Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

Бұдан басқа  декларацияны мемлекеттік қызметкерлер үшін көзделген заңнам нормасы таралатын тұлғалар бередi.

      Кәсiпкерлiк  қызмет әp түрде болады, демек әp түрлi табыс әкеледi. Заңды тұлға құрмай айналысатын кәсiпкерлiк ic жеке кәсiпкерлiк  қызмет деп аталады. Осы категорияға  репетиторлықпен, дәрiгерлiк, немесе заң практикасымен айналысатындарды, жалға автомобиль, пәтер берушiлердi, өзi тұрмайтын жылжымайтын мүлiк құнының өciмiнeн табыс табатындарды жатқызуға болады.

     Осы аталған кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнен  түскен табыстардың бәрiде де табыс салығы салынады. Сондықтан кәсiпкерлiкпен айналысатын тұлғалардың бәрi де, жалға пәтер, құрылыс берiп табыс табушыларды қoca алғанда салықтың жыл бiткенде жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны есептiк жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн беруi тиiс.

      Кәсiпкерлердiң  жиынтық жылдық табысынан, сәйкестi құжaттapы болған кезде табыс алуға  байланысты жұмсалған шығындар шегерiледi. Мысалы, егер азамат пәтерiн жалға  берiп, бiрақ коммуналдық төлемдердi өзi төлеп тұpca, жалға беру төлемi мен коммуналдық төлем айырмасы салық салынатын табыс болады.

     Егер  семьяда кәсiпкерлiк iспен бiрнеше  адам айналысса, олар қалауы бойынша  семья табысы туралы ортақ декларация беруге немесе әрқайсысы бөлек декларация берiп табысын әйгелеуге құқы бар.

      Табыс туралы декларация мен жұмсалған шығын туралы мәлiметтер Қ заңнамысы белгiлеген формада және тәртiпке қатаң сәйкес берiледi.

      Дәлелсiз  себептермен мерзiмiнен кеш берiлген салық декларациясы үшiн салық  төлеушiлерге айлық есептiк көрсеткiш 10 еседен 20 есеге дейiнгi мөлшерiнде  әкiмшiлiк айыппұл салынады, және де әрбiр декларация берiлмеген ай сайын декларация бойынша төленбеген, бiрақ төленуi тиiс соманың 50 % мөлшерiнде айыппұл салынады.

      Салық төлеуден жалтағаны үшiн қылмайық жауапкершiлiк те бар, ол мына жағдайларда  қолданылады:

  • мiндеттi жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларация бермеу.
  • декларацияға табысы туралы күнi бұрын бұрмаланған деректер беру.
  • басқа салық салу нысандарын жасырып қалу немесе үлкен мөлшердегi міндeтті төлемдерін жасыру.

      Табыс салығы бойынша жеңiлдiктерге тоқталайық. Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың, соларға теңестiрiлгендердiң, 1 және 2 топ мүгедектерiнiң, бала кезiнен мүгедектiң ата - анасының бiрiнiң 480 - есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi табысына салық салынбайды. 3 топ мүгедектерiнiң 240 - есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi табысы салықтан басталады.

     Егер  азаматтың бiрнеше негiздерi бойынша  жеңiлдiктерге құқы бар болса, oғaн  мөлшерi ең үлкен бiр жеңiлдiк берiледi. Жеке тұлғалардың мына табыстары  салық салуға жатпайды:

  • басқа жеке тұлғадан сыйға тарту немесе мұpaғa қалдыру түрiнде алған
  • мүлік құны;
  • гуманитарлық қайырымдылық көмек және грант түрiнде алынған мүлiк және ақша қаражаты;
  • республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн
  • зейнетақы, жәрдемақы, алименттер, бiр мезгiлдiк төлемдер мен материалдық көмек;
  • мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы (мүдде);
  • белгiленген норма шегiндегi iссапарлық және өкiлдiк төлемдер;
  • банктегi салымдары бойынша сыйақы (мүдде), және мемлекеттік лоторея бойынша ұтыстap;
  • жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ісінен тапқан ұсталатын жылдық салықтық табыстан аспайтын табыс.

     Салық төлеушi айлық есептiк көрсеткiш  мөлшерiнен аспайтын соманы ай сайын  мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы  қорына аударса, жиынтықжылдық табыс  осы epiктi зейнетақы жарнасы мөлшерiне азаяды.

      Жеке  тұлғa жеке пайдалануына алған мүлiктi сатқаннан түскен cомағa және тұрақты мекен - жайы болушы жылжымайтын мүлiктi сатқаннан түскен сомаларға табыс салығы салынбайды. Декларация берiлмеген, әрбiр ай сайын декларация бойынша төленбеген, бiрақ төленуi тиiс соманың 5 % мөлшерiнде айыппұл салынады. Декларация бойынша салық аз көрсетiлiп, аз төленгенi үшiн жасырылған соманың 50% мөлшерiнде айыппұл салынады.

     Ай iшiндегi ағымдағы төлемдер сомасын  азайтып көрсеткені үшін, азайтылған соманың 100% мөлшерiнде айыппұл салынады.

     Есептiк  құжаттapдa тауар өткiзу операцияларын көрсетпегенi үшiн тауар құнының 100% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

     Төлем көзiнен салық ұстамағаны үшiн  бюджетке мiндеттi жарнаның 100% мөлшерiнде  айыппұл төлейдi.

     Табыс салығының 10% мөлшерiнде аванстық төлемдерiн  төлемегенi үшiн салық салынатын  табыстың 2 % мөлшерiнде, 25 % асса - салық ұсталатын табыстың 5 % мөлшерiнде айыппұл салынады.

      Қосымша құн салық төлеушi ретiнде есепке тұpмaғaн тұлғаның салықтық

шот жазып  беруi, салықтық шот - фактурада көрсетiлген қосымша құн салығының 100 % мөлшерiндегi айыпппұл мен жазаланады.

     Есептеу табыс етiлген патент құнында салық  салынатыи база мөлшерi азайтылғаны  белгiлi болса, кәсіпкерге заңнамада  көзделген санкциялар қолданылады.

      Тiзбеге  сәйкеспейтiн қызмет түрiнiң шарттарын  сақтамағаны үшiн, сондай - aқ айналымы 10000 айлық есептiк көрсеткiш асып түскен кезде және саны 10 адамнан асатын жалдамалы қызметкерлер еңбегiн пайдалаған кезде, заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк жүктеледi.

Жеке  тұлға – кәсіпкерлер үшін екі  түрлі оңайлатылған салық режимі бар:

А) бекітілген салық сомасынан;

Б) шығыс  пен кірістің есебін жүргізумен.

     Оңайлатылған  салық режимінде алкоголдыік  және т.б. акцизді өнім шығарушы кәсіпкер – тұлғалар жұмыс істей алмайды.

     Жеке  кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайық. Мемлекеттік тіркеу мына жағдайда міндетті:

  1. тұрақты негізде жалдамалы жұмысшы еңбегін пайдалану кезінде;
  2. кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалар үшін белгіленген салық ұсталынбайтын жиынтық жылдық табыстан асатын табыс тапса.
 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

    1. ҚР  -да салықтың түрлерін ата?
    2. ҚР – да салық туралы заңдар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып 7. Кәсіпорынның тәуекелділік деңгейін бағалау

Дәріс жоспары:

  1. Кәсіпорынның тәуекелділіктері басқару объектісі ретінде
  2. Тәуекелділікті басқару.

     1.  Тәуекелділік пен кіріс-кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің басты ұғымдары болып табылады. Коммерциялық ұйымның мақсаты – пайда табу. Сондықтан кәсіпкерлік тәуекелділік кәсіпорынның соңғы қаржылық-шаруашылықтың нәтижесімен тығыз байланысты. Тәуекелділік кәсіпорынның өзінің ресурстарын жоғалуы, қосымша шығындардың пайда болуы және кірісті иеленбеу арқылы көрініс табады.

      Ең  алдымен шаруашылықтық тәуелділікті талдаймыз.

      Өндірістік  тәуекел өнім көлемін азайту, оның сапасының төмендеуі, өндіріс шығындарының артуы, еңбек өнімділігінің төмендеуімен көрініс табады.

        Коммерциялық тәуекел нарықтық коньюнктураның өзгерісі, бағаның жағымсыз өзгерісі, айналым шығындарының артуы нәтижесінде тауарды өткізу көлемінің төмендеуімен көрінеді.

      Басқарушылық  тәуекел кәсіпорындағы жоспарлау мен басқарудағы стратегиялық тәсілдің болмауымен анықталады (кәсіпорынның мақсатын анықтаудағы, сыртқы ортаның дамуын болжаудағы кемшіліктер).

Сурет  14 

 

Кәсіпорын қызметінің тәуелділігінің негізгі топтары.

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 
 
 
 
 
 

Тәуекел – болуы да, болмауы да мүмкін жағдайды бейнелейді.

      Кәсіпкерліктің  маңызды факторларының бірі –  уақыт. Тәуекел кәсіпкерлік жобаның ұзақтығымен тікелеу байланысты, сондықтан оны бағалау орындалатын жұмыстың нақты

кезеңімен анықталады. Осымен байланысты тәуекелдің екі түрі анықталады: есептік және ағымдық.

Есептік тәуекелді кәсіпкерлік идеяны негіздеу барысында бизнес-жоспарды дайындау кезеңінде бағалау мүмкін. Ағымдық тәуекел бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында бағаланады.

      Пайда болу сферасына сай тәуекелдің екі  түрін қарастырады: сыртқы және ішкі.

      Кәсіпорын үшін сыртқы факторларға мыналар  жатады: табиғи апаттар, инфляция деңгейі, экономикалық саясаттың өзгерісі, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар және т.б.

      Ішкі  факторларға мыналар жатады:

  • өнімнің өзіндік шығынының деңгейі;
  • өнім сапасы мен сенімділігі;
  • өткізу шарттары, жарнаманың сапасы;
  • негізгі өндірістік қорлардың техникалық деңгейі;
  • айналым капиталымен жабдықталу деңгейі;
  • меншіктік және тартылған құралдардың шамасы;
  • жұмысшылардың профессионалдық деңгейі және т.б.

      Көшпелі экономика жағдайларында сыртқы факторлар кәсіпорын қызметінің тәуекелділік деңгейіне маңызды  әсер етеді.

      Өндірістік  кәсіпорындар шикізатқа баға өзгерісі, несиелеу шарттарының өзгерісінен, аймақтағы тұтынушылық сұраныстың төмендеуінен қиындықтарға душар болуы  мүмкін.

      Кәсіпорынның  тәуекелдігін талдау барысында тәуекелділік факторларын екіге бөліп талдайды: реттелетін (басқарылатын) және реттелмейтін (басқарылмайтын).

      Нақты фактордың екі категорияның біріне жатқызылуы басқару деңгейімен және қабылдаған шешімді жүзеге асыру  кезеңімен анықталады. Жеке кәсіпорын  деңгейіндегі көптеген факторлар басқарылмайтын, ал қаржылық-өндірістік топтар мен басқару органдары шеңберінде басқарылатын сипатқа ие.

     Нарықтық  экономикада менеджменттің негізгі  принцип пайданы арттыру емес, тәуекелділік жағдайлардың алдын-алу  болып табылады. Сондықтан, кәсіпорындар өз қызметінде тәуекелмен байланысты өндірістік стратегияларды қолданады. Кәсіпорынды басқару жүйесіне тәуекелді басқару жүйесі қосылады. Тәуекелді басқару жүйесінің объектісіне капиталды тәуекелді салу, тәуекелді жүзеге асыру процесіндегі кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы экономикалық қатынастар жатады. Басқару субъектісіне басқару объектісіне мақсатты әсер етуші жетекшілер мен мамандар тобы жатады.  Және сенімді және жеткілікті ақпар алу тәуекел жағдайларында дұрыс шешім қабылдауға  жол ашады. Басқару субъектісі пайдаланатын барлық ақпар көздері екіге бөлінеді: есептік және есептен тыс.

      Есептік ақпар көздеріне бухгалтерлік есеп пен есепке алу, салықтық есеп есепке алу, оперативтік және басқарушылық есептер жатады. Екіншісіне алуан-түрлі ревеция мәліметтері, сыртқы және ішкі аудит, лабораториялық және санитарлық бақылау, салықтық тексерулер, акционерлік жиналыс мәліметтері және т.б. жатады.

      Басқару стратегиясына тағайындалған мақсаттарға жету үшін қолданылатын тәсілдер мен бағыттар жатады. Стратегияға сай басқарушылық шешімдердің варианттары таңдалынады. Тағайындалған мақсатқа қол жеткен соң нақты стратегия өз мазмұнын жоғалтады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегиялар жасауды талап етеді.

      Басқару тактикасының міндеті – нақты шаруашылық жағдай үшін оптимальдық шешімді таңдау, басқару тәсілдері мен амалдарын тағайындау.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы