Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 13:48, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Содержание

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

есептеу әдістері

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау

2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу


«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау


КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы



3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Работа содержит 1 файл

АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

  

Тартылған ақша қаражаттары ұйымның инвестициялық  бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады. Бағдарламалардың жалпы құны 1,3 млрд.доллар.

  

Барлық инвестициялық  жобаларды іске асыру үшін көп көлемде ақша қаражаттары және инвестициялар қажет. Осыған байланысты әр түрлі қаржыландыру көздері және қаржы құралдарын тарту нұсқалары қарастырылды, соның ішінде қор нарығындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ акцияларын орналастыру. Қазіргі кезде мұнай өндірудің өсуі шектеледі, себебі ұйым көне кенорындарда қызмет етеді, қорлар азаяды және ұйым өндіру көлемін қалыпты ұстап тұру үшін жылдан жылға шығындар көлемін арттырады. Сонымен қатар, резервтер көлемін арттыру үшін Қазақстан территориясында және шет елдерде қосымша активтерді сатып алуда.

  

«ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ қаржы-шаруашылық жағдайына талдау жүргізуден келесілер анықталды: 2006 жылы жоспарланған 5925 мың тонна мұнайдан 6180 мың тонна мұнай артық өндірілді, яғни 104,3 % - ға өткен жылмен салыстырғанда 117,6 % өсті. Жоспарланған 25,3 мың тонна газ конденсатынан артық 26,14 мың тонна газ конденсаты өндірілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 94 % - 103,3 % өсті. Ал жоспарланған 875 млн.м3 табиғи газынан артық 881,1 млн. м3 артық, яғни өткен жылдағы 92,5 % -дан 100,7 % өсті. /20-47б./Өндірілді:

    • 895,5 млн.м3 құрғақ газ (жоспар бойынша 824 млн.м3);
    • 100,0 мың тонна қысылған газ (жоспар бойынша 68,6 мың тонна);
    • 54,1 мың тонна көмірсутек қоспасы (жоспар бойынша 38,94 мың тонна);

  

      Экспортқа сомасы 148124603 мың теңгені құрайтын 4807,6 мың тонна мұнай жіберілді, бұл жоспарланған 3432627 мың теңге алуға мүмкіндік берді, оның ішінде бағаны 6649 теңгеге өсіру себебінен 31319215 мың теңге сомасында қосымша кіріс алынды. Мұнайды жеткізу бойынша жоспарды 97,6 мың тонна аса орындап, 3007056 мың теңге көлемінде кіріс алынды.                 Өткен жылмен салыстырғанда өсім 42641132 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнайды жеткізуден 642,6 мың тоннаға артық болуы және өткізу бағасын 5484 теңгеге өсіруінен болып отыр. «ӨМГ» ӨФ АҚ мұнай және мұнай өнімдерін жақын шетелге жеткізгені үшін 1635929 мың теңгені толықтай алған жоқ. Оның ішінде өткізу бағасын тонна үшін 5664 теңгеге өсіргендіктен қосымша 3010549 мың теңге сомасында кіріс алды. 260,3 мың ттонна құрайтын жеткізу жоспарының орындалмау себебінен 4646478 мың теңге құрайтын кіріс алынбады. Өткен жылмен салыстырғандағы кірістің 2013473 мың теңгеге өсуі мұнайға бағаның 5827 теңгеге өсуінен болып отыр.Мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс 2218275 мың теңгені құрап, оның ішінде мұнай көлемін 175,3 мың тоннаға арттырудан және бағаны 162 теңгеге өсіру себебінен болып отыр. Газды өңдеуден алынған өнімді сату нәтижесінде 4232108 мың теңге көлемінде табыс алынды.

  

Негізгі емес қызмет бойынша ӨФ 10758746 мың теңге көлемінде  залал шекті, соның ішінде 1490966 мың теңге көлемінде негізгі құралдардың істен шығуынан,негізгі құралдарды жалға беруден 362117 мың теңге көлемінде, 358586 мың теңге көлемінде курстық айырмашылықтан, өзгелер бойынша 9020563 мың теңге көлемінде, соның ішінде 9150390 мың теңге көлемінде негізгі құралдарды қайта бағалаудан залал шекті.

  

2006 жылы мұнай  өндіруге кеткен шығындар 49770955 мың  теңге құрады, ол 2005 жылмен салыстырғанда  1585913 мың теңгеге артты және 2004 жылмен салыстырғанда 14919599 мың  теңгеге артты.

  

«ӨМГ» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау барысында кәсіпорында тұрақсыздық байқалады, яғни белгілі уақыт арасында ақша қаражаттарының дефициті, ал белгілі уақыт арасында ақша қаражатының артықшылығы байқалады. Сондықтан да күрт төмендеулер емесс қатысты тұрақтылық болу үшін ақша қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шаралар кешені  келесі бөлімде толығырақ қарастырылған.

  

Осылайша зертеу жүргізілген кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жақсарту мақсатында келесі әдістерді пайдалану қажет:

    • орташа мәнге дейін өтімділік коэффицентін сәл өсіру, ол кәсіпорын өтімділігін қамтамасыз етеді;
    • алдын ала бөлшектеп төлеу немесе дебиторларға басқалай әчер ету арқылы дебиторлық қарызды өтеу уақытын төмендетуге ұмтылу;
    • кәсіпорынның негізгі кіріс көзі болып табылатын мұнай өнідірісін кенорындарға сауықтыру шараларын жүргізу және негізгі құралдардың сапасын арттыру арқылы әсер ету;
    • бос ақша қаражаттарын қаржылық қызметке бағыттау;
    • ақша қаражаттарының негізгі жұмсалу көздері – аренда және ғимараттарды ұстауға төлемдер, жалақы және меншікті негізгі құралдардың тозуымен байланысты шығындар. Егер, аммортизациялық аударымдар нақты ақша ағымарының шығысымен жүргізілмейтін болса,сонымен қатар жалақының төмендетуге жатқызылмайтындығын ескеретін болсақ, осыған байланысты ғимараттарды ұстау және өзге де активтер бойынша шығындарды төмендету қажет.
 
 

3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері 

  

Ақша қаражаттары  ағымын оңтайландыру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу мүмкіндіктерін ескере отырып ақша қаражаттарының ұйымдастырылуының жетілген формаларын таңдау процесі /5-408б./ .

  

Кәсіпорынның  ақша қаражаттары ағымын оңтайландырудың негізгі мақсаттары болып келесілер табылады:

    • ақша ағымы көлемінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
    • ақша ағымының уақыт бойынша қалыптасуының біркелкілігін қамтамасыз ету;
    • кәсіпорынның таза ақша ағымының өсуін қамтамасыз ету;

    

Оңтайландырудың негізгі объектілері болып келесілер табылады:

    • жағымды ақша ағымы;
    • жағымсыз ақша ағымы;
    • қаржылай активтер қалдығы;
    • таза ақша ағымы;

  

Ақша ағымын оңтайландыруды жүзеге асырудың басты сілтемесі болып факторларды игеру болып табылады, олар ақша қаражаттары көлеміне және уақыт бойынша қалыптасуына әсер етеді. Бұл факторларды ішкі және сыртқы деп болады. Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жүйесі /Қосымша 1/ көрсетілген.

  

Кәсіпорынның  ақша ағымын оңтайландырудың негізі болып олардың жағымды және жағымсыз түрлері көлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесіне жағымсыз түрде ақша қаражатының дефициті яғни жеткіліксіз болуы, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы әсер етеді. Ақша ағымы дефицитінің жағымсыз салдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік деңгейлерінің төмендеуіне, шикізат және материалдарды жеткізушілерге уақыты өткен кредиторлық қарыздың өсуіне, алынған қаржылық несиелер бойынша уақыты өткен қарыз үлесінің өсуіне, еңбекақы төлемі бойынша кідірістерге, қаржылық цикл ұзақтығының өсуіне, кәсіпорынның меншікті капитал мен активтерінің пайдалану рентабельділігінің төмендеуіне әкеледі.

  

Ақша ағымының артық болуының жағымсыз салдары  инфляция әсерінен уақытша қолданыстағы ақша қаражатының нақты құнының жоғалтуынан, қысқа мерзімді инвестициялау саласындағы уақытша қолданылмайтын ақшалай активтер бөлігінен кірістердің жоғалуы, сонымен қатар бұл да дефицит тәрізді кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтер рентабельділік деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

  

Ақша ағымы  дефицитін жақсарту әдістері оның уақытына байланысты – ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша ағымы дефицитінің тепе-теңдігін «жеделдету жүйесі– төлем айналымын бәсеңдету» пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе кәсіпорында тартылған ақша қаражаттарды жеделдету және олардың төлемін бәсеңдету бойынша шараларды ұйымдастыруға негізделген. /17-377б./

  

Қысқа мерзімді кезеңдегі ақша қаражатын жеделдету  келесі шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады:

    • тұтынушыларға сатылатын тауарлар бойынша қолма-қол есеп айырысуда баға жеңілдіктерін ұлғайту;
    • нарықта жоғары сұранысқа ие өндірілген өнімге бөлшектеп немесе толық төлем жүргізуді қамтамасыз ету;
    • тұтынушыларға тауар несиесін ұсыну уақытын қысқарту;
    • уақыты өткен дебиторлық қарыз инкассациясын жеделдету;
    • дебиторлық қарызды қайта қаржыландырудың қазіргі заманғы түрлерін пайдалану – вексельдер, факторинг, форфейтинг есебі;
    • өнім сатып алушыларының төлем құжаттары инкассациясын жеделдету.

  

Қысқа мерзімді кезеңде ақша қаражаттар төлемін  бәсеңдету келесі шаралар арқылы жүргізіледі:

    • меншікті төлем құжаттарының инкассациясын бәсеңдету үшін флоутаны қолдану;
    • жеткізушілермен келісім бойынша кәсіпорынға тауарлық несиені жеткізу уақытын жоғарылату;
    • жаңартуды талап ететін ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды жалға беруге (лизинг) ауыстыру.

  

«Жеделдету жүйесі – төлем айналымын бәсеңдету» қысқа мерзімдегі дефицитті ақша ағымы көлемін теңестіру мәселесін шеше отырып, алайда осы ақша ағымының келесі кезеңдерде дефицитке ұшырау тәрізді нақты мәселелер туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан осы жүйе механизмін қолдана отырып қосымша ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының дефицитін теңестіруді қамтамасыз ету қажет /5, 447б./.

  

Ұзақ мерзімді кезеңдегі жағымды ақша ағымы  көлемінің өсуіне келесі шараларды  жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:

    • меншікті капитал көлемін ұлғайту мақсатында сратегиялық инвесторларды тарту;
    • қосымша акция эмиссиясы;
    • ұзақ мерзімді қаржылық несиелерді тарту;
    • инвестициялаудың қаржылық құралдарының бір бөлігін (немесе барлық көлемін) сату;
    • қолданылмайтын негізгі құралдарды сату немесе жалға беру;

  

Ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағымының жағымсыз көлемін азайту келесілерді жүзеге асыру арқылы орындалады:

    • нақты инвестициялық бағдарламалардың құрамы мен көлемін азайту;
    • қаржылық инвестициялаудан бас тарту;
    • кәсіпорынның күнделікті шығындарының сомасын азайту.

  

Кәсіпорынның  ақша ағымының артықшылығын оңтайландыру әдістері оның инвестициялық активтілігін жоғарлатуды қамтамасыз етумен байланысты. Бұл әдістер жүйесінде келесілер қолданылуы мүмкін:

    • операциондық айналымнан тыс активтердің өндірісінің көлемін ұлғайту;
    • нақы инвестициялық жобаларды жасақтау уақытын жеделдету және жүзеге асыруды бастау;
    • кәсіпорынның операциондық қызметінің аймақтық диверсификациясын жүзеге асыру;
    • қаржылық инвестициялар портфелін белсенді қалыптастыру;
    • ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды уақытынан бұрын өтеу.

  

Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру жүйесінде олардың уақыт бойынша теңестірілуі ( жүйелі түрде бөлінуі) маңызды орын алады. Мұндай оңтайландыру үрдісінде негізгі екі әдіс қолданылады – тегістеу және синхронизациялау (біркелкілендіру).

  

Ақша ағымын тегістеу қарастырылып отырған кезеңнің жеке интервалында оның көлемін реттеу. Оңтайландырудың бұл әдісі, абсолютті өтімділік деңгейін жоғарылатып және ақша қаражаттарының орташа қалдығын жақсарта отырып ақша ағымының қалыптасуындағы мезгілдік және циклдық айырмашылықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Уақыт бойынша ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдісінің нәтижесі орташа квадраттық ауытқу немесе вариация коэффиценті көмегімен бағаланады (олар оңтайландыру процесінде төмендеу қажет).

  

Ақша ағымының синхронизациясы олардың жағымды және жағымсыз түрлерінің ковариациясына негізделген.

  

Синхронизация барысында ақша ағымының осы екі  түрі арасында корреляция деңгейінің жоғарылауы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл әдіс нәтижесі корреляция коэффиценті арқылы бағаланады, ол оңтайландыру процесінде «+1» мәніне ие болуы керек./14-410б./

  

Уақыт бойынша  жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті келесі формула арқылы анықталады:

  

                N 

  

ККдп =∑ Рп,о ( ПДПi –ПДП / σпд ) * ( ОДПі – ОДП / σодп )                                (6)

  

                і=1 

  

мұндағы, ККдп – уақыт бойынша жағымды және жағымсыз ақша ағымының корреляция коэффиценті;

Информация о работе Ақша қаражаттары