Дебиторлық берешектер есеби

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:02, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.

Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

Кiрiспе..............................................................................................................

1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi...........................................................

2.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты...............................................

2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi............

2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар................................................................

11 тарау. Дебиторлық борыштар аудитi.......................................................

3.1. Дебиторлық борыштар аудитiнің мақсаты..............................................

3.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті...........

3.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті..........................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi.........................................................................

Работа содержит 1 файл

Дебиторлық берешек.docx

— 97.57 Кб (Скачать)

     Шетелдік валютада сатып алушылар  мен тапсырыс берушілердің тиімді  баға айырмашылықтарының пайда  болуына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.

     Алынуға тиісті айыппұлдардың,  өсімақылардың сомаларына «Алынуға тиісті борыштар шоттары», «Алынған вексельдер», «Сатып – алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттеніліп, «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

    Сатып алушылар және тапсырыс  берушілермен есеп айырысу операциялары  арнаулы тізімдемелерде есептелініп,  онда сатылған айналымнан тыс  активтер, қаржылық инвестициялар,  тауарлы-материалдық құндылықтар  бойынша шот фактуралары немесе  басқадай есеп айырысу құжаттары  жинақталып, топтастырылып бөлек  көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар  – шоттар, фактуралар немесе олардың  орнына қолданылатын басқадай  құжаттар негізінде активтердің  топтары бойынша жазылады. Тізімдемелердің  бағандарында сатып алушылар /тапсырыс  берушілер/ бойынша ай басындағы  қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың  аттары немесе топтары бойынша  сатылған активтердің сандық  мәліметтері көрсетіледі. «Сатып  – алушылар мен тапсырыс берушілердің  борышы» шотының бөлімше шоттарының  кредиті бойынша операциялардың  есебі үшін № 11 жорнал-ордер  қолданылады.

      Тауарларды сату және сатып  алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация  жайлы келісімдер мен сату  және сатып алу келісімдері,  сондай-ақ келісім-шарттарымен және  тағы бас құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Кеоісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі ”тауар” болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасымен келісілген жалпы құны аладып өтуі қажет.

     Дебиторлық қарыз айналыстан  қаражатты айыратындығын көрсететін  болғандақтан, шаруашылық жүргізуші  субъектілер бірінші кезекте  олардың айналымдылығын талдайды. Дебиторлық қарыз айналымдылығы  30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе,  онда оны мерзімі өтіп кеткен  деп санайды.

    Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық  қарызды талап ету құқын факторингалық  компанияларға жүктейді.

    Факторингалық операциялардың  есебі.    Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және лд үшінші  тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді.

    Ондай қаржылық агент болып  банктерде басқа да несиелік, коммерциялық ұйымдар бола алады,  бірақ олар аталған қызметті  жүзеге асыру үшін лицензия  болуы керек. Бірақ кез келген  еәсіпорын немесе ұйым факторинг  қызметімен шұғылданбас бұрынекі  жақтың да несие қабілеттілігін  тексереді және көрсеткен қызметі  үшін, өз құқын беоген кәсіпорын  автоматты түрде төленуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық  қарызды талап ету құқын берген  кәсіпорын мен    факторинг  компаниясы келісім-шартқа отырады.  Ондай келісім-шарт ашық та, жабық  та болуы мүмкін.

   Осы келісім-шартта, клиентке құқын  өзіне қайтып беру мәселесі  де айтылады, яғни регресс құқы  да қарастырылады.    Факторингалық  қызметтің құны көрсететін қызметтің  түріне, қаржылық жағдайына және  т.б. факторларына тәуелді болып  келеді. Мысалы; «Қос қанат» ЖШС  «Эверест плюс» ЖШС –на 326250 теңгеге тауарды беретіндігі  жөнінде келісім шартқа отырған.  Енді осы жеткізіп берген тауарына  толық төлемін алу үшін «Қос  қанат» ЖШС факторинг компаниясымен  келісім шартқа отырады.

    Келісім шарттың жағдайы бойынша  факторинг компания (қаржылық агент)   «Қос қанат» ЖШС-тік «Эверест  плюс» ЖШС –на тауарды жөнелткеннен  үш күннің ішінде «Қос қанат»  ЖШС-тің есеп айырысу шотына  ақшаны ауларуы тиіс. Шын мәнінде,  «Эверест плюс» ЖШС жасалған  контрактының 80% құнын бірден аударған, ал қалған контрактының құнынан  (20%) марапаттау сомасы ұсталып,  содан қалған сомасы аударылған. Келісім шартқа сәйкес марапаттау  сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38% жылдық мөлшерлемесінің деңгеінде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнде құраған.

  Факторинг келісім шарты бойынша   марапаттау сомасы 1,9% ((38%х18күн)/360 күн)) құраған және сол сомасы төлеуге  қабылданған.

  Енді шоттар корреспонденциясын  жасап көрейік.

Жабдықтаушы-кәсіпорында («Қос қанат» ЖШС)

  1. Контрактының шарты бойынша

    «Қос  қанат» ЖШС, «Эверест плюс»

  ЖШС-ке тауарды жөнелтті:                           сомасы,        Дт                Кт

                                                                            тенге

    • жөнелтілген тауардың нақты

    өзіндік құнына                                       196875           802             222

         - келісімшарттың құнына                      281250           301             702

        -  ҚҚС (15%)                                              42187           301             633

2. Қаржылық  агенттен жөнелтілген 

тауардың 80% алынды                                     261000         441            687

3. Қаржылық  агентке көрсеткен қызметі

      үшін, марапаттау сомасы шығысқа

    жатқызылды                                                    6199          831           687

4. Қалған 20%  қаржылық агенттен

алынды, бірақ осы сомадан марапаттау

сомасы  шегерілді (326250х20%-6199)             59051         441            687

5. Қарыздары  зачет жасалды                           326250         687          301 

Қарыз кәсіпорын («Эверест плюс» ЖШС)

  1. «Қос қанат» ЖШС-тен жөнелтілген

тауар  «Эверест плюс» ЖШС-ке тауар түсті:   

    - тауар құнына                                             281250          222          671

    - ҚҚС (15%)                                                  42187           331          671

   2. Қаржылық агенттің талап еткен  сомасы,

алынған тауар үшін төленді                             326250        334         441

  3. Қарыздары зачет жасалды                         326250         671        334 

Қаржылық  агентте

1. Факторинг  келісім шарты бойынша  

«Қос  қанат» ЖШС-гі қарыз сомасының

80% аударылды                                                     261000          334         441

2.Факторингі  бойынша  марапаттау сомасы

есептелінді (326250х1,9%)                                6199            332           724

3. «Эверест  плюс» ЖШС-тен талап

етілген қаржы  сомасы алынды                     326250           441           687

4.Факторинг  келісім шартының жағдайы

бойынша Қаржылық агентке 20% қалған

сомасы аударылды (бірақ бұл жерде 

марапаттау  сомасы шегерілді)                       59051           334           441

5. Қарыздары  зачет жасалды                         326250         671          332,334

    Тауарларды сату мен сатып  алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация  жайлы келісімдер мен сату  және сатып алу келісімдері,  сондай-ақ келісім шарттарымен  және тағы да басқа құжаттар  құқықтық рәсімделуі қажет. Кеілісімнің  және соған сәйкес есептің  басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісім-шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітілген /фиксированный/ болып көрсетілуі мүмкін.

    Тұрақты баға келісім-шартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде қадағаланады  және өзгерістерге ұшырамайды. Ақшанаң  құнсыздану жағдайында әсіресе  келісім шартқа қол қою мен  тауарларды жеткізу арасындағы  уақыт айырмашылығына байланысты  сатушы теңгені арадағы есеп  айырысуға тұрақты пайдаланған  жағдайда теңге құнының өзгеруіне  байланысты тиімсіз жағдайға  тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші  жақтар бағаны тұрақты валюта  түрінде белгілеуге тырысады. Бұл  жағдайда тауардың жалпы валюталық  сомасы анықталады және теңгедегі  валюталық эквивалентті қайта  санау тәртібі мен бағамы белгіленеді.  Әр түрлі банктердегі бағамдар  әр түрлі болғандықтан, бағам  тауардың жеткізілген күніне, болмаса  белгілі бір банктегі оның  төлемі жүргізілген күніне таңдап  алынуы мүмкін. Осындай кезде  сатушы үшін тауардың белгілі  бір сомасының немесе 100% /пайызы/ сомасының төленгендігі тиімді  болады.

     Тұрақсыз баға келісім шартқа  отыру барысындағы тұрақты бағаны  анықтау қиын болған жағдайда  белгіленеді. Мысалы, бағаға әсер  ететін факторлар жиі өзгерген  уақытта. Бұл жағдайда бастапқы  бағасы белгіленіп, оны есептеудің  әдістері мен жағдайлары қарастырылады.  Келісім-шартта қосылған құн салығы  көрсетілмейді, алайда шот-фактурада  салықтың бұл түрінің болуы  міндетті. Келісім шарттың басты  элементі ретінде қаржылық жағдай  саналады. Қаржылық жағдайларда  жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп  жіберілген тауарлары үшін вексель  алуы мүмкін. Алынған вексель  анықталған мерзім ішінде белгіленген  соманы төлеу бойынша жазбаша  міндеттемені білдіреді.

    Вексель дегеніміз оның иесінің белгіленген мерзім,  яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.  

Вексель белгіленген  қатал нысанында  жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің еисіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде  көрсетілген соманы төлеуді талап  етуге даусыз құқық береді. Векселді толтырушы яғни ол вексель бойынша  төлем жүргізуге міндет алған  заңды немесе жеке тұлға вексель  беруші деп аталады. Ал вексель бойынша  төлем алушы тұлға ремитент болып  табылады.

ВЕКСЕЛЬ

     100000 (жүз мың) тенге                                             25.03.2005 жыл

     Төленуге тиісті сома мөлшері                                                                        Вексельдің берілген уақыты 

ВИТА  фирмасы

Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты 

13.12.2005 жыл

Төлену  мерзімі 

Қос қанат  ЖШС

Вексель беруші ұйымның аты 

Әділхан                                                                                                М.О.

Информация о работе Дебиторлық берешектер есеби