Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 13:48, курсовая работа
Кәсіпорын қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау
2.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық қарекетіне талдау жүргізу
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3 Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері
Ескерту: дерек
көзі – ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есебі.
Сурет 4. «ӨзенМұнайГаз»
ӨФ АҚ 2004 жылғы ақша ағымдары
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау көрсеткендей:
Операциялық қызмет бойынша жалпы ақша түсімі шығыстан асып түсті, яғни талданып отырған кезең бойынша ақша қаражаттарының өсімі байқалады. 2004 жылды қарастыратын болсақ: ақша қаражаттарының түсімі негізінен өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (96,6%), алынған авнстар, сыйақылар тәрізді өзеге де түсімдер көп емес (олар 1,9%; 0,1%; 1,4%). Ақша қаражаттарының шығысы негізінен үш бап есебінен: бюджетпен есеп айырысу (37,1%), еңбекақы (26,9%) және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (22,7%) болып отыр. өзге баптар бойынша шығыс үлесі көп емес және бірдей: займдар бойынша сыйақылар төлеу (4,8%), берілген аванстар (4,7%) және өзге де төлемдер (3,8%). Жалпы алғанда 2004 жыл бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының өсімі 15409158 мың теңгені құрады.
2005 жылдағы операциялық
қызмет бойынша ақша
2006 жыл: түсімдер
бойынша негізгі үлесті
Сурет 5. 2005 жылғы
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша ағымдары
Талданған жылдарда инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы байқалады, толығырақ қарастыратын болсақ:
2004 жылы: ақшалай
түсімдер негізінен негізгі
2005 жылы: түсімдер құрылымы өзгерген жоқ, өткен жылдағыдай негізгі құралдарды сату бабы шамамен 70% құрап, нақты (69,8%), ал қаржылық активтерді сату бабы – 30,2% құрады. Ақша қаражаттарының шығуына байланысты жағдай өткен жылмен салыстырғанда өзгерді. Негізгі құралдарды алу бабының үлес салмағы (73,7%) өсті, ал қалған баптардың үлесі азайды: өзге де ұзақ мерзімді активтерді алу 10,5%; қаржылық активтерді алу 8,7%; материалды емес активтерді алу 0,7%; алайда өзге де төлемдер үлесі біршама өсті және 6,4% құрады. Қорытындылай келе 2005 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 14962965 мың теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда өзгергені байқалады.
2006 жыл: ақша қаражаттарының түсімі бар болғаны 1,1% негізгі құралдарды сатудан және 98,9% өзге көздер бойынша болды. Қаржылық активтерді сату жүзеге асырылған жоқ. Ақша қаражаттарының шығысы негізгі құралдарды алудан (81,9%) және өзге ұзақ мерзімді активтерді алудан (11,7%). өзге баптар үлесі шамалы деңгейде. 2006 жылы инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының азаюы 16820008 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, қаржылық қызмет бойынша талданып отырған кезеңдерде ақша қаражатының кемуі байқалады. 2004 жыл: ақша қаражаттарының түсімі негізінен алынған займдар есебінен болды (95,4%), ал қалған аз бөлігін акция және өзге бағалы қағаздар эмиссиясы құрады. Ақша қаражаттарының шығуында көп бөлікті займдарды өтеу бабы алады (82,5%), мұнда алынған және өтелген займдардың ақшалай қатынасының ұқсас екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ақша қаражатының шығысы дивидендтерді төлеу және өзге де төлемдер бойынша бірдей (8,8%) көлемде болды. Жалпы алғандағы қаржылық қарекет бойынша 2004 жылғы ақша қаражатының азаюы 873489 мың теңгені құрады.
2005 жылы: ақша
қаражаттарының түсімі тек
2006 жыл: Өткен жылдарда
көрсетілгендей ақша қаражаттары алынған
займдар есебінен болды. Шығыста негізгі
үлесті займдарды өтеу бабы (82,8%), дивидендтерді
төлеу бойынша бап 17,2% құрады. Қаржылық
қызмет нәтижесіндегі ақша қаражаттарының
азаюы 4022986 мың теңгені құрады.
Сурет 6. «ӨзенМұнайГаз»
ӨФ АҚ 2006 жыл бойынша ақша ағымдары
Үш жыл қорытындысын салыстыратын болсақ: 2004 жылы ақша қаражаты қозғалысы нәтижесінде анықталған қызмет түрлері бойынша ақшаның кемуі (3500963 мың теңге) байқалады, бұл әрине кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай. Алайда 2005 жылы ақша қаражаттары 450841 мың теңгеге өсті. Бұл кәсіпорынның 2005 жылы 2 есе көп займ алуымен байланысты. 2006 жылы ақша қаражаттарының қозғалысы қорытындысында барлық қарекет түрлері бойынша ақшаның 301155 мың теңгеге өсуі байқалады. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда ақша қаражаттарының өсуінің көп көлемін құрамайды.
2006 жыл бойынша
түсімдер мен шығыстарды анықтап қарастырған
жөн. Көрнекті болу үшін диаграмма құрастырайық:
Сурет 7. 2006 жыл бойынша
акша қаражаттарының түсімі
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, түсімдердің ең көп бөлігін операциялық қызмет (82%) құрайды, қаржылық қызмет бойынша түсім барлық түсімнің 17% , ал аз ғана үлесін инвестициялық қызметтен түскен түсім құрайды (1%).
Келесі, осы жыл
бойынша ақша қаражаттарының шығуын қарастырайық:
Сурет 8. 2006 жыл бойынша
ақша қаражатының шығысы
Ақша қаражаттарының барлық шығыстарының құрылымында негізгі үлесті кірістегі тәрізді операциялық қарекет бойынша шығыстар алады, Қалған инвестицтиялық және қаржылық қарекет бойынша шығыстар бірдей 20% және 21% құрайды.
Түсімдер де
және шығыстар бойынша да негігі үлесті
операциялық қызмет алатындықтан, оның
құрылымын толығырақ қарастырайық:
Сурет 9. 2006 жыл бойынша
операциялық қызмет нәтижесінде түскен
ақша қаражаттары.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, ақшалай түсімдердің көп бөлігі өнімді өткізуден түскен түсім есебінен (94%), алынған аванстар, сыйақылар және өзге де түсімдер аз ғана үлесін құрайды.
Шығыстар құрылымында
негізгі үлесті бюджетпен есеп айырысу
(40%), еңбекақы бойынша есеп айырысу (27%)
және жеткізушілер мен мердігерлермен
есеп айырысу (23%) құрайды, қалған баптардың
үлесі аз және олар келесілерді құрайды:
берілген аванстар - 2%, займдар бойынша
сыйақылар төлеу - 2% және өзгелер - 6%. Бұл
диаграмма түрінде келесідей болады:
Сурет 10. 2006 жыл
бойынша операциялық қызмет нәтижесіндегі
ақша қаражаттарының шығысы
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ ақша қаражаттарын талдау барысынан кәсіпорынның өз ақша қаражаттарын ұйымдастыра білу қабілеттілігін көрдік. Кәсіпорын ақша қаражаттарын құраушы көзі негізінен операциялық қызметі. Қарастырылуға тиіс инвестициялық және қаржылық қызметтер оңтайландыру шараларын жүргізуді қажетсінеді.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз»
БӨ» АҚ-ның Маңғыстау жерінде
орналасқан «ӨзенМұнайГаз» ӨФ АҚ –
ның құрылу және даму тарихынан бастап
бүгінгі күнге дейін қалыптасқан қызмет
жүргізу тәртібі мен шаруашылық, қаржылық
жағдайын қарастырдық. Жоғарыда көрсетілгендей
кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай және
мұнай өнімдерін өндіру мен өңдеу. Бірнеше
жылдарды салыстыру арқылы жүргізілген
қаржылық және шаруашылық жағдайын талдау
нәтижелері кәсіпорынның қалыпты қызмет
атқару жағдайын көрсететті.
Бұл бөлімде
ақша қаражатының шамадан тыс артық немесе
ақша қаражатының жетіспеушілігі, яғни
дефициті жағдайында қарастырылатын негізгі
мәселелер мен оларды оңтайландыру бойынша
шаралар көрсетілген.
3.1
«ӨзенМұнайГаз» Өндірістік
Филиалы Акционерлік
Қоғамының даму стратегиясы
Қазақстан экономикасының 2002 жылдан бастап нарықтық экономика болып табылуына қарамастан, ол көп жағдайларда өтпелі кезең экономикасына тән анықталған ерекшеліктерлі көрсетуде. Өтпелі кезең экономикасының ерекшеліктеріне бірнеше жылдар қатарынан болатын инфляцияның жоғары қарқыны, капитал нарығында өтімділіктің болмауы, сондай-ақ Ұлтық валютаға Қазақстаннан тыс жерде өтімді төлем құралы болуға мүмкіндік бермейтін валюталық бақылаудың бар болуы.
Кәсіпорынның қызметі мен қаржылық жағдайына барлық уақытта Қазақстандағы саяси жағдайдың дамуы әсер етеді, оның ішінде қызмет етуші және болашақ кезең заңдылықтары, салық салу аясындағы нормативтік актілер жатады.
Қазақстан үкіметі мұнай өндіруші компаниялар алдында өндірілген шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді міндеттейді. Мұндай шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізу бағасы бас компаниямен келісіледі, баға әлемдік бағадан әлдеқайда төмен және өндірістің өзіндік құны деңгейінде бекітілуі мүмкін.
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдылықтар даму үстінде және сол себепті тұрақсыз өзгеруде. Қазақстан Республикасының қошаған ортаны қорғау аясындағы заңдылықтары бұзғаны үшін айыппұл қатаң тәртіппен жүргізілуде. 2006 жыл қорытындысы бойынша «ӨМГ» ӨФ АҚ 11,4 млрд.теңге сомасы көлемінде аймақты ластау бойынша рұқсат етілген нормадан асып түскені үшін аударды. 2006 ж. 29 Желтоқсандағы Энергетика және минералды ресурстар түріндегі Қазақстан Үкіметі және кәсіпорын №2 келісімге қол қойды. Келісімде Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кенорындарының мұнайды барлау және өндіру жұмыстары бойынша бірқатар өзгертулер енгізілді. №2 келісім шарттың алық режимінің нақты аспектілеріне анықтайды, сондай-ақ келісім шартқа байланысты жылына 900 млн.теңге дейін көлемде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыруды міндеттейді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ және BNP Paribas Suisse SA арасында 300 млн.доллар көлемінде экспорт алдындағы құрылымдық қаржыландыруды тарту туралы мәмілеге қол қойылды. Мәміле бойынша пайыздық мөлшерлеме – 1 ай LIBOR+1,75%, көлемі 300 млн.доллар, мерзімі 5 жыл. Бұл қаржыландыруды «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес мұнай өндіруші компаниялардың экспорттық мәмілелер бойынша болашақ ақша ағымдары қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың келісілген шарттары ұйымның жоғарғы несие қабілеттілігін көрсетеді /16/.