Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.

Содержание

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1. Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
2.2. Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
2.3. Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
ІІІ-ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
3.3. Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

туризм.doc

— 328.00 Кб (Скачать)

            Атаулы  құрамдас  бөліктердің  өзара  байланысы  мен  олардың  туристік  өнімдегі  пайыздық  арақатынасы туризм  мақсаты мен  ұйымдастырушылардың  дайындығы мен  ауқаттылығына  байланысты.   Соынмен  қатар  туристердің  белгілі  өнімді  тұтынуға деген  уәжі  мен дайындығының да  рөлі  баршылық.

      Туристік  өнім  турдың  негізін  құрайды  да,  оның  жеке  элементтері   тур бағдарламасына  еніп,   ваучерге  жазылуы  м.үмкін.

      Сонымен,  қарапайым  өнім  бір  ғана  қызмет  көрсетуден,  қызмет  көрсетудің   бір  кешенінен  немесе   бір  топ  шаралардан тұруы  мүмкін. Бұл типтік  немес жеке  тури құраушы   күрделі  қызмет  көрсету  кешеніне  негізделген   жиынтық  өнім  болуы мүмкін.  Соынмен  қатар, жоғары  деңгейде   ірі  тур  операторларына  ұсынылатын  бірнеше  турлардан  тұратын  туристік  өнім  да  бар.    Ең  жоғарыда   туристік орталықтың,  аймақтың  туристік  жиынтық өнімі тұрады.   Қор  құраушылардың  басым бөлігі  тур құнына  енгізілмейді,  дегенмен  де олар  қалғандарымен  тікелей  байланыста  болып, өнім  құнына  ықпал  етеді.

      Туристік  өнімнің тұтынушысы  ретінде туристер, экскурсанттар және  туристік  орталықтың басқа да қатысушылары танылуы  мүмкін.

      Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді  тамақтандыру  бойынша қызмет  кешенін құрайды.  Бұл ереже ұйымдастырылған   туризмге қатысты болып келеді.  Сонымен қатар тур -  тек бір ғана қызмет  көрсетулер  кешені  емес, ол  бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет  көрсетулер  кешендерінің жиынтығын  құрайды.  Сонымен  турды   келісім-шарт  нысанасы  деп  таниды.

      Турды  іске  асырумен  немесе  сатумен  турагент  пен  туроператор айналысады.  Олрадың  екеуі  де   туристік  өнеркәсіп   кәсінорындары  мен  туристер  арасындағы делдалдық қызмет  атқарады.

        Сонымен  қатар,  кез  келген  туристің өзіндік құқықтары   болады.   Турға  қатысты   құқықтарын  иеленген  турист  келесілерге  құқықты:

  • турға  бару  немесе  бармау,  яғни   одан  бас  тарту;
  • оны  толығымен  немесе  бөлшектеп  пайдалану;
  • турды  құқықтың  басқа  субъектісіне  беру;
  • турды  басқа  субъектіге  сату,
  • турды  өзінің  шешімі  бойынша  біреуге  сыйға  тарту;

      турды ауыстыруға, кепілдікке  беруге және т.б 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2. 2 Туристік  фирманы ұйымдастыру және  басқару құрылымдарын  талдау

      Туризмді  ұйымдастыру   формалары   мен  негізгі  категорриялары. 

      Туризм  – бұл  негізгі  қызмет  көрету. Бірақ  қызмет  көрсету  барысында  туристік  қызмет көрсетулер бір  реттен емес, бірте-бірте бірінің  артынан  көрсетіліп  отырады.  Бұл  оның  ерекшелігі  ретінде саналады. Мысалы, көліктік  қатынас қызметі туристерді  жылжу үшін  көлікпен  қамтамасыз  етеді,  қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу  орындарымен қаматамасыз етеді.

      Сонымен  қатар  кез  келген кәсіпорынды  құру  кезінде  ең  алдымен   оның  құрылымының  негізін  ұстаушы  болып  өндірген  тауарлар   мен  қызмет көрсетулерін  адлдыға жылжыту  әрекеттері  саналады.

      Осы  орайда  келесі  сызбаны   қаратырайық:

        

      

      

        

      

        
 

      
  1. Сурет  Туристерді  тарту  құралдары
 

      Сонымен қатар турфирмалардың  бір-бірімен  әрекеттесу  маңыздылығы  ортақ  турөнім шығару  кезінде  байқалады. Аталғанды  ескере  отырып, турқызметтердің  бірін-бірі толықтыру  екрекшеліктеріне  де  тоқталған жөн.   Олардың  негізінен, үш  аспектісі  белгілі:

  • әр  турфирма  ішіндегі  кірме  факторлар мен өндірістік  факторлар  арасындағы  бірін-бірі толықтырушылық;
  • әртүрлі  туркәсіпорындарының бірін-бірі толықтырулары;
  • турқызмет  кәсіпорындары мен  туристік еоекшеліктер  арасындағы бірін-бірі толықтырушылық.

      Сонымен  қатар  тауар  өнімділігі  сапалы  болу  үшін ең  алдымен  білікті  қызметкерлер  болуы  шарт.  Мысалы  Отель  менеджері  қызметкерлерді  сұрыптап, таңдағаннан  кейін  оларды   қызықтыра отырып,  дайындаулары  тиіс.   бҰл  ол  үщін  маңызды  болып  келеді.   сонымен қатар таулы мекендердегі  отелдер тек турагент  пен тур оператаорларға ған тәуелді болмайды. Олар,  жаңа жоғарыда  аталғандай, көлік кәсіпорындарына және  т.б.  тығыз байланысты  болып келеді.

      Сонымен  қатар  турфирманың  қызметінде  дистрибьторлық жүйе  маңызды  рөль  атқарады. Олардың құрамын  турөнімді  құрушы  мен тұтнушылар  арасындағы  байланысты қамтамасыз  етушілер  құрайды.  Дистрибьторлық  қызметердің маңызы  келесіден  байқалады:

  • олар   сұраныс  жайлы  нақты  мәліметтерге  ие;
  • тұтынушылардың  талаптары  жайлы неғұрлым тереңірек  мәліметтенген;
  • нарықтың сегментациянысна  қатысты   сұраныстың  өзгеруін  жедел  арада анықтай  алады.
  • Атаулы қызмет  атқарушылар түрлі  қызмет  түрлерін  бір жиынтыққа  жинап,  кешенді қызмет  көрсетулерге қатысы тұтынушыға  қызмет  көрсетулердің  жиынтық пакетін  ұсына алады;
  • Олар тек қана джиынтық   қызмет  көрсетулердің пакетін  беріп  қана  қоймай, тұтынушыға   маршруттар, қызмет  көрсетулердің  типтері, олардың  рекшеліктері  мен  кемшіліктері туралы  өосымша  мәліметтер  береді.

      Осыған  орай  келсесі  сызбаны  қарастырып  көрейік: 
 
 
 

      

        

      

        
 
 
 
 

        
 

      

        
 

      2- Сурет  туризмдегі  дистрибьюция  жүйесі

      Сонымен  қатар, айта  кететін  жағдай,   бәскелестікке  қажетті факторларының   бірі  болып  сұранысты  анықтаушы  фактор  танылады.   Мұны  келесі  сызбана  көруге болады:  
 
 
 
 
 
 

        
 

      

      

        

        
 
 

      3-сурет  Арнайы  сұранысты  анықтаушы   факторлары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.3 Туристік  фирманың  ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері 

      Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық  рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.

      Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған  айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға  ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс  болатын туристік өнімді (турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.

      ДТҰ-ның  ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген  талдау мен қазіргі тәжірибенің  негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

      Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте  игерілетін мынадай аудандар мен  тірек орталықтары анықталды:

      1.  Іле (Алматы қ., Түрген с, Есік  қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш  с, Қапшағай қ.).

      2.  Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с,  Нарынқол с, Жалаңаш с, Шонжы  с, Көлжат с).

      3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Кектал с, Басши с, Текелі  қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

      4.  Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі  с).

      5. Солтүстік Жоңғар (Достық, Алакөл  көлінің маңы, Лепсі с, Лепсі  өзенінің маңы, Жарбұлақ с, Көктұма  с, Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).

      6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с, Мойынқұм  ауданы);

      7.  Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с, Отырар с, Шәуілдір с, Баба-ата с, Кентау қ., Шаян с).

      8.  Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам  с, Арыс қ., Шардара қ., Сары-ағаш  қ., Ленгер қ., Ванновка с).

      9.  Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с,  Беріл с, Рахманов бұлақтары  курорты, Марқакөл көлінің маңы).

      10. Маңғыстау (Фетисово с, Ақтау  қ., Ералиев-Құрық а.п.).

      Бұдан басқа, басымдықты игеру объектілеріне  жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП): "Іле Алатауы" МҰТП, "Алтын емел" МҰТП (Алматы облысы), "Ақсу-Жабағылы" МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), "Баянауыл" МҰТП (Павлодар) облысы, "Қарқаралы" МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП, "Қорғалжын" мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады.

      Орталық Азия аймағындағы туризмнің ерекшелігін  ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы  туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.

      Сөйтіп, қазақстандық өнім тек қана кешенді  орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылуы мүмкін, бұдан мынадай қорытынды шығады:

      1.  Турөнімнің институционалдық элементтері  үкіметаралық деңгейде келісілуі  тиіс.

      2.  Қазақстандық турөнім біздің  аймақтағы көршілеріміздің турөнімдерінен (ең болмағанда баға/сапа қатынасында) кем түспеуі тиіс.

      Қазақстандық  туристік өнімнің ерекше белгісі  оның сипатының маусымдығы болып  табылады, бұл маусымнан басқа  кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді.  Атаулының  барлығы  да турфирманың қызмет көрсету барысында ескеріледі.

      Сонымен  бірге, жоғарыда көрсетілген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгілі  бір талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен  де емес (25 —100 орын шегінде) экологиялық  таза жерлердегі бір орында клиенттер 2—3 күн болуға есептелген туристік бағыттарда орналастырылған объектілер болуы тиіс.

      Қазақстанның  бизнес-туризм сегментінде белгілі  бір болашағы бар. Бұл — ең алдымен  Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи шикізат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелері бойынша келушілер бизнес туристер санын көбейтеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сай келеді. Алматы қаласы республика үшін стратегиялық (әуе, автомобиль, темір жол) қақпасы болып табылады және негізгі көші-қон осы қала арқылы өтеді. Әртүрлі жиындар еткізуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерінен басқа, қалада ойын-сауық құру үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегі аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келеді. Біздің мемлекетіміздің жас ел ордасы ретінде өзіндік келбеті мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және ішкі туризмді жылдам дамытуға қызмет ететін болады.

Информация о работе Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі