немесе ұсынған  кезде вексельде көрсетілген  соманы төлейтіні жөнінде ешбір  құжатта мақұлданбаған міндеттемесі.

Аудитор алынған акциялар, әр түрлі сертификаттар акциялар салынған үлестердің сомасының куәлігі  қарыз беруге байланысты шарттар  сияқты жасалған қаржылай инвестицияларды  растайтын құжаттарымен танысуға тиіс. Құнды қағаздардың сатылғандығын  растайтын құжаттар – бұл сатып  алу, сату актісі, облигациялардың сөндірілгендігін және берілген қарыздардың қарыздардың  қайтарылғандығын растайтын патенттік  табыстаулар.

Ұзақ мерзімде қаржылық инвестициялар  анда-санда қайта бағаланып тұратын  болғандықтан, аудитор оның материалдары мен танысып, жүргізілген қайта  бағалау нәтижесінің бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеру қажет. Ұзақ мерзімді инвестициялардың қымбаттаған сомасының меншікті капиталды ұлғайтуға, ал арзандағанда – негізгі емес қызметтердің шығындарына  жатқызылғандығын анықтауға тиісті.

 

 

    1. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары.

 

Инвестициялардың  әрбір  салушының белгілі уақыт өткеннен кейін ақталады  деген  үмітпен  салатын алғашқы  жұмсалымдары  екендігі белгілі.

Инвестицияның табиғатын, әрекет ету механизмі мен тиімділігін  көптеген  ғалымдардың зерттегендігін білеміз. «Инвестиция»  категориясы  бірнеше  жүздеген  жылдан  бері  белгілі  болғандықтан,  оны  зерттеушілердің  көптеген  анықтамалары  бар.  Әртүрлі көзқарастарға қарамастан, іс жүзінде барлық экономистер инвестиция – табыс алу мақсатында ресурстарды  жұмсау деген пікірді ұсынады.

Инвестицияның экономикадағы  алатын рөлі мен мәні олардың жиынтық  сұранысқа елеулі ықпалетуі нәтижесінде  ұлттық өндіріспен тұрғындарды жұмыспен қамтуға әсерін  тигізетіндігінде болып табылады. Бұл инвестициялардың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Әлемдік экономиканың жаһандануының  күшеюі жағдайында мемлекеттік реттеу  жүйесіндегі елдің экономикасын дамытудың қажетті факторы оның белсенді инвестициялық  саясаты  болып табылады. жүзеге  асырылатын инвестициялық ресурстар көлемінің  өсуі және оларды материалдық өндіріспен әлеуметтік аяның басым секторларында  неғұрлым тиімді  пайдалану  нәтижесінде  ғана  іске  асады.

Инвестициялар елдің өндірістік әлеуетін құру арқылы жаңа жұмыс орындарын  құру  мен  дамытуға, еңбек нарығы мен тұрғындарды жұмыспен қамтуға  ықпал ете отырып, елдің әлемдік  нарықтағы бәсекелік қабілеттілігін анықтайды. Сондықтан Қазақстанның қазіргі уақыттағы экономикалық дағдарыстан шығуға талпынысында ішкі және сыртқы  инвестицияларды тартудың маңыздылығы зор. Инвестицияның  мәнін қарастырғанда  олардың  жіктелуіне  назар  аударған  жөн.  Экономикалық әдебиеттерде  инвестицияларды  жіктеуге  қатысты  әртүрлі көзқарастар  қалыптасқан  және  олар  бір‑ бірінен  ерекшеленеді.

Әрбір  автор  өз  зерттеулеріне  сәйкес  келетін  және  соған  ыңғайлы  инвестицияның жіктелу  тұрпатын негізге алады. Олардың  ішіндегі ең  кең  тараған және  қарастырылып отырған тақырыпқа  сәйкес  келетін,  оның  мақсатына  жауап  беретін  әдіс неміс профессоры К. Вайнрихтің ұсынған әдісі болып  табылады.

Бұл – инвестицияларды  олардың  салу объектісіне қарай  жіктелуі:

  • мүлікке  салынатын  инвестициялар (материалдық  инвестициялар); 
  • тікелей  өндіріс  үдерісіне қатысатын тікелей инвестициялар (капиталдың елге  келуі  мен  елден  шығарылуы).

Қаржылық инвестициялар: портфелді инвестициялар, банктік  несиелер, ресми  несиелер мен қаржылық мүлікке, фирманың іс-әрекетіне қатысу құқығы мен қарыздық құқықты сатып алуға салынған қаржылық басқа активтердің субсидиялары. Мысалы, акциялар және басқа бағалы қағаздарды сатып алу.

Материалдық емес инвестициялар: жанама инвестициялар – материалдық  емес құндылықтарға: кадрлар дайындауға, зерттеулер мен жасалымдарға, жарнамаға  ж.б. салынған инвестициялар.

Тақырыпқа сәйкес инвестициялардың осы топтарының жұмыспен қамту мен  еңбек  нарығына қалай әсер ететіндігін, олардың жұмыспен қамтудың  саны мен сапасына, жұмыс орындарының  құрылу бағытына қалай әсерін тигізетіндігін; жаңа салалардың, жаңа  технологиялардың және жоғары маманданған  өндірістік  қызметтің  пайда  болуына қалай  ықпал ететіндігін қарастырып өтейік.

Бірінші‑топ. Мүлікке салынатын инвестициялар.

Мүлікке салынатын инвестициялар  тобына жататын тікелей шетелдік инвестициялар капиталдың әлемдік  қозғалысының ең маңызды қарқынды  бөлігі  болып табылады. Олар қабылдайтын  елдің өндірістік аппаратын жаңартудың мықты көзі, оның  экономикалық өсуінің  маңызды генераторларының бірі, экспорттың бәсекелік қабілеттілігін арттырудың, инвестицияларға қатысты мемлекеттің саясатына жататын елдің әлемдік экономикадағы позициясын нығайтудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

Тікелей инвестициялар сыртқы қарызды тудырмайтындығымен, жұмыс  орындарының өсуін қамтамасыз ететіндігімен, өзінің артынан әдетте жаңа технологиялардың келуін туғызатындығымен тиімді және ұлттық өндіріс модернизациясын  жүзеге асыруға, фирмалардың елдегі шетелдік әріптестерімен шаруашылық ынтымақтастығыныңмықты арналық тарамдарын орнатуға ықпал  етеді. Екінші жағынан, олар шетелдік инвестицияларды  тартудың бақылаусыздығы нәтижесінде  шетелдік корпорацияларының қабылдаушы елге ескірген және экологиялық жағынан  «лас» өндірістерді «лақтыруға»  тырысуының пайда болуы мүмкіндігінен, сөйтіп, жұмыс орындарын жасап, өзінің әлемдік нарықтағы позициясын  нығайту мақсатында ұлттық өндірісті  бақылауға қоюы, реципиент елдің  әлеуметтік саласы есебінен ақталмаған ұтымдылық алуға ұмтылуы салдарынан жағдайды қиындатуы мүмкін.

 Елдегі жеткіліксіз  деңгейде жүргізілген саяси   реформалар, саяси  тұрақсыздық   пен мемлекеттік машинаның әлсіздігі  инвестицияны шеттетудің  негізгі  факторларының бірі болып табылады. Сонымен  қатар тұрақты мүліктік  құқықтар жүйесінің  болмауы,  заң  жүйесінің сенімсіздігі, стандартты бухгалтерлік есептегі  жариялылықтың  болмауы,  сондай-ақ әрекет етуші капитал нарығының болмауы ішкі және сыртқы инвестициялардың келу ағымын тежейді.

Информация о работе Инвестиялық есебі