Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

парахат курсовой инвестиция.docx

— 152.81 Кб (Скачать)

Қысқартылған  сөздер тізімі

 

 

ҚДБ – Қазақстан Даму Банкі;

АҚ – Акционерлік қоғам;

ААҚ – Ашық акционерлік  қоғам;

ҮИИДБ – Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы;

ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ҚИҚ – Қазақстан инвестициялық  қоры;

ДТЖ – Досжан темір жолы;

ЕХМЗ – Ертіс Химия-Металлургия  Зауыты;

СКГ – сұйытылған көмірсутек газы;

АҚШ – Америка Құрама Штаты;

ҚР – Қазақстан Республикасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Инвестициялық жоба - халықаралық  тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары  бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба»  деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез  келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның  тартуымен байланысты болады. Жалпы  түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі  бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаны жүзеге асыру алдында  оның білікті сараптамасы – жобаның  өмірлік циклына аса қажетті  саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен  стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын  болса, онда инвестордың өзі сараптама  жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының  көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл  кезеңде беделді бір консалтингтік  фирмаға ақшасының кейбір бөлігін  жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын  инвестициялық жобаны негізінен  өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның  негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

Жобаны іске асыру - бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі  бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз»  шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Болашақ инвестициялық  жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын  іске асыра ала ма деген сауал  туындайды. Бұл сұраққа жауап  беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.

Курстық жұмытың тақырыбы: «Жобалық талдау, оның мазмұны мен  міндеттері».

Курстық жұмыстың мақсаты: жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.

Осыдан келіп, курстық жұмыстың  негізгі міндеттері туындайды:

  • Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
  • Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
  • Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
  • Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
  • Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.

Курстық жұмыс қысқартылған сөздер, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен  және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде, жобалық  талдаудың түсінігі: мақсаттары, міндеттері, түрлері және қағидалары туралы жазылған.

Екінші бөлімде, Қазақстан  Республикасындағы даму институттары, оның ішінде «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, « Қазақстан инвестициялық қоры»  АҚ-ның инвестициялық жобалары талданған.

Үшінші бөлімде, Қазақстан  экономикасындағы инновациялық-инвестициялық  жобалардың жүзеге асырылуы мен дамуы  сипатталған.

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден  тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы  бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен  аяқталуы керек.

Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен  қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан  өзгеруі мүмкін және жаңартылған  жобаны талдау басынан басталуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жобалық талдау  түсінігінің теориялық аспектілері

 

1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты

 

Жобалық талдау инвестициялық  жобаны алдын ала дайындау кезеңінде  жүзеге асырылады. Жобалық талдау арқылы инвестициялық жобаның іске асырылу  тиімділігіне баға бріледі.

Жобалық талдау – бұл  жобаға жұмасалатын шығындарды, осы  жоба бойынша түскен табыстарды салыстыру  негізінде жобалық табыстардың  салыстыру негізінде жобалық  талдаудың үдерісі болып табылады.

Жобалық талдаудың міндеттері:

  • іске асырылған жобаның іс жүзінде кедергі болар шектеулерін және олардың өзгерістерін ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру;
  • жоба бойынша жұмасалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі нұсқалар бойынша салыстыру;
  • жобаны іске асырудан түскен табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жалпы алғанда жобалық  талдаудың бірінші міндеті инвестициялық  жобаның іске асырылуын бағалау; екіншісі – нәтижелігін бағалау; үшіншісі –тиімділікті бағалау; төртіншісі – жобаны белсендіру болып табылады.

Жобалық талдаудың мақсаты  – инвестициялық ресурстарды  пайдаланудың балама тәсілдері арасында талдау туралы дұрыс шешім қабылдау. Жобалық талдау инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруға жұмсалған шығындар мен одан алынатын пайданы салыстыруды  көрестеді. Сол себепті жобаны талдауда жоба құндылығын анықтау маңызды  рөл атқарады. Жоба құныдылғының шамасы осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде  алынатын пайда мен оған жұмсалатын шығындар айырмасымен анықталады.

ЖҚ = П – Ш,

мұнда, П – пайда (табыс);

            Ш – шығындар.

Инвестициялық жоба пайдасы  мен оған жұмсалатын шығын құрамы әр түрлі сипатталады және оны  анықтау оңай емес.с оныдықтан  жобалар әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Ең алдымен инвестициялық  жобалар техникалық негізделген  бе, коммерциялық тұрғадан өміршең  бе, өзін-өзі қайтарымдылығы қамтылған  ба, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі  ақтай ма, жобаның қоршаған ортаға әсері жағымды немесе жағымсыз ба, жергілікті әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық  ерекшеліктеінің жобадағы көрінісі, жобаны жүзеге асырудағы институционалдық мүмкіндіктерінің болуы тұрғыларынан қарастыру қажет.

Инвестициялық жобаны талдаудың  екі көзқарасы бар:

  • макрокөзқарас;
  • микрокөзқарас.

Макрокөзқараста қарастырылып отырған жобаның жалпы мүмкін болатын нәтижелерін талдаудың  үш түрін көрсету керек – салалық, аймақтық, ресурстық.

Салалық талдауда осы жобаға қатысты салаларды, аймақтық талдауда инвестициялық обьектіні орналастыру  үшін нақты аймақтың мүмкіндіктерін, ресурстық талдауда табиғи шикізаттарды және басқа да ресурстарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп  өнімдерін тиімді пайдаланумен байланысты нақты мүмкіндіктерді айқындау қарастырылады.

Микрокөзқарас бойынша инвестициялық  жобаны талдау инвестордың жоба туралы ойын анық инвестициялық көзқарасқа ауыстыруға ынталандыру бойынша  бірқатар факторларды анықтау болып  табылады.

 

 

1.2 Жобалық талдаудың  түрлері

 

Инвестициялық жобаны талдау қарастырылатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға  негізделеді. Сондықтан да, инвестициялық  жобаны жасау және жүзеге асыру үшін әлемдік және отандық тәжірибеде инвестицияық жобаларды талдауды бірнеше  түрге бөлуге болады.

Жобалық талдаудың түрлері:

  • Техникалық талдау;
  • Коммерциялық талдау;
  • Институционалдық талдау;
  • Әлеуметтік талдау;
  • Қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талдау;
  • Қардылық талдау;
  • Экономикалық талдау.

Техникалық талдау – бұл  инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды  анықтау және обьектінің орнын таңдай мәелелері шеңберінде жүргізіледі.

Техникалық талдаудың  негізгі мақсаты осы инвестициялық  жобаға ең тиімді техника және технология нұсқаларын қарастыру және анықтау  болып табылады.

Техникалық талдау келесідей  міндеттемелерді шешуге көмектеседі:

  • техникалық – технологиялық нұсқауларын анықтау;
  • орналасқан жерін таңдау;
  • жобаның көлемін анықтау;
  • жобаның жүзеге асыру мерзімін және оның кезеңдерін анықтау;
  • шикізат көздерінің, жұмыс күшінің және басқа да ресурстардың қол жетімділігін және жеткізілуін анықтау;
  • өнімінің нарық сыйымдылығын анықтау;
  • ескергендегі кездейсоқ жоспарланған жобаның шығындарын болжау;
  • жобаның графигін анықтау.

Жобаға техникалық талдауды жүргізу барысында жобаның сметасы  мен бюджеті анықталады. Мұндай кездейсоқ  шығындарға әкелетін мүліктік және бағалы факторларға талдау жүргізіледі. Техникалық талдау арқылы жобаның іске асырылуына қатысты құрылыстық және архитектуралық мәселелер шешіледі.

Техникалық талдауда инвестициялық  жобаның техникалық-экономикалық нұсқалары  зерттеледі, жобаның дұрыс таңдалғаны дәлелденеді, оның жүзеге асырылуының  оңтайлы мерзімдері, шикізаттық және басқа да қажетті ресурстардың болуы, жобалық зерттеу жұмыстарында және басқа да шығындарды есептейді.

Коммерциялық талдау өнімді өткізумен байланысты. Бұл талдаудың  мақсаты жоба бойынша өнімдер  мен қызметтерді тұтынушы жағынан  бақылау болып табылады.

Коммерциялық талдау жүргізу  үдерісінде осы инвестициялық обьектіні  аяқтап, іске қосқаннан кейін өнімді өткізу немесе қызмет көрсету нарығы зерттеледі. Мысалы, қажетті шикізаттар мен құралдарды жабдықтау жағдайы, өндіріс пен өткізу үдерісі, соның  ішінде нарық сыйымдылығы бағаланады.

Коммерциялық талдауда өнімді өткізу нарығымен байланысты шығарылатын  өнімнің сапасы мен көлемі, экспортқа  бағдарлануы, импортауыстыруы, дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестігі, өнімді өткізуде қалай жүзеге асатындығы, өнімді сату көлемінің жеткіліктігі, өндірілген өнімнің өткізуге байланысты бағасының  өзгеру жағдайында жобаны жүзеге асырудағы  табыстылықтың өзгерісі нақтыланады.

Коммерциялық талдауды маркетингтік зерттеулер жұмысымен байланыстыруға болады. Коммерциялық талдауды жүргізетін үш міндеті бар:

  1. маркетингтік қызметке байланысты;
  2. ресурстарды алу көздері мен шартарына байланысты;
  3. өндіріс пен өткізу жағдайына байланысты.

Коммерциялық талдау келесідей  мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жаңа баға белгілеу кезінде жобаның жүзеге асырылуы;
  • ұсынылған жобаның нарық сыйымдылығында қандай да бір бөлігін қамтамасыз етуі;
  • жалпы шығармашылық жолдарды нарыққа өткізу деңгейі,
  • тауардың отандық немесе экспортқа арналуы;
  • нарыққа тауарды өткізу үшін маркетингтік шаралардың өткізілуі;
  • әлемдік нарықта тауардың бәсекеге қабілеттігі деңгейінің болуы.

Институционалдық талдаудың  мақсаты – бұдл жобаны жүзеге асыру  және іске қосу барысындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайға баға беру болып табылады. Сондықтан  институционалды талдау арқылы басқару, ұйымдастырушылық құрылым, жоспарлау  кадрларды оқыту, қаржылық қызмет бойынша  қажетті ұсыныстар жасалады.

Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері