Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 13:48, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Содержание

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және

есептеу әдістері

1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау

2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу


«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау


КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы



3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Работа содержит 1 файл

АкшаКаражаттары.doc

— 949.50 Кб (Скачать)

2006 жыл:  145172375 / 178999888 = 0,81

        

Негізгі құралдардың  активті бөлігінің үлесі. Бұл  коэффицент өндірістік-техникалық процеске қатысатын активтердің негізгі құралдардың қандай бөлігін құрайтындығын кғөрсетеді. «Негізгі құралдардың активті бөлігі» түсінігіне машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары жатады. Бұл коэффицент өсімі жағымды нәтижені береді.

2004 жыл:  28206600 / 120284581 = 0,23

2005 жыл:  35151898 / 128900493 = 0,27

2006 жыл: 40916912 / 145172375 = 0,28

  

Талдау жүргізген  кезең бойынша кәсіпорынның мүліктік потенциалы         19 411 887 мың теңгеге өскені кәсіпорындағы жағымды жағдайды білдіреді.

        

«ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ төлем қабілеттілігін бағалау.

  

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының сыртқы көрсеткіші ретінде ұсынылады, оның негізі болып айналым активтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді көздермен қамтамасыз етілуі болып табылады. Ағымдық төлем қабілеттіліктің жоғары немесе төмен болуы айналым активтерінің ұзақ мерзімді көздермен көп немесе аз қамтамасыз етілуімен негізделеді. 

Кесте 15

  

 «ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ төлем қабілеттілігін бағалау

  

                                                                                                             мың теңге

Коэффицент  атауы Есептеу формуласы   2004ж   2005ж   2006ж   Ұсын

  Мәні

1 2   3   4   5   6
Менікті айналым капиталының көлемі Ағымдық активтер - ағымдық міндеттемелер 21 746666    36 366971    19 607661       
Меншікті  айналым құралдарының маневрлілігі Ақша қаражаттары/ ФК   0,09      0,02      0,32       
Ағымдық өтімділік коэффиценті Ағымдық активтер / ағымдық міндеттемелер   2,52      3,69      5,27      2,0
Абсолютті өтімділік коэффиценті Ақша қараж. / ағымд. Міндеттемелер   0,14      1,39      0,07      0,2 
  
  15 кестенің жалғасы
1 2   3   4   5   6
Активтегі айналым құралдарының үлесі (активтің мобильділік коэффиценті) Ағымдық активтер / барлық активтер   0,15      0,25      0,22       
Ағымдық активтердегі ТМҚ үлесі ТМҚ / ағымдық активтер   0,28      0,26      0,37       
ТМҚ өтеудегі меншікті айналым құралдарының үлесі (ағымдық активтер-ағымд.міндеттеме лер) / ТМҚ   2,12      3,06      1,95       
ТМҚ өтеу коэффиценті (мен. Кап+ ұз.мерз. міндет+қысқ.нес + төлеуге арн.шоттар мен век+алынған аванстар-ұз.мерз.актив)/ТМҚ                
Төлемтқабілет-тіліктің жалпы көрсеткіші (ақ.қар+0,5деб.қарыз+0,3ТМЗ)/(қыс. мер.қарыз+0,5банк несие+0,3ұз.мерзм.несие және займ-дар+бол.кезең кірістері)   2,12      3,12      1,95       
Меншікті  айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффиценті Менш. Капитал-ұз.мерз. активтер/айналым қаражаттары   4,12      13,4      6,24    кем емес немесе тең 0,1
 

        

Меншікті айналым капиталының көлемі (функционалдық капитал). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ағымдағы активтерінің көзі болып табылатын меншікті капитал бөлігін білдіреді. Ол актив құрылымынан, сондай-ақ қаражаттар көздерінің құрылымына байланысты есепті көрсеткіш болып табылады. Өзге де жағдайларда бұл көрсеткіштің өсімі жағымды жағдай ретінде қарастырылады. Меншікті айналым қаражатының негізгі көзі пайда болып табылады.

2004 жыл :   36013118-14266452=21746666

2005 жыл :   44877967-8510996=36366971

2006 жыл :   26892288-7284627=19607661

        

2004 жылы функционалдық  капиталдың көлемі 21746666 мың теңгені  құрап, кәсіпорынның ағымдық қызметін қаржыландыруға меншікті айналым қаражатының жеткілікті көлемде болғанын көрсетеді. 2005 жылы жағдай жақсара түсіп, меншікті айналым қаражатының көлемі 36366971 мың теңгеге өсті. Ал 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 16759310 мың теңгеге азайып, 19607661 мың теңге құрағанын көреміз.

        

Негізгі айналым  құралдарының маневрлілігі (маневренность). Меншікті айналым құралдарының ақша қаражаттары формасында болатын  бөлігін көрсетеді, яғни абсолютті  өтімді қаражаттарды білдіреді. Қалыпты  қызмет атқаратын кәсіпорын үшін бұл көрсеткіш 0-1 аралығында өзгереді, алайда өзге де жағдайлар болуы мүмкін.

2004 жыл :   2098041/21746666=0,09

2005 жыл :   11890868/36366971=0,32

2006 жыл :   518798/19607661=0,02

        

Ағымдық өтімділік  коэффиценті. Кәсіпорынның жалпы өтімділігін бағалайды, 1 теңге ағымдық міндеттемеге неше теңге айналым қаражатының (ағымдық активтердің) келетіндігін анықтайды. Оның өсімі жағымды жағдай ретінде қарастырылады.

2004 жыл :   36013118/14266452=2,52

2005 жыл :   44877967/8510996=5,27

2006 жыл :  26892288/7284627=3,69

        

Үш жыл көрсеткіші бойынша кәсіпорынның өтімділігінің  жақсы жағдайда екенін көреміз. Нәтижелердің ұсынылған мәннен жоғары болуы кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша толық  есеп айырысу мүмкіндігінің барын  көрсетеді.

        

Жылдам өтімділік коэффиценті. Мағынасы бойынша ағымдық өтімділік коэффицентіне ұқсас. Алайда, айналым активтерінің есебінен ең өтімсіз бөлігі - өндірістік запастар есептелмейді.

2004 жыл :   (2098041+669808)/14266452=0,19

2005 жыл :   (11890868/2082158)/8510996=1,64

2006 жыл :   (518798+4230158)/7284627 = 0,65

        

Кәсіпорынның 2004 жылы ағымдық міндеттемелерді 19 % ғана төлеу мүмкіндігі болды, алайда 2005 жылы жағдай жақсарып кәсіпорынның ұсынылған мәннен артық деңгейде болуы кәсіпорынның ағымдық міндеттемелерін толық өтеуіне мүмкіндігінің жоғары екндігін көрсетеді. Ал 2006 жылы көрсеткіштің күрт төмендеуі байқалады.

  

  Абсолютті өтімділік коэффиценті. Қысқа мерзімді қарыздық міндеттемелердің қандай бөлігінің қажет жағдайда қолда бар қаражаттар есебінен өтелетіндігін көрсетедіү.

2004 жыл :  2098041/14266452=0,14

2005 жыл :  11890868/8510996=1,39

2006 жыл :  518798/7284627=0,07

        

Ұсынылатын мән  бойынша кәсіпорын 3 жыл бойы қамтыған жоқ, алайда жағдайдың 2005 жылы жақсарғанын көреміз, 2006 жылы бұл көрсеткіштің мүлдем нашарлағанын байқаймыз.

        

Активтердің мобильділік  коэффиценті (айналым құралдарының активтегі үлесі).

2004 жыл :  30013118/159588001=0,22

2005 жыл :  44877967/178622652=0,25

2006 жыл :  26892288/178999888=0,15

        

Айналым активтерінің көлемінен айналымнан тыс активтер көлемі басымырақ екені байқалады. Айналым активтері 2004 жылы 22 %, 2005 жылы 25 %, 2006 жылы 15 % құрады.

        

Ағымдық активтердегі ТМЗ үлесі.

2004 жыл :  10219409/36013118=0,28 %

2005 жыл :  11846653/44877967=0,26 %

2006 жыл :  10048498/26892288=0,37 %

        

ТМҚ өтеудегі меншікті айналым құралының үлесі. Меншікті айналым құралдарымен өтелетін запастар құнын көрсетеді. Бұл көрсеткіш бойынша ұсынылатын төменгі шек 50 %

2004 жыл :  (36013118-14266452)/10219409=2,12

2005 жыл :  (44877967-8510996)/11846653=3,06

2006 жыл :  (26892288-7284627)/10048498=1,95

        

ТМҚ өтеу коэффиценті.

2004 жыл :  (132141026+13180523+0+0)-123574883)/10219409=2,12

2005 жыл :  (157809253+12302403+0+704537-133744685)/11846653=3,12

2006 жыл :  (155946332+15768929+0+0-152107600)/10048498=1,95

        

Төлемқабілеттіліктің жалпы көрсеткіші. Кәсіпорын бойынша бұл көрсеткіш 2005 жылы жоғары, ал 2004,2006 жылдары төмен деңгейде болып келесіні құрайды:

2004 жыл :  (2098041 + 0,5 * 82971+0,3 * 10219409) / (818038 + 0,5+ 0,3 * 1483094 + 0 )=4,12

2005 жыл :  (11890868 + 0,5 *108795+0,3*11846653) / (712913 +0,5+0,3* 1481012+0)    =   13,4

2006 жыл :  (518798+0,5*108795+0,3*10048498) / (694623 +0,5+0,3*0+0) =6,24

        

Меншікті айналым  қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффиценті.

2004 жыл :  132141026-123574883/2098041=4,08

2005 жыл :  157809253-133744685/11890868=2,09

2006 жыл :  155946332-152107600/518798=7,4

        

Осылайша, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігі жағдайы 3 жыл бойы жақсы жағдайда болғанын көреміз.

        

«ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ қаржылық тұрақтылығын бағалау.

        

Меншікті капиталдың шоғырлану коэффиценті. Кәсіпорын басшыларының жалпы қаражаттар сомасындағы меншікті қаражаттар үлесін көрсетеді. Бұл коэффиценттің мәні қаншалықты жоғары болса, соншалықты кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты және қалыпты , кредиторларға тәуелсіз болады.

2004 жыл :  132141026/159588001=0,8

2005 жыл :  157809253/178622652=0,9

2006 жыл :  155946332/178999888=0,9

        

Талдау жүргізілген  барлық уақыт бойынша  меншікті капиталдың баланс пассивінің біршама бөлігін  құрайтындығын көреміз, яғни 2004 жылы 80%, 2005 жылы  90%, 2006 жылы  90% болды. 

Кесте 16

  

«ӨзенМұнайГаз»  ӨФ АҚ қаржылық тұрақтылығын бағалау

  

                                                                                                              мың теңге

  Коэффицент  атауы   Есептеу формуласы 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. Ұс.мә-ні
  1   2 3 4 5 6
Меншікті  капиталдың шоғырлану коэфф.   Меншікті  капитал/баланс жиыны   0,8   0,9   0,9   0,6
Қаржылық  тәуелділік коэфф.   Баланс  жиыны/ меншікті капитал   1,2   1,1   1,1    
Тартылған капиталдың шоғырлану коэфф.   Тартылған капитал/ баланс жиыны   0,2   0,1   0,1 0,2-0,5
Ұз.мерз.салымдар құрылымы коэфф.   Ұзақ  мерз . міндеттемелер / негізгі қаражаттар   0,10   0,08   0,09    
Қарыз-қаражаттарын ұз.мерз.тарту коэфф.   Ұз.мерз.міндеттемелер / (ұз.мерз.мінд. + меншікті капитал)   0,05      0,07      0,09       
Тартылған және менш.капитал арақатынасы коэфф.   Тартылған капитал/ меншікті капитал   0,2      0,1      0,1     
0,2-0,5
 

        

Қаржылық тәуелділік коэффиценті. Бұл коэффицент меншікті капиталдың меншікті капиталдың шоғырлану коэффицентіне кері көрсеткіш болып табылады. Көрсеткіштің динамикадағы өсімі кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз-қаражаттары үлесінің өсімін білдіреді. Егер оның мәні 1-ге дейін кемитін болса, бұл кәсіпорын басшылығының өз кәсіпорынын толық қаржыландыратынын көрсетеді.

2004 жыл :  159588001 / 132141026=1,2

2005 жыл :  178622652 / 157809253=1,1

2006 жыл : 178999888 / 155946332=1,1

        

Тартылған капиталдың шоғырлану коэффиценті.

2004 жыл :  (13180523+14266452)/159588001=0.2

2005 жыл :  (12302403+8510996)/178622652=0.1

2006 жыл :  (15768929+7284627)/178999888=0.1

        

Ұзақ мерзімді салымдарды өтеу құрылымының коэффиценті. Бұл көрсеткішті есептеу, ұзақ мерзімді ссудалар мен займдар, негізгі құралдарды қаржыландыруда пайдалу негізінде. Коэффицент негізгі құралдардың қандай бөлігі сыртқы инвесторлармен қаржыландырылатынын көрсетеді.

2004 жыл :  13180523/130728167=0,10

2005 жыл :  12302403/144498743=0,08

2006 жыл :  15768929/165343718=0,09

  

Ұзақ мерзімді тартылған қарыз-қаражаттарының коэффиценті. Динамикадағы бұл коэффиценттің  өсімі жағымсыз әсер етеді.Себебі, кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұрғысынан кәсіпорынның сыртқы инвесторларға тәуелділігінің артуын білдіреді. Көптеген компанияларда оның мәні 26%-40% (50% төмен) аралығында.

2004 жыл :  13180523/(13180523+132141026)=0,05

2005 жыл :  12302403/(12302403+157809253)=0,07

2006 жыл :  15768929/(15768929+155946332)=0,09

        

Жоғарыда келтірілген  есептеуден көретініміздей, кәсіпорында  ұзақ мерзімді қарыз-қаражатын тартуда  қажеттілік жоқ.

        

Тартылған және меншікті капиталдың арақатынасы коэффиценті. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жалпы баға береді. Оның динамикасындағы өсімі кәсіпорынның сыртқы инвесторлармен кредиторларға тәуелділігін арттырып, қаржылық тұрақсыздығын көрсетеді.

2004 жыл :  27446975/132141026=0,2

2005 жыл :  20813399/157809253=0,1

Информация о работе Ақша қаражаттары