Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

      Шығындар  экономикалық және бухгалтерлік болып  ажыратылады. Экономикалық шығындар деп  кәсіпорынның ресурстарды  пайдаланылғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдерінің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен - өзі түсінікті). Сыртқы шығындар  - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шағындар жухгалтерлік шығындарға жатады.

     Кәсіпорынның  ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі  түсінікті сипаттамаларды  болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы  ресурстарды өндірісте пайдаланылған  нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

      Кәсіпорынның  іс - әрекетіндегі басты көрсеткіштерінің бірі - өнімнің  өзіндік құны. Бұл  өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы  өндірістік тиімділігін анықтайды.

      Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.

      Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта  басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің  қызметкерлеріне сыйлық, банктік  несие процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс  қорларға аударым жорамалын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

      Экономикалық  элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың  мәні - әрбір шығынның элементтің өзінің өзіндік құнының жиынтығына қосылады.  
 
 
 
 
 
 

Сурет 7

Кәсіпорындағы шығындар элементтері

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өзіндік  құн тиімділіктің мынадай маңызды  көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік  құнның маңызы оның  орындалу функцияларымен анықталады:

  • Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің  өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын  жұмсауды қамтамасыз етеді.
  • Өзіндік  құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есептеусіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
  • Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

      Шығындар  деп - өнім өндіруге жұмсалған ақшалай  қаражаттар. Шығындар өндіріс көлемі мен деңгейіне байланысты:

  • өндірістік шығындар;
  • өндірістік емес шығындар.

   Сонымен бірге кәсіпорын қызметіне байланысты шығындар мынадай статьялардан тұрады.

        1. шикізат шығындары;
        2. материалдық шығындар;
        3. еңбек ақы шығындары;
        4. тағы басқа шығындар болып бөлінеді.

     Өзіндік құнды есептеудегі басқарушылық өндірістік мекемелерде өзіндік құнның құрылу факторлармен тығыз байланысты.  
 
 
 
 
 

      Кесте  9

Шығындар  классификациясы

Шығындар  классификациясы
  1. Құрылымы бойынша:
А) жоспарлы;

Б) болжамдық;

В) нақты.

  1. Өндірістің көлеміне байланысты:
А) өзгермелі;

Б) тұрақты;

В) шартты-тұрақты.

  1. Өзіндік құнға байланысты:
А) тура;

Б) жанама.

  1. Басқару функцияларына байланысты:
А) өндірістік;

Б) коммерциялық;

В) басқарушылық.

 

     Шығын немесе жұмсалған  қаржы бұл –  бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың өнім шығаруға, қызмет көрсетуге, жұмыс атқаруға және оларды өткізуге жұмсалған ақшалай түрдегі шығындардың жиынтығы.

     Өзіндік құнды есептеудегі басқарушылық шешімдерді қабылдау мекеменің байланысымен, бас бухгалтер, экономисттің шешімдерімен, инженер қамтамасызданушылардың шешімдерімен келісушілігімен шешіледі. Басқарушылықтың өзіндік құнда ұйымдастырылуы өте қатаң қарастырылады. Шығындарды үнемді басқару болып табылады [16, б.18].

      Тікелей шығындар бұл -  кәсіпорындар мен  ұйымдардың тікелей өндірісіне байланысты шығындары.

    Жанама шығындар – бұл өндірістің қосымша қызмет түрлеріне байланысты шығыны.

    Тұрақты шығындар - өндірістік деңгейіне қарамастан бір қалыптан айнымайтын шығындар.

    Өзгермелі шығындар – бұл өндірістік деңгейге байланысты, өндірістік этапқа байланысты өзгеріліп отыратын шығындар. 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 8

 Өзіндік  құнның құрылу факторлары 

 

Тауарлы өнімнің толық                                   Тиелген және қоймада қалған

өзіндік құны                                                      өнімнің шығындарының

                                                                              өзгерістері (+;-)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Шығындар  өз ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей болып бөлінеді:

  • Тікелей шығындар;
  • Жанама шығындар;
  • Тұрақты шығындар;
  • Өзгермелі шығындар.

      Басқарушылық  әдістемелері – бұл өнімнің өзіндік  құнын есептеудегі әдістемеліктер. Басқарушылық әдістемелерінің мынадай  міндеттері бар:

  • өнімнің өзіндік құнының жалпы көлемін есептеу;
  • ӨӨҚ-ң жалпы құрылымын бақылау;
  • ӨӨҚ төмендету жоспарының орындалуын басқару және бақылау;
  • ӨӨҚ әсер етуші факторларды анықтау, іс шаралар енгізу;
  • ӨӨҚ-ң төмендетуге жаңалықтар енгізіп, енгізілген шараның орындалуын басқару.

      Шығындарды  басқаруда негізгі элемент бұл  – мекеменің шығындары туралы мәліметтер жинау болып табылады. Мекемеде шығындарды басқаратын басшы немесе шығындарды басқарушы менеджер болады.

      Бұндай  менеджерлердің негізгі міндеттері мынадай:

  • Шығындар туралы жылдық мәліметтер жинау.
  • Шығында туралы мәліметтерді салыстыру.
  • Шығындарды болжау.
  • Шығындарды жоспарлау.
  • Шығындарды бақылау.
  • Шығындарды басқару шешімдерді қабылдау.
  • Шығындарды статьялық жүйе бойынша талдау.
  • Шығындар есебін есепке алу.
  • Ағымдық және күтілген шығындарды анықтау.

      Өндірістік  деңгейіне байланысты әр мекемеде шығындар классификациясы әртүрлі болады. Өндірістік және өндірістік емес бағыттар бойынша шығындар элементтері әртүрлі болып құрылады [19, б.21].

    Шығындар классификациясы бұл - өндірістік деңгейге байланысты шығындарды топтастыру болып табылады.

    Шығындар классификациясының негізгі элементтері мыналар болып табылады:

  1. Өндірісті дайындау шығындары.
  2. Өндіріспен байланысты шығындар (өніммен байланысты, өндірісті ұйымдастырумен байланысты, технологиямен қамтамасыздандырылуымен байланысты шығындар).
  3. Еңбек ақы шығындары.
  4. Табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығындар.
  5. Өнім сапасын жоғарлатумен байланысты шығындар.
  6. Өндірісті жетілдірумен байланысты шығындар.
  7. Өндірістік процесті қамтамасыздандырумен байланысты шығындар.
  8. Өндірісті техникалық қауіпсіздендіру шығындары.
  9. Жұмысшы күшін жинаумен байланысты шығындар.
  10. Табиғатты қорғаумен байланысты ағымдық шығындар.
  11. Кадрларды оқыту мен  жетілдіруге байланысты шығындар.
  12. Тағы басқа шығындар.

      Шығындар  классификацияларын басқару – бұл  басқарушылықтың негізгі элементтернің бірі. Шығындарды классификациялық басқарудың мекеме үшін экономикалық жетістігі өте үлкен.

      Шығындарды  жүйелік азайтуды басқарушылық  мекеменің пайдасын өсірудің негізгі  құралы болып табылады. Қазіргі нарықтық экономикада шығынды мекеменің нарықта өмір сүруі мүмкін құбылыс емес. Сондықтан мекеменің өмір сүруін жалғастыру үшін шығындарды азайту жүйесін басқарушылықты талап етеді.

      Шығындарды  басқарушылық бұл бірнеше этаптардан тұрады. Оларға мыналарды жатқызуға  болады.

  1. Мекемеде басқарушылық топтық жүйенің құрылуы.
  2. Өндірістік шығындарды төмендетудің негізгі проблемаларын зерттеу.
  3. Өндірістік шығындарды азайту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру.
  4. Шығындарды азайту мақсатында ұсыныстар әзірлеу.

    Мекемедегі шығындарды азайтудың бір жолы бұл сыртқы факторлар мен ішкі факторлардың шығындарға әсері болып табылады.

    Шығындар классификациясына әсер етуші ішкі факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. мекеменің қаржылық жағдайы;
  2. мамандардың біліктілігі;
  3. мекеменің технологиялық деңгейі;
  4. мекеменің жаңа технологиямен қамтылуы;
  5. тауар өндірісі, сапасы;
  6. өнімнің сатылу көлемі.

   Шығындар классификациясына әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:

  1. ел экономикасының деңгейі;
  2. нарықтық сұраныс;
  3. ел экономикасының реттелу жүйесі;
  4. елдегі салықтық жүйелер;
  5. өнімнің бәсекелестік қабілеттілігі;

   Шығындарды басқаруда шығындарды жүйелеу әдістері қолданылады:

  1. Тауар түрлеріне байланысты;
  2. функционалдық бөлімдеріне байланысты;
  3. тұтынушылар топтарна байланысты;
  4. сатылу территорияларына байланысты;

      Мекеменің шығындар классификациясының ерекшеліктері рә мекемеде әртүрлі болып келеді.

   Әр мекеменің шығындар классификациясының құрылуында өз ерекшеліктері болады. Оларға мыналрады жатқызуғаболады:

  1. Табиғи ерекшелік.
  2. Географиялық ерекшелік
  3. Өнім өндіру ерекшелігі.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы