Дебиторлық берешектер есеби

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:02, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.

Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................

1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................

2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................

2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............

2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................

11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................

3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................

3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........

3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық берешек.docx

— 97.57 Кб (Скачать)

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің мәліметтерінен алынды

Кестеден  көріп отырғандай, «Қос қанат» ЖШС  нің 2004ж.   Қарызы  392 мың.тенге  (1856-1464) немесе 26,8%-ке артқан. Дебиторлық борыштардың құрамы елеулі өзгерістерге ұшыраған. Сатылған өнімдер жұмыстар және қызметтер үшін сатып алушылармен  және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың үлес салмағы 1 жылдың ішінде 43,4 пайыздан 37,9 пайызға немесе 5,5 пунктке қысқарса, ал жылдың соңында басқа да дебиторлық борыштар 59,8 пайызды құрап, жылдың басымен  салыстырғанда 25,2 пунктке арткан.

   Шаруашылықтың  қвржылық жағдайына, тіркелген  дебиторлық борыштардың өзі емес, оның көдемі, қозғалысы және нысаны  әсер ететінін атап өту керек,  яғни бұл борыштардың пайда  болу себептері «Дебиторлық борыштардың  пайда болуына шаруашыдық қызметіндегі  қолма-қал емес есеп айырысу  жүйксі кезінде, несиелік борыштардың  пайда болуы сияқты объективті  үрдіс боып табылады.

   Дебиторлық  борыштардың пайда болуы есеп  айырысу тәртібін  бұзудың нәтижесінде  туындайтын және шаруашылықтың  қаржылық жағдайын төмендететін, толық сомасымен айналымнан шығарылған  меншіктік қаржы деп санауға  болмайды. Өйткені, оның бөлігі  банк несиесінің объектісінің  қызметін атқарып, шаруашылықтың  төлем қабілеттеріне әсер етпейді.

  Дебиторлық  борыштарды қалыпты және сенімді  ақтамаған деп бөледі. Сенімді  ақтамаған дебиторлық борыштарға, есеп айырысу құжаттарындағы  төлеу мерзімі біткен шағым-талап,  материалды шеккен зиянды өндіру  бойынша (кем шыққан, ұрланған, бүлінген  құндылықтар) борыштар жатады. Сенімді ақтамаған дебиторлық борыштар айналым құралдарының  заңсыз алшақтату және қаржылық тәртіптің бұзылу фактісі болып табылады. Сондықтан, аудитор сенімді ақтамаған борыштардың  себептерін анықтауға ұмтылуы тиіс.

    Аудитор  дебиторлық борыштардың құрамымен  және құрылымымен жалпы танысқаннан  кейін, оның нақтылығы, құны  жөнінде баға беруі қажет. Өйткені  барлық дебиторлық борыштардың  түгелдей өндіріле бермеуі мүмкін. Оның қайтымдылығы бұрынғы тәжірибенің  және ағымдағы жағдайдың негізінде  анықталады. Бухгалтерлік есептегі  тәуекелдік, бұрынғы тәжірибе болашақтағы  зиянды есептеуге әлсіз болуы  немесе ағымдағы жағдайлар толығымен  ескеріле бермеуі мүмкін. Нәтижесінде  күткендегіден шеккен зиян едәуір  жоғары болуы да ықтимал.

  Аудитордан  дебиторлық борыштардың нақтылығын  дұрыс толтырылуын және қайтарылу  мүмкіндігін анақтаудың әдістерін  жетік білу талап етіледі. Қайтарылмайтын  қарыздардың пайызын есептеп  шығару бірнеше жылдың орташа  мәліметтері бойынша жүргізіледі.  Мысалы, айталық  есептеп шығару  үшін 1,9%, 3,3%, 6,8% құрайтын 3 жылдың мәліметі  алынған. 3 жылдың ішінде қайтарылмайтын  дебиторлық борыштың орташа пайызы 4,0% тең. Бірақ оны сол қалпында  таратуға болмайды. Нақты жағдайды  ескеру қажет. Мысалы, қайтарылмауының  өсу бағытының байқалғандығын  анықтау үшін зерттеулер жүргізу  орынды:

    • бір немесе бірнеше басты борышкерлерге қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келетініне (бұл пайыздар қайтарылмаған борыштардың шоғырлануын сипаттайды);
    • негізгі борышкердің біреуінің борыштарын төлемеген жағдайда шаруашылықтың қаржылық жағдайына тигізген әсеріне;
    • дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімі қалай таратылғандығына;
    • дебиторлық борыштардың ішіндегі мерзімі ұзартылған ескі вексельдердің үлесіне;
    • тұтынушының пайдасына шегерімдер, жеңілдіктер жасаудың және басқа да жағдайлардың қабылданғандығын, мысалы, оның өнімді қайтару құқығының.

     Аудитор, сондай-ақ  дебиторлық  борыштардың көрсеткіштердің сапасын  және өтімділігін зерттеуі қажет.  Сапа деп борыштың пайда болу  мерзіміне байланысты борыштың  толық сомада  алыну мүмкіндігін  айтамыз. Тәжірибелердің нәтижесіне  жүгінсек, дебиторлық борыштың пайда  болу мерзімі уақыт өткен сайын  қашқақтай түссе, өндіру мүмкіндігі  соншалықты төмендей береді.  Дебиторлық борыштардың қайтарылуын сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтау тиімді.

  Кестеден  көріп отырғандай, дебиторлық борыштың  негізгі бөлігін, есеп берген  күннен кейінгі 12 айдың ішіндегі  төленуі күтілген борыштар құрайды.

9 кесте

«Қос  қанат» ЖШС-нің 2004 жылдың аяғындағы жағдайы  бойынша пайда  болу мерзімдері бойынша  дебиторлық борыштары

Дебиторлық  борыштар баптары Ұзақ  мерзімді дебиторлық борыштарды Қысқа мерзімді дебиторлық борыштарды Жиын-

тығы

мың

теңге

1-ж.

1,5ж

дейін

1,5ж.

2ж.

дейін

2ж.

2,5ж.

дейін

2,5ж.

жоғары

3 айға дейін 3 айдан

6 айға

дейін

6айдан

9айға  дейін

9 айдан

12 айға  дейін

Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Алынуға тиісті шоттар 160 93 35   141 105 123 46 703
2 Алынған вексельдер         9 15 18   42
3 Басқада дебиторлық  борыштар         490 382 172 67 1111
4 Аванстық  төлемдер                  
  жиынтығы 160 93 35   640 502 313 113 1856

Ақпарат көзі: «Қос Қанат» ЖШС-нің мәліметтерінен алынды

   Жылдың  соңында қысқа мерзімді дебиторлық  борыштардың жалпы сомасының  84,5% (1568: 1856) құраған, оның ішінде  аз ғана мерзімге – 3 сйға  дейінгі 40,8%, 3 айдан 6 айға дейінгі  32,0%, 1 айдан 6 айға дейінгі 72,8%.

Жалпы сомадағы ұзақ мерзімді дебиторлық  борыштардың  үдес салмағы 15,5% (268:1856) құраған. Срндай-ақ өте ұзақ мерзімді борыштардың бар  екендігі көрініп тұр. Жалпы дебиторлық  борыштың 35 мың теңгесін 1,9% және оның ұзақ мерзімді бөлігінің 12,2% ұүрағанына қарамастан, жақын арада өндіру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет, өйткені  талап ету мерзімі бітуіне  байланысты шаруашылықтың зиянына  шығысқа шығарылып, табысының төмендеуіне  әкеліп соқтыруы мүмкін.

    Нақты  жағдайдарына байланысты борыштардың  басқа да аралық болу мерзімдерінің  қабылдануы мүмкін. Мұндай ақпараттардың  ұзақ мерзімге есеп айырысу  тәртібінің жалпы өсу бағытын,  сондай-ақ  төлеу қабілеттілігі  төмен төлеушілердің қатарынан  өте жиі кездесіетін нақты  сатып алушыларды да анықтауға  мүмкіндік береді.

      Борыштардың қайтарылуының жинақталған  көрсеткіші айналымдылығы болып  табылады. Дебиторлық борыштардың  өтімділік көрсеткіштері, нақты  ақша қаражаттарына айналуын  сипаттайтын жылдамдығы, яғни бұл  да, сол айналымдылығы. Демек,  дебиторлық  борыштың сапалық  және өтімділік көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін. Айналымдылық коэффициенті сатылған өнімнен (жұмыс, қызмет) табыстың (түсімнің) көлемінің орташа дебиторлық  борышқа қатынасы ретінде формула бойынша есептеліп шығарылады.            

                                                           Т

                                                 К  = ------       

                                                         Д 

Мұнда: К - дебиторлық  борыштардың айналым коэффиценті;

             Т - өнім (жұмыс, қызмет) сатудан  табыс;

            Д – орташа дебиторлық  борыш.

  Бұл коэффицент  зерттеу кезеңінде қанша рет  дебиторлық  борыштың айналатынын  және түсетінін көрсетеді.    Дебиторлық  борыштың да айналым  күніне есептеп шығарылуы мүмкін. Бұл көрсеткіш, оны қайтару  үшін қажетті күндерінің орташа  санын көрсетеді. Айналым коэффицентіне  кезеңдегі күнінің санының қатынасы  ретінде есептеліп шығарылады.

                       Т                                                                 Дс

       Да = Кұ -----                        немесе          Да = Кұ -----

                      Д                                                                  Т 

Мұнда:  Дс – жылдың соңындағы орташа дебиторлық  борыштар сомасы;

               Т - өнім (жұмыс, қызмет) сатудан  табыс;

              Кұ – кезеңнің ұзақтығы.

     Аудитор кезеңнің соңындағы дебиторлық  борыштарының ең соңғы мәліметтеріне  назар аударады. Дебиторлық  борыштардың  айналым көрсеткіштері бірнеше  кезеңдердің сала бойынша   орташа  шартта қаралған мәліметтерімен  салыстырылады. Нақты айналымның  шарттың жағдайын бойынша есептеп  шығарылғанымен салыстыру сатып  алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін  бағалауға мүмкіндік береді. Нақты  айналымның шоттағыдан ауытқу, борышкерден  қайтаруды талап етудің нашар  жүргізілгендігінің, жауапты тұлғалардың  жүргізген жұмыстарына қарамастан, бұл сомаларды алудың қиынға  түсуінің, сатып алушының қаржысының  тапшылығының салдарынан болуы  мүмкін.   Бірінші салдардың  шаруашылықтың әкімшілігінің араласуымен түзетілуі мүмкін. Басқа екеуі дебиторлық  борыштардың сапасымен және өтімділігімен тығыз байланысты.

   

 

Қорытынды 

   Бұл  таңда ел экономикасының нарықтық  жолға көшуіне байланысты жаңа  кәсіпкерлік қызметтердің пайда  бола бастауына сәйкес бухгалтерлік  есептің маңызы мен рөлі арта  түсуде. Еліміздегі жүргізіліп отырған  бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен  халықаралық қаржылық есеп беру  талаптарына сай ХҚЕС -на 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап көшіріп жатыр. 

   «Қос  Қанат» ЖШС –гі  ХҚЕС негізінде  есеп саясатын жасау мен қалыптастыру  барысында ізденіс жасауда. 

Есеп саясатың мақсаты: бухгалтерлік есеп операциялврын  орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы  жағдайын бағалау, шврувшылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен  шығару, таза райда резервін құру бағытындағы  мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыатастыру болып табылады.

    Ресми  түрде «Қос Қанат» ЖШС-нің есеп  саясаты мына жағдайларға байланысты  өзгертіледі:

    • Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтерлік есеп жүйесіне тән өзгеріске түсуіне;
    • Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау-ережелердің өзгеріске түсуіне;
    • Заңды тұлғалардың қайта құрылуына (біріктірілу, бөлу, қосылу факторларына байланысты);
    • Меншік иесі мен жаңа бағыт ұсынған басшылардың өзгеруіне;
    • Активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық нәтижесі және қаржы нәтижесі шеңберіндегі шеруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына:

    • Қаржы  құралдвры, оның ішінде дебиторлық берешек  және несиелер (39-ХБЕС);

    • Шетелдік компанияға инвестициялар (21-ХБЕС);

    • Кейінгі  қалдырылған салықтар (12-ХБЕС);

    • Резервтер (37-ХБЕС);

    • НҚ мен  материалдық емес активтердің  құнсыздануы (36-ХБЕС);

    • Кіріс (18-ХБЕС);

    • Сыйақы бойынша міндеттемелер (19-ХБЕС).

  Қазақстандық  бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру  тек қана жоғарыда айтылған  мәселерге ғана байланысты болмай, еліміздегі нарықтық қатынастардың  тұрақты дамуына тығыз байланыста  болған жөн. Біздер бір жағынан  халықаралық  бухгалтерлік есеп  стандарттары мазмұнын, екінші жақтан  Қазақстандық бухгалтерлік есеп  стандарттары мазмұнын терең  түсініп, отандық бухгалтерлік  есеп мәселеріне баса пазар  аударуымыз керек.

  Отандық  бухгалтерлік есепті жетілдіру  үшін ары қарай дамыту және  ХҚЕС негізіне қарай қолайлы  үйлесімді бағытқа салу үшін  төмендегі шараларды іске асырған  жөн:

    • ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесін барынша қарапайым және сенімді түрде көрсету:
    • мүмкіндікке қарай Қазақстандық ұйымдардың қаржылық жағдайын шетелдік компаниялардың қаржылық жағдайы мен салыстыру кезінде ұзақ мерзімді нарықтық қатынастарды шетелдік әріптестермен бірге құру.

   Есептің  берешек және алашақ қарыздар  объектісі бойынша  есеп саясатын  жасау үшін мына әдістерді:  күмәнді қарыздар бойынша резервті  құру, сатылған өнімдер, орындалған  жұмыстар, көрсетілген қызметтер  көлемінен пайыз құру, шоттарды  мерзіміне қарай төлеу әдістерін  қолданылынады.

Информация о работе Дебиторлық берешектер есеби