Инвестиялық есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:03, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану.

Содержание

Кіріспе 3
1-Бөлім. Қаржылық инвестицияныңэкономикалық мәні және оның маңызы 4
1.1 Инвестицияның экономикалық маңызы мен мәні және оның түрлері 4
1.2 Қазақстан республикасында инвестиция есебін ұйымдастырудың дамыту шаралары мен жолдары 8
2-Бөлім. Инвестициялардың есебі 11
2.1 Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есебі 11
2.2. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу 17
3-Бөлім. Инвестиция аудиті жәнежүргізу тәртібі 22
3.1. Инвестициялау циклы шоттарының өзара байланысы аудиторлық тексеру бағыттары 23
3.2. Инвестициялау циклында сәйкестікке тексеру жүргізу 26
3.3 Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу және талдамалық процедураларға тексеру жүргізу тәртібі. 27
3.4. Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары 31
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Работа содержит 1 файл

Учет инвестиций.docx

— 735.12 Кб (Скачать)

 

 

 

 

    1. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу

Қаржылық есептілікте  инвестицияны ашып көрсету үшін олардың  әр түрлі жағдайдағы құнын анықтауымыз шарт. Енді анықтау жолдарына келетін болсақ:

Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иелігіндегі алынған қаржылық инвестициялары листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса,онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.

Табыстың тіркелген деңгейі  бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облиғацияны бағалау үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

,    (1)

 

Мұндағы: Р – облигацияның ағымдағы құны;

С – жыл сайынғы төлеуге  жататын номиналдық табыс пайызы;

k – жабылу мерзіміне  дейінгі алынатын табыс;

n – облигацияны өтеу  мерзіміне дейінгі қалған мерзімі.

Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір рет  емес, екі рет төленеді. Соның  нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:

 

,    (2)

 

Мерзімі шектелмеген облигациялардың  ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық консоли, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз ететін болса, онда оның ағымдағы құны  р= С/к-ге тең, мұндағы к – тәуелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

Табыстың қолданыс таба алатын деңгейі өзгерген кезде (табыстылықтың  нарықтық деңгейі) облигациялардың  да құны өзгереді.

Шартты бағалы қағаздардың  құнын анықтау. Варрант белгілі  бір акциялар саны бойынша белгілі  бір акциялардың бағасын анықтауға  болатындығын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір бағасы бойынша  белгілі санын анықтайды. Акциялардың  нарықтық бағасы р-ға тең, варрант бойынша  белгіленген акциялар бағасы П, бір  варрантқа V акцияларын сатып алуға  болады, онда варрант бағасы:

                                   

Цв=(р-П)*V, (3)

 

мұндағы Цв – варрант  құны.

Акциялардың нарықтық бағаларының  әрбір өзгерісі кезінде варранттың ағымдағы құны да өзгереді.

Опцион – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі  бір баға бойынша, белгілі бір  акцияның санын сату немесе сатып  алу құқығын көрсетеді:

 

Цо=(p-)*k-S, (4)

 

Мұндағы:

р – контракт біткен күндегі  акцияның бағасы;

П – опциондық контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;

k – опциондық контракт  бойынша акцияның сомасы;

S – опционның сатылатын  бағасы.

Акцияның ағымдағы құнын  анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл сайынғы алынатын дивидент тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі «Д» - ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

 

,      (5)

Мұндағы:

 – акцияның құны:

 – пайыздық мөлшерлемесі.

Акцияның нарықтық құны әртүрлі  әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың екі типі бар деп топшыланады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осыған сәйкес, акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:

ρ  (6)

 

Мұндағы:

ρ - акцияның нарықтық құны;

x – жоғары дивиденд  алуға ниет білдірген инвесторлардың  үлес салмағы, дивиденттік ( x~1);

- бұрындары сатылып кеткен  акциялардың бағасы.

Акцияның нарықтық бағасын  шығарған кезде x пен y деңгейінің тәуел-ділігі байқалады: бір кезде “бағамдық” басым болса, ал бір кезде керісінше, “дивиденттік” басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.

Акцияның ағымдағы құнын  есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан  жоқ. Акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін дивиденттер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынандай болады:

, (7)

Мұндағы:

- кезең үшін күтілетін дивиденд;

к - акция бойынша қажетті  табыс деңгейі;

- 1 ден  дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дискщнтталған құнының сомасы.

Егер инвестор акцияны  бір жыл ұстап және акцияның құнын n мөлшер-лемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:

 

(8)  

Мұндағы:

Д - жыл соңына күтілетін дивидент;

n - жыл бойындағы акцияның  өсу қарқыны, %;

i – дисконттың мөлшерлемесі.

 

Инвестицияларды қайта бағалау. Ұзақ мерзімді қаржылық инвести-цияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік капиталын  өсіреді. Инвестицияның құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның үстемесі болмаса, онда ол шығынға жатқызылады.

Бұрын төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның  үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.

Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң  көбейсе, алдыңғы ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның азайған құны өзінің бастапқы қалпына келтіріледі. Сол  қалпына келтірілген сома қабылданған  есеп саясатына байланысты табыс  немесе таратылмаған табыс ретінде  танылады.

Қаржылық инвестицияны қайта  бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің  есептілік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық бағасының биржада  түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылық туғызатын қаржылық мәселелер т.б. Инвестор әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі ақша қаражатынан бас тартып, болашаққа табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана инвестициялық жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған әдістің 4 әдісін пайдаланады:

    • инвестициялық табыстың орташа нормасы;
    • өтеушілік;
    • табыстың ішкі нормасы;
    • таза ағымдағы құны.

Инвестициялық табыстың орташа нормасының әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеңіндегі  салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық деңгейі мен жүзеге асырылған  қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялық табыстың орташа нормасы  инвестицияның не өсуіне, не азаюына  әкеледі, яғни азайған кезде оларды қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу  әдісі инвестициялық жобалардың тиімділігі жөнінде толық түсінік  бермейді, өйткені ол уақыты бойынша  түсетін ақшаның әртүрлі құнын ескермейді (дисконттау процесі онда қолданбайды), сондай-ақ өтелу мерзімі ақталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің бірі ретінде ғана қарастырылады.

Егер де алғашқы бастау алатын шығыны 0 уақытына сәйкес келетін  болса, ал оның ішкі табыстық нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға болады:

,    (9)

 

Сонымен, 1 – бұл болашақ  кезеңде болатын ақша ағынының дисконтталған  деңгейінің мөлшерлемесі дейін, бірақ ол кезде бастау алған шығынын олардың ағымдағы құнына теңестіру керек.

Егер де табыстың ішкі нормасы  артатын болса, онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабельділігі  төмендейді, демек одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.

Таза ағымдағы құн –  бұл ұзақ мерзімді инвестицияның  тиімділігін анықтау мақсатында ақша ағындарын дисконттау әдісі. Таза ағымдағы құн келіп түскен ақша ағыны  мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына тең.

Ал инвестициялық жобаның  таза ағымдағы құнын мына формула  бойынша анықтайды:

 

,  (10)

Мұндағы: l – табыстың қажетті  нормасы.

Кәсіпорынның табыс нормасы  салық салынғаннан соң 12% құрады делік, ал инвестицияның деңгейі 180 мың теңге құраған және жыл  бойына жыл сайынғы төлемі 57 мың  теңге болған, яғни оның ағымдағы құны мынаған тең:

 

 

Инвестицияларды мүліктік түгендеу. Түгендеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдары, басқа кәсіпорындардың  жарлық капиталына салынған салымдардың  үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа  кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның  нақты барын анықтауға мүмкіндік  береді.

Құнды қағаздарды кәсіпорында  сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы  белгілеген мерзімінде тиісті түгелдеуден  өткізіп отырады және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізіледі.

Банкке немесе депозитерге өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитердің мәліметтерімен салыстырылады.

Кәсіпорынға тиісті құнды  қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде  олардың нақты құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып  отырған акционерлік қоғамның, қор  нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

Ел ішіндегі және шетелдегі  құрылған басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталына кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының  қаражаттары, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.

Қаржылық инвестицияларды  мүліктік түгелдеу нәтижелері «Құндылықтар мен қатаң есеп беру» құжаттарының бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.

Егер мүліктік түгелдеу кезінде  әртүрлі дебиторлармен және басқалармен  есеп айырысу шоттарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестицияларды  тиісті шоттарына аударады.

Мүліктік түгелдеу кезінде  банкрот болып жарияланған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап  қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар  анықталуы мүмкін.

Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындардағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салыған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын  және басқа да жағдайлары анықтауы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда  мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.

Есеп беруде инвестицияларды  ашып көрсету дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.

Сондай-ақ, пайыздар, роялти, дивиденттер, ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді қаржылық инвестицияладың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың ағымдағы құны, сондай-ақ, инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай  шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың  сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезінде қайта бағаланудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың  сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялары бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.

 

 

3 бөлім. Инвестиция аудиті және оны жүргізу тәртібі

3.1. Инвестициялау  циклы шоттарының өзара байланысы  аудиторлық тексеру бағыттары

Инвестиция аудиті мақсаты  шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық – нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға  салық салу мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық есеп берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалытастыру үшін керек.

Информация о работе Инвестиялық есебі