Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
6. Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы.
Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотарында жүргізіледі. Бұл шот активті. Бұл шоттың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1040 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.
21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:
- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;
-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;
- валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса;
Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды қолдану керек делінген.
Шетел валютасындағы операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді.
Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну қағидаларымен бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді.
Шетел валютасындағы ақша қаражаты және шетел валютасының тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқамерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі.
Ақшалай баптарға жатпайтын баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі.
Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді.
Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін:
- қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма – қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма – қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады.
- жинақтық тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып, қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен:
а) шетел валютасындағы дебиторлық және кредиторлық қарыз – олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай;
б) басқа жағдайларда – баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады.
Барлық сома осы есепті мерзімде танылады.
1060-“Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек тасымалдаушы кәсіпорындардан әне байланыс ұйымдары мен басқа да субъектілерден алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.кәсіпорын, ұйым немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:
Дебет 1060-“Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар” шоты, Кредит тиістілеріне қарай 1030, 12100,3020-шоттар.
423-“Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар” – деп аталынатын шот дебеттелініп, 1030,6230,6280 және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Бұл шоттан төленген сомаға 1010, 1030, 1040, және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1060-шот кредиттелінеді.
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылары, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.
Шаруашылық субъектілері 1060-“Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді.негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:
1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі.
3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.
4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.
Аккредитивтердің “өтелінген” және “өтелінбеген” – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар “кері шақырылатын” және “кері шақырылмайтын” болып екі түрге бөлінеді.
Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін банк мекесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:
1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.
2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.
3. Аккредитив ашылатын банктің аты.
4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.
5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.
6. Аккредитивтің түрі.
7. Аккредитивтің сомасы.
Егер аккредитивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі қажет:
1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.
2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.
3. Өзінің қолтаңбасының қолы.
Жабдықтаушының банкісіндегі аккредитив мынадай жағжайларда жабылады:
1. Аккредитивтің мерзімі біткенде.
2. Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.
Аккредитив жабылған уақытта пайданылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1060-“Басқада ақшалай қаржылар” шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1030-шотының, банктерден алынған несиелердің есебіне аударылса: 1210-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердіңнесиелері есебінен аударылған болса: 3020 кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310-“Мердігерлер және жабдықтаушылармен есеп айырысу” шотының дебетіне 1060-“Басқада ақшалай қаржы” – деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайданылмаған немесе жұсалынбаған сома 1030, 1210,3020-шоттардың тиістілерінің дебетіне, 1060-шоттың кредитіне жазылды.
1060-“Басқада ақшалай қаражылар” – деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа да субъектілерден алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.кәсіпорын, ұйым немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:
Дебет 1060-“ Басқада ақшалай қаражылар ” шоты, Кредит тиістілеріне қарай 1030, 12100,3020-шоттар.
1060-“ Басқада ақшалай қаражылар” – деп аталынатын шот дебеттелініп, 1030,6230,6280 және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Бұл шоттан төленген сомаға 1010, 1030, 1040, және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1060-шот кредиттелінеді.
Қорытынды:
Ақша қаражаты мен оның эквиваленттері қысқамерзімді активтер болып табылады. Ұйымның ақша қаражаты кассадағы қолма-қол ақшадан және банктегі нақты ақшадан тұрады. Жалпы алғанда, ақша қаражатының есебі №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» ҚЕХС-мен реттеледі. Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Шетел валютасымен байланысты операциялар 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Дәріс тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқау:
1. «Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
2. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
3. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
4. Тестіні орындаңыз.
5. Ситуациялық есепті шығарыңыз.
6. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
Тақырып 2. Дебиторлық борыш есебі
Сабақтың мақсаты: Дебиторлық борыштың түсінігі мен түрлерін қарастыру, дебиторлық борыш бойынша есеп айырысуды зерттеу, және оларды тану мен бағалауды меңгеру.
Дәріс сұрақтары:
1. Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.
2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.
3. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі.
4. Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі.
5. Алынған вексельдерді есепте бейнелеу және өлшеу.
Негізгі түсініктер: дебитор, алынуға тиісті шоттар, саудалық дебиторлық борыш, садалық емес дебиторлық борыш, ақшалай жеңілдік, сауда жеңілдігі, сатылған тауарлың қайтарылуы, күмәнді борыш, несиеге таза сатып өткізуден пайыз әдісі, дебиторлық борышты төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі, есеп беруге тиісті тұлға, вексель, алдағы кезең шығыстары.
Дәріс мазмұны:
Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар) және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).