Дебиторлық берешектер есеби

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:02, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.

Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................

1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................

2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................

2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............

2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................

11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................

3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................

3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........

3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық берешек.docx

— 97.57 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасы заңына  сәйкес  талап ету мерзімі өтіп  кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз  қарыз» -деп танылады. Ал үмітсіз  қарыздар сомалары күмәнді қарыздарға  жасалған резерв есебінен есептен  шығарылады.

  ЖШС күмәнді қарызды есептеу  үшін өзінің есеп саясатында  қолданып жүрген бағалаудың бір  тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің,  орындалған жұмыстың, көрсетілген  қызметтің пайыздық деңгейінен  немесе төлемнің мерзімі бойынша  анықталуы мүмкін. ЖШС-сі өзінің  жылдық нәтижесінде пайда болған  күмәнді қарыздарын, төленбеген  шоттарын анықтайды. Мысалы, жыл  бойында сатылған өнімнің   көлемі 3128,4 мың тенге. Енді осы  сатылған өнімді төрт кезеңге  бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі  қай қезеңге көбірек келетіндігін  анықтаймыз.

4 кесте

Күмәнді қарыздың төрт кезеңі

Кезеңдері Сатылған  өнімнің

көлемі, мың тенге

Күмәнді қарыздың сомасы, мың тенге Пайызы
1 2 3 4=3:2х100%
1-тоқсан 782,1 17 2,17
2-тоқсан 815,9 14 1,72
3-тоқсан 579,6 32 3,62
4-тоқсан 950,8 29 3,05
жылдық 3128,4 81 2,64

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың қаржылық мәліметтерінен алынды

  Кестеде келтірілген мәліметтердің  көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың  резерві 82,59 мың тенге құрағанын  көреміз. (3128,4х2,64): 100%.

   Әрбір категория үшін күмәнді  қарыздың пайызы анықталады.

Мысалы: Түгендеу нәтижесінде төленбеген дебиторлық қарыздың деңгейі 1021 мың тенгеге  жеткен. Енді осыларды төлем мерзімі  бойынша мынадай етіп бөлуге болады:

    бірінші категория 340 мың тенге;

    екінші категория 134 мың тенге;

    үшінші категория 249 мың тенге;

    төртінші категория 211 мың тенге;

    бесінші категория 87 мың тенге.

    Енді талап етілетін күмәнді  соманы анықтаудың  кестесін келтіреміз, оның категориясы бойынша болжамдық  пайызы өткен жылдың тәжірибесінің  негізінде анықталады.

     Сонымен, топшылаған күмәнді қарыз  сомасы 187,24 мың тенге құраған.

  Күмәнді қарыздың бұл әдісі  бірінші әдіске қарағанда анағұрлым  дәлірек және объективті мәлімет  беретін сияқты.

5 кесте

Күмәнді қарыздың объективі  мәліметі

Дебиторлық  қарыздың төлеу мерзімі Сомасы, мың  тенге Күмәнді қарыз  деп саналатын, болжамдық % Талап етілетін күмәнді сомасы, мың тенге
Төлем мерзімі жетпеген 340 11 37,40
1-30 күннің аралығындағы  134 8 10,72
31-60 күннің аралығындағы 249 23 57,27
60-90 күннің аралығындағы 211 19 40,09
90 күннен жоғары 87 48 41,76
Жиыны 1021   187,24

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың  қаржылық мәліметтерінен алынды

   Егер сатып алушының дебиторлық  қарызы үмітсіз қарыз ретінде  есептен шығарылып, белгілі бір  уақыт өткеннен кейін бұл қарыз  сомасы өтелінсе, бухгалтерлік есепте  келесідей жазу жазылады:

  Дт «Күмәнді қарыздар бойынша  резервтер» шоты

  Кт «Алынуға тиісті борыштар»  шоты

311 «Күмәнді  қарыздар бойынша резервтер»  шотында жинақталатын есебі 

№ 10 жорнал-ордерде жүргізіледі. «Қос қанат» ЖШС осы шот бойынша бухгалтерлік есебінде мынандай бухгалтерлік өздірінің  күмәнді деп есептелген борыштары  үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде  резерв құрғанда мынадай бухгалтерлік жазу жазылады:

- Күмәнді  қарыздар бойынша резерв құрылғанда:

Дт 821  «Жалпы әкімшілік шығындар»  шоты                     100000 тг.

Кт 311 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шот        100000 тг.

-  Күмәнді қарыздар бойынша құрылған  резервтің есебінен дебиторлық  борыштың есептен шығарылуы:

Дт  311 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шот          80000 тг.

Кт 301,302 және 303 шоттар                                                    80000 тг.

-    Артық жасалынған күдікті қарыздар  резерв сомалары:

Дт 821 шоты      20000 теңге

Кт 311 шоты   20000 теңге бойынша қызыл  сиямен жазу арқылы алынып тасталады. /сторно/

дебиторлық  борыштар борыштар бабында, дебиторлық борыштары сомасынан күмәнді  қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.    Мысалы, «Қос қанат» ЖШС нің дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың ) теңге, ал күмәнді  қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгні құрайды деп  есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде, күдікті қарыздары бойынша  резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге  кезең шығындары ретінде танылатын  да,  бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге  азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

      Кез келген ұйымдарды алып  қарасақ та олардың барлығы  да қай шоттардың төленбейтіндігін  алдын-ала болжап білуі мүмкін  емес. Дегенмен де қаржылық есеп  беруі кезінде жыл бойы жұмсалған  шығындарды жабатын сомаларды  анықтау қажет. Бұл уақыттағы  бағалаудың салдарынан елеулі  айырмашылықтардың да пайда болуы  ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде  күмәнді қарыздарды бағалау үшін  мынадай екі әдісі қолданылады:

    • несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
    • дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста).

      Мұндағы бірінші аталған әлісті  мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар  нәтижесінде туындаған шығындарды  дұрыс есептеу болса, екінші  әдістің мақсаты дебиторлық борыштардың  твзв өзіндік құнын дұрыс есептеу  болып табылады. Көптеген ұйымдарда  бұл екі тәсілдердің екеуі  де қолданылады.

    Жоғарыда аталаған несиеге сатудан  алынатын таза табыстан есептелген  пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне  бағытталған. Мұнда күмәнді   борыштардан шеккен нақты шығындар  мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйне отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп берукезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

    Мысалы, «Қос Қанат» ЖШС –нің 2005 жылғы көрсеткіштері:

- сатылған  тауарларының көлемі                          1000000 тг.

- сатылған  тауарларының қайтарылғаны                 50000 тг.

- сауда  шегерімі                                                          10000 тг.

- күмәнді  қарыздар бойынша резерв                          8000 тг.

6 кесте

Соңғы үш жылдағы «Қос Қанат» ЖШС-нің күмәнді  қарыздар бойынша  шығындары:

жылдар Сатылған  тауарларының көлемі Күмәнді қарыздар бойынша шығындары пайыздар
2002 900000 29700 3,3
2003 930000 31500 3,38
2004 950000 36100 3,8
Барлығы 2780000 97300 3,2

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің мәліметтерінен алынды

     «Қос Қанат» ЖШС –нің бухгалтері  бұл жылдардағы күмәнді қарыздар  бойынша пайыз мөлшері орта  есеппен 3,5% деп есептейді. Соған  сәйкес  2005 жылғы күмәнді қарыздар  сомасы былайша есептелінеді:

(1000000-50000-10000) х 3,5%= 329000 тг.

  Осы табылған күмәнді қарыздар  сомасы бойынша мынандай бухгалтерлік  жазу жазады:

Дт 821  «Жалпы әкімшілік шығындар»  шоты                     32900 тг.

Кт 311 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шот        32900 тг.

Жоғарыдағы  сандарды ескере отырып, 2005 жылдың қаржылық есебінде күмәнді қарыздар бойынша  резервтер сомасының 40900 (қырық мың  тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығынбілуімізге болады. Мұндағы 8000 (сегіз мың) теңге  өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш 32900 (отыз екі мың тоғаз жүз) теңге есепті жылдағы сатылған тауарлар бойынша күмәнді қарыздарға жасалынған резерв сомасы.

    Негізінен несиеге сатудан алынатын  таза табыстан есептелген пайыз  әдісі бойынша әрдайым дебиторлық  қарыздың таза өзіндік құнын  есептеп отыру мүмкін емес. Бұл  әдістің тұжырымдамалық негізі  болып сәйкестілік принципі қызмет  етеді. Өйткені күмәнді қарыз  сатылым негізінде туындаған.  Әдіс қолданылуы барысында өте  қарапайымдылығымен және тиіиділігімен  ерекшеленеді. Ескеретін жағдай, несиеге  сатылған тауарларға қолданылатын  пайыз мөлшері әрдайым хаңартылып  отырылуы тиіс.

    Күмәнді қарыздарды бағалау үшін  қолданылатын дебиторлық қарыздарды  өтелу мерзімі бойынша есептеу  әдісі бухгалтерлік баланста  таза дебиторлық қалдықтың қалуына  негізделген. Бұл әдіс бойынша  күдікті  борыш пайызын анықтаған   уақытта өткен кезеңлерлегі мәліметтер  пайдаланылады. Әдістің негізгі  мақсаты болып күтіп отырған  күмәнді дебиторлық борыштың  нақты ақшалай өзіндік құнын  анықтау есептеледі. Несиеге сатудан  алынған таза табыстан есептелген  пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық  қарыздарды өтелу мерзімі бойынша  есептеу әдісі дебиторлық қарыздарды  нақты өзіндік құнын өтеуге  қажетті күмәнді қарыздарға жасалған  резерв сомасының дұрыс жасалуына  мүмкіндік береді.  Кейіннен күмәнді  қарыздарға жасалған резерв сомасының  ағымдағы қалдығы талап етілген  қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл  жағдайда күмәнді қарыз берілген  түзетілім сомасына дебиттелінеді.  Жалпы күмәнді қарыздар бойынша  жасалынған қажетті резерв сомасының  мөлшерін анықтау үшін мыналар  қолданылады:

Информация о работе Дебиторлық берешектер есеби