Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

Е) Дт-1030 Кт-1210

7. Төменде берілгендердің қайсысы күмәнді талаптарды бағалау әдісі болып табылады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

Е) Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі.

8. Қай әдісте күмәнді талап пайызы борышты төлеу мерзімі бойынша анықтаалды?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

9. Қай әдіс бойынша сатудың жалпы көлемінен сенімсіз борыштардың пайызы анықталады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Е) Тікелей бірсызықтық әдіс.

10. Төменде берілгендердің қайсысы іс-сапар шығыстарына жатпайды?

А) тұрғын бөлмені жалға алу шығыстары.

В) тәуліктік ақы төлеу шығыстары.

С) іс-сапар орнына барып келу жол ақы шығыстары.

Д) қонақ үйде орынды броньдау төлемі.

Е) өкілеттік шығыстар.

11.   «Іс сапар шығыстары бекітілген норма шегінде  өндіріс шығындарына апарылды» операциясы қандай бухгалтерлік өткізбемен рәсімделеді?

А) Дт-1250 Кт-1010

В) Дт-7210 Кт-1250

С) Дт-1310 Кт-1250

Д) Дт-1420 Кт-1250

Е) Дт-1320 Кт-1250

 

 

10. 3 Қорлар есебі ( ҚЕХС 2)» тақырыбы

 

Өзін‑өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.           Тауарлық- материалдық құндылықтарға не жатады?

2.           ТМҚ­-ға жатпайтын түрлерін аатңыз.

3.           Консигнациядағы тауар деп нені айтады?

4.           ТМҚ есебін қандай стандарт реттейді?

5.           Материалдар қандай түрлерге бөлінеді?

6.           Негізгі материалдарға не жатады?

7.           Қосымша материалдарға не жатады?

8.           Аяқталмаған өндіріс деген не?

9.           Шала фабрикаттардың аяқталмаған өндірістен айырмашылығы неде?

10.       ТМҚ есебі үшін шоттар тізбегінің қай бөлімшесінің шоттары қолданылады?

11.       Қорлардың өзіндік құнына не кіреді?

12.       ТМҚ бағалаудың қандай әдістері бар?

13.       ФИФО әдісінің мәні неде?

14.       ЛИФО әдісінің мәні неде?

15.       Қорлардың орташа салмақтандырылған құны қалай анықталады?

16.       ҚЕХС-мен ұсынылған ТМҚ есептеу жүйелерін атаңыз?

17.       Таза өткізу құны дегеніміз не және қандай жағдайларда қолданылады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

1.       Материалдардың өзіндік құны неден құралады?

А) есепті баға бойынша қорлар құнынан.

В) келісілген бағадан.

С) сатып алу бағасы мен субъектінің осы материалды дайындау және жеткізу шығыстарынан.

Д) көліктік-дайындау шығыстарынан

Е) Тасымалдау шығыстарынан

2. Нақты келіп түскен ТМҚ саны жабдықтаушыдан келген құжаттың мәліметтерімен сандық және сапалық жағынан ауытқыған жағдайда қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.

3. Өнімді дайындау кезінде тұрақты түрде қолданылатын материалдарды өндіріске босату үшін және қорларды өндірістік қажеттіліктерге бекітілген лимит бойынша жіберу мақсатында қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.

4. ФИФО әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

5.  Орташа құн әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

6. Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша      өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

7.       Жабдықтаушылардан материалдар келіп түскенде қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-1320 Кт-3310

В) Дт-1310 кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1310

Д) Дт-1310 Кт-8010

Е) Дт-1310 КТ-8020

8.       Алынған материалдар үшін жабдықтаушыларға төлем жасалғанда қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-3010 Кт-1310

В) Дт-1310 Кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1040

Д) Дт-1030 Кт-3310

Е) Дт-1310 Кт-3010

 

 

10.4.    «Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация

( ХҚЕС 16,  ХҚЕС 36)» тақырыбы

 

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.  Негізгі құралдар түсінігі.

2.  Негізгі құралдар қандай түрлерге бөлінеді?

3.  Негізгі құралдарды бағалау түрлері?

4.  Негізгі құралдар қандай операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін?

5.  Қандай операциялар нәтижесінде негізгі құралдар кәсіпорыннан шығуы мүмкін?

6.  Негізгі құралдардың тозуы деп нені айтады?

7.  Тозудың экономикалық мазмұны қандай?

8.  Негізгі құралдардың тозу түрлерін атаңыз?

9.  Негізгі құралдардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

10.   Негізгі құралдардың тозуының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

11.   Негізгі құралдар құнын бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісінің мәні?

12.   Амортизация есептеудің кемімелі қалдық әдісінің мәні?

13.   Өндірістік тәсіл бойынша амортзация қаалй есептеледі?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

1.Дт 7210  Кт 2410  бухгалтерлік  жазбасы  нені  білдіреді?

А) офистік  негізгі  құралдар  бойынша  тозу  есептелінді.

В) цехтік  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептелінді;

С) алынған  негізгі  құралдар  бойынша   тозу  есептелінді;

Д) есептен  шығарылған  негізгі  құралдар  бойынша  тозу  есептелінді;

Е) консервациядағы  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептелінді;

2.Қайта  бағалаудан  (қосымша  бағалаудан)  өткен  негізгі  құралдар  бойынша  тіркелген  тозу  сомасын  қандай  бухгалтерлік  жазбамен  көрсетуге  болады?

А) Дт 5320              Кт 2420.

В) Дт 5310              Кт 5430;

С) Дт 2410              Кт 5410;

Д) Дт 2410              Кт 5310;

Е) Дт 5310              Кт 2410;

3.Дт 2420  Кт 2410  бухгалтерлік  жазбасы  нені   білдіреді?

А) есептен  шығарылған  негізгі  құралдар  бойынша  тозу  есептен  шығарылды.

В) алынған  негізгі    құралдар  бойынша  тозу  есептелінді;

С) негізгі  құралдардың  құнының  төмендеуін  көрсету;

Д) цехтік  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептелінді;

Е) офистік  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептелінді;

4.Негізгі  құралдардың  бастапқы  құны  қалай  анықталады?

А) сатып  алу,  жеткізу  және  басқа  да  шығындар  сомасымен.

В) экспорттық  жолмен;

С) жақтардың  келісімімен;

Д) басқа  тәсілмен;

Е) дұрыс  жауап жоқ;

5.Сатып  алынған  негізгі  құралдар  2410  шоты  қандай  құнмен  есепке  алынады.

А) бастапқы  құны  бойыынша.

В) қалдық  құны  бойынша;

С) баланстық  құны  бойынша;

Д) шот-фактурада  көрсетілген  құн  бойынша;

Е) өткізу  құны  бойынша;

6.Басқа  кәсіпорындардан  қайтарымсыз алынған  көлік  құралдарын  кірістеген  кезде  қандай  бухгалтерлік  жазба  беріледі?

А) Дт 2410              Кт 6220.

В) Дт 5310              Кт 5430;

С) Дт 2410              Кт 5410;

Д) Дт 2410              Кт 5310;

Е) Дт 5310              Кт 2410;

7.Негізгі  құралдардың  жою  құны дегеніміз  не?

А) негізгі  құралдардың  пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  оны  бұзу  жоюдан  алынған  қосалқы  бөлшектердің,  металл  сынығы,  қалдықтарының  құнынан  объектіні  есептен  шығаруға  байланысты  жұмсалатын  келешектегі  шығындарды  алып  тастағандағы  құны.

                В) бұл жинақталған  тозу сомасын  алып  тастағандағы  негізгі  құралдардың 

              бастапқы                құны (қалдық  құн);

С) бұл  негізгі  құралдарды жоюдан  алынатын  материалдық  құндылықтардың  құнын  алып  тастағандағы  жоюмен  байланысты  шығындар  және  негізгі  құралдардың  қалдық  қосындысының  қосындысы;

Д) дұрыс  жауап  жоқ;

Е) бұл  өткізу  құны;

8.Өткізілген  жабдықтар  амортизациясы  есептелінді.

А) Дт 7110              Кт 2420.

В) Дт 7410              Кт 2040;

С) Дт 3310              Кт 1040;

Д) Дт 6140              Кт 1040;

Е) Дт 1040              Кт 6210;

9.Бухгалтерлік  есепте  негізгі  құралдарға  қандай  материалды  активтер  жатқызылады?

А) 1 жылдан  аса  қызмет  ететін  материалды  активтер.

В) құны  1000  теңгеден  жоғары  және  1  жылдан  аса  қызмет  ететін  материалды  активтер;

С) құны  1  20  айлық  есептік  көрсеткіштен  асатын  материалды  активтер

Д) құны  40  айлық  есептік  көрсеткіштен  асатын  материалды  активтер;

Е) Дұрыс  жауабы  жоқ;

10.Негізгі  құралдардың  ағымдағы  құны  дегеніміз  не?

А) бұл  белгілі  бір  мерзімге  әрекет  ететін  нарықтық  бағалар  бойынша  негізгі  құралдардың  құны.

В) бұл  қалпына  келтіру  құны;

С) бұл  жинақталған  тозу  сомасын  алып  тастағандағы  бастапқы  құн;

Д) бұл бастапқы  құны;

Е) бұл  жинақталған  тозу  сомасын  алып  тастағандағы  қалпына  келтіру  құны;

11.Негізгі  құралдардың  баланстық  құны  дегеніміз не?

А) бұл  жинақталған  тозу  сомасын  алып  тастағандағы  негізгі  құралдардың  бастапқы  немесе  ағымдағы  құны.

В) бұл бастапқы  құн;

С) бұл қалпына  келтіру  құны;

Д) бұл  ағымдағы  құны;

Е) бұл тозу  сомасын  алып  тастағандағы  өткізу  құны;

12.Айырбас  кезінде  алынған  негізгі  құралдардың  құны  қалай  анықталады?

А) өткізу  құны  бойынша

В) айырбастау  нәтижесінде  алынған  негізгі  құралдардың  бұл  жинақталған  тозу  сомасын  алып  тастағандағы  бастапқы  құны  бойынша

С) субъектінің  айырбасталатын  негізгі құралдардың  жинақталған  тозу  сомасын  алып  тастағандағы  бастапқы  құны  бойынша

Д) баланстық  құны  бойынша

Е) берілген  активтердің  ағымдағы  құнының  алынған  ақшалай  қаражаттар  сомасын  түзетілген  алынған  негізгі  құралдардың  ағымдағы  құны

13.Келешектегі  күрделі  салымдар  негізгі  құралдардың  бастапқы  құнын  өсіреді  ме?

А) болашақтағы  бағаланған экономикалық  тиімділіктің  өсу  шартында  артады

В) пайдалы  қызмет  ету  мерзімінің  басында

С) өсірмейді

Д) барлық  жағдайларда  өсіреді

Е) дұрыс  жауап  жоқ

Информация о работе Бухгалтерлік есеп