Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

      Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде  түрлі деңгейде бюджетке түсетін  бөлігі.

      Пайданы үлестірудің  бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.

      Пайданы үлестірудің принциптері:

  • кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
  • мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік – шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
  • кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

      Кәсіпорынның  қарауында қалатын пайда екі  бөлікке бөлінеді.

  • Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады.
  • Екіншісі – тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды.

      Сонымен, тұтынуға пайдаланылатын  барлық пайданы  толық пайдаланудың қажеті жоқ.

      Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай  қалған пайда қалдығының үлкен маңызы  бар және алдағы жылдардағы қаржыландырудың  орнын толтыруға бағытталады.

      Бөлінбеген  пайда кең мағынада пайда ретінде  тұтынуға пайдаланған және өткен  жылдардағы пайдаланбаған пайда  кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі  жамуы үшін қаржы көздерінің бар  болуын дәлелдейді.

      Кәсіпорындарда  пайданы үлестіру және пайдалану  тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.

      Тиімділік  деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің  ең басты экономикалық көрсеткіші аталады.

      Оның  екі түрі бар:

  • кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналымы қорларының құнына қатысы;
  • кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.

      Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау  үшін алынған нәтижеге кеткен шығындар немесе пайдаланылған ресурстармен салыстырылады.    

      Пайданың  шығындарымен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалық мөлшерін білдіреді.

      Практикада  пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада  пайдаланылады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы немесе аванстық жұмсау. Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты.

      Кәсіпорынның  пайдалылық мөлшерін мына төмендегі  формуламен есептеуге болады:

 

      Пм = Ө (Б – Қ) / Нқ + Ақ

 

Мұндағы:    

Ө - өнім көлемі;

Б - өнім өлшемінің бағасы;

Қ - өзіндік  құн;

Нқ –  негізгі өндірістік қорларының құны;

Ақ – айналымы қаражаттың көлемі.

      Практикада  кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады. Өнімнің  пайдалылығының барлық сатылған өнімнің  және оның жеке түрлерін есептегенде  ғана мүмкін болады.

      Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындарды қатынасын анықтайды.

      Барлық  сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы  өнімді сатудан алынған пайданың сатудан алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады, баланстық пайда  жөнінде - өнімді сатудан алынған  пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады, баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім, таза пайда жөнінде  - өнімді сатудан алынған түсім.

      Барлық  өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері, кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.

      Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық  пайданың негізгі өндірістік қорларының және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті  таза пайда арқылы да есептеуге болады.

      Кәсіпорынның  жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы  мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланылады.

     Кәсіпорынның  жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

     Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие  бойынша процент мөлшерлемесі:

     · басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түсетін табыстар;

     · құнды қағаздардан түскен табыстар;

     · алынған айыппұлдан  асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

 

Өзін - өзі  тексеру  сұрақтары:

      1. Өндірістік кәсіпорынның пайдасын жоспарлау
      2. Пайдаға салынатын салықтың түрлері
      3. Өндірісі рентабельділігін жоспарлау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып 6. Кәсіпорынның салық  айналымы

 

Дәріс жоспары:

  1. Салық ұғымы, функциялары
  2. Салықтың жіктелуі 

      1. Салық - бұл материалдық төлем, яғни салық төлеу, қашанда салық төлеушi мүлкiн (әдетте, ақша қаражатын) мемлекет пайдасына аластату. Осынысымен салық жеке (соның iшiнде енбек) мiндеттiлiгiнен айырықшаланады.

Мұндa  азамат мемлекет пайдасына жылына белгiлi бiр күндер санына жұмыc iстeyi тиiс, "қоғамдық жұмыc" деп аталатын бұл жұмыстан өзге де жұмыстap орындау мiндеттеледi. Кейде мiндеттiлiк мүлiктiк сипатта болуы мүмкін (мыс, жүк тасу мiндеттiлiгi), тұлғa (занды, жеке тұлғa) мемлекет пайдасына белгiлi бiр мүлiктi қызмет көрсетушiсiмен бiрге беруге мiндеттi. Демек, салықтың мүлiктiк мiндеттiлiктен айырмашылығы салық кезiнде мүлiк аластатылады, ал мүлiктiк мiндеттiлiкте ол мемлекет пайдалануына берiледi.

      Салық әдетте, ақшалай төлем деп көрсетiледi, қазiргi салық жүйесi үшiн бұл дұрыс айтылған. Бiрақ заттан салық та болатыны белгiлi. Табыс салығы субъектiнi өcipreнiмeн, өндiргенiмен бөлiнуге мәжбүрлейдi. Яғни салық салу нысаны салық төлеушiнiң мүлкiнiң заттай формада көбеюi, ал салық түрінде алғанда - осы көбейген өсімнің  бөлiгi натурал формада алынады. Мысалы, салық төлеушi мемлекетке өcipreн астығының 10/1 бөлiгiн беруi тиiс. Бiрақ қазiргi заманғы табыс салығы түрiнде табыс салу нысаны болатын ақшалай түрдегi табыс, салықтың өзi де ақшалай төленедi. Салықтың ақшалай жаратылысын мына мән-жай да өзгертпейдi: егер мерзiмiнде төленбеген салықты өндiру үшiн мемлекет атынан   уәкілетті орган қарыздар тұлғаның мүлкінен өндіріп алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының салық заңдары  да салықтың натурал (заттай) формасы туралы аталған. Мыс, Қазақстан Республикасының үкіметі уәкiлеттеген орган мемлекет мүддесiн танытып, жер қойнауын пайдаланушымен жасасқан шартта белгiленгендей, өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi мемлекет пайдасына алынады.

      Бiрақ  мұны салық деп атау қaтe. Демек, шарт бойынша мемлекет пайдасына

берiлген өнiм бөлiгiн салық төлеу дей  қaтe.

Қазақстандағы салық жүйесі мынадай салық алым, міндеті төлемдерден тұрады:

  1. Заңды және жеке тұлғалардың жеке табыс салығы
  2. Қосымша құн салығы
  3. Акциздер
  4. Бағалы қағаз эмиссиясын тіркеу үшін алым
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнай төлемдері мен салықтары
  6. Әлеуметтік салық
  7. Қазақстан Республикасы аумағынан автокөлік құралдары өткені үшін алымдар
  8. Жер салығы
  9. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы
  10. Көлік құралына салық
  11. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеу үшін алым
  12. Жекеленген қызмет түрлерімен шұғылдану құқы үшін лицензиялық алым
  13. Аукциондық сатудан алым
  14. Базарда тауар өткізу құқы үшін алым
  15. Қазақстан Республикасының радиожиілікті қорын пайдаланғаны үшін төлем
  16. Жеке тұлғалар қолма – қол шетел валютасын сатып алу үшін алым.

   Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР аумағы бойымен автокөлік құралдары  өтуі үшін алымдардың, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаны және заңды  тұлғаны тіркеу алымының, жеке қызмет түрімен айналысу құқы үшін алымның,аукционыдқ сату, базарда тауар сату құқы, ҚР радиожиілікті ресурсын пайдалану, шетелдің қолма – қол валютасын сатып алу алымдарының ставкасы мен төлеу тәртібін анықтайды.

      Салықтар  мен алымдардың негізгі сипаттамасын қарайық. Мысалы бәріне әйгілі табыс салығы және азаматтар табысына да түрлі меншік формасындағы кәсіпорындарға да қолданылады. Осы салық түрін төлеуші деп жалақы, не тұрақты жұмыс орында басқа төлемдер алатын, мердігерлік, жалдау шарттары бойынша бір реттік сыйақы алушы тұлғалар саналады.

      Әлеуметтік  сипаттағы төлемдердің яғни, зейнетақылар. Жәрдемақылар, іс сапар ақылар, алименттер, мұраға не сыйға алған мүліктен табыс  салығы ұсталмайды. Жеке кәсіпкерлерден де табыс салығын төлейді. Кәсіпорын қызметкерлерінен табыс салығын бухгалтериясы есептейді, ал кәсіпкерлер үшін салығын есептен, ал кәсіпкерлер үшін салығын есептеп, төлеу тікелей міндетті.

      Бюджеттің негізі кіріс көзі болып табылатын  қосымша құн салығы. (ҚҚС). Бұл  жанама салық деп есептеледі, себебі бұл салық төлеушінің табысына , мүлкіне байланысты емес не бағаға тарифке қосылған үстеме ретінде белгіленеді. Бұл салықты кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар да, заңды тұлғаларға да төлейді.

      Қосымша құн тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру және айналымы барысында қосылған құн өсімі ретінде болады. Өнімнің технологиялық  процесінің әрбір учаскесіне өткен өнім оның пайдалығын арттыратын сапаға ие болады, демек құны артады, шығын жұмсалады, тауар айналымға түскенде сатушы коммерциялық шығын, үстеме баға қосады. Тауар өндірушілер мен сатушылар арқылы өткенде өнім не тауар қосымша құнға ие болады.

      Демек, әрбір өндіріс циклына немесе айналымға қатысушы төлеуші болып  табылады. Яғни өндіруші немесе сатушы тауарды барынша тез шығарып, өткізуге

сөйтіп айналымдығын жеделдетуге, яғни салыққа берген ақшасын қайтарымдығын жеделдетуге тырысады.

      Акциздер  де жанама салықтарға жатады, олар бағасы не тарифіне үстеме ақы түрде белгіленеді  және ол салық төлеушінің табысына не мүлкіне байланысты емес. Құнына акциз есептеліп салынатын тауарлар, акцизді тауарлар деп аталады. Оларға жататындар: Республика аумағында өндірілген немесе басқа елден әкелінген спирт құрамында не темекі бұйымдары, бензин, дизель отыны, бағалы металл бұйымдары, хрусталь, шикі зат, мұнай, электроэнергиясы т.б. Бұдан өзге акцизді салық салынатын – ойын бизнесі. Акцизді төлеуші болатын ақырға тұтынушы. Акцизді тауарды сатып алған сатып алушы акциз төлеуші болады, себебі сатушы алынған акциз сомасын бюджетке төлеуі керек.

      Бағалы  қағаз эмиссиясын тіркеу үшін адамдарды акционерлер арасында шығарған бағалы қағаздарын орналастырушы кәсіпорындар төлейді. Бағалы қағаздарға акциялар жатады. Ол оның иесінің девидент алуға, қоғамды басқаруға, акционерлік қоғам тараған жағдайда оның мүлік бөлігіне құқығын куәландырады.Жер қойнауын пайдаланушылардың  арнайы төлемдері мен салықтары өндіруші сала кәсіпорындары үшін белгіленген , олардың кәсіпкерлік қызметі  жер қойнауындағы қорларды пайдалану мен өндіруге байланысты.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы