Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 19:11, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.

Содержание

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері

ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1. Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
2.2. Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
2.3. Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
ІІІ-ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
3.3. Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

туризм.doc

— 328.00 Кб (Скачать)

      Туризм  жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

      Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай  туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

      Бұл  ретте біз экономиканың дамып  келе  жатқан саласының  объектілері  мен  субъектілеріне  тоқталып  қарастырайық.

      Туристік  қызмет субъектілеріне біз  келесілерді  жатқызамыз:

  1. туристік операторлар (туроператорлар);
  2. туристік агенттер (турагенттер);
  3. гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
  4. туристер және олардың бірлестіктері;
  5. экскурсанттар;
  6. туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
  7. туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.

      Ал  туристік қызмет объектілері дегеніміз  — табиғи объектіпер және табиғи-климаттық  аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері  және саяхат кезінде туристердің  қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.

      Атаулы  субъектілер  мен объектілер  туристік  индустрияда  қамтылған. Туристік индустрия — туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы.  Соынмен  қатар біз туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз  жөн:

  1. турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
  2. тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
  3. тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
  4. ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
  5. келік қызметін көрсету;
  6. ойын-сауық;
  7. өзге де туристік қызмет көрсетулер.

            Турисік  индустрияда  міндетті  түрде  туристік  ресурстар (қорлар) қарастырылады.  Осыған орай  Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол  берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен    туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар  арнайы  заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.  Туристік  фирмалардың  бәсекелестікке  қажеттілігі  және  оны  ажырататын факторлар
 

      Кез  келген саланың  құраушы  бөліктері  мен  құрамдас  бөлшектері  арасында  бәскелестік  туындайды.  Бұл  экономикамыздың  дамуының  басты  шарты  болып  келеді,  себебі, бәсекелестік  бар болған  жағдайда тауар мен  қызмет  көрсетудің  сапасы да , бағасы  да  тиімді  болмақ.  Бұл  ретте  бәсекелестік  құраудағы негізгі  факторлар әр  түрлі  болып  келеді.  Әрине, ол ең  алдымен  кәсіпорынның   өнімінен  басталып, ары  қарай  технологиялар  дамыған  сайын,  халықтың  сұранысы мен тұтынушының қоятын  талаптары  жоғарылаған  сайын  жалғасып  жатады.  Осыған  орай  біз  туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін  қарастыруды  жөн  көрдік.

      Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық  нысандары болып танылады.

      Халықаралық туризмге біз  келесілерді  жатқызамыз:

  • келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
  • шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың  саяхаты;  

      Ал  ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан  Ресубликасының  азаматтары мен  оның  аумағында  тұрақты тұратын  адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай  маңызды  рөл  ойнайтын  туризмнің келесі  түрлері  белгілі:

  • әлеуметтік,
  • экологиялық,
  • шытырман спорттық,
  • іскерлік,
  • конгрестік,
  • емдеу-сауықтыру,
  • мәдени-танымдық,
  • діни және басқа туризм.

      Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.

        Кез  келген саланың  дамуында мемлекет  басты  рөл ойнайды. Бұл  оның құрылымы мен ерекшеліктеріне,  атқаратын  қызметіне, өндіретін  өніміне,  халыққа  тигізетін пайдасына, басқа салармен  байланысына  қатысты болып келеді. Осы  ретте турфирмалардың  бәсекелестікке  қажеттілігі мен оларды  ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы  көрсетуге тырыстық..

      Жоғарыда  аталғанға  сай мемлекет тарапынан  келесі  реттегі жәрдем беріледі:

  • туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • туристік қызметтің  басым бағыттарын айқындау және қолдау;
  • Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.

      Сонымен  қатар  турфирмалардың  бәсекелестікке қажеттілігі  мен олардың  деңгейі  мемлекеттік реттеу  барысында  қойылып, төменде  берілген мақсаттардың  орындалуынан танылады:

  • азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
  • саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
  • туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
  • халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
  • туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
  • туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
  • балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
  • туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
  • ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;
  • туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;
  • туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
  • бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
  • туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
  • ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;
  • елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.

      Сонымен  қатар  атаулы  салада  мемлекет   пен құзіретті органдар келесі  қызметтерді  атқарады:

  • туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
  • туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  • туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
  • туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;
  • туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
  • туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
  • Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту  бағдарламасын әзірлейді;
  • туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;
  • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде  ұсыныстар енгізеді;
  • туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;
  • өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
  • атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
  • туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;
  • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
  • Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
  • туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
  • туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
  • жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;
  • әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;
  • әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
  • турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
  • туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
  • балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
  • Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
    1. Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері
 

      Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері  туризмді дамыту мақсатынан  бары  туындайды. Ол  мақсаттарға  біз  келесілерді жатқызамыз:

  • сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
  • республиканың туристік әлеуетін арттыру;
  • тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
  • халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
  • тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
  • мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
  • әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы;
  • халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
  • әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
  • қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
  • әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру;
  • туризмді тұрақты дамыту;
  • туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
  • туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
  • туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
  • туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
  • туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
  • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
  • туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
  • туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
  • туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
  • туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
  • туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
  • туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.

Информация о работе Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі