Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

парахат курсовой инвестиция.docx

— 152.81 Кб (Скачать)

Бұдан басқа іске асырылған "Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шегіндегі айлақтың, жол алаңының құрылысы" инвестициялық жобасы айрықша қызығушылық тудырады. Жобаны іске асыру мұнайды барлау және өндіру бойынша теңіз операциясын жағалаулық қолдауды қамтамасыз етті, сол арқылы мемлекеттің Каспий аймағындағы мұнай өндіруші компаниялар саясатына ықпал етуінің қосымша құралы пайда болды.

Екінші кезеңде теңіз операцияларын қолдау флотын салу және оған ие болу жоспарланып отыр. Бұл кезеңді жүзеге асыру ұлттық теңіз сауда флотын қажетті түрді және сыныпты қазіргі заманғы кемелермен жабдықтауға, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша теңіз операцияларын іске асыруға қабілетті қосалқы флоттың құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа объектілерді салуға жағдай жасайды (жасанды аралдар және олардың үстіне мұнай инфрақұрылымын салу), бұл Каспий шельфінің қазақстандық секторындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Банк ең шапшаң дамитын  және болашағы бар телекоммуникация саласында "Транстелеком" АҚ жобасын қаржыландырды. Қазақстанның екі ірі қаласы Астана - Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланысты құру жобасын жүзеге асыру осы екі қала арасында ақпаратпен телебайланыс арқылы алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, алдыңғы қатарлы және прогрессивті байланыс құралдарын дамытуға әсерін тигізеді және олардың отандық бизнес және халық үшін максималды қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

• Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату

Өткізілетін реформаларды қолдау және салаларды онан ары дамыту үшін Қазақстан  Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында энергия өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындардың  жабдығын жаңарту мақсатында инвестицияларды  ұлғайту қажеттілігі қарастырылады.

Электр энергиясын өндіру және тарату бойынша ең капитал сыйымды инвестициялық  жобалар үлесі Банк қаржыландыратын  жобалардың жалпы көлемінің 13,2% құрайды.

Банк Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен бірлесіп, Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі электр желісінің құрылысы инвестициялық жобасын қаржыландырады ("KEGOC" АҚ). Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, елдің оңтүстік аймақтарындағы тарифтердің тұрақтануына, елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларын электржабдықтаудың сенімділігін және үздіксіздігін жоғарылатуға, мұнай бағаларының өсуімен байланысты тәуекелді төмендетуге жағдай жасайды. Осы инвестициялық жобаны іске асыру энергиясы артық солтүстік аймақтардан энергиясы жеткіліксіз оңтүстік өңірлерге электр энергиясының жеткізілу көлемін жоғарылатуға мүмкіндік береді, сонымен бірге электр энергиясын шектес мемлекеттерден тасымалдау жөнінен республиканың транзиттік әлеуетін ұлғайтуға жағдай тудырады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, Банк "Южполиметалл" АҚ ТЭЦ-1 қайта  құру бойынша жобаны қаржыландыруды бастады, оны іске асыру өндірілетін  жылу және электр энергиясының көлемін  ұлғайтуға, және бұл ресурстарды  заңды тұлғаларға және жақын орналасқан халыққа жеткізіп тұруға жағдай жасайды.

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін  шешетін тағы бір жоба қазіргі  кезде жүзеге асырылып жатқан Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-ның құрылысы инвестициялық жобасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын өндіру және оны Оңтүстік Қазақстан аймағында ең жоғары салмақты көтеру режимінде энергия жүйесіне жеткізу.

• Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру үлесі  Банктің қаржыландыруға мақұлдаған барлық жобалар көлемінің 63,6% құрайды.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі

Елде құрылып жатқан тоқыма кластерін  инвестициялауды Банк бірқатар мақта  шала өңделген өнімін бастапқы өңдеу  және сатып алу, дайын өнімді экспорттау бойынша жобаларды қаржыландыра отырып, мақта өңдеу өнеркәсібінің  экспорттық әлеуетін дамыту және қолдаудан  бастады. Содан кейін қосымша  құнның жоғары деңгейін алумен мақтаны  терең өңдеу бойынша инвестициялық  жобалар құрылымдандырылды.

Сөйтіп, Банктің қатысуымен "Ютекс" АҚ толық өндірістік циклды құрумен  байланысты жобасы іске асырылады (Шымкент  қ.), мақта талшығын әрекеттегі мақта  тазартатын зауытта өндіруден бастап, одан иірілген мақта жібін жасаумен аяқталады.

"Меланж" АҚ (Шымкент қ.) "Мақта маталарын шығару бойынша тігін және бояу-әрлеу өндірісін қайта құру" жобасы қаржыландырылып, пайдалануға енгізілді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде мақтаны ең терең өңдейтін ірі тоқыма және дайын матаның көптеген түрлерін шығару өндірісі ұйымдастырылды (4 қайта өңдеу), ол ең жаңа жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталған. Сол арқылы, мақта-тоқыма кластерінде қосымша құн тізбегін толық қамтуға қол жеткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы  мақтаны терең өңдеудің технологиялық  тізбегін аяқтау мақсатында, Банк "Ютекс" АҚ тігін өндірісін ұйымдастыру  бойынша жобасын жүзеге асыруға  қатысады, осы жоба бойынша толық  көлемде құрал-жабдықтың жабдықталуы  және жинақталуы жүзеге асырылды. Қазіргі  уақытта компания қазақстандық өнімді әлемдік нарықта дүние жүзіне белгілі сауда белгісімен өткізу бойынша шаралар өткізуде.

Банк, Қазақстанға Rieter (Швейцария) және LTG фирмасының (салқындату жүйелері) жіп  иіруші және тігін жабдығының ірі  әлемдік өндірушісін және жабдықтаушысын тарта отырып, Оңтүстік Қазақстан  облысында технопаркты құрды. "Ютекс" АҚ ұсынған технопарк аумағында: техникалық қызмет, технологиялық оқыту, иіруші эксперименталдық фабриканы құру, өндірісті жобалау, электрондық компоненттерді жөндеу, сондай-ақ басқа сервистік фирмалардың өкілдіктерін ашу ұйымдастырылады. Қазақстан осы тәрізді орталықтар ашылған әлемдегі бесінші мемлекет болады (Түркия, Қытай Халық Республикасы, Үндістан және Пәкістан).

Бұдан басқа, "Нимэкс-Текстиль" АҚ жібек маталары комбинатында тоқыма өнеркәсібін қалпына келтіру  және кеңейту бойынша жоба қаржыландырылады (Өскемен қаласы), оны 2007 жылы пайдалануға  енгізу жоспарланып отыр.

Басқа металдық емес минералдық өнімдерді  шығару

Банк құрылыс индустриясының қажетті  жоғары сапалы құрылыс материалдарын  шығаратын жобаларын инвестициялық  несиелеуді жүзеге асырады.

Оларға Астана қаласындағы ұялық  бетоннан үй құрылысы бұйымдарын шығару зауыты ("Экотон+" АҚ), Астана және Ақтөбеде жүзеге асырылған шыны-пластикалық  құбырлардың өндірісін құру бойынша  жобалар ("Амитех Карасай Пайп" ЖШС, "Хобас Пайпс Казахстан" ЖШС) жатады.

Осы инвестициялық жобаларды іске асыру отандық құрылыс индустриясының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді  және болашақта құрылыс материалдарын  жақын мемлекеттер нарықтарына  шығару бойынша әлеуетті мүмкіндік  береді.

Банк биылғы жылы бірталай ірі инвестициялық  жобалардың бірін мақұлдады, бұл - Қызылорда  қаласында ("Пилкингтон KZ" ЖШС) шыны табағын өндіру бойынша зауыт  салу.

Инвестициялық жобаның мақсаты  Қазақстан Республикасында әлемдік  стандарттарға сәйкес келетін шыны табағын және одан істелінген бұйымдардың  қазіргі заманғы өндірісін ұйымдастыру. Осы жобаны іске асыру ұлттық шыны өнеркәсібін құруды қамтамасыз етеді, техникалық тәжірибені, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану жолымен және стратегиялық серіктестің бәсекеге қабілетті өнім өндірісіне қатысуы арқылы құрылыс секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, енгізілетін шыны өндірісі басқа салалардың дамуы үшін мультипликативтік әсер береді (электр изоляторлары, шыны блоктары, шыны талшықты жіптер және т.б. сияқты қосымша құны бар өнімдерді шығару). Зауыт өнімі ішкі нарықта, Орталық Азия елдерінде және Ресейдің Сібір аймақтарында қажет болады, сонымен қатар ол Батыс Қытайға шығарылуы мүмкін.

Стратегиялық инвестор ретінде Pilkington plc, Ұлыбритания компаниясы таңдалды. "Pilkington" компаниясының жобаға қатысуы (Ұлыбритания) келесі себептермен  кесімделген: қажетті технологиялық  және қаржылық мүмкіндіктерге ие болу; әлемдік нарықтағы бедел және осы тәріздес жобаларды іске асырудағы  тәжірибенің бар болуы, сонымен  қатар шыны өнімін флоат әдісімен өндіру үшін лицензияның (патенттің) бар  болуы.

Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тарапынан "Silicium Kazakhstan" ЖШС жобасының ел үшін маңызды  стратегиялық мәні бар. "Металдық кремний өндіретін зауыттың құрылысы" жобасы іске асыру Қазақстан және аймақтар экономикасының дамуына:

- әлемдік стандарттарға сай  келетін экспортқа бағытталған  қазақстандық өнімнің өндірісін  қамтамасыз ету арқылы;

- Қазақстанда өнім өндірісінің  толық технологиялық тізбегін  құруға жәрдемдесу (шикізат Қазақстанда  өңделуі үшін пайдаланылады) арқылы  жағдай жасайды.

Сонымен қатар 2009 жылы Банк "Казақцемент" ЖШС жобасын мақұлдады, ол 2005-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өнеркәсібін дамыту бағдарламасына, Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік пәтер-үй құрылысын дамыту бағдарламасына, сонымен бірге Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының негізгі басымдылықтарына сәйкес келеді. Бұл жоба (Шығыс-Қазақстан облысында өнімділігі жылына 1 млн. тоннадан асатын цемент зауытын салу) цементті алдыңғы қатарлы технология бойынша шығаруды қарастырады, ол бір уақытта үнемділікті және жоғары экологиялық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.

• Химия өнеркәсібі

Банк осы салада "Казхимволокно" ЖШС жобасын мақұлдады, оның мақсаты "ARNIX" мета-арамид жібінің өндірісін  жаңарту және іске қосу, оның жылына 1500 тонна көлеміндегі жоғары термотұрақты сипаты бар. Мета-арамид өнімі бұл - жылуға төзімділік, өртенбеу, термотұрақтылық, жоғары химиялық және радиациялық беріктігі  және т.б. айырмалық физикалық-химиялық сипаттар кешені бар талшықтар, жіптер немесе талшықты-қабықшалы байланыстырушы материалдар.

Сонымен қатар Банк "Биохим" өндірістік кешенін құру жобасын  қаржыландырады, оның шегінде жоғары октандық экологиялық отын биоприсадкасын шығаратын өнеркәсіптік кешеннің құрылысы аяқталды.

• Машиналарды және жабдықты шығару

Дизель қозғалтқыштарының  өндірісін қалпына келтіру "Агромашхолдинг" ААҚ жобасы (Қостанай қ.) Қазақстандағы  ұлттық ауыл шаруашылық машиналарын  жасаудың дамуына және қалыптасуына жағдай жасап, салада жоғары технологиялардың енгізілуіне, аймақ халқының жұмыс  бастылығының өсуіне әкеледі.

"Южполиметалл өнеркәсіп  корпорациясы" "Бағыт ауыстырудың  реновациясы және жасалуы"  АҚ жобасы (Кентау қ.) елдің жағдайларына  лайықталған жаңа технологияларды  қолдана отырып, Қазақстанның өнімдегі  ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған. Жобаны іске асыру  нәтижесінде жаңа жұмыс орындары  құрылып, аймақтың әлеуметтік  мәселелерін шешуге мүмкіндік  береді.

Тамақ өнеркәсібі

Банктың тамақ өнеркәсібіндегі  жаңа жоғары технологиялық өндірістерді қаржыландыру мысалы "Vita" АҚ майды  дақылдар тұқымдарын терең өңдеу  бойынша зауыт салу жобасы болып  табылады. Жоба тамақ өнімін алу  үшін өндіріс инфрақұрылымын құруды және кейін сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін шығару үшін сояны тереңдетіп өңдеуді болжап отыр. Қазақстан үшін жаңа өңдеу  өндірісін құрудан басқа жобаны іске асыру егіс даласының ұлғаюына және сәйкесінше сояны өсірумен айналысатын  ауылды жердегі халық санының  өсуіне әкеледі.

Инвестициялық жобалардың тамақ  өнеркәсібінде жүзеге асуы бәсекеге қабілетті тауарлы өнімнің халықаралық  нарықтарға шығуына жағдай жасайды.

• Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі

Банк бәсекеге қабілетті  салалар үшін Қазақстанда бұрын  болмаған немесе дамымаған жүйе құрушы кәсіпорындардың ашылуын қаржыландырады.

Бұл салада "Іле қатырма-қағаз  комбинаты" АҚ, қатырма-қағаз өнімін шығару және өңдеу комбинатының құрылысы бойынша инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр, сонымен қатар Банк "Қазақстан Қағазы" АҚ, әрі қазақстандық, әрі аймақтағы басқа елдер  нарығы үшін қағаз орамасын шығару бойынша инвестициялық жобасын  қаржыландырды.

• Металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын шығару

Банк металлургия саласының  инвестициялық несиелеуін жүзеге асырады, ол Қазақстандағы машина жасаудың қазіргі  заманғы жоғары сапалы өнімін шығару үшін негіз құрады.

Осылайша Банк Павлодар қаласында  құрышты үздіксіз құйып, кейін ыстық  деформациялау әдісімен дөңгелек прокат өндірісін құруды қаржыландырды.

• Кокс, мұнай өнімдерінің өндірісі

Қазақстанның шикізаттық емес салаларының дамуы үшін елде өндірілетін көмірсутекті шикізатты  өңдеу әрі елдің ішкі қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін, әрі өңдеу өнімін сыртқы нарықтарға жеткізу үшін маңызды  мәнге ие болып отыр.

• Электр, электрондық және оптикалық жабдықты шығару

Банк Қазақстанда экспортқа  бағытталған және әлемдік нарықта  жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті жаңа жоғары технологиялық  өндірістерді қаржыландыруға айрықша көңіл бөледі.

Осы тәрізді жобалардың мысалы "Казэнергокабель" АҚ, телефон желілерін, жылу XLPE изоляциясымен бірге күш беретін кабельді шығаруды игерумен қатар кабель-өткізгіштік өнімнің өндірісін кеңейту бойынша жобасы болып табылады. Жоба шегінде кабель-өткізгіштік өнімнің жаңа түрлерін шығаратын өндіріс құрылу үстінде (телефон кабельдері және желілері, тігілген полиэтиленнен жасалған изоляциясы бар күш беретін кабель (XLPE изоляциясы).

Банк сонымен бірге  Ақтөбе қаласында рентген аппараттар өндірісін модернизациялау жобасын қаржыландырады, ол елдегі құрал-жабдықты шығару саласының дамып отырғанын айқын дәлелдейді.

• Ауыл шаруашылығы

Банк ауыл шаруашылығы  саласының дамуына айрықша көңіл бөледі, оның дамуы елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің стратегиялық бағыты болып табылады.

Бұл салада Банк мысал үшін Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан  облыстарының астық өндірушілеріне ауыл шаруашылық техникасының лизинг негізінде берілуін, сонымен қатар  астықты өңдеу және өндіріске Ақмола облысының қосымша шабындығын тарту бойынша жаңа қуаттарды құруды қаржыландырды.

Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері