Өнеркәсіп экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 02:17, реферат

Описание работы

Жеке дара өндіріс - өнім жекелеген даналармен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, станоктар мен трубиналарды өндіруге арналған. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды, субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламаларында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Содержание

Глоссарий.................................................................................................
Лекция сабағының қысқаша мазмұны..................................................
Тәжірибелік сабақтар.............................................................................
Оқытушылардың жетекшілік етуімен студенттердің өз беттерімен жасайтын жұмыстары.............................................................................
Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары................................
Емтихан сұрақтары.................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер.......................................................................

Работа содержит 1 файл

УМК Өнеркәсіп экон.doc

— 750.00 Кб (Скачать)

      Өнеркәсіптік  өндіріс – кәсіпкерліктің бірнеше салаларын қамтиды. Өндірістік саланың атап айтқанда көлік, ауыл шаруашылығы, материалдық емес сала қызметі де осы өнеркәсіптік өндіріс саласына енеді. Бірақ өнеркәсіптік өндіріс кәсіпкерліктің ерекшелігімен, мамандандырылу деңгейімен сипатталынады [6].

        Сурет 3. Кәсіпорын құрылымының  негізгі факторлары

        
 

        

        

        
 
 
 
 
 

      Өнеркәсіптік  өндірістің негізі ерекшеліктеріне  мыналар енеді:

    • масштабтық көлемі, экономикадағы үлестік салмағының мәні;
    • өндірістік технологияның енгізілдуі;
    • өндірістік тапсырманың маңыздылығы;
    • өндірістік процестегі уақыттың үйлесімдігі;
    • өнеркәсіптік өндірістің жалпылама мінездемесі.

      Ресурстарды пайдалануындағы қысқа мерзімді тиімділік кәсіпорынның үлкен жоғары деңгейдегі жетістіктеріне жетуіне  мүмкіндік тудырады.

      Мұнай және газ өнеркәсібі – бұл өндірістің күрделі саласы, ол өндірісті ұйымдастыру  қызметтінің келесідей түрлерін қамтиды:

  • геологиялық – ізденіс және барлау жұмыстары;
  • мұнай және газ ұңғырларының құрылысы;
  • мұнай және газды өндіру;
  • мұнай және газды тасымалдау;
  • мұнай және газды өткізу.

      Кәсіпорын құрылымы мынандай негізгі факторлармен анықталады:

  • кәсіпорынның көлемі;
  • өндірістің саласы;
  • технология мен кәсіпорынның мамандану деңгейі.
 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның негізгі ерекшеліктері қандай?
  2. Кәсіпорын құрылымының  негізгі факторлары
  3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың  басты мақсаттары мен міндеттері қандай?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     Тақырып 2. ҚР – сындағы өнеркәсіп салалары 

Дәріс жоспары:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері.
  2. Кәсіпорынның мемлекеттік түрлері мен олардың атқаратын қызметтері.
 

 Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері өндірістік экономика саласында өндірістік бағыттар негізінде жүзеге асады. Өндірістік экономикасын реттеу бұл – салалық өндірістің әрбір құрылымын жеке – дара басқару процессі болып табылады. Оны үкімет органдары мен министрліктер, түрлі ведмоствалық қызметтер және монополиялық комитеттер жүзеге асырады. Өндірістік экономикасын реттеу бұл күрделі салалық қызмет бола отырып, ел экономикасының дамуы, өндірістің өркендеуі осы саламен тығыз байланысты болады.

Қазақстан қазба байлықтарға мол мемлекет. Өндірістік экономикасы да әртүрлі салаларды қамтиды.

     Мыс: Қара металллургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіп бес саладан  тұрады: тау – кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейтін. Қазақстанда қара металллургия саласында жұмыс істеп жатқан темір (Соколов – Сарыбай, Лисаков, Қашар кен байыту комбинатттары және Атасу кен басқармасы, хромит (Дон кен байыту комбинаты), марганец (Жезді  кен басқармасы) рудаларын өңдейтін өндірістерді, екі ферросплав (Ақсу мен Ақтөбе) және “Казогнеупор” (Рудный қаласы) зауыттары мен “Казвторчермет” (Алматы қаласы) өндірістік қоғамын атауға болады. АҚ “Испат Кармет”, Ақтөбе, Ақсу (Павлодар облысы) зауыттарының өнімдері көптеген шетелдерге экспортқа шығарылып отырады.

     Ал, түсті металлургияның Қазақстаннның  экономикасында атқаратын міндеті  зор. Бұл саланың елімізде пайда  болғанына 250 жылдан астам уақыт өтті. 1917 жылы Қазақстанда түсті металллургия саласына жататын 10 рудник және 3 зауыт қана болған. Ал қазір бұл ең дамыған өндірістердің біріне айналып отыр. Қазақстанның  түсті металдарының сапасы өте жоғары. Өскемен мырышы, Балқаш пен Жезқазған мысы Лондондағы металдар биржасында сапаларының өте жоғары болғандықтарына байланысты эталон ретінде тіркелген. Мысалы, Жезқазғаннның мысының сапасы 99,9999%. Қазіргі кезде Қазақстан түсті металдарын дүниежүзінің 30 шақты еліне экспортқа шығарып отыр. Шетттен келетін валюта табысының  27% осы өнеркәсіп саласының үлесіне тиеді.

     Қазақстан жері түсті, асыл металдщармен қатар, XXI ғасырдың металдары деп аталатын сирек металдармен де бай (1 –  ші кесте). Бірақ әзірше оларды өндіретін  кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да жоқтың қасы. 
 
 

1 кесте.

           Қазақстанда өндірілетін кейбір  металдар туралы мәліметттер

Метадардың  аты Кен орны мен  құрамында аталмыш металдары  бар рудалар
1 2
Алтын

Алтын мен күміс

Алюминий

Ванадий

Висмут

Вольфрам, молибден

Галий

Индий

Кадмий 

Марганец (дүние жүзінің марганец қорының 25%  Қазақстан)

Қорғасын, мырыш

Мыс  

Никель, кобальт 
 

Ниобий, тантал 

Рений 

Селен, теллур 

Сурьма 
 

Сынап 
 

Таллий 
 
 
 

Темір (дүниеүзінің темір қорының 10 Қазақстанда) 
 
 

Титан 

Уран (дүниежүзі  қоры ның 25,7% (9000 мың т. 3,5 млн.т Қазақстан да

Хром (Қазақстанның жер қойнауында  дүниежүзілік хромит қорының 1/3 бар)

Васильков (Солтүстік  Қазақстан),

Ақбақай (Жамбыл облысы),

Бақыршық (Шығыс Қазақстан, Семей)

Қазақстанның  солтүстігінде:

Ақсу, Степняк, Майқайың, Жосалы, Жаңғабыл, Төртқұдық, Александров

Шығысында: Қалбы

Оңтүстігінде:Жоңғар Алатауы, Іле мен Шу тауларында

Боксит  рудалары. Сарыарқаның батысы мен  солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий мен Арал ойпаттары

Қаратау, Жабағалытау, Шыңғыстау, Бетпақдала, Кіндіктас, Теріскей Алатау, Жезқазған аймағы

Қорғасын, мырыш және мыс рудаларында

Сарыарқа (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау, Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ), Таулы Алтай (Көкшіл, Шындықатай), Іле Алатауы, Қаратаудың ванадийлі кен орындары

Амангелді мен Торғай бокситтерінде (Қостанай облысы) және Алтайдың полиметалл рудалары

Мырғалымсай, Текелі, Майқайың полиметалл рудалары

Рудалы  Алтай, Сарыарқа, Қаратау қорғасын –  мырыш, мыс- мырыш рудаларында

Ұлытау (Қарағанды обл.,), Қаратау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облысы (Семей)

Таулы Алтай, Сарыарқа, Қаратау, Жоңғар Алатауы, полиметалл рудалары

Дүниежүзінде  белгілі кен орындары – Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Анненск, Жыланды, Ақтоғай, жезкент, Шилісай

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары

Қалбы, Мұғаджар, Семей, Көкшетау

Жезқазған мыс рудалары

Таулы Алтай, Майқайың, Шыңғыс тауындағы полиметалл және Саяқ, Қоңырат, Бозшакөл, Шатыркөл, жезқазған мыс рудаларында

Торғай (кен орны Ақмола обл. террриториясында)

Шу, Іле, Жоңғар Алатау тауларында

Алтай (Риддер, зырьянновск, Ертіс төңірегі), Сарыарқа (жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған мен қоңырат кен  орындарының рудаларында

Торғайдағы  темір рудалы бассейн (қоры- 0,64 млрд. т). Бұл бассейнге Соколов, Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Алатау темір – марганец бассейні (500 кен орны бар), темір руданың қоры 500 млн.т., марганец рудасының қоры 80 млн.т( Қарасақпай темір руда бассейні (Ұлытау кен орны, қоры 500 млн.т), Кентөбе (Қарағанды обл.) Иірсу (Оңт. Қазақстан обл.)

Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Ақтөбе обл, Оңт. Алтай, Қарағанды обл.( Ұлытау)

Созақ ауданы (Оңт. Қаз ), Маңғыстау, қордай массиві, Атбасар ауданы (қостанай обл.), Көкшетау, қызылорда, т.б. обл-да

Ақтөбе  обл. (Кемпірсай масссивінде 30 кен орны) рудадағы хром оксидінің мөлшері 20-60%, дүниежүзінде мұндай кен орны кездеспейді. Жетіқара, Құндыбай, Аққарға, Шевченко (Қостанай обл), Шығыс Қаз.

         Республикада түсті металлургия  саласына кіретін 7 саланың құрамында  28 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.

    1. Қорғасын – мырыш саласы 12 кәсіпорыннан тұрады, оның 3-уі металллургиялық, ал 9 кен байыту. Металлургиялық кәсіпорындар - өскеменнің қорғасын – мырыш, Риддердің полиметалл комбинаттары және Шымкенттің қорғасын зауыты. Кен байыту кәсіпорындары – Ащысай, Ертіс және Риддер полиметалл, Шығыс қаз мыс – химиялық, Зыряновск қорғасын, Текелі қорғасын – мырыш комбинаттары, Жәйрем, жезкент және қарағайлы тау – кен комбинаттары.

       Республиканың қорғасын – мырыш өндірісінің  руда қоры едәуір. Қорғасын мен мырыш өндіруде біз дүниежүзі бойынша 5 орынға иеміз.

       Бұл өндірістер биосфераның барлық бөлігін  әртүрлі улы заттармен ластап, биологиялық ресурстарға зиянын тигізіп отырады. Мысалы, өскемен  қаласында тұратын балалардың қанында 17-ге дейін улы элементтің мөлшері  табиғи деңгейден жоғары екені дәлелденген. Талийдың, берилийдің, мырыштың, мыстың концентрациялары 1,5-тен 5 есеге дейін, бордың, қорғасыннның, хромның, ванадийдің, никельдің, алюминийдің мөлшерлері 10 еседен асқан. Олардың шаштарында марганецтің, мырыштың, мышьяктың, қорғасын мен берилийдің мөлшері де жоғары екенін ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетті. Жоғарыда көрсетілген элементтер иммунитет механизмын, генетикалық құрылысты, метабликалық алмасуды бұзады, мидың басқа да органдардың жұмыс атқару қабілетін тежейді. Мұның бәрі әртүрлі аурулардың көбеюіне әкеп соғады.

       Қорғасын  зауыттары негізінде ауаны қорғасынмен, мышьякпен, басқа да ауыр металдармн, күкірт пен көміртек оксидтерімен көп  мөлшерде ластайтын көзге жатады.

    1. Мыс саласына 3 кәсіпорын – Балқаш, Жезқазған кен байыту комбинаттары мен Ертіс мыс балқыту зауыты кіреді.

       Қазіргі кезде мыс рудасы 17 кен орыныннан  алынады, қазақстан мыс өндіруде дүние жүзі боәйынша 7 орында. өндірілетін  мыстың 92% экспортқа шығарылады. Құрамына “Жезқазған” кен байыту комбинаты мен Жезқазған мыс кен орындары кіретін “Жезқазғантүстіметалл” бірлестігі мыспен қатар қорғасын мен мырыш концентраттарын шығарады және қорғасынды, мырышты, кадмийді, күмісті, никельді, висмутты, ренийді қосымша алады. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындыққа байланысты бұл бірлестік 1995 жылдың маусым айынан бастап үкімент шешімімен Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясының басшылығына 5 жыл мерзімге өткізілді. Қазіргі кезде бұл мерзім ұзартылған.

    1. Алюминий өндіру саласының 3 кәсіпорыны – Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ), Торғай мен Қызылоктобрь кен басқармалары бар. Алюминий өндірісінде шикізат ретінде Торғайды бокситі қолданылады, одан глинозем, ал соңғыдан алюминий алынады.

       Алюминий  өндірісінде бокситтен әр тонна  глинозем алған кезде 1-2,5 т/ға дейін  қалдық ретінде шлам шығып отырады, сондықтан бұл жағдай осы саланың зауыттарына көп көлемді жер бөлуге мәжбүр етеді. Бұл шламдардың құрамында 45 – ке дейін темір оксидтері, сонымен қатар көп мөлшерде кальций мен натрийқосылыстары блады. Сондықтан бұл қалдықтар әрі қарай өңдеуге жатады, сілті, шойын мен цемент алуға жұмсалады.

    1. Алтын өндірісі Қаз-ның алтын мен валюта қорын толықтыруға маңызы зор екені баршыға белгілі. Бұл салада 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі алтын өндіретін кәсіпорындарға алтынның 50% беретін “Қазақалтын” , қалғанын “Алтайалтын” – 16%, “Майкаиналтын” – 15%, “Ақбақай” – 12%, “Бақыршық” – 4% және “Васильков”- 3% комбинаттары жатады. Алтын қорының мөлшері бойынша дүниежүзінде Қазақстан 6-шы орында, ал ТМД елдерінде біз 3-ші орындамыз, яғни алдымызда Ресей мен Өзбекстан.

       1991 жылы қазақстанда алтын қоры  ұйымдастырылды, ал 1993 жылы алтын  өндіруді жолға қою үшін ұлттық  “Алтыналмас” деген компания  ашылып, Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкісімен бірігіп “Қазақстан  алтыны” деген мемлекеттік бағдарлама жасалды. Осы бағдарламаға  сәйкес еліміз өндіретін алтыннның көлемін ең кемінде 4 есеге дейін көтеруді қарастырып отыр.

    1. Вольфрам – молибден өндірісі “Қазвольфрам” бірлестігінің басқаруында. Руда өндіретін рудниктер негізінде қарағанды обл. Бірлестік вольфрам, қалайы – молибден, висмут концентраттарын шығарады. Ресейдің Челябинск қаласындағы элекрометалллургиялық зауытының негізгі шикізаты біздің елдің вольфрам концентраты.

       Вольфрам  өндірісі өзімізде дамыту мақсатында жоғары Қайрақты кен орны негізінде  бірнеше рудниктер мен вольфрам өңдейтін комбинат салынып жатыр және оларды тезірек толығымен вольфрам – молибден руднигі мен Ақжал полиметалл таукен байыту комбинатын айтуға болады.

    1. Титан- магний өндіретін комбинат Өскемен титан – магний комбинаты. Бұл металдардың қоры елімізде жеткілікті.
    2. Сирек металдар саласында дамуына Қазақстанда барлық мүмкіншілік бар. Республикада өте құнды тантал рудасын өндіретін Белогор тауруда комбинатын әне сирек металдар шығаратын Ақмола мен Каспий төңірегіндегі тау – химия комбинаттарын және оларды балқытатын Ертіс комбинатын атауға болады.

Информация о работе Өнеркәсіп экономикасы