Инвестиялық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:03, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану.

Содержание

Кіріспе 3
1-Бөлім. Қаржылық инвестицияныңэкономикалық мәні және оның маңызы 4
1.1 Инвестицияның экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері 4
1.2 Қазақстан республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралары мен жолдары 8
2-Бөлім. Инвестициялардың есебі 11
2.1 Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі 11
2.2. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу 17
3-Бөлім. Инвестиция аудиті жәнежүргізу тәртібі 22
3.1. Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы аудиторлық тексеру бағыттары 23
3.2. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу 26
3.3 Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі. 27
3.4. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары 31
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Работа содержит 1 файл

Учет инвестиций.docx

— 735.12 Кб (Скачать)

 

Құн әдісі – инвестицияны  алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсе-тілетін есептік  әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы  таза табысының дивиденттердің мөлшері  алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе нивестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивиденттерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивиденттерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

Егер де дивидент инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инестордың балансы сол сомаға азаяды.

Тәуелді шаруашылық серіктестік  деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу  саясатына сәйкес есептелінеді.

Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі секріктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:

    • үлестік қатысу әдісі;
    • ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.

Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестицияны бөліп, біріктірілген қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:

    • егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
    • егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаржатын қайтару қабілетін төмендетеді.

Бірлесіп бақыланатын  активтер – жалпы мақсат үшін алынған  немесе салынған активтерді қатысушылар  бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі  қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір  қатысушының табысы олардың кәсіпорын  экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға  сатуға, тегін беруге құқылы. 

Төменде еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша  шоттар корреспонденциясы келтірілген.

 

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы.

                                                                                                                      Кесте 6.

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің  мына игіліктерді салу арқылы инвестициялары жасалынды:

  • тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер;
  • ақша қаражаттары;
  • есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен;
  • еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден;
  • заңды және жеке тұлғалардан

 

 

 

2210

 

2210

2210

 

2210

 

2210

 

 

 

1330,2400, 2700

 

1010, 1030

2150

 

4120, 4130

 

4110, 4170

Заңды және жеке тұлғалардан  тегін түскен инвестициялар

2210

6130

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде  үлестік қатысу сомасы инвестицияның  құнын өсіреді

 

 

2210

 

 

5320

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде  үлестік қатысу сомасы инвестицияның  құнын төмендеткен:

- бұрындары жасалған қайта  бағалау сомасының шегінде

- бұрындары жасалған қайта  бағалаудың артық жасалған сомасына

 

 

 

 

5320

 

7470

 

 

 

 

2210

 

2210

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің  таза табысында инвестордың үлесі  өсуімен байланысты инвестицияның  құны өскен

 

2210

 

7610

Инвестицияны үлестік  қатысу әдісі бойынша есепке алған  кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивиденттер сомасына инвестицияның құны азайды

 

2120, 2130, 2170

 

2210

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің  шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен байланысты инвестицияның  құны азайды

 

7610

 

2210

Егер де инвестицияның  баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда есепке алынады

 

011

 

-

Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің  таза табысында инвестордың үлесі  өсуімен байланысты инвестицияның  құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен  шығарылған құн қалпына келтіреді, бұл кезде баланстан тыс шоттар жабылады

 

 

 

2210

 

 

 

7610

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің  инвестициясы сатылды:

- инвестицияның баланстық  құнына

- инвестицияның сатылған  бағасы бойынша

 

 

 

7410, 1210

1280, 1220

 

 

 

2210, 2310

6210


 

Қаржылық инвестициялардың есебі 2-бөлім «Ұзақ мерзімді активтер»:

  • 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
  • 2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»
  • 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар»
  • 2030 «Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»
  • 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер» шоттарында жүргізіледі.

Қаржылық инвестициялардың шоттары активті, күрделі, негізгі  болып табылады. Осы шоттардың  дебетіне қаржылық салымдардың айдың  басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша  қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Бұл шоттар бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

Құнды қағаздар инвестициясының  өтелу құны мен оның сатып алынған  құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі  иеленген уақыт ішінде амортизация-ланады.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар  бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен  есептелінеді. Қысқы мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып  танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығын болып танылады.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі  бағасымен алынса, онда оның баланстық  құнын келесі негізде анықтайды:

    • жалпы қоржындық жиынтығымен;
    • инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
    • жеке инвестициялары бойынша.

Бұл кезде сатып алынған  бағасы ағымдағы бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығын ретінде танылады, ал керісінше жағдайда – табыс ретінде танылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төменгідей жолмен анықталады:

    • сатып алынған құнымен;
    • қайта бағалау құны ескерілген құнымен;
    • сатып алынған құнымен және ағымдағы құнының ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланды.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды  қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір  уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  қайта бағаланған сомасы меншік капиталының  өсіміне жатқызылады. Инвестициялар  құны төмендеген жағдайда азайту сол  инвестицияның үстеме сомасы болған жағдайда (жетіспесе), оның құнының  төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның  үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның  зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың құны төмендегенде сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құнын қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес алмағы және тәуекелділіктің түрі ескеруі тиіс. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, осы сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табысқа жатқызылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

Егер инвестиция бұрын  қайта бағаланған болса, онда қайта  бағалау сомасы аударылу кезінде  шығарылып тасталынады.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелінсе, онда ол баланстық құн  бойынша аударылады.

Қысқа мерзімді инвестицияларды  ұзақ мерзімді инвестицияға аударатын  болсақ, онда ол сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша  немесе ағымдағы құны бойынша бағаланады.

Облигация дегеніміз –  иесіне өз құнынан процент түрінде  тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы  барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар) облигацияны шығарушының кредиторы т.б Облигация – жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқығы жоқ.

Депозитті сертификат –  салушының депозитті салуға құқығын  куәлан-дыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар талап  етілгенше (депозитті сертификатты көрсету арқылы белгілі бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі  және проценттің мөлшері көрсетілген) түрінде болады. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурстарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады.

Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктегі салымдары. Олардың  түрлері жедел депозиттер, талап  етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер болып бөлінеді.

Қазыналық вексельдер –  мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары  болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен  сатылады. Толық өз құны бойынша  сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең  табыс алады.

Қазыналық ноталар – қазыналық  эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын  ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің  синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған  және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын  мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

Шартты бағалы қағаздар –  бұл опциондар, варранттар,қаржылық фьючерстер, алуға ерекше құқығы бар  тәріздес бағалы қағаздар.

Опцион – опциондық  контрактінің нәтижесі болып табылатын  бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң  бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

Варрант – бұл негізгі  бағалы қағаздарды шығарумен қатар  көрсетілген қор құндылықтарын  сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын және варрант сатып алушыларға қатысты міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.

Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт  мерзімі ішінде белгіленген бағалар  бойынша құндылықтар көлемін  жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын  жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ  ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контрат мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді  қарастырады. Фьючертік контракттар  бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу палатасы арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Инвестиялық есебі