Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
9.4 «Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация
( ХҚЕС 16, ХҚЕС 36)» тақырыбы
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, негізгі құралда1 және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
Тапсырма 1 Берілген есептерді орындаңыз
№1 Есеп. Кәсіпорын 230 000 000 теңгеге ұшақ сатып алады. Келісім-шарт бойынша ұшаққа меншік құқығы жабдықтаушы зауытында сатып алушыға беру кезінде өтеді. Сатушы 5 200 000 теңге баж салығын төлейді. Сондықтан бұл соманы шот-фактура сомасына қосады да, алынуға тиісті шот сомасы 235 200 000 теңгені құрады. Ұшақты сатып алушы орналасқан жерге дейін жеткізу шығыны 10 000 000 теңге болды.Тасымалдау кезінде ұшақтың корпусы зақымдалған және оны жөндеуге 80 000 теңге жұмсалды. Ұшақты сатып алған күннен екі аптадан кейін ғана пайдалана бастады. Ұшақ тұрағын (ангарды) күтіп ұстауға ай сайын 20 000 теңге кетеді. Сатып алушы төленуге тиісті шот сомасын ұшақты сатып алған күні төледі.
Ұшақтың корпусының, оның двигателі мен салон жабдығының пайдалы қызмет мерзімдері әр түрлі. Сатушының сатып алушыға жіберген шотында ұшақтың жалпы құны ғана көрсетілген. Алайда, сатып алушы құрған қаржылық есептілік ҚЕХС талаптарына сай келуі үшін, двигателдің, ұшақтың корпусының және салонының бастапқы құнын анықтау қажет.
Негізгі құралдар есебін жүргізген бухгалтер қалпына келтіру құны бойынша бағалауды кәрзеңкелік әдіспен жүргізу туралы шешім қабылдады. Ол дәл осындай двигательдер мен салон жабдықтарын сататын жабдықтаушылардан олардың бағасы туралы мәліметтер алады. Алынған мәліметтер бойынша орта баға:
- двигательдер
- салон жабдығы 50 000 000
Ұшақты негізгі құрал объектісі ретінде танумен байланысты бухгалтерлік өткізбелерді құрастырыңыз.
№2 Есеп. Кәсіпорын жаңа қызметі үшін жер учаскесін сатып алмақшы. Жердің сатып алу құны – 170 000 теңге, көрсеткен қызметі үшін брокерге – 6 000, адвокатқа 2 000 теңге төлейді. Жойылу құны 4 000 теңгені құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10 000 теңге және жерді тегістеуге 1 000 теңге жұмсады. «Негізгі құралдар/Жер» шотының дебетіне тіркелетін соманы есептеңіз.
№3 Есеп. Активтің бастапқы құны - 100 000 теңге. Бастапқы пайдалы қызмет мерзімі -10 жыл. Тозуды есептеудің бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылып келген және ешқанда жойылу құны болжанбаған. Активті екі жыл пайдаланғаннан кейін бухгалтер оның пайдалы қызмет мерзімін қайта қарастырып, 6 жылға теңеді. Активтің қалған пайдалы қызмет мерзіміне тозу шығындарын қай та есептеңіз.
№4 Есеп. «Сәуле» пиццериясы пиццаны тасымалдап жеткізу үшін автокөлік сатып алды. Автокөліктің құны 14 000$. Көлік 5 жыл пайдаланылады. Пайдалану мерзімінен кейінгі қалдық құны шамамен 2 000 $ құрайды. Компания көлік 5 жылдың ішінде 80 000 км жол жүреді деп есептеді.
1. 5 жылға бірқалыпты түзу сызықты әдіспен амортиацияны есептеңіз.
2. Автокөлік бірінші жылы 10 000 км, екінші жылы 15 000 км, үшінші жылы 18 000 км, төртінші жылы 20 000 км және бесінші жылы 17 000 км жол жүрген. Амортизацияны өндірістік тәсілмен есептеңіз.
3. Амортизацияны кемімелі қалдық әдісімен есептеңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және қзақ мерзімді активтер есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
2. Жал есебін толықтырыңыз.
3. Тақырып бойынша негізгі терминдерді анықтау (глоссарий дайындау)
4. Төмендегі берілген есептерді шығарыңыз.
1-Есеп. 2001 жылдың 1-қаңтарында компания 2000000 теңгеге жабдық сатып алды. Болжамды пайдалы қызмет мерзімі-10жыл, өнімділігі – 20000000 бірлікті құрайды, жойылу құны- 50000 тг.
1.Бірқалыпты түзу сызықты әдісті қолданғанда 2001 жылдың амортизациялық шығыстары қандай болар еді?
Тапсырма 2. Ұсынылған тақырыптардан таңылап алып презентпция немесе реферат орынданыз.
Ұсынылған тақырыптар:
- «ХҚЕС 16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар»
- «ХҚЕС 36 «Активтердің құнсыздануы»
- «Халықаралық тәжірбиедегі амортизация есептеу әдістері»
- «Жерді есепте жүргізу ерекшеліктері»
Тапсырма 3. Тақырып бойынша глоссарий (GKT – glossary of key terms) дайындаңыз
Тапсырма 4. Тақырып бойынша өзіңіздің 2-3 (Case study) нақтылай оқулық жағдаларыңызды (ситуацияларды) дайындап оқытушыға жазба түрінде өткізіңіз»
9.5. «Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)» тақырыбы
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, материалдық емес активтер және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
Тапсырма 1. Берілген есептерді орынданыз
1-Есеп.
А компаниясы Б компаниясын 15000$-ға сатып алады. Сатып алу күні Б компаниясының бастапқы құны-20000$ және әділ нарықтық құны-22000$ болатын активтері болды.Сонымен бірге, Б компаниясының 7500$-ға міндеттемелері болған. Шоттың дебеті бойынша гудвилл қандай сомада көрсетіледі?
Тапсырма 2. Ұсынылған тақырыптардан таңылап алып презентпция немесе реферат орынданыз.
Ұсынылған тақырыптар:
а) «Фирманың іскерлік беделі және оның есебі»
б) «Компьютерлік бағдарламаларға шығындар және олырдң есебі»
в) «ХҚЕС 38 Материалдық емес активтер: мақсаты, колдану саласы, ақпараттардың ашылуы»
Тапсырма 3. Тақырып бойынша глоссарий (GKT – glossary of key terms) дайындаңыз
9.6 «Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)» тақырыбы
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, міндеттемелер және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
Тапсырма 1 Берілген есептерді орындаңыз
№1 Есеп
2004 жылдың 15 наурызында «Шар - Құрылыс» компаниясы дивидендтер төлейтінін жариялады.
А) Дивидендтер жарияланғанда және
В) Дивидендтер төленгенде қандай бухгалтерлік өткізбелер құрылады?
№2 Есеп
«Сара жол» компаниясы бір жылға, сомасы- 1120000 ш.б. пайызсыз вексель жазып беріп, 1000000 ш.б. сомасында ақша қаражатын алады. Олай болса вексель бойынша нақты пайыз 12% (120000/1000000) құрайды. Вексельдің ағымдық құны 1000000 ш.б.(1120000/1,12=1000000 ш.б.).
Вексель бойынша қарызды қалай есепке алады?
Тапсырма 2.Ұсынылған тақырыптардан таңылап алып презентпция немесе реферат орынданыз.
Ұсынылған тақырыптар:
а)«ХҚЕС 19 «Қызметкерлерге берілетін сыйақыла»
б)«ХҚЕС 23 «Қарыздар бойынша шығындар «
в)ХҚЕС 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»
г) « Әр түрлі заңды және жеке тұлғалармен кәсіпорынның міндеттемелер бойынша есеп айырысу түрлері»
Презентацияны «Слайд-шоу » ретінде орындаңыз
Тапсырма 3. Тақырып бойынша глоссарий (GKT – glossary of key terms) дайындаңыз
Тапсырма 4. Тақырып бойынша өзіңіздің 2-3 (Case study) нақтылай оқулық жағдаларыңызды (ситуацияларды) дайындап оқытушыға жазба түрінде өткізіңіз»
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және міндеттемелер есебі туралы теориялық білімін толықтырып, тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Салық түрлері бойынша салық салу базалары және олардың есебі.
2. Облигациялар есебі.
3. Төмендегі есептерді шығарыңыз.
1-Тапсырма. Тұрмыстық техника өндіретін «Федерал экспресс» өнеркәсіп компаниясы өз қызметін 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастады. Өндірістік қызметпен айналысқан бір айдың ішнде келесі шығыстар шыққан:
Жабдықтаушының шот-фактурасы бойынша 1400000 теңгеге шикізат пен материалдар алынды. Оған қоса қосылған құн (ҚҚС) салығының сомасы көрсетілген: 182000 теңге.
Жал шығыстары 100000 тг құрады. Сонымен бірге ҚҚС сомасы 13000 тг.
Телефонды қолданғаны үшін кеткен шығыстар 25000 тг және ҚҚС сомасы-3250 тг.
Шот бойынша коммуналдық қызмет үшін төлемдер сомасы 15000 тг, ҚҚС сомасы -1950 тг.
Жеке тұлғадан 40000 теңгеге қосымша материалдар сатып алынды.
Қосымша мәліметтер:
Қаңтар айында 800 дана өнім шығарылды.
Қаңтар айының соңында барлық өнім сатып өткізу құны бойынша, әрқайсысы 3000 теңгеден сатып өткізілді. Сатып өткізу құнына ҚҚС (13%) қосылмаған.
Сатып өткізуден түскен кіріс 2400000 тг құрайды.
Тапсырма: 1. Барлық жүргізілген операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалар берініздер.
3. Төленуге немесе бюджеттен өтелуге тиісті ҚҚС сомасын анықтаңыздар.
9.7 «Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18) тақырыбы
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, табыстар мен шығындарды танудың нормативті реттелуңн, оларды есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
Тапсырма 1.Берілген есептерді орындаңыз
№1 Есеп
Төменде берілген әрбір оқиға үшін:
1. Операция жасалған күнге бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
2. Табысты танудың қай әдісін қолдануға болатындығын анықтаңыз.
Берілгені:
Есеп беру мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатындығын есіңізде сақтаңыз.
1. 2005 жылдың 31-желтоқсанында «АРТ» компаниясы арнайы машинаны 500000 тг сатып, 200000 тг қолма-қол алады. Қалған 300000 тг және оның үстіне қосылған 10% 2006 жылдың 31-желтоқсанында алатын болды. «АРТ» компаниясы машинаны 2006 ж. 5-қаңтарында жеткізіп береді. Сатып алушының несие қабылеттілігі жоғары деп саналады, сондықтан төлемді уақытында алу кепілі бар.
2. 2005 ж, 15-қарашада «Барыс» компаниясы Х өнімін 50000 тг сатады. Сатып алушы оның орнына екі дана тауар береді. Сатып алушы тауарларды 2006 ж. 31-қаңтарында жеткізіп беруге уәде береді.
3. 2006 ж. 2-қаңтарында «Айқара» компаниясы ай сайын шығатын «Айқара» газетіне бір жылдық жазылымға 200000 тг жинап алды. Газетке жазылған оқырмандарға бірінші шығарылған басылымды тарату осы жылдың наурыз айына қойыолып отыр.
Тапсырма 2. Тақырып бойынша глоссарий (GKT – glossary of key terms) дайындаңыз.
Тапсырма 3. Тақырып бойынша өзіңіздің 2-3 (Case study) нақтылай оқулық жағдаларыңызды (ситуацияларды) дайындап оқытушыға жазба түрінде өткізіңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және табыстар мен шығыстар есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Пайда мен зиян есебі
2. Тақырып бойынша негізгі терминдерді анықтау (глоссарий дайындау)
4. Берілген есептерді шығарыңыз.
1-Есеп. Табысты орындалу пайызы әдісімен тану.
Компания көпір құрылысына 60 млн.теңгеге мәмілеге отырды. Көпір салуға кететін есептелген шығыстар сомасы 50 млн. теңгеге тең. Бірінші жылғы жұмыстарға 9 млн. тг жұмсалды. Компания орындалу пайызы әдісін қолданады. Компания құрылыс жүрген бірінші жылы табыс пен жалпы пайданың қанждай сомасын көрсетуі тиіс?
9.8 «Меншікті капитал есебі» тақырыбы
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, әр түрлі ұйымдастырушылық –құқықтық нысандағы кәсіпорындардағы меншікті капитал есебін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):