Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
8.1.Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Нарықтық механизмде тиімді қызметтердің міндетті шарты ол жоғары білікті мамандарды қайта дайындау. Сондай – ақ оларды оқыту барысында маңызды пәндердің бірі «Қаржылық есебі 1» пәні осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты:
─ курсты оқыту барысындағы маңызды деп танылатын жекелеген тақырыптарды тереңдетіп оқыту жолымен студенттердің теориялық білімін нығайту және арттыру;
─ алғашқы және қорытынды бухгалтерлік есеп құжаттарын жинақтап және оған таңдау жүргізіп, студенттердің өз беттілік жұмысына еңгізу;
─ студенттердің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын және шаралық субьектісіндегі бухгалтерлік есеп мәселелерін ізденіс жолымен шешуге дайындығын бақылау.
Курстық жұмыс келесідегідей міндеттемелерден тұрады:
1. Қаржылык есептің негізгі принциптерін және концепцияларын оқып үйрену;
2. Таңдалынып алынған тақырып немесе мәселелер бойынша заңдық актілерді және ғылыми еңбектермен жұмыстарды қарастыру;
3. Бухгалтерлік есептің дамуының негізгі бағыттарын өңдеу және негіздеу;
4. Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізгі жоғарғы экономисттердің еңбектерінен, оқулықтардан, монографиялардан, мерзімдік басылымдардың деректерінен құрылуы тиіс.
Курстық жұмыс кафедра мәжілісімен бекітілген және жетекшімен келісілген тақырыптардың тізіміне сәйкес орындалуы тиіс.
8.2 «Қаржылық есеп 1» пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары.
1. Қаржылық есепті ұйымдастыру
2. Журнал-ордерлі формада бухгалтерлік есепті ұйыдастыру.
3. Компьютерленген жағдайдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
4. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі
5. Кәсіпорынды басқарудағы кәсіпорынның бухгалтерлік балансы.
6. Негізгі құралдар есебі
7. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебің ұйымдастыру
8. Компьютерленген жағдайдағы негізгі құралдар есебі
9. Негізгі құралдар тозуы есебің ұйымдастыру
10. Материалдық емес активтер есебі
11. Ақша қаражаттарының есебі.
12. Дебиторлық қарыздар және олардың есебі.
13. Тауарлы – материалдық босалқылардың есебі.
14. Тауарлы – материалдық босалқыларды бағалау әдістері.
15. Негізгі құралдар және олардың есебі.
16. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.
17. Ағымдағы активтердің есебі.
18. Ағымдағы міндеттемелердің есебі.
19. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі.
20. Серіктестіктердегі капиталдың есебі.
21. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі.
22. Есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша операциялардың есебі.
23. Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру.
24. Халықаралық тәжірибе бойынша негізгі құралдардың амортизациясының есебі.
25. Негізгі құралдардың ағымдағы жалға берілген есебі
26. Негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығу есебі
27. Еңбек ақы есебі мен есептесу түрлері
28. Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі және оның есебі
29. Қаржылық есеп беру
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
8.3 Курстық жұмыстың құрылымы
Барлық курстық жұмыстың құрылымы, тақырыпқа байланысты емес, ереже бойынша ол бірдей. Ол төмендегідей құрылымнан тұру керек:
Кіріспе. Кіріспеде қазіргі уақыттағы алға қойылған мәселелер мен шаруашылықтардың тақырып бойынша актуалдылығы ашылып көрсетіледі.
1 бөлімде Қазақстандағы есеп беру ерекшеліктерінің теориялық аспектілігі қарастырылады.
2 бөлімде курстық жұмыстың тақырыбы мысалдармен көрсетіледі. Берілген бөлім кем дегенде 3 – 4 параграфтан тұру керек.
3 бөлімде Қазақстандық есеп берудің халықаралық есеп берудің тәжірибесіне енуінің мәселелері қарастырылады.
Қорытынды. Қорытындыда білімгер өзінің ұсыныстарын береді.
Пайдаланған әдебиеттер.
Жалпы 1 және 3 бөлімдер барлық курстық жұмыстар үшін бірдей, бірақ әрбір бөлімді ашқан кезде білімгердің өзіндік ойы болу керек.
Жоспарлық нұсқау
«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша курстық жұмыстың жоспарлы нұсқауы.
Тақырып: Негізгі құралдар есебі.
Кіріспе
1. Қазақстандағы есеп беру жүйесінің ерекшеліктері.
1.1. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің мәні, маңызы.
1.2. Негізгі құралдардың өндіріс процессіндегі ролі
2. Негізгі құралдар есебі.
.
2.1. Негізгі құралдар, олардың топтастырылуы мен бағалауы
2.2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
2.3. Негізгі құралдар тозуы мен амортизациясының есебі.
2.4. Негізгі құралдар жөндеуінің есебі.
3. Негізгі құралдар есебің Халықаралық стандарттар сәйкес жүргізу
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
8.4. Текстік материалдың мазмұны мен көлемі (курстық жұмыстың түсіндірме хаты).
Курстық жұмысты орындаған кезде, ең басты оның мазмұнының маңыздылығына көп көңіл бөлінеді. Курстық жұмыстың мәселесі ең алдымен білімгердің әдебиетті жинау кезіндегі алған тәжірибесіне және материалдардың безендірілуіне байланысты.
Курстық жұмыстың құрылымы жоспармен және мазмұнмен анықталады.
Курстық жұмысты қолмен жазған кездегі парақ саны 30 – 35, ал компьютермен терілген жағдайда стандартқа сәйкес 20 – 25 парақ болу керек.
Курстық жұмыстың кіріспесінде тақырыптың мәні, мақсаты және мәселелері анықталады.
Кіріспе 1 – 2 парақты құрау керек.
Бірінші бөлімде өндірістік басқарудағы бухгалтерлік есептің мәні, рөлі, қазіргі жағдайы ашылып көрсетіледі.
Екінші бөлімде, курстық жұмыстың тақырыбы бойынша ашылып көрсетіледі. Берілген бөлім 3 – 4 параграфтан тұру керек.
Үшінші бөлімде, Қазақстандық есеп берудің халықаралық тәжірибеге өтуі және бухгалтерлік есептің моделінің түрлері ашылып көрсетіледі.
Курстық жұмыстың қорытынды парағы 2 – 3 парақтан тұрады. Ол автор ұсыныстарын қысқаша нәтижелерінен тұру керек.
Курстық жұмысты орындау барысындағы барлық қолданылған әдебиет көздерінен тұрады. Әдебиет тізімі келесідегідей тізімдерден құралады:
─ заңды нормативті актілер;
─ инструкциялардан;
─ монографиялар, статьялар, оқу құралдары алфавиттік тізімдерден құрылу керек.
8.5.Курстық жұмысты жазу барысындағы бақылау жүйесі.
Курстық жұмысты жазу барысында білімгерге тікелей көмек тигізетін кафедра оқытушыларының бірі – бұл ғылыми жетекші.
Жетекші қызметіне келесілер кіреді:
─ курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезіңдегі білімгерге көрсетілетін практикалық көмек;
─ курстық жұмыстың жоспарын құруға көмектесу;
─ курстық жұмысты жазу кезіндегі консультациялар;
─ жеке тапсырмаларды орындаған кездегі бақылау;
─ методикалық нұсқауға қарай курстық жоғары сапада жазылуын қамтамасыз ету;
─ аяқталған курстық жұмысты кафедраға белгіленген күніне қарай көрсетілуін қамтамасыз ету.
Білімгер курстық жұмысты орындау кезінде міндетті:
─ ғылыми жетекшісімен курстық жұмыстың тақырыбын бекіту;
─ курстық жұмыстың жоспарын құру, оны жетекшісіне көрсету және керек әдебиет тізімін таңдап алу;
─ курстық жұмыстың қалай орындалып жазылғанын ғылыми жетекшіге айтып отыру;
─ курстық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау.
8.6. Курстық жұмысты безендіру және қорғау.
Курстық жұмыс келесі үлгідей безендірілуі керек:
─ Титулдық бет
─ Тапсырма
─ Мазмұны
─ Кіріспе
─ 1 бөлім
─ 2 бөлім
─ 3 бөлім
─ Қорытынды
─ Әдебиеттер.
Курстық жұмыс стандартты түрде ақ форматты қағаздың бір бетіне ғана орындалуы керек.
Жұмыс келесі жолақтарды сақтай отырып орындалуы керек: сол жағы – 30 мм кем болмауы керек, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төмен жағы 20 мм. Курстық жұмыс мақсаты түсінікті қара түспен немесе компьютермен теріліп тиянақты жазылуы керек.
Титулдық бет келесі реквизиттерден тұру керек:
1. Ж.О.О. және кафедраның аты;
2. Курстық жұмыс тақырыбының атауы;
3. Курстық жұмысты орындаған білімгердің аты – жөні;
4. Ғылыми жетекшінің аты – жөні және мамандығы, ғылымы.
Титулдық беттен кейін курстық жұмыс жоспарының мазмұны көрсетіледі, яғни беттер нөмірленген, негізгі тауарлардың аттарының тізімі көрсетіледі.
Курстық жұмыстың бөлімдері немесе тауарлары жаңа беттен басталуы керек. Әрбір бөлімге реттік нөмірі беріледі және рим цифрлар мен белгіленеді. Бөлім атауы бас әріппен жазылады және соңында нүкте қойылмайды.
Бөлім атауының астын сызуға болмайды және оларды бөлуге болмайды. Бөлім атынан келесі жол арасы бос интервал арқылы және алдыңғы бөлімінің соңғы жолы мен келесі бөлім атауының арасы 2 интервал арақашықтығында жазылу керек.
Параграфтың әрбір тарау немесе бөлім шеттерінде араб цифрларымен нөмірленеді.
Жоғарғы оң жақ бұрышында «кесте» деген жазуды қойып оның нөмірін көрсетеді. Мысалы, «2 – н кесте» (екінші тараудың н – ші кестесі) одан төмен кесте атауы, содан кейін оның мазмұны болады.
Курстық жұмыс қатты түптелген түрде немесе папкада тапсырылуы керек.
Тиісті түрде дайындалған курстық жұмыс бекітілген мерзімді кафедраға өткізілуі тиіс, жұмысты қабылдап алушы лаборант оны тіркеп кафедрада бекітілген оқытушы ғатексеруге және рецензиялауға тапсырады.
Рецензияда келесілер көрсетіледі:
─ Курстық жұмыстың мазмұнын жұмыс жоспарына сәйкестігі;
─ Жоспардағы сұрақтардың жан – жақты ашылып көрсетілу деңгейлері;
─ Жұмысты рәсімдеу сапасы;
─ Курстық жұмыстың жағымды және әлсіз жақтары.
Жұмыстағы ескертулер болған жағдайда білімгерге ьолықтыру үшін қайтарылады.
Курстық жұмыстың соңғы сатысы ол – қорғау..Курстық жұмысты қорғау барысында білімгер курстық жұмысының мазмұны мен мәліметтер кезін және барлық қойған теориялық және практикалық есептердің сұрақтарына жауап беруге тиіс.
Курстық жұмыстарды қорғауды, қабылдауды жетекшісінің қатысуымен комиссия мүшелері жүзеге асырылады.
Курстық жұмысты қорғаудың нәтижесі баллдық жүйе арқылы бағаланады.
Комиссия мүшелері курстық жұмысты қорғау барысында қанағатсыз болса, онда 3 күн ішінде қайта тапсыруға мүмкіндік береді.
8.7. Курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмыстың соңғы кезеңі ол қорғау болып табылады. Курстық жұмыс кафедраға қорғауға 10 күн қалған кезде регистрациядан өтеді, оны арнайы кафедрадағы методист журналға тіркейді. Білімгердің алғаш алынған тақырыбы тіркелген тақырыбымен сай болу керек.
Қорғаудың:
─ білімгерлермен алынған тақырыпты терең әрі өз бетінше зерттеу;
─ білімгерлермен алынған сандық мәліметтерді, әдістік есептерді, егер олар бар болса түсіндіру;