Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

парахат курсовой инвестиция.docx

— 152.81 Кб (Скачать)

• Банктің таяу шетел нарықтарына шығуы шегіндегі жобалары

ИИДС шегінде Банктің  республика аумағынан шығуы қарастырылған. Банк инвестициялық жобалар бойынша  шетелде жүзеге асыруға ұсынылатын нақты өтінімдерді қарастыру  жұмысына кірісті.

Атап айтқанда, биылғы жылы "Газ терминалының Керчь қаласындағы  құрылысы, Украина" инвестициялық  жобасы қаржыландыруға мақұлданды. Жобаның негізгі мақсаты сұйытылған көмірсутекті газды (СКГ) қайта тиеу бойынша қызмет көрсету. Осы терминалдың құрылысы СКГ құнындағы көлік құраушысын елеулі қысқартатын болады. Жобаның жүзеге асуы Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарылатып, Қазақстаннан және Ресейден Еуропаға және Жерорта теңізі елдеріне СКГ тасымалдаудың жаңа балама бағытын құруға мүмкіндік береді.

 

 

2.3 «Қазақстан  инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық  жобаларын сипаттау

 

 

 «Қазақстанның инвестициялық қоры»  АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысының негізінде оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100%-дық қатысуымен құрылған.

Бүгінгі күні Қордың жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.

Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, жекеменшік сектордың экономиканың шикізаттық емес секторына бәсекеге қабілетті өндірістер құру жөніндегі бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық саясатын іске асыруға қолғабыс ету.

Мақсатты іске асырудың негізгі  құралы инвестицияланатын компанияның  акционерлік капиталына тікелей  қатысу болып табылады.

Қордың міндеттері:

1. Шикізаттар мен материалдарды тереңдетілген қайта өңдеуді жүргізетін, жаңа технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сондай-ақ өз қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндірістік қызметтерді көрсететін жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс істер тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;

2. Қордың инвестициялық жобаларды тең қаржыландыруы (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жекеменшік инвестицияларды ынталандыру;

3. Отандық және шетелдік ұйымдардың арасындағы аралас өндірістерді дамытушы, толықтырушы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық жобаларды бірлесе қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың шетелдегі белсенділігін көтеруге қолғабыс ету.

Қазіргі кезде Қордың инвестициялық  портфелінде қызметтің неғұрлым басым бағыттарындағы 31 жоба бар. Қор  бұл жобаларды тұрақты басқаруды  компаниялардың басқару органдарына  қатысу арқылы жүзеге асырады.

Қор құрылған кезден бастап (2003 жылғы 30 мамыр) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін  Қордың қарастыруына жалпы сомасы 2 404,422 млрд. теңгеге 507 инвестициялық  жобалар түсті. Соның ішінде 2010 жыл  үшін - 28,536 млрд. теңге сомаға 5 жоба, Қордан сұралатын қатысу сомасының мөлшері 9,6 млрд. теңге.

01.01.11 ж. жағдай бойынша  Қордың портфелі жалпы құны - 101,030 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық  жобадан тұрады, оларға ҚИҚ қатысуы  – 31,798 млрд. теңгені құрайды.

Қордың инвестициялауының  негізгі салалық бағыттары болып  табылатындар:

  • құрылыс материалдарын өндіру; 
  • металлургия;
  • машина жасау; 
  • орман ағашын өңдеу өнеркәсібі; 
  • ауыл шаруашылығын өнімдерін қайта өңдеу; 
  • химия, мұнай химиясы, фармацевтика.

2011 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша іске асырылатын  жобалар 

  1. Еден жабындарының ПВХ өндірістері

Инвестицияланатын компания: «Eurasiaflor» АҚ

Жобаның мәні: Қарағанды қаласындағы «Казстройполимер» АТАҚ базасында іске қосуды және дамуды қалпына келтіру арқылы Республикада еден жабындарының ПВХ өндірістері.

Жобаны іске асыру мерзімі: инвестициялар басталған кезден бастап 5 жыл.

Жобадан шығу: 2008-2010 жж.

Жобаны іске асыру аймағы: Қарағанды қаласы

Жобаның құны: 1 110 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 414 млн. теңге (37%)

  1. Шідерті рудалық емес материалдар комбинатында өндірісті қалпына келтіру және шығарылатын өнімдердің ассортиментін кеңейту

Инвестицияланатын компания: «SMS Engeneering» АҚ

Жобаның мәні: Бар өндірісті қалпына келтіру, қосымша жабдықтар сатып алу жолымен шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, текше тектес қиыршық тастар шығару желісін іске қосу

Жобаны іске асыру мерзімі: Қаржыландырудың басталуы – ақпан 2006 ж.

Жұмыс істеп тұрған желіні жаңғырту – мамыр 2006 ж..

Жаңа желіні іске қосу –  қазан 2006 ж..

Жобалық қуаттылыққа шығу – 2009 ж..

Қордың жобадан шығуы  – мерзімінен бұрын шығу.

Жобаны іске асыру аймағы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Шідерті кенті

Жобаның құны: 2 214 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 696 млн. теңге (28.45%)

  1. Озық технологияларды пайдалану жолымен Қазақстандағы алғашқы балық шаруашылығы компанияларының холдингін дамыту

Инвестицияланатын компания: «White Fish of Kazakhstan» АҚ

Жобаның мәні: Биоресурстарды ұтымды пайдалану үшін Қазақстанда алғашқы балық шаруашылығының тік интеграцияланған компаниясын дамыту, балық өсіру өнеркәсібін жандандыру, аквамәдениенттің жаңа объектілерін өсіру, өнеркәсіптік балық аулауды ұйымдастыру, меншікті сауда желісі арқылы өткізу, өзіндік корпоративтік брэндті жасау, жоғары сапалы, экспортқа бағытталған балық өнімдерін өндіру, ғылыми және халықаралық ұйымдармен тиімді ынтымақтастық.

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 6 жыл 
Жобадан шығу: 2012 жыл

Жобаны іске асыру аймағы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Жобаның құны: 3 600 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 1 005 млн. теңге, (42,34%)

  1. Ақтөбе қаласында темірбетонды бұйымдар зауытын ұяшықты бетон өндірісін ұйымдастырумен қайта құру

Инвестицияланатын компания: «АқтөбеҚұрылысИндустрия» АҚ

Жобаның мәні: Қазақстан Республикасында құрылыс материалдарын сұраныстарды қанағаттандыру үшін темірбетонды бұйымдар зауытын ұяшықты бетон өндірісін ұйымдастырумен қайта құру. Өндірістік қуаттылық – жылына 170 мың текше м.

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 10 жыл 
Жобадан шығу: 2011-2015 жылдар

Жобаны іске асыру аймағы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Жобаның құны: 4 038 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 700,0 млн. теңге, (48,01%)

  1. «Шар-Өскемен станциясы» жаңа т/ж желісінің құрылысын салу және пайдалану

Инвестицияланатын компания: «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ

Жобаның мәні: Мемлекеттік шекараны екі рет кесіп өтуді және кедендік рәсімдерден өтулерді болдырмайтын жаңа көлік бағытын жасау; жүктерді жеткізуді жылдамдату; аздаған пайдалану шығындары; қосымша коммерциялық қызметті дамыту үшін көлік коммуникацияларын пайдалану

Жобаны іске асыру мерзімі: Кезеңдер:  
1-ші кезең: 2005- 2008 жылдың соңы – құрылысын салу; 
2-ші кезең: 2009-2028 – пайдалану және салынған қаражаттарды қайтару  
Жобадан шығу: 2028 жыл

Жобаны іске асыру аймағы: Шығыс Қазақстан облысы

Жобаның құны: 24 480 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 5 805 млн.теңге (48,94 %)

  1. ШҚО-да балық өңдеу жөніндегі зауытты жаңғырту және кеңейту

Инвестицияланатын компания: «Зайсан Балық Өнімі» АҚ

Жобаның мәні: Шығыс Қазақстан облысында балық өңдейтін зауыттардың жабдықтарын жаңғырту. Қақталған балықтарды және қатырылған қалдықтарды өндіру жөніндегі қосымша желілерді ендіру жолымен өнімдер өндірісін кеңейту, сондай-ақ Зайсан көлінде кәсіптік аулауды ұйымдастыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 5 жыл 
Жобадан шығу: желтоқсан, 2008 жыл

Жобаны іске асыру аймағы: Шығыс Қазақстан облысы

Жобаның құны: 318 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 111 млн. теңге (35%)

  1. Әк және силикат кірпіш өндіру көлемін кеңейту және БҚО-да құрылыс материалдарын шығару жөніндегі жаңа өндірістер құру

Инвестицияланатын компания: "Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы" АҚ

Жобаның мәні: Әк және силикат кірпіш өндіру көлемін ұлғайту, сондай-ақ жергілікті шикізатты пайдалана отырып ұяшықты бетоннан бұйымдар шығару жөніндегі жаңа өндірістерді құру.

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 6 жыл 
Жобадан шығу: 2009-2011 жылдар

Жобаны іске асыру аймағы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Жобаның құны: 2 558 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 866 млн. теңге (33,9%)

  1. ЕХМЗ сирек металдардың төртінші бөлінісін жасау

Инвестицияланатын компания: «Ертіс Химия-Металлургия Зауыты» АҚ

Жобаның мәні: Тауар өнімдерінің номенклатурасын кеңейту және жоғары технологиялардың халықаралық нарығына шығу арқылы сирек металдарды (ниобий, тантал, молибден, вольфрам, цирконий) терең қайта өңдеу процесін ұйымдастыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 10 жыл 
Жобадан шығу: 7-ші жылы (2012 ж.)

Жобаны іске асыру аймағы: Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха ауданы, Первомайский кенті

Жобаның құны: 1 555 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 693 млн. теңге (44,6%)

  1. Арнаулы кокс өндіру және электрлі және жылу энергиясын шығару жөніндегі кешенді жасау

Инвестицияланатын компания: «Қазақстан Инвест Көмір» АҚ

Жобаның мәні: Арнаулы кокс өндіру және электрлі және жылу энергиясын шығару жөніндегі кешенді жасау

Жобаны іске асыру мерзімі: Іске асырудың жалпы мерзімі: 5 жыл

Кезеңдер:

  • 1-ші кезең: 2,5 жыл (құрылыс)
  • 2-ші кезең: 2,5 жыл (жобадан шығу)

Жобадан шығу: 2009 жыл

Жобаны іске асыру аймағы: Қарағанды облысы

Жобаның құны: 1 170 млн.теңге

ҚИҚ қатысуы: 555,44 млн. теңге (49%)

  1. Табиғи және өнеркәсіптік объектілердің аэроғарыштық мониторингі

Инвестицияланатын компания: «КАЗГЕОКОСМОС» АҚ

Жобаның мәні: Табиғи және өнеркәсіптік объектілердің аэроғарыштық мониторингі

Жобаны іске асыру мерзімі: инвестициялар жүзеге асырылған кезден бастап 7 жыл.

Жобадан шығу: 2007-2013 жж.

Жобаны іске асыру аймағы: Алматы қаласы

Жобаның құны: 660 млн. теңге

ҚИҚ қатысуы: 466 млн. теңге (42,4%)

 

 

 

 

 

3 Қазақстан экономикасындағы  инновациялық-инвестициялық жобалардың  жүзеге асырылуы

 

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымына төрағалық етуі – тәуелсіз еліміз үшін үлкен мәртебе. Қазақ елінің Азия аумағында тұрақты дамып келем жатқан мемлекет ретінде өзіндік орны бар. Енді Еуропадағы мәртебелі ұйымның тізгінін ұстау – еліміздің халықаралық қауымдастықтағы беделін жаңа сатыға көтермек. Сондықтан төрағалық аясында атқарылған іс-шараларға ел халқы айырықша назар аударады. Қазақстанда бұл ұйымның өкілдігі 1999-шы жылы ашылды. Бұл өкілдіктер өзінің көзқарасын біздің ішкі саясатқа, сыртқы саясатқа – барлығына сараптама жасап отырады. Екіншіден бұл ұйымның басты мақсаты – қауіпсіздік сақтау. Одан басқа демократиялық процесстердің дамуы, елдегі адам баласының құқығын қорғау, одан кейінгі жағдай қару-жарақтарды қалай қолданады – соны бақылау. Одан басқа қоршаған ортаны қорғау, экология, содан кейін экономиканы дамыту.

Осыған орай экономиканы  жаңғырту және халықты жұмыспен қамту  стратегиясы негізінде қолға  алынған жобалар бүгінде өз шешімін  тауып отыр.

Ұстіміздегі жылдың басты  міндеті 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын, сонда көзделген  ірі инвестициялық, инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыру болып табылатындығын атап көрсете келе, бұл бағдарламаның  негізгі мақсаты ұзақ мерзімді кезеңде  Қазақстан экономикасын әртараптандыра отырып, оның бәсекеге қабілеттігін арттыру  болып табылады.

Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері