Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

14.Негізгі  құралдарды  қайта  бағалаудың  барлық  сомасы  бөлінбеген  табысқа  қашан  аударылады?

А) Тек  объектіні  есептен  шығару  сәтінде себептерге байланыссыз.

В) 3 жылдан  кейін;

С) 5 жылдан  кейін;

Д) келешектегі  күрделі  жөндеу  кезінде;

Е) әкімшіліктің  бұйрығы  бойынша;

 

 

10.5 «Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)» тақырыбы

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қандай активтер материалдық емес активтер деп аталады?

2.Материалдық емес активтер қандай түрлерге бөлінеді?

3.Материалдық емес активтерді бағалау түрлері?

4.Материалдық емес активтер қандай операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін?

5.Қандай операциялар нәтижесінде материалдық емес активтер кәсіпорыннан шығуы мүмкін?

6. Материалдық емес активтер тозуы деп нені айтады?

7.Тозудың экономикалық мазмұны қандай?

8.Материалдық емес активтер есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

9.Материалдық емес активтер тозуының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

10.Қандай активтер материалдық емес активтер деп аталады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

1.Материалды  емес активтерді  сатып  алу  бойынша  шығындардың  орны  қалай  толтырылады?

А)  тозу  есебінен.

В) жарғылық  капитал  есебінен;

С) өндірістік  ғимараттар  бойынша  тозу  есептелінді;

Д) резервтік  капитал  есебінен;

С) арнайы  қорлар  есебінен;

2.Дт 7410 Кт 2730  бухгалтерлік   жазба  нені  білдіреді?

А) материалдық  емес  активтерді   басқа  кәсіпорындарға  беру.

В) акция  есебінен  материалдық  емес  активтерді  алу;

С) акцияларды қолма-қол  ақшасыз  алу;

Д) материалдық  емес  активтерді  пайларға  салу;

Е) дұрыс  жауабы  жоқ;

3.Материалдық  емес  активтер  бойынша  тозу  қалай  есептелінеді?

А) пайдалы  қызмет  ету  мерзіміне  сәйкес.

В) пайдалануға  берілген  кезде  бірден  100%;

С) түскен  кезде  50%  және  есептен  шығарылған  кезде  50%;

Д) қызмет  ету  мерзіміне  және  қайтарылатын  қалдық  сомаларына  сәйкес;

Е) дұрыс  жауабы жоқ;

4.Материалды  емес  активтердің  қандай  құны  баланс  валютасына  қосылады?

А) қалдық.

В) бастапқы;

С) өткізу;

Д) қалпына  келтіру;

Е) жою;

5.Басқа  кәсіпорындардан  қайтарымсыз  алынған  бағдарламамен  қамтамасыз  ету  кірістелген  кезде  қандай  бухгалтерлік  жазба  берілді?

А) Дт 2730              Кт 6220.

В) Дт 5310              Кт 5430;

С) Дт 2410              Кт 5410;

Д) Дт 2410              Кт 5310;

Е) Дт 5310              Кт 2410;

6.Банктегі  есеп  айырысу  шотынан  төленген  лицензияны  кірістегенде  қандай  бухгалтерлік  жазба беріледі?

А) Дт 2730              Кт 1040.

В) Дт 2310              Кт 5430;

С) Дт 2410              Кт 5410;

Д) Дт 2410              Кт 2310;

Е) Дт 5310              Кт 2410;

             

10.6. «Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)» тақырыбы

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.           Міндеттемелер деген не?

2.           Міндеттемелерді тану белгілері қандай?

3.           Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атаңыз.

4.           Ағымдағы міндеттемелерді атаңыз.

5.           Вексель деп нені айтады?

6.           Пайыздық және пайызсыз вексель дегеніміз не?

7.           Несиелер деген не?

8.           Қысқа мерзімді несиелер қандай мақсаттар үшін беріледі?

9.           Ұзақ мерзімді несиелер қандай мақсаттар үшін беріледі?

10.       Несиелердің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

11.       Салық деген не?

12.       Салықтың қандай түрлері бар?

13.       Субъектінің бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

14.       Салық төлемі деген не?

15.       Бухгалтерлік табыс деген не?

16.       Салық салынатын табыс деген не?

17.       Облигациялар деген не?

18.       Облигациялардың қандай түрлері бар?

19.       Номиналдық және нарықтық проценттік ставкалардың мәнін түсіндіріңіз.

20.       Алдағы кезең табыстары деп нені айтады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар.

1.Жабдықтаушыларға қарыз ағымдық шотынан төленді, берілген операция балансқа қандай өзгеріс енгізеді?

А) Баланс қорытындысын азайтады;

В) Баланс қорытындысын көбейтеді;

С) Ешқандай өзгеріс енгізбейді;

Д) Тек қана активке өзгеріс енгізеді;

Е) Тек қана пассивке өзгеріс енгізеді.

2. «Жұмыскерлердің еңбекақысынан табыс салығы ұсталынды», берілген операция балансқа қандай өзгеріс енгізеді?

А) Өзгеріс тек пассив жағында болады;

В)Өзгеріс тек актив жағында болады;

С) Актив те пассив те бірдей сомаға азаяды;

Д) Актив те пассив те бірдей сомаға көбейеді;

Е) Актив азаяды, ал пассив көбейеді.

3. «Ұзақ мерзімді несие бойынша қарыз өтелді» берілген операция балансқа қандай өзгеріс енгізеді?

А) Баланс қорытындысы азаяды;

В) Баланстың актив жағы өзгереді;

С) Өзгеріс тек пассив жағында болады;

Д) Баланс қорытындысы көбейеді;

Е) Ешқандай әсер етпейді.

4. «Жабдықтаушылар шоты төленді» берілген операция балансқа қандай өзгеріс енгізеді?

А) Баланс қорытындысы азаяды;

В) Баланс қорытындысы көбейеді;

С) Баланстың актив жағы өзгереді;

Д) Ешқандай әсер етпейді;

Е) Өзгеріс тек пассив жағында болады.

5. Егер 2 жылға берілген вексель бойынша негізгі борыш сомасы 300000 теңге, жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға тең болса, несиелік пайыз сомасы нешеге тең?

А) 60000 теңге;

В) 30000 теңге;

С) 15000 теңге;

Д) 3000 теңге;

Е) 6000 теңге.

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер дегеніміз не?

А) 1 жыл ішінде белгілі, өтеледі деп күтілетін борыштар;

В) Кәсіпорынның ақша қаражаттарының операциялары;

С) Келісім-шарт, заңдық негізде туынедаған міндеттемелер;

Д) Белгілі бір мерзімге дейін анықтауға болмайтын міндеттемелер;

Е) Кәсіпорынның болмаған, әлі жоқ міндеттемелерінің жиынтығы.

7. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің анықтамасын көрсетіңіз:

А) Есеп беру мерзімінен кейінгі бір жылдан жоғары мерзімде өтелетін міндеттемелер;

В) Кәсіпорынның ақша қаражаттарының нәтижесінде туындайтын операциялары;

С) Келісім-шарт немесе заңдық негізде туындаған міндеттемелер;

Д) Келісім-шартта белгіленген міндеттеме.

Е) Есепті кезеңде немесе белгілі операциялардың цикл ішінде өтеледі деп күтілетін борыштар

8. Міндеттемелер бұл:

А) Өткен операциялар нәтижесінде туындаған, реттелуі кәсіпорыннан активтердің шығуына әкеп соқтыратын барлық міндеттемелер;

В) Өткен операциялар нәтижесінде алынған, болашақта кірістер алу күтілетін құндық бағасы бар құқықтар;

С) Активтерден міндеттемелерді шегеру немесе міндеттемелерден меншікті капиталды шегеру;

Д) Есепті кезеңнің ішінде активті көбейту немесе олардың құнын арттыру, шығындарды азайту;

Е) Экономикалық пайданы азайту немесе оны меншік иелерінің арасында бөлу, сонымен қатар шығындарды көбейту.

9. Салықтың түсінігін көрсетіңіз:

А) Заңмен белгіленген мемлекетке төленетін салым түрі;

В) Корпоративті табыс салығы, қосылған құн салығы;

С) Кәсіпорынның табысының немесе шығынның бір бөлігі;

Д) Дайын өнімді сатып алғанда төленетін төлемнің бірі;

Е) Тауарларды өткізу үшін төленетін төлемнің бір түрі.

 

 

 

10.7 «Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18) тақырыбы

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.       Табыс пен шығыс есебі қандай нормативті құжат негізінде жүргізіледі?

2.       Табыс деген не?

3.       Кәсіпорын табысы қандай түрлерге бөлінеді?

4.       Кәсіпорын шығысы қандай түрлерге бөлінеді?

5.       Тану дегеніміз не?

6.       Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыс қалай танылады?

7.       Табыспен байланысты операцияладың қандай төрт түрін білесіз?

8.       Табыс қалай өлшенеді?

9.       Активті бергеннен кейін табыс қалай танылады?

10.   Активті бергенге дейінгі танылатын табысқа мысал келтіріңіз.

11.   Активті беру сәтінде танылған табысқа мысал келтіріңіз..

12.   Ұзақ мерзімді құрылыс мәмілелерін есепке алудың  қандай әдістері бар?

13.   Аяқталу пайызы деген не?

14.   Шығыстарды тану мақсатында қандай қағида қолданылады?

15.   Шығыстарды қандай топтарға бөлінеді?

16.   Табыс пен шығындар Типтік шоттар тізбегінің нешінші бөлімдерінің шоттарында есепке алынады?

17.   Өнімді өткізумен байланысты шығыстарға не жатады?

 

              Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:             

1.Активті беру сәтінде табыс қандай бухгалтерлік өткізбе арқылы есепке алынады?

А) Дт- Алынуға тиісті шоттар

           Кт- Өнімді өткізуден түскен табыс

В) Дт-Өнімді өткізуден түскен табыс

          Кт- Алынуға тиісті шоттар

С) Дт- Ақша құралдары

        Кт- Алдағы кезең табыстары

Д) Дт- Алдағы кезең табыстары

        Кт- Ақша құралдары

Е) Дт- Алдағы кезең табыстары

        Кт- Өнімді өткізуден түскен табыс

2. Шығыс кілемдерімен сауда жасайтын дилер өзінің тұрақты клиентіне кілемнің бөлмеде қалай көрінетіндігін көріп алуы үшін кілемді үйге алып кетуіне рұқсат береді. Кілемнің 45000 тг, ал дилер үшін кілемнің құны 32000 тг. Дилер қандай табысты қандай мөлшерде таниды?

А) 0;

В) 45000;

С) 32000;

Д) 13000.

Е) басқа сома.

3. Есептеу қағидасы бойынша шығыстар сәйкес келу қағидасына негізделіп қандай мерзімде танылады?

А) Шығыстар ақша қаражатымен төленгенде

В) Ағымдағы есепті кезеңде алынған табыстармен сәйкес келетін кезде;

С) Алынған барлық табыстармен сәйкес келгенде

Д) Ағымдағы есепті кезеңмен сәйкес келетін кезде

4. «Клиентке қолма -қол ақшаға қызмет көрсетілді». Дұрыс шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз:

А) Дт 1010 –касса Кт 6010 -өткізілген өнімнен, қызмет көрсетуден түскен кіріс;

В) Дт 1010-касса Кт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі;

С) Дт 1010-касса Кт 3310 –жабдықтаушылар мен мердігерлерге қарыз;

Д) Дт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі Кт - 1010–касса;

Е) Дт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі Кт-1040 – ағымдық шот.

5. Табысты ақшаның келіп түсуі емес, тауарды жөнелту сәтінде тану ненің туындауына әкеледі?

A)  зиянның

B)  пайданың

C)  міндеттемелердің

Д)  саудалық дебиторлық борыштың;

E)  бюджет алдындағы қарыздың

6. Негізгі емес қызметтен алынған табыс пен шығысқа не жатады?

A) Өнімді ( жұмыстар мен қызметтерді) өндірумен және өткізумен  тікелей байланысты табыс пен шығыстар;

B) Өнімді өндірумен және өткізумен  тікелей байланысы жоқ табыстар мен шығыстар;

C) Өнімді өткізуден түскен түсім;

Д) Жалпы әкімшілік шығыстар;

E) Өнімді өткізумен байланысты шығыстар.

 

 

10.8 .«Меншікті капитал есебі» тақырыбы

 

Өзін­-өзі бақылауға арналған сұрақтар :

1.       Кәсіпорынның меншікті капиталы неден құралады?

2.       Меншікті капиталдың құрамына не кіреді?

3.       Жарғылық капитал деген не?

4.       Жарғылық капитал неден құралады?

5.       Серіктестіктерде жарғылыұ капитал неден құралады?

6.       Серіктестіктерде пайданы бөлу қалай іске асырылады?

7.       Пайданы бөлу әдістері қандай?

8.       Серіктестіктің жойылуы қаалй іске асырылады?

9.       Акционерлік қоғамдардағы есеп басқа ұйымдастырушылық –құқықтық нысандағы кәсіпорындарындағы есептен қандай айырмашылығы бар?

      акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды.

10.   Енгізілген капитал деген не?

11.   Акцияның атаулы құны деп нені айтады?

12.   Жай және артықшылығы бар акциялардың бір‑бірінен айырмашылығы қандай?

Информация о работе Бухгалтерлік есеп