Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:11, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1. Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
2.2. Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
2.3. Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
ІІІ-ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
3.3. Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Туристік кадрларды даярлаудың, олардың біліктілігін арттыру мен аттестаттаудың келесі негізгі міндеттері анықталған:
Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру мақсаты - рыноктық экономиканың өскелең талаптарына сай кадрлардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады. Біліктілігін арттыру бүкіл еңбек қызметінде 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі. Мамандардың білікгілігін арттырудан өту кезеңділігін жұмыс беруші белгілейді. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстан қол үзіп және қол үзбей өткізілетін оқу іс-шараларының (мектеп, курстар, семинарлар, жиындар) шеңберінде сондай-ақ ішкі туризмнің белсенді түрлерін дамытатын ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, оқу мақсаттарында өткізілетін жорықтарда, маршруттарда, жарыстарда, экспедицияларда жүзеге асырылады. Туристік кадрлардың біліктілігін арттыру шарттық негізде, білім беру ұйымдарының базасында (туристік салалар үшін кадрлар дайындайтын ғылыми, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында) ұйымдастырылады. Біліктілігін арттырудан өткен адамдарға осы Ереженің қосымшасында белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі. Туристік кадрларды аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін айқындау, қауіпсіз және тиімді туристік жорықтар мен экскурсиялар жүргізу кезінде жан-жақтылығы мен жете білушілігі, ұйымдастыру қабілеттіліл болып табылады. Аттестаттау әрбір 5 жыл өткен сайын өткізіледі.
Туристік кадрлар аттестаттаудан:
Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Аттестаттау
нәтижелері бойынша қоғамдық туристік
кадрларға еңбек қызметінің ерекшелігіне
байланысты тиісті санаттар беріледі.
Қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі
санаттарын дайындауды туристік жарыстарды,
оқу-жаттығу жорықтарын және экскурсияларды,
әртүрлі күрделі туристік маршруттарды
өткізу кезінде, сондай-ақ қоғамдық туристік
бірлестіктер ұйымдастырған туристік
іс-шараларда (курстарда, семинарларда,
жиындарда), экскурсия жетекшілерінің
курстарында спорттық туризмнің облыстық
федерациялары жүзеге асырады.
3.3
Туристік қызметтердің бәсекелестігін
көтерудің ұйымдық-экономикалық
механизмдері
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің д.д. үшінші мың-жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдениағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып самалды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі № 1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуірдеп № 3476 және "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.
Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.
Туризм
саласындағы халықаралық
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристік ұйым болды, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік нысанында және 14 шетелдік туристік агенттік жұмыс істеді. Қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан. 4 алматылық, және 13 облыстық турфирма 8 мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейін қызмет көрсетеді.
Тұтастай алғанда, 1999 жылы барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар 2410,5 млн. теңге сомасында, оның ішінде мемлекеттік туристік кәсіпорындар 57,3 млн. теңге, жеке меншіктегілері 2298,5 млн. теңге, шетелдік фирмалар 54,7 млн. теңге сомасында өнім сатты, жұмыстар орындады, қызметтер көрсетті.
Республика бюджетінен түсетін жалпы түсімдердегі туристік қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесі 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы статистикалық есеп беру үлгісі бұл мәліметтерді жинауды көздейді. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда елдегі ЖІӨ-нің туризмдегі үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, ол 1,1%-ды құрады.
Туристік ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмаларының қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 20,9 мыңға немесе 60%-ға көп. 1999 жылы қызмет көрсетілген туристердің жалпы көлемінен шетелге туристерді жіберу 45%-ды құрады, ішкі туризм 30%, шетелдік туристерді қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Біздің елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиірек келеді.
Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына әкеп соғады. Тек қана 1999 жылы 57,1 миллион АҚШ доллары республикадан тыс шетке шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында баратын жолсапарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен "чартер ұстаушылар" арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі кемек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін "қапшықтау" бизнесі тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы "қапшықтау" саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.
Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды кездерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның езі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін темендетеді. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұқстауға мүмкіндік бермейді.
Негізгі темір жол тасымалдаушысы "Қазақстан теміржолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Түркіменстанның жолаушылар пайыздары өтеді.
Келешекте экологиялық жағынан-таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.
Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. Сондай-ақ елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бір жолғы көрует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ға төмендеді.
Соңғы
бес жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999
жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс
істеді, немір қоры небәрі 15%-ға ғана
толтырылды. Облыс орталықтарында шетелдік
келушілерге сапасыз туристік өнім
берудің басты себебі тиісті сыныптағы
қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар
қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ
үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде
нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі
олар 60-шы жылдары салынған.
Талдау
көрсеткеніндей, туристік сыныптағы
қонақ үйлердің (2-3 жұлдызды немесе
шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі
неғұрлым жоғары Кадрлармен қамтамасыз
ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің
бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады.
Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік,
жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда,
туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары
оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар
даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына
қарамастан, туристік саланы мамандармен
қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз
жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары
оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстандағы
туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының
білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі,
деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр.
Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау
отандық туристік-рекреациялық ресур-старды
ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды
пайдалану технологиялары мен ықтимал
клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді
атаулы жар-намалаудың әдістемесі жеткілікті
түрде ескөрусіз жүргізілуде. Сондықтан,
жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір
бөлігінің туроператорлық қызметті толық
атқаруға шамасы жетпейді
Информация о работе Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі