Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

      Ең  ежелгі салықтардың бірі қор салығы.

     Жер салығының мөлшерін жер учаскесінің  сапасы, орналасуы және сумен қамтылуы. Бұл кезде жер шаруашылық мақсатта ма, басқаша қолдана ма, маңызды  емес. Жер учаскесі бар азаматтар  да, кәсіпорындар да жер салығын  төлейді. Жер салығы жер ауданының  бірлігі үшін төлем түрінде бюджетке төленеді.

     Ең  ескі және кең таралған салықтардың  бірі мүлік салығы. Салық салу нысаны – жылжымайтын мүлік, ол салық  есептеуге ыңғайлы. Оның тағы бір  артықшылығы салық нысанын жасырып  қалу мүмкін емес. Адамдардың өмір тіршілігі  тұрғын жайлармен, өндірістік ғимараттармен, құрылғылармен, кеңселермен тығыз байланысты, бұлар салық салу көлемдігін және бюджетке қаржы түсу тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл салықты салық салынатын меншік құқығында, сенімді басқаруда немесе шаруашылық не жедел басқаруда мүлкі бар заңды және жеке тұлғалар төлейді. Бұл салық негізгі қордың қалдық құнынан, белгіленген ставкасы бойынша есептеледі.

     Автокөлік иесі болған азаматтар мен кәсіпорындар көлік құралына салынған салық төлейді. Көлік иесінде меншік құқында, сенімді шаруашылық не жедел басқару құқында болуы мүмкін. Меншік түрлері қандай сан түрлі болса да, мемлекеттік есепте тұрған көлікке ғана салық салынады. Демек, кәсіпкер не кәсіпорын сату үшін сатып алынған автомобилі үшін салық төлемейді. Бірақ машинаны өзі пайдалануға алған иесі оны есепке қойып, өз меншік құқын бекітеді. Осы кезден бастап көлік иесі көлік құралына салынатын салықты төлейтін болады.

     Әлеуметтік  салық – еңбек ақы қорына енгізілетін  төлемдерді төлейтін салық төлеушіге  салынады. Бұл салықты заңды тұлға, кәсіпорындар жеке тұлғалар да төлейді.

     Кәсіпкерлік пен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу –  жеке кәсіпкер ретінде есепке (тіркеуге) алынған кезде немесе шаруашылық субъектіні заңды тұлға ретінде  тіркеуге алған кезде ұсталады.

     Бұдан басқа жекелеген қызмет түрлерімен айналысуы құқы үшін алым болады. Ол қызмет түрлерін нормативтік актілер  белгілейді және аукциондық сату алымы  деген болады, оны аукцион ұйымдастырушылар жасалған мәміле негізінде төлейді.

     Демек, сіз ҚР – ның салық төлеушісіз, бұл сізді осы түрде салық органдарына тіркеліп, салық төлеушінің тіркеу номері берілуін жүктейді. Жалпы тіркеу жүйесімен мемлекет халқының, кәсіпорынның, ұйымдардың бәрі қамтылуы керек.

     Қазіргі кезде салық төлеушінің тіркеу номерін  төлем қағаздарда көрсетпесе ешқандай алым, баж, төлемдер төлеу мүмкін емес – бұл салық төлеу жүйесін ретке келтіру үшін жасалынады. Заңды тұлға үшін бұл міндетті талап, ол барлық салық түрлеріне де таралады. Жеке тұлғалар салық заңдарында көрсетілген мән – жайлар кезінде декларация табыс етеді.

     Егер  мұндай мәліметтер дәлелденбесе, салық  төлеуші тиісті салық сомасын  төлеуі керек. Декларацияны төлем көзінен  салық ұсталмаған табысы бар, шетелдік банктер шоттарында ақшалай қаражаттары  бар, мемлекеттік қызметке ауысқан тұлғаларда төлейді.

     Жеке  тұлғалардың ерекше категориясы  – кәсіпкерлер немесе заңды тұлға  құрмаған жеке тұлғалар. Бұл салық  төлеушілер категориясы үшін бекітілген салық төленіп, кәсіпкерлер қызметпен  айналысуға құқық беретін патенттер  сату, кәсіпкерлік іспен кірісі мен шығысын есеп жүргізіп айналысуға құқық беретін, сауда жасау құқығы үшін бір реттік алым төлеу жүйелері көзделген. 

  1. Жеке тұлға – барлық меншік түріндегі кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметкерлеріне, яғни жалақысын кәсіпорын бухгалтерия есептеп, төлейтін азаматтарға салық салу ережесін қарайық.

     Аталған жалақыдан басқа, жеке тұлға  табысы құрамына сыйақы, үстеме, қосымша ақы  тұрақты жұмыс орнынан алатын т.б. төлемдер, сондай –ақ бір реттік жалға алу, мердігер шарты бойынша  сыйақылар кіреді.

     Егер  табысы жұмыс орнынан алатын жалақы түрінде болса, табыс салығын мекеме бухгалтериясы ұстап, бюджетке төлейді. Арнайы таблица бойынша алған жалақысына сәйкес салық сомасы есептеледі.

     Табыс көп болса, табыс салығы да көп, яғни барлық елде прогрессивті деп аталатын салық салу принципі қолданылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
Салық салынатын  табыс мөлшері (жылдық) салық ставкасы Салық ставкасы
1. Жылдық есептік  көрсеткіштің

15 - есе мөлшері

Салық салынатын  табыс сомасының 5%
2. Жылдық есептік  көрсеткіштің 15 – еседен 30- есеге  дейінгі мөлшері 15 –есе жылдық  есептік көрсеткіштің салық сомасы + одан асатын сомадан 10%
3. Жылдық есептік  көрсеткіштің 30 – еседен 65 - есеге  дейінгі мөлшері 30 –есе жылдық  есептік көрсеткіштің салық сомасы + одан асатын сомадан 20%
4. Жылдық есептік  көрсеткіштің 65 – есе мөлшері 65 –есе жылдық  есептік көрсеткіштің салық сомасы + одан асатын сомадан 30%
 

     Кесте жылдық табыс бойынша мәліметтер келтірілген, себебі  табыс салығы жылдың басынан ұлғаюы қорытындысымен есептеледі.

     Салық сомасын анықтау үшін ставкадан басқа, шегерім болады. Әр тоқсанға арнап үкімет есептік мақсатта айлық есептік көрсеткіш (АЕК) белгіленеді, ол 1999ж.:

     1 – тоқсан - 660т.

     2 – тоқсан – 715т.

     3 – тоқсан – 715т.

     4 - тоқсан -725т.

     Шынында әңгіме шарт - "өнiм бөлу шарт" жайында. Осы шарт негiзiнде мемлекет конституцияның 6 бабына сәйкес жер қойнауының ерекше меншiк иесi, басқа тұлғағa (жер қойнауын пайдаланушыға) жер қойнауы учаскесін пайдалануға бередi. Осы шарт баптарына сай, жер қойнауын пайдаланушы өндiрiлген өнiм бөлiгiн мемлекетке беруге мiндеттi - бұл жер қойнауын  пайдалану құқын бергенi үшiн төлем түpi ретiнде болуда. Бұл кезде шарт өз зандық жартылысы бойынша кешендi түрдегi азаматтық - құқықтық шарттарға жатады, себебi жалға беру шартынын да, жердiгерлiк шартының да белгiлерi бар. Бұл шартта мемлекет өзiнiң уәкілеттi органдары арқылы азаматтық - құқықтық субъект ролiнде болады, бұл ҚР А.К III бабында көзделген. Яғни осы қатынастың басқа тарапы - жер қойнауын пайдаланушымен заңдық теңдiк негiзiнде әрекет етедi, бiрақ салалы органдарына тән билiк етушi субъект ретiнде емес.

     Пайда қазбалары жер қойнауында жатып  мемлекет меншiгi болып табылады. Бiрақ  жер қойнауынан бетiне шығарылған соң, "миниралдық шикiзат" аталып, eкi бөлiкке  бөлiнедi: бiр бөлiгi меншiк құқында  жер қойнауын пайдаланушыға, ал екiншi бөлiгi мемлекетке тиесiлi. Өнім бөлу туралы шарт мәні осында. Демек, мемлекетке өндiрiлген өнім бөлiгiн бергенде, салыққа тән салық төлеушi мүлкi аластату болмайды (яғни, осы мүлiктiң меншiк түpiн алмастыру болмайды), себебi бұл  өнім мемлекет меншiгi. Сөйтiп салық туралы Жарлық натурал салыққа жатқызғаны экономикалық, құқықтық белгілерi бойынша салыққа жатпайды. Сонда да натурал салықтар тарихи болған, олар кез - келген сәтте қайта орындауына кедергi жоқ. Ондай салықтың болуы мемлекеттiң ақша жүйесiнiң әлсiздiгінен. Мұндай ахуал ақша жүйесi жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекет дамуының ерте кезеңiнде болған немесе осы жүйе дағдарысқа ұшырап, ақша алу ұтамсыз ic болған.

      Натурал салықта салық төлемiнiң нысаны тeктi белгiлерi бойынша анықталатын зат күйiндегi мүлiк болады. Жеке анықталған зат төлем заты бола алмайды, себебi салық түрiнде алу салықтық қатынастарды тоқтатар едi.

       Салық - бұл ақшаны қайтарусыз алу. Салық төлеу кезiнде төлеушiден мемлекетке қарай бiр жақты құн қозғалысы жүредi. Осынысымен салық қайтарымды төлемдерден ерекшеленеді (мыс, мемлекеттiк зайымнан),мұндa ақша әуелi төлеушiден мемлекетке , содан мемлекеттен төлеушiге қозғалады. Қайтарымсыздығы деген мерзiмсiздiгi дегендi бiлдiредi, яғни ақша келешек мерзiмде де қайтарылмайды. Бұрын "әлеуметтiк қайтарымды" деген теориялар көп болған. Социализм кезiнде салықтан жиналған қаржы несие түрлi қаржыландыру жүйесi, тұтыну қорлары арқылы ақысыз бiлiм беру, емдеу, әлеуметтiк қамсыздандыру, т.б. формалар ретiнде совет халқының мұқтажына жаратылған. Әлеуметтiк төлемдер арқылы салықтардың қайтарылуы капитализм кезінде де болады. Мысалы, несие түрлі жәрдемақылар, жұмыссыздық жәрдемақысы ретiнде дегендей. Бipақ нақты салықтың құқықтық қатынастар аясында салықтың қайтарылуы сөз болмайды: салық займ емес.  Және де бұл төлемдер жинақтаушы- қайтарымды төлемдер емес. Кейбiр зейнетақы мен сақтандыру, банк салымдарында төленген жарна кepi қайтарылады, ал мұндa салық мiндеттемесi бiр жақта мiндеттеме, мемлекет займ сомасын қайтаруға заңға міндет алмаған.

      Табыс салығы эквивалентсiз төлем болып табылады. Экономикалық тiлмен айтқанда салық құнының ақшалай формасына қатысты, бiрақ оның тауарлық формасына қатысты емec. Басқаша айтқанда табыс салуда қандай да бiр тауардың немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ақысы емес, қайтарымсыз ақша  ретiнде болады. Түрлi мәмiлелердегi Ақша - Тауар немесе Тауар – Ақша актiлерiнде мемлекет илитi түрде ақыны (мыс, су, жылу, газ төлемдерiн) бекiтсе, салық эквивалентсіз болып, мыс. Эквивалентті мемлекеттік баждан да ерекшеленеді.

      Заңды мәнін алғанда эквивалентсiздiгi "төлеусiз" дегендi бiлдiредi. Бұл  жерде көп деген салықтың "әлеуметтiк  төлеулiгi" туралы теория болатын  айтайын, ол салық халыққа қоғамдық тәртiптi сақтay, ел қорғанысы, т.б. түрде  ақысыз, төлеусiз түрлi мемлекеттiк қызмет көрсету түрiнде қайтарылады. "Салық эквивалентi - бұл мемлекеттiк билiк төлеушi көpceтeтін қызметтерi" - деген А.Тривус.

2. "Салық  сомасы" деген сөз ақшалай сипаты  бар салықтар үшін келіседі. Бiрақ  натурал салықтар үшiн (материалдық  мәнi) - тонна, кубометр, т.б. деп белгiленетiн салықтарда "салық сомасы" терминi жарамсыз. Сондықтан бiз салық төлеушiден мемлекетке берiлетiн нәpceнi "салық төлемiнiн заты" деп атауды ұсынамыз, оны салық нысанымен шатастырмау керек. Салық нысаны салық түpiнe қарай топтастырылады.  Салық салу нысаны болатын табыс түрлерiнiң топтастырылуы да бар. Мысалы, табыс түсу кезiне қарай фундирленген (пассивтi) және фундирленбеген (активтi) табыстар болады.

      Фундирленген  табыстар – бұл салық төлеушiнiң  өз мүлкiнен алатын табысы (мысалы, пәтерiн жалға беруден табыс алу).

Фундирленбеген  табыс - бұл салық төлеушінің  өндірістік қызмет нәтижесiнде алған  табысы.

      Табыс салу тәртiбiне қарай ғаламдық және шедулярльщ салық салынымы жүйесi бар. Fаламдық жүйеде салық салық төлеушiнiң  табысты алу тәсілі мен көзiне байланыссыз алған жиынтық табысына алынады. Бұл жүйе 1891 ж. Пруссияда енгiзiлген .Әдетте мұны ғаламдық табыс салығы деп атайды.

      Шедурлярлық (классификациялық, парциалдық) жүйеде табыстар түрлі топқа - шедулге бөлiнедi. Әр шедулге өз салық салыным ережесi қолданылады. (Өз субъектiсi, салық салыным базасын анықтау, ставкалар, төлем тәртiбi, жеңiлдiктер, т.б.). Мұны шедурлярлық табыс салығы деп атайды.

      Шедурлярлық жүйе советтiк Қазақстанда да қолданған. Мысалы, 1990 ж. 11 желтоқсанда шыққан "ҚР азаматынан, шетелдiк азаматтардан, азаматтығы жоқ тұлғалардан алынаты табыс салығы туралы" Заңында 6 түрлi сальық салынымы көзделген:

  1. азаматтардың еңбек міндеттілігін орындағаны үшін жалақысына және oғaн теңестiрiлген табыстарға салық салу;
  2. ғылым, әдебиет, өнер жасағаны, басып шығарғаны, орындағаны немесе басқаша пайдаланғаны үшiн алған авторлық сый ақыларына,
  3. және жаңалық, өнертапқырлық, өндірістік үлгілер авторларының сыйақыларына салық салу.
  4. Еңбек міндеттілігін aтқapуғa байланыссыз кәсіпкерлік қызметтен азаматтар тапқан табысына салық салу.
  5. Азаматтардың шаруашылық, жалға алған қожалықтарынан (ауыл шаруашылығында) тапқан табысына салық салу.
  6. Басқа табыстарына салық салу

      Қазiргi күшi бар салық жарлығы ғаламдық салық салынымы жүйесiн көздейдi. Табыс салығының нысаны - жиынтық табыс салығы минус белгiлi бiр шегерiмдер. Бiрақ шедулярлық жүйесiнiң кейбiр элементтерi де бар. Мысалы, жеке тұлғаға еңбек ақы ретiнде тапқан табысына салық салынымы айқын бөлiнiп тұp. Пайызбен дивиденттен салық ұстayдa әдеттегідей өзгеше ставкалар, өз тәртiбi – төлем көзiнен ұстay тәртiбiнiң болуында белгiлi бiр шедулярлық байқалады.

3. Салық  төлеушi - жеке тұлғалар табысы  туралы декларацияны мына жағдайда  бередi:

  • төлем кезiнде ұсталынбайтын табыс алу;
  • 500 айлық есептiк көрсеткiшке асатын сомадағы зат алу немесе құрылыс салу (тұрғын үй салумен, сондай құрылысқа материал сатып алудан басқа);
  • ҚP тыс орналасқан шетелдiк банктердегi шотында ақшалай қаражаты болса;
  • ҚP тыс тапқан табыс алу.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы