Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

парахат курсовой инвестиция.docx

— 152.81 Кб (Скачать)

Елбасы Қазақстан халқына  арналған биылғы Жолдауында «Индустриялық  даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер. Қазақстан табысты  индустриялық держава болады – мен  бұған әбден сенімдімін» деп  атап көрсеткен болатын. Ақиқатында биыл бастау алған индустрияландыру бесжылдығының алғашқы жылы еліміздің  өркениет биігінен лайықты орын алатын әлеуетті де дамыған державаға лайық  қадам жасағандығын паш етті. Міне, осы бір қарышты қарқынмен  даму үрдісіне мемлекет басшысының өзі  сәттілік тілегі, бір мезетте 80 ірі  индустриялық нысанның тұсауын кескендігі айқын дәлел болса керек.

Жалпы инвестициялық жобалар  анықтамасына тоқталып өтетін болсақ, инвестициялық жобалау – бірегей  коммерциялық ұсыныс жасауға бағытталаған жұмыс, немесе әрекеттегі жобаға жаңа айырықша сипаттама беру. Инвестициялық  жобаларды мақсаты – оның нәтижелерін  маңызды жүйе ретінде сипаттайтын  нақты көрсеткіштерден көрініс  табады,

Қазіргі кезде Қзақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың  өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды  ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс-әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден  және инвестициялық іс-әрекеттің  нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
  • экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды;
  • реинвестициялау және әлеуметтік, тапқан пайданың белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  1. Жоғрыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлерде пайда тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
  1. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
  • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
  • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
  • Аймақтық бюджетке;
  • Республикалық бюджетке.
  1. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Индустрияландыр кртасының  жобаларымен танысатын болсақ, елдің  экономикасын дамыту бағытын көздейтін  индустрияландыр бағдарламасы ұлттық идеяға айналып үлгергенін атап өтуге  болады. Қазақстандық қамтуды дамыту үшін заңнамаға барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Осының арқасында мемлекеттік  органдардың сатып алуларындағы отандық кәсіпорындардың үлесі 70 пайыздан асты, яғни бұл 100 млрд.теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бизнеспен  бірлесе оң инвестициялық шешімдерді жасауға мүмкіндік береді. Мұның  айқын көрінісі – бүгінгі таңда  еліміздің әр аймағында іске қосылып  жатқан өндірістік жобалар екені  анық. Сол жобаларды біразы салтанатты жиында Президенттің көз алдында  іске қосылып, өмірге жолдама алып үлгерді. Солардың бірі – Павлодардағы «Каустик»  зауыты. Жалпы құны 16 млрд.теңге болатын  алып нысанды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қоры және Қазақстанның даму банкі  қаржыландырған. Сондай-ақ, Маңғыстау  облысында бұрғылау ерітінділерін  өндіретін зауыт пен Алматыдағы «Медеу-Шымбұлақ» тау шаңғысы  курорты, жылына 70 мың тонна катодты  мыс балқыту және электролиздік  зауыт құрылыс. Оңтүстік Қазақстанда  жаңа типтегі цемент зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты – 1млн.тонна М400 және М500 маркалы цементті шығару.

2010 жылы аймақтарды іске  қосылған Қазақстанның индустриялық  карта жобаларына үңілсек, Ақмола  облысында – 11, Ақтөбеде –  23, Алматыда – 10, Атырауда –  7, Шығыс Қазақстанда -12, Жамбылда  – 8, Батыс Қзақстанда – 9, Қарағандыда  – 9, Қостанайды – 10, Қызылордада  – 7, Маңғыстау облысында –  9, Павлодарда – 16, Солтүстік Қазақстан  облысында – 9, Оңтүстік Қазақстанда  – 7, Алматы қаласында – 4 және  Астана қаласында 1 өнідіріс орны  іске қосылған. Егер осы көрсеткіштерді сала бойынша сараптасақ, бұл жобалардың 15-і мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласында, 23-і тауа-металлургия өнеркәсібінде, 4-еуі көлік және телекоммуникация инфрақұрылымында, 9-ы энергетика, 1-еуі туризм, 5-еуі химия өнеркісібі, 26-сы құрылыс индустриясы, 15-і машина жасау, 48-і агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, 2- еуі жеңіл өнеркәсіп, ал 4-еуі фармацевтика саласында жүзеге асты. Бір жылдың ішінде барлығы 152 ірі индустриялдық-инновациялық жоба іске қосылды.

Осы жобалардың іске асуына 800миллиардқа жуық теңге жұмсалды, 24 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның индустрияландыру картасы  еліміздегі жұмыссыздық санын 6,5-тен 5,6 пайызға төмендетті. Ішкі жалпы  өнім жалпы 7 пайызға артып, өнеркәсіп  өнідірісінің өсімі 10 пайызды құрады.

Индустриялдық жобалардың тұсаукесер рәсімінде «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистральды газ құбырының құрылысы басталуына орай капсула салынды. Бұл  жоба жүзеге асқанда батысқазақсатндық  арзан газдың игілігін оңтүстіктегілер  де көретін болады. Осыған орай ғасыр  құрылысы атанған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының Бейнеу-Шымкент  бағытындағы алғашқы кезеңі пайдалануға  берілді. Бұл құрылыстың жалпы құны 500 млрд.теңгені құрайды.

Газ құбырының ұзындығы 1,5 мың шақырым. Газ құбыры іске қосылған жағдайда «көгілдір отынды» тұтыну көлемі Қызылорда облысында – 5есе, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2,5есе, Жамбыл облысында – 4 есе, Алматы облысы мен Алматы қаласында 4,4 есеге  өспек. Жалпы, Бейнеу-Шымкент бағытында  іске қосылып отырған газ құбыры Қытайға тартылатын транзиттік газ  желісімен жалғасады.

Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізу үшін Қызылорда  облысы бойынша жалпы сомасы 296,5 млрд.теңгені құрайтын 92 жоба ұсынылды. Бүгінгі күні, жобалрды нақтылау жұмыстары  нәтижесінде жалпы қаржысы 245,2 млрд.теңгені  құрайтын 54 инвестициялық жобалар  іріктелініп алынды.

Қазіргі таңда 10 жобаның  жалпы сомасы 950,0 млн.теңге құрайтын 2 жобасы жүзеге асырылды. Атап айтқанда,

  • «Тасбұлақ» ЖШС-гінің қуаттылығы жылына 1,3млн.тонна құрайтын қиыршықтас шығаратын өндірісі іске қосылды. Жоба құны – 250,0млн.теңге. жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.
  • «УАД» ЖШС-нің «Битум шығару зауытының құрылысы»жобасы бүгінгі таңда толығымен дайын және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен өнімге лицензия алынды. Жобаның қуаттылығы тәулігіне – 500тонна битум. Жаңа жұмыс орны – 50.

Қалған 8 жоба бойынша жұмыс  жүргізілуде, атап өтсек олар:

  1. «РЗА» АҚ-ның «Тауарлы сүт фермасының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  2. «Қазгермұнай» АҚ-ның «Газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезегінің құрылысы» инвестициялық жобасы.
  3. «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ы Компаниясының «Құмкөл газотурбиналық стансасында қуаттылығы 25 мВТ-ы 2 қосымша газотурбиналық қондырғының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  4. «БИС» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» инвестициялық жобасы.
  5. «УАД» ЖШС-нің «Қиыршық тас зауыты» инвестициялық жобасы.
  6. «УАД» ЖШС-нің «Асфальт шығару зауыты» инвестициялық жобасы.
  7. «Шалқия Неруд» Компаниясы» ЖШС-нің «Жоғары сапалы қиыршықтас өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасы.
  8. «Шапағат сүт» ЖШС-нің «Аусымына 30тн.нан өнімдерін шығаратын нан зауыты» инвестициялық жобасы.

Қазақтанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 8 триллион құрайтын 294 жоба еніп отыр. Биылдың  өзінді 805млрд.теңге игеріліп, 152 жоба іске қосылды. Осылайша біздің стратегиямыз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 2020 жылға дейін әлі он жыл  бар. Бірақ бұл жұмыс жиырма жылмен тоқтамайды. Олар көп жылға созылады. Егер де біз көштің артында қалып, басқалардың шаңын жұтпайық десек, осы бағдарламалар орындалуы керек. Сондықтан жастар, зиялық қауым, жалпы бүкіл халық осы индустриялық мәселеге белсенді араласуы тиіс.

Бүгінде қазақ елі атқарып  датқан жұмыстарға бүкіл әлем, солардың арасында Дұниежүзілік банктер жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық қарқында дамып келе жатқанына барлық ел куә. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікке  қолдау көрсетумен ғана шектеліп отырған  жоқ. Билік пен бизнес арасында да серіктестікті дамытуға ерекше көңіл  бөлінуде.

Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын  «дәстүрлі мамандандыру» салаларын  дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған  болатын.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде  мемлекеттің күш жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға бағытталады деп қорытындылар жасауға  болады:

  • дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кеәннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстырылатын атом және химия өнеркәсібі;
  • жер қойнауы пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
  • шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
  • келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, жобалық бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға жете алмайтын жағдайлар кездеседі.

Елімізде индустриалды-инновациялық саясатты ойдағыдай жүзеге асыру барысындағы негізгі күшті әлемдік тәжірибені ескере отырып, инвестицияларды үйлестіру мен іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларға жұмсау қажет. Бірақ Қазақстанның бюджеттік қаражаты жеке меншіктегі кәсіпорындарға қаржылық және инвестициялық қолдау көрсетуге бағытталмағандықтан мемлекет нақты компанияларға тікелей қаржылық қолдау көрсете алмайды, дегенмен ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор, яғни бастамашы бола отырып, жеке меншіктегі кәсіпорындарды инновациялық процестерге тартады. Сонымен қатар, өндірістік және бәсекеге қабілетті әлеует құруға, оларды одан әрі жақсартуға, жаңғыртуға ықпал етеді. Сөйтіп, еліміздегі даму институттары болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсететін болады. Ал бұл жағдайда негізгі тәуекелді екінші деңгейлі банктер мен жеке меншік секторлары алады.

Қазақстан Республикасының  индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты – өнеркәсіпті тұтастай, сонымен бірге жекелеген өндірістер тұрғысынан қайта құру.

Жалпы, индустриялды-инновациялық саясаттың көбіне даму институттардың қолдауымен жүзеге асатындығын дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері Жапония мен Германия даму институттары қоғамдық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды дәстүрге айналдырса, Оңтүстік Корея мен Қытайдың даму банктері негізінен экономиканың қайта өңдеуші салаларын қаржыландырумен айналысып келеді.

Қазақстандық қоғамның алдында 2020 жылға дейінгі дамудың Стартегиялық жоспарының жаңа міндеттері тұр. «2020 жоспары» бес бағытқа негізделген: ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау; қарқынды индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың өсуінің дәйектілігіне қол жеткізу; адамдық капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инвестицияны болашаққа белсене салу; халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету; ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру және халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту.

Қарқынды индустрияландыру мен инновациялық дамудың Мемлекеттік  бағдарламасы және елді индустрияландырудың  нақтылы картасы жасалынды. Осы  екі құжатта таяудағы бес жылда  қайдан және қалай құрылыс салынатыны жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланған.

Инвестициясының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгені  құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Ал, бұл дегеніңіз еліміздің жалпы  жиынтық өнімінің 40 пайызынан асады  және соңғы үш жылдың ішінде ғана 200 мыңнан астам жұмыс орындарын  ашуға тікелей мүмкіндік береді. Егер біз бұрын шикізат қорына арқа сүйесек, енді еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін шикізат саласының қатысуынсыз  нығайту мүмкіндігі туындап отыр.

Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері