Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

Қысқартылған сөздер тізімі................................................................................3
Кіріспе......................................................................................................................4
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері...............................6
1.1 Жобалық талдаудың маңызы мен мақсаты....................................................6
1.2 Жобалық талдаудың түрлері............................................................................7
1.3 Жобалық талдаудың қағидалары...................................................................11
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық жобаларын талдау.................................................................14
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау..............................14
2.2 «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның инвестициялық жобаларын талдау......................................................................................................................21
2.3 «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ның инвестициялық жобаларын сипаттау..................................................................................................................29
3 Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы.........................................................................34
Қорытынды..........................................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................41
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

парахат курсовой инвестиция.docx

— 152.81 Кб (Скачать)

Сондай-ақ, менеджменттің  инвестициялық саласындағы әдістері,  моноторинг және бағалау әдістері, ұтымды ұйымдастыру құрылымы, бухгалтерлік есеп және аудит және тағы басқа  мәселелер қарастырылады.

Міндеттері:

  • әрекет ететін заңнамаға сәйкес жоба қатысушыларының міндеттерін анықтау;
  • материалдық-техникалық база, қаржылық жағдай, біліктілікті жоғарлату, құрылым бойынша жоба қатысушаларының әлсіз және күшті жақтарын бағалау;
  • қоршаған орта, жалақы, баға, мемлекетті қолдау, сыртқы экономикалық байланысқа қатысты заңдық нұсқаулардың, үкімдердің, жарлықтардың жобаға әсер етуін бағалау;
  • талдау үдерісінде анықталан жоба қатысушаларының әлсіз жақтарын жою және жобаға жағымсыз факторлардың әсер етуін төмендету бойынша шараларды жасау;
  • жобаның тиімділігіне әсер ететін ұйымдастырушылық факторларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау.

Институционалдық талдау инвестициялық жобада жүзеге асырылатын жағдайларды, яғни құқықтық, саяси ортаны және ұйымдарды бағалау, жобаның  мемлекеттік органдар талаптарына  бейімделуін талдау, кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметін, қаржылық жағдайын және тағы басқаларды талдау жүзеге асырылады.

Әлеуметтік талдау – жобаның  қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыскерлердің тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, еңбек ету, демалыс жағдайларында  кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.

Әлеуметтік талдаудың  мақсаты – бұл жоба жоспарының нұсқауларын, оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдауды жүргізу нәтижесінде  жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет етудің стратегиялық мүмкіндігін  қамтамасыз ету қажет.

Әлеуметтік талдаудың  шешетін мәселелері:

  • жобаға қатысты елдің халықаралық, әлеуметтік, мәдени және деморграфиялық сипаты;
  • жобаны жасауда сол елдің әдет-ғұрпының және дәстүрінің ескерілуі;
  • іске асыру барысында жергілікті халықтың мүдделерінің ескерілуі.

Әлеуметтік талдаудың  стандарттық әдісі мен процедураларының жоқтығынан бұл жобаның түрі өте  күрделі болып келеді.

Жоба бойынша әлеуметтік нәтижелер келесідей болуы мүмкін:

  • аймақтық жұмыс орындары сапасының өсуі;
  • жұмысшылардың тұрғылықты жағдайының жақсаруы;
  • жұмысшылардың еңбек шарттарының өзгеруі;
  • өндірістік кадрлар құрылымының өзгеруі;
  • халықтың және қызметкерлердің денсаулық деңгейінің жақсаруы.

Экологиялық талдауда –  экологияға залал тигізу туралы сараптамаға  баға беріледі. Залал орын алған  жағдайда оны жеңілдеті немесе болдырмау  шаралары анықталады. Дүниежүзілік тәжірибеде жоба бойынша шығындар сметасына  қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру шығындары енгізіледі. Олардың  ауытқу деңгейі барлық салымдардың 10%-ын құрайды. Сонымен қатар, шығындар сметасында күтілмеген шығындарға шағын жобалар үшін 5%, ал мегажоба үшін 15% шамасында шығындардың деңгейі қарастырылады.

Экологиялық талдаудың мақсаты  – инвестициялық жобаның өмірлік  кезеңдерінде жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу. Оның жағымсыз болған жағдайында залал  масштабы және оның алдын алу шаралары қарастырылады. Экологиялық талдау бойынша ранайы экономикалық қорытынды  жасалуы тиіс және ол экологияға байланысты мәселелерді жетік білетін мамандардың  қатысуымен дайындалып бекітіледі.

Экономикалық талдау кезінде  тек қана пайда мен шығындар қарастырылып қоаймай, әрбір қатысушы мен қоғам  тұрғысынан жобаны ұйымдастырудағы  ғаламдық проблемалар зерттеледі. Бұл  талдау түрі қаржылық, техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, және басқа да түрлерімен байланысты, яғни кеңірек болып келеді.

Экономикалық талдаудың  мақсаты – нарықтық мәмілелерде  көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды, сонымен  қатар, жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне  баға бере отырып, инвестициялық жобаның  нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады.

Экономикалық талдаудың  міндеті – жобаның іске асырылуымен  байланысты шығындар мен нәтижелерді  тікелей салыстыруға мүмкіндік  беретін тетктерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып  табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобаның даму мақсатына мүмкіндік  жасатын және ең аз шығынды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол  жеткізетін балама тәсілдерді анықтауға  бағытталған.

Қаржылық талдау – экономикалық талдаудың жалғасы ретінде қаржылық ақпараттарды жинау, трансформациялау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын  білдіреді.

Қаржылық талдауың міндеттері:

  • кәсіпорындардың ағымдағы және болашатағы қаржылық жағдайларына баға беру;
  • қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда кәсіпорындардың мүлкін болатын даму қарқынын талдау;
  • қол жеткізуге болатын қаражат көздерін анықтау отырып, оларды жұмылдыру мүмкіндігіне баға беру;
  • капитал нарығындағы кәсіпорынның жалпы жағдайына болжау жасау.

Қаржылық талдаудың негізгі  мақсаты – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен нәтижелерін  зерттеу ең бірінші кезекте әрбір  қатысушының максималды пайда алуының  тиістілігі ескеріледі.

Қаржылық және экономикалық талдау – инвестиция тиімділігінің  көрсеткіштерінтұтас экономика  үшін жобаның табыстылыған баға беріледі.

 

 

1.3 Жобалық талдаудың  қағидалары

 

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі  бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз»  шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Ақша ағынын модельдеу  дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі  уақыттағы табыс пен шығынды  өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру  мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша  ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты.

Ақша ағынын модельдеу  есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның  барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру  негізінде жүзеге асырылады.

Ақша ағындарының көрсеткіштері  бойынша инвестициялар тиімділігін  бағалау әдістері жобаның бүкіл  өмірлік циклін ечепке алады. Инвестициялық  жобаның ақша ағыны – бұл барлық есеп айырысу кезеңі үшін анықталатын  жобаны жүзеге асырудағы түсімдер мен  төлемдердің уақытына тәуелділік болып  табылады. Ақша ағындарының мәні әр қадамда келесідей сипатталады:

  • осы қадамда ақша түсімдерінің бірдей өлшемде ағылып келуі (немесе баға көрінісіндегі нәтижелер);
  • осы қадамда бірдей төлемдердің қайтуы;
  • қаржының ағып келуі мен қайтуы арасындағы бірдей айырманың сальдосы (белсенді баланс, әсер). Инвестициялық базада қаржының ағылып келуі мен қайтуы И, ал пайдалануы – Д деп белгіленеді.

Уақыт факторын ескеру жобаның  парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс  өндіруі және ресурстардың келуі  олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі  және бірдей еместігі ескеріледі.

Жобаны талдаудың екі  қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше  валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:

  • ішкі наықтағы теңгенің жалпы индексі;
  • теңгенің валюталық курсын болжау;
  • сыртқы инфляцияны болжау;
  • ресурсқа және өнімге (энергия ресурстары, сатериалдар, құрал-жабдықтар, транспорттық тасымалдар, құрылысмонтаж жұмыстары және т.б.);
  • салық мөлшерлемесін, кедендік баж жиынын, орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін болжау.

«Жобамен» және «жобасыз»  салыстыру. Инвестициялық жобаның  тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру  жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл  кәсіпорын қызметіндегі маңызды  микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі  және т.б.).

 

Кесте 1 - Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру

 

Қызмет түрі

Ақша түсімі

Ақша қаражаттарының түсімі

  1. Өндірістік
  1. Тауарды сатудан түскен табыс
  2. Ғимараттардың амортизациясы
  3. Құрал-жабдықтардың амортизация
  1. Шикізат материалдарын сатып алу шығындары
  2. Еңбекақы
  3. Салық
  1. Инвестициялық
  1. Кәсіпорындардың акцияларын сатудан түскен табыс
  1. Несиелік орларды сатып алу шығындары
  2. Айналым қорларымен байланысты шығындар
  1. Қаржылық
  1. Несиені алу
  2. Акцияларды сатудан түскен табыс
  3. Облигацияларды сатудан түскен табыс
  1. Облигация немесе несие бойынша пайыздарды төлеу
  2. Облигация немесе несие бойынша пайыздарды өтеу
  3. Акция бойынша дивиденд төлеу

 

Мұндай инвестициялық  жобаны қабылдауды жоспарлайды, сондай-ақ жобаны қабылдау немесе қабылдамау жағдайларын  анықтайды. Сол себепті кәсіпорын  өзгерісін табу қажет.

Кесте 2

 

Жиынтық табыс

Жиынтық шығындар

Таза пайда

Жобамен

90 млн

60млн

30млн

Жобасыз

60млн

50млн

10млн

Өзгерісі 

30млн

10млн

20млн


 

Жоғарыда анықталғандай, жобаны іске асыру туралы шешім қабылдағанда шығындардың өсуіне қарамай кәсіпорынның таза пайдасы 20 млн болады.

Жобалық талдаудың уақыт, инфляция, тәуекел факторларының  қағидалары «кеңістіктегі құн» деген  ұғымға негізделеді. Яғни бүгінігі 1 теңгенің ертеңгі 1 теңгеге қарағандағы құны пайыздық болып келеді. Сондықтан  да инвестициялық жобаны бағалау  кезеңінде жоба бойынша пайыздық мөлшерлеменің деңгейін таңдау маңызды  болып табылады. Нақты экономикада  бірегей мөлшерлемелер жоқ. Олардың  бірнеше түрлері болады. Оларға қысқа, ұзақ мерзімді несие бойынша облигация, депозит бойынша және тағы да басқа  пайыздық мөлшерлемелердің түрлері  жатады. Сондықтан да инвестициялық  жобаның қаржылық менеджерлері ең тиімді қаржыландыру көзін және инвестицияның  обьектісін таңдау барысында нақты  экономикадағы пайыздық мөлшерлемелерге  негізделуі тиіс. Сонымен пайыздық мөлшерлеме және салыстыру мөлшерлемесі белгілі бір уақыт ішінде ақша ресурстарының құндылығының өзгеріс  қарқынын сипаттайтын көрсеткіш  болып табылады.

Жобалық талдаудың негізгі  мақсаты жобаның тиімділігін  бағалау болып табылады. Мұндай кіспорын инвестициясының жобасын жүзеге асыру және кәсіпорын инвестициясының  жобасын жүзеге асырмау әдістерін  қолдану маңызды. Басқаша айтқанда, бұл қағида «жобамен» және «жобасыз»  деп аталады.

Жобалық талдаудың барлық бағыттары мен қағидалары негізінде  инвестициялық жобаның бизнес-жоспары  жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы  даму институттарының инвестициялық  жобаларын талдау

 

    1. Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау

 

Информация о работе Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері