ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)
 
    
  • Аумағы: 199,0 кв.м.
  • Салынған жылы: 1970 жылы.
  • Иеленуші: А.А. Садықов.
    Түйіндеме

    Жағымды жақтары:

  • Берілген бизнестегі жұмыс тәжірибесі. Қарыз алушы нарықта 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
  • Қарыз алушы 1997 жылдан бері «ЦентрКредит» банкі клиенті және жағымды несие тарихы бар.
  • Қарыз алущыдан банк табысы операциондық қызметпен қатар, кепілдіктер мен несиені беруден түсіп отыр.
  • Мәліметтердің түзетілуін есептей отырып, қарыз алушы бизнеске 82% өзінің меншік капиталымен қатысып жатыр.
  • Қызментінің дұрыс үлгілі, тауарды жеткізушілермен, сатушылармен жасалған келісім шарттардың болуы.
  • Қаржыландырылатын жобаның 56% қарыз алушының өзінің қаржаты есебінен төленді.
  • Қамсыздандыру кепілі өтімді және жеткілікті.

    Негізгі шешімдер:

    Балашақ ынтымақтастықты және қамсыздандыру  кепілінің жеткіліктілігін есепке ала отырып, орынды деп ойлаймыз:

    1. «ХХХ» ЖШС-ке сомасы 220 000 АҚШ долларын 37 айға жылдық 16%-ға қазіргі қаржыландыруды өтеусіз келесі шарттармен несие желісін ашуға:
  • қамсыздандыру ретінде қабылдау: жер телімі бар тұрғын үй. Алматы қ-сы, Игишев к-сі, 61 үй; үнемі жер пайдалану құқығы бар шеберхана және жерасты тұрғын үй, Әуезов к-сі, 175 үй.
  • Ай сайын негізгі қарызды өтеу, 12 айға төлемді кейінге қалдыру, ай сайынғы сыйақы.
  • Жобаны қарастырғаны үшін 40 000 теңге сомасында комиссияны алу, несие желісін ашқаны үшін комиссияны төлеусіз.
    1. «ХХХ» ЖШС-ке сомасы 100 000 АҚШ долларын 24 айға жылдық 16%-ға шарттармен несиелендіру лимитін ашуға:
  • қамсыздандыру ретінде қабылдау: жер телімі бар тұрғын үй. Алматы қ-сы, Игишев к-сі, 61 үй; үнемі жер пайдалану құқығы бар шеберхана және жерасты тұрғын үй, Әуезов к-сі, 175 үй.
  • Несиелендіру литмиті мен кепілдікті ұсыну лимитін алдын ала жабу.
  • Жобаны қарастырғаны үшін 24 000 теңге сомасы көлемінде комиссияны шешу, ашылған лимит сомасынан жылдық 1% мөлшерінде несиелендіру лимитін ашқаны үшін комиссия.
    1. «ХХХ» ЖШС-ке сомасы 75 000 АҚШ долларын 24 айға жылдық 16%-ға шарттармен кепілдікті ұсыну лимитін ашуға:
  • қамсыздандыру ретінде қабылдау: жер телімі бар тұрғын үй. Алматы қ-сы, Игишев к-сі, 61 үй; үнемі жер пайдалану құқығы бар шеберхана және жерасты тұрғын үй, Әуезов к-сі, 175 үй.
  • Несиелендіру лимиті мен кепілдікті ұсыну лимитін алдын ала жабу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Несиелік бюро –  қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың  жетілдіру инструменті  ретінде

    1. Несиелік бюроны құрудың ролі мен  шетелдік тәжірибелер
 

    Банктік дағдарыстар жүйесінің пайда  болуы және дамуы көптеген макроэкономикалық, құрылымдық және институционалдық толық сипатағы факторлар кешенімен байланысты болып келеді. Әр түрлі теорияларда өзіндік себептері мен банктік сектордағы дағдарыс жағдайларынан шығу жолдары қалыптасқан. Соңғы жылдары анағұрлым атаққа иеболып отырған ақпараттық асимиетрия теориясының өкілдері Дж.Акерлоф, Дж.Стиглиц, М.Спенс болып табылады.17

    Бұл мектептің негізін қалаушылар банктік  дағдарыстарының пайда болуын экономикадағы  асимметриялық ақпараттар ағымымен, корпоративтік сектордың мөлдірлігінің  жетіспеушілігінен және ақпараттар асимметриясының мәселелерін шешуге бейімделген институттардың жоқтығымен байланыстырып отыр. Мұндай институттардың несиелік бюрола, ұлттық, салалық және аймақтық ақпараттық орталықтарды жатқызуға болады.

    Дж. Акерлоф бірінші болып нарықтардың талдауын жасау арқылы нарықтық дағдарысқа әкелетін, сапалы өнімдер шығаруға итермелейтін ақпараттардың маңызы зор екенін көрсетіп келді. Бұл жағдай көптеген дамып келе жатқан елдер үшін маңызды. Дж. Акерлофтың ойынша, көптеген нарық институттарының асимметриялық ақпараттар мәселелерін шешуге ұмтылыс ретінде пайда болуының нәтижесінде кері селекция деп аталып келеді (агрессивті және тәуекелдік  саясатқа бейімделген өте сенімсіз компаниялардың несиелерге және инвестицияларға кіруге рұқсат алуы). Бұл жағдай жаңадан дамып келе жатқан нарықтарда және экономиканың  жаңа салаларында, мысалы ақпараттық технологиялар саласында өте тығыз байқалып тұр. Қарыз алушы мен несие беруші арасындағы асимметриялық ақпараттар, әсіресе дамушы елдерде және өтпелі экономикалық елдерде, яғни банктік тәуекелдер жүйксі өсіп жатқан менмлекеттердегі локальді несие нарығында пайыздық мөлшерлемелердің жоғарлауына әкеледі.

    Бұл теорияның тағы бір өкілі Дж. Стиглиц . (мысал ретінде банктер немесе сақтандыру компаниялары). Оның зерттеулерінде асимметриялық ақпараттар және экономикалық ынталандырулар нақты көрсетілген. Оның еңбектерң дамушы мемлекеттердегі нарық талаптар мен институционалдық құрылымдарды талдау  мәселесінде маңызды мағынаға ие болып отыр.

    Соңғы жылдары қаржы нарығында ақпараттық асимметрияның елеулі көбейгендігін айту қажет. Көптеген зерттеушілер бұл оқиғаларды маңызды деңгейде жалпы тұрақсыздық пен тұрақсыздық экспансиясымен артынша қаржы глобализациясының өсуімен байланыстырады (Оңтүстік- Шығыс Азия дағдарысы және т.б.). халықаралық Банктің мамандары жүргізген зерттеулері банктік дағдарыс жүйелерінің дамуының негізгі факторына дамыған және

    

    

дамушы  елдердегі экономика мөлдірлігінің  жетіспеушілігі және сәйкес ақпраттарды  алмасу институттарының жоқтығын көрсетеді.

    Ақпараттық асимметрия мәселелерін шешу экономикалық агенттердің, экономика салаларының жағдайын, ұлттық шаруашылықтардың беделін және қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды шоғырлайтын арнайы маманданған институттарды құрудан жатыр. Банк секторына сәйкес мұндай міндетті қарыз алушының несие тарихы туралы ақпараттарды жинайтын және несие берушілер мен инвесторларға алуға мүмкіндік беретін несиелік бюролар атқарады.

    Халықаралық тәжірибе, қарыз алушы мен несие  беруші арасындағы ақпараттарды алмасу үшін құрылған несиелік бюролар қызметімен көп жағдайда байланысты бұл мәселелерді шешетіндігін көрсетіп жатыр. Сол үшін үш түрлі мәселелерге қол жеткізілуі қажет.

    Біріншіден, несиелік бюро қарыз алушы туралы банктердің мағлұматтар деңгейін көтеріп, несиелерлің қайтарылуын дәл  болжауға мүмкіндік береді. Бұл несие берушілерге несиенің құнын және бағытын тиімді анықтау арқылы, қолайсыз таңдау мәселелерінен туындалатын тәуекелдерді азайтады.

    Екіншіден, несиелік бюро ақпараттарды іздеу кезінде  банктер өз клиенттерінен алынатын төлемдерді төмендету үшін көмектеседі. Бұл несие нарығы ішіндегі ақпараттық алаңды түзетуге әкеліп және несие берушілердің несие ресурстарына бәсеке бағаларын орнатуға итермелейді. Пайыздық ставкалардың тым төмен болуы қарыз алушылардың таза табысын және олардың қызметін анталандыруын жоғарлатады.

    Үшіншіден, несиелік бюро қарыз алушы үшін өз алдына тәртіптік механизм құрайды. Әр қайсысы біледі, егер өзміндеттемелерін  орындамаған жағдайда оның репутациясы  несие берушілердің алдында төмендейді және оны несие ресурстарынан кесіп тастайды немесе оған мүлдем жоғары бағада ұсынады. Бұл механизм сонымен қатар қарыз алушының несие қайтарудағы ынталандыруын көтеріп, ықылассыз тәріптегі тәуеклді төмендетеді.

    Несиелік  бюро несие берушілердің өздерінің  құрамындағы немесе мекемелеріндегі ақпараттық  делдал, не болмаса өз құзметінен табыс алатын және тәуелсіз жұмыс істейін мекеме ретінде қатысады. Несие берушілер Бюроны өзінің клиентері туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Бюро олардың ақпараттарын басқа алынған көздермен салыстырып (сот,мемлекеттік, тіркеуші және салық органдары және т.б.) және әр қарыз алушы бойынша картотеканы құрастырады. Несие берушілер өзінің клиенттері бойынша ұсынған ақпараттардың жүйелік және анықтылық талаптары негізінде Бюроданпотенциалды қарыз алушылардың несиелік операциалары туралы есеп алуға мүмкіндігі бар. Несиелік бюроның мәліметтерді қатаң тәртіпте ұсынудың негізі, әсіресе несие берушілердің өздерінің құрамына кіретін потенциалды көзқарастар дауларына тап болады: әр қайсысы өзінің мәліметтерін ұсынбай толық  және ең анық ақпаратарды алғысы келкді. Басқаша айтқанда несиелік бюро қызметінің негізі өзара айырбас принципіне, яғни несиелік бюро мен несие арасындағы келісімдермен жасалады.

      Несиелік бюро несие берушіге  қажетті ұсынылатын несиенің  түрінен нақтылау деңгейіне дейін потенциалды қарыз алушы туралы ақпараттардың барына байланысты несиелік операция жайындағы әр түрлі есеп берулерді ұсынады.18

    Көптеген  дамыған мемлекеттерде несиелік бюролардың тарихы бір он жылдықты қамтымайды.Олардың кейбіреулерінде несиелік бюро 19ғасырдан бастап пайда болды.Мысалы, Австралия мұндай институттар 1860 жылы, Финляндияда – 1900 жылы, ал ОАР – 1901 жылы пайда болды.

    Несиелік  бюроның жұмыс істеуінің негігі мемлекеттер бойынша қатты түрленіп жатыр. Сондай мемлекеттер қатарында несиелік бюролар қарыз алушының әртүрлі несие берушілердің (банктер, сақтандыру компаниялар, байланыс және лизингтік компаниялар, супермаркеттер, салық және коммуналдық төлемдер) алдындағы өзінің міндеттемелерін орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпараттарды жинап және оны ұсынады. Осындай принципте несиелік бюролар өзінің қызметін, мысалы, Австралияда, Бельгияда, Бразияда, Гонконгте, Данияда, Испанияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Уругвайда, Финландияда жүргізеді.

    Басқа елдерде несиелік бюро қарыз алушының өз міндеттемелерін орындалмауы жайлы ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар олардың қаржылық жағдайы, иеленушілері, аффинирленгентұлғалары туралы мәліметтерді шоғырландырады. Мұндай принциппен несиелік бюролар мысалға, Австралияда, Аргентинада, Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Нидерландыда, Перуда, АҚШ-та, Тайландта, Щведцияда, Жапонияда құрылды.

    Осындай қызмет көрсету аумағындағы елдер  бойынша және капиталдың шоғырлануы қатты ажыратылады. Мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда  және Жапонияда осындай нарық қызметінде, яғни әртүрлі тұтынушыларға ақпарат беретіне екі-үш несиелік бюро жұмыс жасайды. Германияда негізгі ақпараттық асимметриясының мәселелерін шешуге негізгі ролді әмбебаб қызметті ұсынатын SCHUFA  қоғамы, бірақ көптеген майда арнайы несиелік бюролар бар.

    90 жылдарында несиелік бюролардың  қызметін ғаламдандыру тенденциясы  көрініс тапты. Латын Америкасының, Еуропаның және Азия мемлекеттерінің  трансұлттық корпорациялары ұлттық  несиелік бюроларды сатып алу  немесе бақылау орнату бойынша  күш салуға талаптанды.

    Несиелік  бюро жаппай ақпараттық асимметрия мәселелерін  шешуде өзінің тиімділігін дәлелдеді  және банк секторы мен толық  экономикалық  тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі  элементі болып табылады. Бірақ бұл  институттардың қызметі тұрғындардың бостандықтары мен құқықтарын бұзуы мүмкін, сондықтан да көптеген елдерде берілген салада реттеуіш сипаттағы шаралар қолға алынды.

    Мысалы, АҚШ-та несие қабілетін ең анық бағалау  туралы заңына сәйкес несиелік бюро қарыз  алушы туралы ақпараттарды ұсынуда  оның 14 жыл бұрын болған  банкроттығы жайлы мәліметтері ұстамауы қажет. Егер 7 жыл мерзімі өткен шоттар бойынша өндіріп  алу туралы, қамалған мүлік туралы, талап қою және сот шешімң туралы, қамау жағдайлары туралы, айыпталуды ұсыну немесе

    

үкім  шығарушылығы берілмейтін ақпараттар. Австралияда мұндай мерзімді 5 жылды құрайды.

    Германиядағы  банктер жеке тұлғалар туралы ақпараттарды SCHUFA-ға жіберудің алдында  несиелер немесе кепілдіктерді беру кезінде  немесе беттік шотты ашу кезінде  арнайы келісім түрінде тәртіп бойынша ресімделген, олардың келісімін алу қажет.

    Көптеген  елдерде жеке тұлғалардың саяси  көзқарасы, олардың нәсілдік, ұлттық, діни құрамы туралы ақпараттарды жинауға  тыйым салынған. Қарыз алушы жиі  ақпараттық құжатаманы көру, оны тексеру  және тіпті заңға түзету құқығына бөленген.

    Ірі несиелік бюролар есеп беру стандарттарымен  қатар, мысалы, «Дан энд Брэндстрит»  рейтингтік агенстволардың функцияларын орындайды. Рейтингтік агенстволардың негізінде тек жеке кәсіпорындары  ғана емес, ең алдымен ірі, салалық, аймақтық, мемлекеттік кәсіпорындары туралы көпшілік несиелік бюро ретінде қарастыруға болады. Соңғы уақытта рейтингтік агенстволардың шешімдері мен бағалаулары банктік секторда, сонымен қатар банктік қадағалауда тәуекелдерді бағалаудың негізгі элементі болып табылады. Базель комитетінің банктік реттеу және қадағалау бойынша жасаған ұсыныстары әр банкте капиталдың жеткіліктілігі мен тәуекелді бағалаудың өзінің жүйесін құру негізі болып елдік тәуекелді және банк контрагенттерін бағалауы болуы керек, рейтингтік агенстволардың жасауымен осындай тәріздес институттардың маңыздылығын көтеріп және ақпараттық асимметия мәселелерін шешу  жолының негізгі қадамы болып табылады.

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ