Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Атырау  инженерлік – гуманитарлық институты  
 
 
 

«Экономикалық пәндер» кафедрасы  
 

Студенттің  пән бойынша оқу-әдістемелік  кешені

Пән:    « Өнеркәсіп экономикасы»

Мамандық:  050506 «Экономика» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Атырау-2009 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АТЫРАУ  ИНЖЕНЕРЛІК – ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 

Келісім бетшесі 
 

АИГИ  Әдістемелік  кеңесінде  бекітілді

Хаттама  №  ___      «_______» ___________ 2009ж. 

АИГИ Әдістемелік  кеңесінің  төрағасы

 ОӘЖ проректоры                   _________________     Хасанова Ж.С

  
 

Келісілді:

Оқу бөлімі бастығы   _________________  Ильясова С.Р 
 
 

Экономика  факультетінің  методикалық  кеңесінде  қаралды 

Хаттама № __       « ______»  __________ 2009ж. 
 
 

Факультеттің  әдістемелік 

кеңесінің төрайымы ___________________ Салина А.А 

Хаттама  №  ___      «_______» ___________ 2009ж. 

Каф. меңгерушісі _____________ Айтупова Ж.М 
 
 

                                                 
 

Дайындаған      ___________________ оқытушы Балтабаева Г.А                                                    
 
 
 
 
 
 

             

МАЗМҰНЫ 
 
 
 

  1. Глоссарий.................................................................................................
  2. Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
  3. Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
  4. Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
  5. Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
  6. Емтихан сұрақтары.................................................................................
  7. Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. Глоссарий.
 

  Өнеркәсіп экономикасы – тұтынушыларға қажет өнімді дайындауға қабілетті профессионалды ұйымдастырылған еңбек коллективі бар мамандандырылған ұйым.

  Негізгі қорлар - өндіріске ұзақ уақыт қызмет етіп, өзінің натуралдақ формасын сақтап, өз құнын дайын өнімге біртіндеп, тозу шамасына байланысты аударады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуын, оның құнын өнімді өндіру шығындарына енгізе отырып қаржылай өтеу.

Амортизациялық норма (Н) еңбек құралдарының құнының қандай үлесі дайын өнімді өндіру шығынына аударып отыратынын көрсетен шама.

Айналым құралдары - өндірістік цикл ішінде толықтай пайдаланып, өз құнын дайын өнімге толықтай аударатын құралдар.

Айналым коэффиценті – мекеменің көтерме бағасы бойынша өткізілген өнім көлемін айналым құралдарының орташа қалдығына бөлу арқылы есептеледі:

  Айналым құралдарын іске қосу коэффиценті- айналым коэффицентіне кері шама, ол өткізілген өнім көлемінің 1 теңгесіне шығындалған айналым құралдарының сомасын көрсетеді.

Бір айналым ұзақтығы (күн) – нақты кезең ішіндегі күндер санын айналым коэффицентіне бөлу жолымен есептеледі.

Еңбек ресурстары - өнімнің басты және шешуші факторы.    Еңбек бөлінісінің негізгі формалары мынадай:

Өндірістік персонал- өндірістік процеске тікелей қатысты және қызмет көрсетумен байланысты жұмысшылар жатады.

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Тұрақты шығындар - осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды.

Ауыспалы  шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар.

Еңбекті нормалау – нақты өндіріс жағдайында нақты жұмысты орындауға қажетті мүмкін еңбек уақытының көлемі.

Еңбек төлемi - деп шығындалған еңбектiң саны мен сапасына сәйкес жұмысшылардың жеке тұтынуына келiп түceтiн қоғамдық өнімнің қаржы формасындағы бөлiгi. 

Тарифтiк  сетка - тарифтiк разрядтар жиынтығы.

Тарифтiк  ставка - уақыт бiрлiгiндегi жұмысшының еңбек төлемi.

Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындарының сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының жиынтығы.

Жалпы табыс – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы.

Орта  табыс  - жалпы табысты өнім өлшемнің мөлшеріне бөлу.

Шекті табыс – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

Жалпы айналым – барлық дайын өнiмнiң, мeкeкeнiң барлық цехтары бойынша өндiрiлген жартылай фабрикаттардың құны аталады.

Тауарлық  өнім - нақты кезеңде өндiрiлiп, өткiзiлген жартылай фабрикаттар, өндiрiстiк сипаттaғы жұмысшылардың құны.

Өткiзiлген өнім - тиелген және құны толық төленген өнiмнiң құны.

Инвестиция - дегеніміз табыс (пайда) алу және әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік нысаналарға салынатын ақша қаражаты

Инновациялық (енгізуші) - қызмет дегеніміз зияткерлік өнімді жасау және пайдалану,

Норматив  дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал – жабдықтарының қолдануын көрсететін көрсеткіш.

Бизнес  – жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. 
 

                       2. Лекция сабағының  қысқаша мазмұны

Тақырып 1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұйымдастырылуы мен басты мақсаттары 

Дәріс жоспары:

  1. Өндірістік кәсіпорын материалдық өндіріс сферасы.
  2. Кәсіпорынның ішкі құрылымы.

      Кәсіпорынның  өндірістік қуатын және өндірістің нақты  көлемін басқару жүйесі анықтайды. Басқару жүйесі ақпарат көлемін оларға қойылған мақсаттарымен, мақсатқа жету құралдарымен, элементтер құрамымен және олардың қарым-қатынасымен сипаттайды.

     Кәсіпорын -  түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм. Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және көмекші өндіріс болып екіге бөлінеді.

     

Сурет 1. 

Кәсіпорынның  жекеленген өндірістік буындары 

 
 

 

 
 
 

     2. Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай – ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, машина жасау зауыты) арналған, жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады. 

   Көмекші өндіріс – негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға ықпал етеді (жөндеу- механикалық, аспаптық цехтар т.б).

     Қосалқы цехтар ыдыстар мен буып түю, материалдарды дайындаумен айналысатын цехтар. Негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.

    Эксперименттік цехтар – тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі экспериментті жұмыстарды атқарады.

     Бұлардан  басқа кәсіпорындарда қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, монша, кір жуатын орындар) болады.

     Өндірістік ұйымдастырудың кез – келген кәсіпорын үшін маңызы зор. Олардың  ұйымдастыру өндіріс типіне байланысты болады. 

Сурет 2.

Өндіріс типтері

 
 

 

 

   
 
 
 
 
 

     Өндіріс жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс  болып 3 түрге бөлінеді.

   1. Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке дара өндірісте шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады. Мұнда шығындар әрбір бұйым , яғни тапсырыс бойынша есепке алынады.

    2. Сериялық өндіріс. Біркелкі өнімдерді шығарудың қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:

  • Шығарылатын өнім номенклатурасының шектелуі;
  • Жұмыс орындарының кең мамандануы;
  • Мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғылардың қолдануының шектелуі;

Сериялық  өндіріс машина жасау өнеркәсібінде, металл өңдеу өнеркәсібінде кең қолданылады. Сериялардың көлеміне қарай олар былайша бөлінеді: ірі сериялық өндіріс, сериялық, ұсақ сериялық өндіріс.

    1. Ірі сериялық өндірісте өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады.
    2. Сериялық өндірісте мамандану тар болып келеді. Бірақ өндіріс желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған болып келеді.
    3. Ұсақ сериялық өндіріс жекелеген өндірістерден, ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған.

  3. Жаппай өндіріс.  Ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі. Шығарылатын өнімнің ассортименті көп болғанымен, олардың шығарылатын мөлшері көп болмауы мүмкін. Мұнда белгілі – бір салаға ыңғайланған жабдықтар деңгейі жоғары болады, жұмыс ырғағы да жоғары болады. Бұл типте өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.

      Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз ету керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім көлемінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай –ақ жалпы бизнесті үйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

        Кәсіпорын – экономиканың негізгі  звеносы. Ол көптеген шаруашылық  және жеке формада құрыла отырып, нарық пен товарлы ақшалай  қатынастарды дамытады. Кәсіпорынның  құрылу түріне байланысты мынадай  жұмыстар орындалады:

    • ұйымдастырушылық-құқықтық негізде қаржылық жағдайын ұйымдастыру;
    • капитал құрылымы анықтау және ұйымдастыра білу;
    • өндірістік шаруашылық қызметті қаржыландыру;
    • шаруашылық нәтижелерді бөлу.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы