Инвестиялық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:03, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану.

Содержание

Кіріспе 3
1-Бөлім. Қаржылық инвестицияныңэкономикалық мәні және оның маңызы 4
1.1 Инвестицияның экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері 4
1.2 Қазақстан республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралары мен жолдары 8
2-Бөлім. Инвестициялардың есебі 11
2.1 Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі 11
2.2. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу 17
3-Бөлім. Инвестиция аудиті жәнежүргізу тәртібі 22
3.1. Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы аудиторлық тексеру бағыттары 23
3.2. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу 26
3.3 Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі. 27
3.4. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары 31
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Работа содержит 1 файл

Учет инвестиций.docx

— 735.12 Кб (Скачать)

Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі  қажет:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;
  • инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша шектеу;
  • инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
  • инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
  • инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде жүргізу жағдайын талдау;
  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте шаруашылық операцияларын көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
  • инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету:
  • инвестициямен байланысты операциялар бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы.

Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсаттар мен  міндеттемелерге негізделіп анықталады:  ұзақ мерзімдік инвестициялар, соның  ішіеде – еншілес және тәуелді  ұйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа  мерзімді қаржылық  инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы.

Ұзақ мерзімді активтердің  маңызды тарауының бірі – инвестициялар  деп мемлекетіміздің ішіндегі және шетелдердегі экономиканың салаларына күрделі қаржы (капитал) түрінде  табыс алу мақсатында салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвестиция шаруашылықтың  экономикасын дамытуда жоғарғы және тұрақты қарқын қалыптастыруда, ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізуде, инфрақұрылымды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Аудитор еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің, Қазақстан Республикасының Республикасының  Азаматтық Кодексінде қаралған баптарға сәйкес құрылғанына көз жеткізіп, нақты инвестиция салу тәртібінің сақталып, салынған салымдардың шаруашылық жарғылық капиталының және материалдық-өндірістік қорлардың өсуіне ықпал еткеніне назар аударуы тиіс. Негізгі субъектімен  еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын  шаруашылық серіктестіктердің қатынастарының реттелу тәртіптерімен танысып, олардың іске асырылу жолдарын бағалауға  тиіс. Нақты салынған салымдарға негізгі  құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы материалдық қорлар және ақша қаражаттары түрінде берілген активтер жатады. Аудитор инвестиция түрінде салынған активтер 2310 «Инвестициялар»  бөлімшесінің сәйкес синтетикалық шоттарының дебетінде жинақталады.

Аудитор сонымен қатар  еншілес және бірлесіп бақыланатын  серіктестіктердің инвестициядан  бөлек дебеторлық борыштарының «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебеторлық борыштары»  бөлімшесінің сәйкес шоттарының дебетіне 3350, 1250 бөлімшелерінің кредитінен ағымдағы дебиторлық борыштарының жинақталып көрсетілгендігіне көз жеткізуі тиіс. Негізгі субъектімен еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын  міндеттемелері мен дебиторлық борыштарының өзара есеп айырысу құралы ретінде  бір-біріне жатқызу фактыларының орын алғандығын анықтап, олардың рәсімделу тәртіптерімен танысуы керек. Үкіметтің шығарған қаулысына сәйкес қайта бағалауға байланысты салымшылардың үлестеріне реттеулер енгізу тәртіптерінің сақталғандығын анықтап салынған инвестицияның көлеміне қарай үлес қосушылардың еншілес және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің табысынан алынатын үлестерінің анықталу жолдарымен танысып, есептелген табыстан, табыс салық ұсталып, бюджетке аударылғандығына тексеру жүргізеді.

Еншілес және бірлесіп бақыланатын  серіктестіктердің тіршілік етуін  тоқтатып тарауына байланысты олардың  мүліктерінің салымшыларына қайтарылу  тәртіптеріне байланысты құрылған комиссияның  хаттамасымен танысу қажет. Олардың  мүліктеріне тәуелсіз сараптау жүргізіліп бағаланғандығын, серіктестіктердің  өтелмеген міндеттемелері мен борыштарының құрылтайшыларының арасында наразылық  туғызбайтындай етіп бөлінгендігінде  көз жеткізіп, 2310 «Инвестициялар» бөлімшесінің тиісті шоттарының дұрыс жабылғандығын анықтау қажет. Инвестициялардың қозғалысы бойынша орын алған операциялардың бухгалтерлік есеп регистрларында, машина-жазбаларда, таспаларда дұрыс көрсетілгендігін тексеріп кеткен кемшіліктерді аудиторлық қорытынды есепке көрсетуге міндетті.

 

    1. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу

Инвестициялар шоттарын аудиторлық тексеру процедуралары аудиттің бес бағыты тұрғысынан қарастырылады: бар болу, толықтық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру мен  ашып көрсетулер.Объектіге қатысты  тексеру жүргізу бағдарламасын  құра отырып, аудиторлар басшысы тексерудің осы бағыттары қаржылық есеп беруге енгізілген  компания басшылығының көзқарасын білдіретінін түсінуі керек. Осыдан шыға отырып, аудиторлар аудиттің тиісті мақсаттары бойынша жан –  жақты, білікті және дәлелді түрде  зерттелуі керек сұрақтарды белгілейді.

 

Инвестицияны аудиторлық тексеру бағдарламасы.

                                                                                                                       7-Кесте .  

Аудит  рәсімдері

Ақпарат көздері

Инвестиция баланста көрсеутдің дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап

Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есебі мәліметтерінің сәйкестігін тексеру

Бас кітап, 12 журанл-ордер; бастапқы құжаттар.

Қаржылық инвестицияларды  жіктеудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжатар

Бағалы қағаздардың бар  екендігі мен сақталу орнын анықтау

Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционерлер реестері, стау-сатып  алу актісі, төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, куәліктер, жүкқұжаттар .

Инвестиция құнын бағалаудың дұрыстығын тексеру

Шарттар, сатып алу-сату актілері, төлем тапсырмалары, жүк құжаттар

Бағалы қағаздар алу жөніндегі  бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын тексеру

1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлері;  Бас кітап

Бағалы қағаздарды сату мен  номиналды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлері;  Бас кітап

Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру

12 журнал-ордер, Бас кітап

Басқа да заңды тұлғаларға кәсіпорынның қарыз беру заңдылыған тексеру

Шарттар, есеп айырысу-төлем  құжаттары


 

Бар болуы тиісті:

  • инвестициялар бар және құжатты дәлелдері бар;
  • бағалы қағаздарға салынған қаражаттар бойынша есептеулер жүргізілген түгендеу нәтижелерімен дәлелденген.

Құқықтар мен міндеттемелері:

  • қаражаттар нақты салынған және заңды мәмлелер нәтижесінде пайда болды;
  • сатып алынған бағалы қағаздар мен мүлікке қаражаттарды салу бойынша операциялардың ақтаушы құжаттары бар және нормативті – құқықтық  актілер талаптарына сәйкес.

Толықтық:

  • барлық бағалы қағаздар мен мүлікке салынатын қаржылық салымдар кәсіпорын меншігі болып табылады және бухгалтерлік есеп принциптеріне сай есепке алуда көрсетілген;
  • инвестиция түсуі мен шығарылуы бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында көрсетілген;
  • инвестициялардың синтетикалық есебінің шоттары бойынша айналымдар мен сальдо талдамалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен сальдоларға сай келеді, Бас кітап пен қаржылық есеп беруге дұрыс көшірілген;
  • құнды анықтау кезіндегі түзетулер мен сатудан болатын табыстар мен ысыраптар қамтылған инвестициялардан түсетін табыс қаржылық есеп берулерде тиісті түрде көрсетілген.

Бағалау:

  • қаржылық есеп берулерге енгізілетін инвестициялар құны шындыққа сәйкес және қажетті құн бойынша бухгалтерлік есепте ескеріледі;
  • қаржылық инвестициялар уақытында дұрыс қайта бағаланған;      
  • амортизация қабылданған әдістерге сай дұрыс есептелгені.

Тапсырулар мен ашып көрсетулер:

  • инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп дұрыс жүктелген;
  • инвестиция туралы ақпарат бухгалтерлік есептің қабылданған стандартына сай ашылған.

Аудиторларға жыл бойы қандай өзгерістер болғанын және бағалы қағаздар қайда сақталатынын білу қажет. Егер бағалы қағаздар клиентке сақталса, онда оларды қарау және есептеу қажет. Әдетте бұнымен клиенттің жауапты  өкілі қатыуымен аудиторлық топ  айналысады. Есепте барлық қағаздарды бір мезгілде есептей отырып, бақылайды. Есептеу кезінде жұмыс құжаттарында реквизиттер көрсетіледі:

  • оларды құрған тұлғаның фамилиясы;
  • бағалы қағаздарды сипаттау;
  • үлес саны;
  • сертификаттар нөмірі, құнының мүмкін бағаларының ең жоғарғысы;
  • пайыздар мен артықшылығы бар дивидендтердің мөлшерлемесі;
  • шығару жылы.

Есептеу аяқталған сәттен аудитор бағалы қағаздар бүтін күйінде  сақталу орнына қайтарылды деген  клиент өкілінің жазбаша куәлігін алуарқылы  растау керек.

Егер инвестиция портфелі салыстырмалы түрде алып және белсенді болса (банктерде, сақтандыру компанияларында, инвестициялық компанияларда), бағалы қағаздарды есептеу кең жоспарларды, дәл орындауды және аудиторлардың үлкен штатын қажет ететін басты іс болуы мүмкін. Өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпоындардың көпшілігі бағалы қағаздардың үлкен көлеміне ие емес және ол жердегі тесеру аса қиын бола қоймайды. Әдетте аудитор бағалы қағаздар тізімін алады. Бұның негізінде есептеу жүргізілген күні Бас кітап бойынша сальдо есептеледі.

Мүлікке инвестициялау негізгі  құралдарды тексеру әдістемесі бойынша  тексеріледі.

Бағалау. Инвестицияны жүргізу  шығындары брокерлердің есептері, ай сайынғы есептер және басқа ұқсас  құжаттар мен құжатты тексерілуі керек. Сол кезде сату сомасы табыстар мен шығындар шоттарында көрсетіледі, ал бағалар мен сатудан түскен түсімдер брокерлердің есептерімен  құжатты түрде дәлелденеді аудитор  сонымен бірге инвестиция құнын  бағалаудың қандай әдісі қолданылғанын  мысалы, сатып алу құны, ағымдық  құны, қайта бағалау ескерілген құн, портфель  негізінде анықталатын  сатып алу және ағымдық құны ішінен ең төмен бағалау және оның алдыңғы  кезеңдерде қолданылатын әдістерге  сәйкестігін анықтауы қажет. Жылжымайтын  меншік құны да сәйкес құжаттар мен  дәлелденуі керек.

Инвестициялау циклының аудитін  жүргізу кезінде сәйкессіздік орын алуын және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін  анықтау мақсатында кәсіпорында  қолданылатын қаражаттарды салу бойынша  операцияларды  есепке алу әдістемесінің  Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік – құқықтық  құжаттарға сәйкетігі анықталады.

Аудитті жүргізу кезінде  бухгалтерлік есепте бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналымға  ендіру бойынша операцияларды көрсету  заңдылығы мен дұрыстылығын тексеруді  іске асыру қажет.

Аудитор сатып алу кезінде  қаржылық инвестиция сатып алу құнымен  бағаланатынын білуі керек.

Сатып алу құны сатып алумен байланысты  барлық шығындарды қамтитын нақты шығындардан тұрды. Сатып  алу бойынша шығындарға жататындар:

  • қор биржасының комиссиондық  қызметі;
  • брокер немесе диллердің, оның ішінде банктік қызмет көрсетудің комиссиондық қызметі.  

Сатып алған кезеңге дейін  септелген сыйақы  дивидендтерді  қамтитын құн бойынша қаржылық инвестицияларды  сатып алуды есепке алуда сатып  алушының сатушыға сыйақыны төлеу шамасына азайтылған сатып алу құны бойынша көрсетіледі.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар  бухгалтерлік баланста көрсетілетін:

  • ағымдық құн бойынша;
  • сатып алу және ағымдық құнның ең төмен бағасы бойынша.

Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алушы және ағымдық құндардың  ең төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн  негізгі жалпы жиынтық портфель негізінде немесе инвестициялар  түрлері бойынша немесе жекелеген  инвестициялар негізінде анықталуы  мүмкін.

Ұйым есепке алуда қысқа  мерзімде қаржылық инвестициялар бойынша  бағалау әдістеріне таңдау құқығына ие және өзінің есеп саясатында бағалаудың қай әдісі таңдалғанын анықтауы қажет. Бағалаудың таңдап алынған әдісі  бір есеп беру кезеңінен басқасына  дейін бірізді болуы және кәсіпорынның есепке алуы саясатында көрсетілуі керек. Бір жылы бағалаудың бір әдісін, келесі жылы басқасын қолдану дұрыс  болмайды. Егер ондай жағдай байқалса, қаржылық есеп беру мәліметтерін салыстыру  мүмкіндігі болмайды. Көрсеткіштерді салыстыру мақсатында алдыңғы есеп беру кезеңін қайта қарастыру  керек болады.

Егер инвестор ұзақ мерзімді инвестиция ретінде басқа ұйымның  шығарған барлық акциясының 20%-дан 50%-ға  дейін дауыс құқығы бар акцияларын сатып алса, онда ол оның қызметіне  елеулі әсер ету  мүмкіндігін алады. Осындай инвестицияларды есепке алу үшін бухгалтерлік есепте үлестік  қатысу әдісі пайдаланылады. Осы  әдісті пайдалану кезінде аудитор  дивидендтер төленетін – төленбейтіне қарамастан инвестиция салынып отырған  ұйымның таза табысындағы өзінің табыс үлесін анықтауы қажет.

Информация о работе Инвестиялық есебі