Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

       Казақстан мұнай мен табиғи газға бай  елдің бірі. Қазіргі Атырау обл. жататын  жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқыланды, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз, 1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды.

      1965 жылға дейін бізде мұнай тек  қана Ембі басссейінінен алынып  отырған. 1965 жылдан бастап Маңғыстау  кен орны елімізді мұнаймен қамтамасыз етіп отырған. Соңғы жылдары қазақ жерінде көптеген мұнай мен газға бай орындар ашылған. Қазір істеп жатқан мұнай-газы бар ірі кен орындары – Теңіз, Қарашықанақ. Өзен. Осы Каспий ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі ) мұнайдың қоры 7 млрд. тонна шамасында. Тек Қарашықанақтың (1979 жылы ашылған, 450 км жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 трилллион м3 табиғи газ, 644 млн. тонна газ конденсаты, 189 млн. тонна мұнай бар.  Арал төңірегіндегі де мұнай мен газдың үлкен қоры бар екені анықталды. Оның бірі Торғай ойысының оңт. шегінде,  Жезқазған қаласынан оңт – батысқа қарай 230 км орналасқан Құмкөл кен орны. Қылызордада осы кен орнын игеруге “Харрикейн Құмкөлмұнай” мемлекеттік АҚ және  “Құмкөл-Лукойл” қоғамы құрылды. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн. тонна болса, газдікі 100 млрд. м3. Мұнай мен газ қоры  айтарлықтай, болашағы бар деп есептеуге болатын кен орындарына Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл аймақтары да жатады. Мамандардың бағалауына қарағанда Каспий аймағы XXI ғасырда мұнай мен газ беретін дүниежүзіндегі ең ірі қамсыздандырушылардың бірі болатыны анық.

       Көмірді негізгі пайдаланушылар: электрэнергетика -39%; өнеркәсіп пен үй-жәй секторы-35%; коксхимия өнеркәсібі-14%; ауылшаруашылығы-5%. Қазақстанда көмір өнеркәсібі XIX ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. 1855 жылдан бастап Қарағанды бассейні, 1869 жылы Ленгір, 1895 жылы Екібастұз кен орындары игерілді. Тас және қоңыр көмір 10 бассейнде, 149 кен орында орналасқан, зерттелген қордың мөлшері 200 млрд. т үстінде. Оларға Қарағанды, Екібастұз, Майтөбен, Обаған, Жыланшықты, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), төменгі Іле (Оңт. Балқаш ) және Орал-Каспий (жайық-Жем) басссейндері жатады.  Көптеген кен орындарынан көмірді ашық әдіспен алуға болады. Мысалы, Құлан (қоры 60 млн. т), Юбилей (500 млн. т), Алакөл (40 млн. т), т.б. кен орындары.

      Шығыс Қазақстандағы Кендірлі кен орнының  көмір қоры 1,6 млрд. тонна, көмірмен қатар бұл жерде отын н\се химия  және газ өнеркәсіптерінде шикізат  ретінде қолдануға болатын 4 млрд. тонна шамасында жанатын тақтатастың ( сланецтің) да қоры бар. Өндірілетін көмірде қоспа мен жанбайтын материалдар көп болады. Олардың құрамы мен мөлшері кен орнының және көмірдің түріне, оны алуға қоладанылатын әдіске байланысты. Көмірдің ішінде саз, пирит және басқа да заттар кездеседі, бұлар көмірдің күлділілігін сипаттайды.

     Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстаннның  біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларының, ауылшаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты. Химия өнеркәсібі негізгі шикізат ретінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанның фосфорит қорларын, мұнай мен мұнай өнімдерін, металлргия өндірісінің қатты қалдықтары мен газ тастандыларын (мысалы, күкіртті газ), Солтүстік пен Оңтүстік бар әртүрлі тұз қорларын, дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді, т.б. қолданады. Қазақстаннның жер қойнауында Менделеев таблициясында келтірілген 107 элементтің 99 табылған, оның 78 зерттелген, 63 пайдаланылады.

      Қазақстанда химия өнеркәсібінің қалыптасып дамуы Бөген мен Шаян өзендерінің жағалауларында өсетін жусанның негізінде салынған Шымкенттің сантонин зауыты мен кішігірім сабын, желім және тұз кәсіпорындардан басталған. Қаратау фосфориттерінің негізінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанда фосфор өндірісі жолға қойылып, Қаратау кен – химия комбинаты, Тараз суперфосфат, Жаңа Жамбыл фосфор зауты, Жанатас қаласында байыту фабрикасы, Шымкент фосфор зауыты іске қосылды. Ақтөбе аймағында да фосфориттің үлкен қоры табылып, бұл өз еліміздің солтүстігін ғана емес, Ресейдің де көптеген шаруашылықтарын фосфор тыңайтқыштарымен көп жылдары бойы қамтамасыз етіп келеді. Ақтөбе фосфоритерінің сапасы жоғарры болғандықтан, ол ешқандай өңдеусіз қышқылды топырақтарға пайдаланылады. Және де ашық әдісті пайдалануға болатынына байланысты ақтөбелік фосфориттерден алынатын өнімдердің өзіндік құны анағұрлым төмен. Ақтөбе қаласында халықшаруашылығына үлкеен маңызы бар деп химия зауыты мен хром қосылыстарын шығаратын зауытты атауға болады. Олр натрий бихроматын, сульфаитін, пигментті бояулар шығарады.

      Мұнай негізінде полиэтилен мен полипропилен шығаратын Атырау химия зауытының, ағылымға берікті және көбіктенген  сапалы плистирол өндіретін Ақтау  пластмасса зауытының, 39 түрлі  өнім шығаратын Қарағанды синтетикалық каучук зауытының (1942 жылы іске қосылған, Теміртау қаласында орналасқан, қазіргі кезде ол Карбид өндіріс бірлестігі деп аталады) Қазақстан экономикасының дамуына, сонымен қатар экономикалық байланыстардың шет елдермен экспорт пен импорт негізінде кеңеюіне қосатын үлестері зор. Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны, кендірді, жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажын қажетті тауарлар өндіретін фабрикаттар жатады. Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері-аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өндірістерді жатқызуға болады.

      Тігін өнеркәсібі республиканың барлық облыстарында дамыған, әсіресе Алматы мен Қарағанды облыстарын атауға болады. Жүн жуатын өнеркәсіп негізінде Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Ал мақта шығару өнеркәсібінің дамып келе жатқан аймағы Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары. Қазақстанда көптеген мөлшерде жүнді мата, былғары аяқ киім шығарылады. Қостанай облысында химиялық жіп қосқан биязы шұға, пальто мен костюмдік жүн маталар өндірістері бар. Республикада былғары аяқ киім өнеркәсібіндегі ірі мекемелерге “Жетісу: Алматы аяқ киім бірлестігі, Қарағанды, Қостанай, Семей, Тараз аяқ киім фабриклары жатты.

     Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте  көп мөлшерде ауылшаруашылығының, өзен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін  өңдейді. Қазақстанда тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві зауты. Ет өнеркәсібіне жататын ірі кәсіпорындар Алматы, Тараз, Петропавел, Орал, Жезқазған, т.б. қалаларда бар. Барлық ірі қалаларда май, ірімшік (сыр) жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтар негізінде Оңтүстік аймақтарда орналасқан. Балық консервлерін шығаратын, балық пен оның уылдырығын өңдейтін ең ірі комбинат Атырауда, бұл кәсіпорынның негізінде пайдаланатыны Каспий теңізінен ауланған балықтар. 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары
  2. Өнеркәсіптік Кәсіпорынның мемлекеттік түрлері және олардың атқаратын қызметтері қандай?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тақырып 3. Өндірістік  кәсіпорынды басқару  және ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

  1. Басқару механизімінің міндеттері және оны құру.
  2. Кәсіпорынды басқару түрлері.

   Ұйымдастыру функциялары -  ұйымды басқарудың процесі  болып табылады.

     Кәсіпорынды ұйымдастыру функциясының 6 тобын  белгіледі.

  • Техникалық операциялар - өндіріс шығару, өңдеу.
  • Коммерциялық операциялар – сатып алу, сату, ауыстыру.
  • Қаржы операциялары – қаражат табу және оны жұмсау.
  • Сақтандыру операциялары – сақтандыру, мүлікті, адамды қорғау.
  • Есеп операциялары – бухгалтерия, калькуляция, есеп, статистика.
  • Әкімшілік операциялары – алдын ала болжау, ұйымдастыру, тәртіптеу және бақылау.

      Кәсіпорынға екі жақты көзқарас бар, біріншісі - өндірістік, екіншісі оны басқару. Осы мағынада кәсіпорын үшін «өндіріс потенциалы» және «өндіріс потенциалын басқару» деген ұғымды ажырата білуі қажет. Бұл үшін ең алдымен өндірістің құрылым түрлеріне тоқталған жөн, олар төмендегідей:

  • Сурет 4.
  • Кәсіпорындағы өндірістің түрлері
  •  
    Дайындай  өндіріс   Шикізат

    өндіріс

      Көмекші өндіріс

     

    Негізгі өндіріс

                                               Технологиялық өндіріс                                                                                            

                                                                                                 Жинау өндірісі         

    Қамту өндірісі   Қойма өндірісі   Санитарлық  техникалық шаруашылық   Завод лабораториялары
     

         Кәсіпорыннның өндіріс құрылымына цехтар және өндірістік шаруашылықтар жатады. Олар кәсіпорынның бас жобасына енеді және оларды орналастыру схемалары жасалады.

         Тәжірибеде  көрсетілген өндірістің түрлері  өндіріс бөлімшелерінде: цех, участке  орналастырылады.

         Цех – кәсіпорынның өндіріс процесінің бөлігін орындайтын негізгі өндіріс бөлімшесі.

         Участке – цехтың негізгі өндіріс бөлімшесі.

         Ауыл  шаруашылық кәсіпорындарында өндіріс  бөлімшелері болып: ферма, бригада, звенолар есептеледі.

         Осы көрсетілген бөлімшелер өндіріс  процесінде нақтыланады, оынң мазмұны төмендегі тізбекте көрсетілген.

    Сурет 5.Өндірістің процесінің нақтылануы 

      Процесс  
        Саты  
        Операция  
        Элемент  
      Кәсіпорын  
        Бөлісі  
        Цех  
        Бөлімше  
        Участок  
        Агрегат

        Өндіріс  процестерінің үш  түрін атауға болады, олар: үздіксіз жүргізу процесі, арнайы тапсырыс бойынша өндіріс процесі және жобалау процесі.

    1. Үздіксіз жүргізу процесі. Ол рынокта белгілі өнім түріне сұраныстың болашақта кемімеуіне, көз жетіп тұрса өндірісті мамандандырып барып тиімділікке қол жеткізу. Мұндай процесс негізінен құрастыру кәсіпорындарында орын алады.
    • Өнім аз өзгертіледі.
    • Қандай өнім болмасын тек қана бір тұтас өндіріс операциясынан өтеді.
    • Шығаратын өнім белгілі бір сатып алушы мүддесін қамтымайды.
    • Жабдықтар басқа тапсырмаларды орындауға бейім емес.
    • Мамандықты аз талап ететін еңбек пайдаланылады.

       Өнім  белгілі бір операциялардан арнайы тәртіппен өтеуімен байланысты менеджер сол операциялардың тоқтаусыз өтуін  қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін линияларды байланысымен, бөлек кезеңдерді бір  – бірінен тәуелсіз жасау қажет.

      1. Тапсырыс бойынша жүргізілетін өндіріс процесі. Өндірістің мұндай процесі рыногы аз немесе болашақ сұраныс кемитін жағдайда жүргізіледі.

    Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы