Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:34, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың көлемі беттен тұрады. Дипломдық жұмыста мейрамхананы басқарудың структурасы мейрамхана шаруашылығының сыныптамасы және тау дастархан мейрамханасына келушілердің санын анықтайтын кесте берілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 45. Дипломдық жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: Мейрамхана бизнесі, мәзір, метрдотель, даяшы, аспазшы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мейрамханаға келушілерге қызмет көрсетудің әдістерін, ерекшеліктерін анықтап және Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің жағдайын анықтау. Жұмыс барысында мейрамханадағы басқару структурасы, мейрамханаға келушілердің жарты тәуліктегі санын анықтайтын кесте мен мейрамхана шаруашылығының сыныптамасы жасалды.
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ ІСТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Ежелгі дүниедегі қонақ жайлық кәсіпорындары
1.2. 19 ғасырда мейрамханалардың дамуы
2 ТАРАУ. АЛМАТЫ Қаласындағы МЕЙРАМХАНАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУ
2.1. Мейрамханалар сыныптамасы
2.2. Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
2.3. Мейрамхана қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары
2.4. Мейрамхана қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
3 ТАРАУ. Қазақстандағы мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
3.1. Алматыдағы мейрамханалық бизнесті басқарудың даму келешегі мен проблемалары
3.2. ТОО «Тау Дастархан» мейрамханасы мысалында мейрамхана кешенін басқару тәжірибесі мен практикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖУМЫС
Мейрамханаға
келушілерге қызмет
көрсетуді ұйымдастыру
4
КУРС СТУДЕНТІ РАХИМОВА А.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ
ДОЦЕНТ (қолы, дата)
НОРМАБАҚЫЛЛАУШЫ (қолы,дата)
ҚОРҒАУҒА КАФ.МЕҢГЕРУШІСІМЕН
ЖІБЕРІЛДІ _________________________
АЛМАТЫ 2007
Реферат
Дипломдық жұмыстың көлемі беттен тұрады. Дипломдық жұмыста мейрамхананы басқарудың структурасы мейрамхана шаруашылығының сыныптамасы және тау дастархан мейрамханасына келушілердің санын анықтайтын кесте берілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 45. Дипломдық жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: Мейрамхана бизнесі, мәзір, метрдотель, даяшы, аспазшы.
Дипломдық
жұмыстың мақсаты мейрамханаға келушілерге
қызмет көрсетудің әдістерін, ерекшеліктерін
анықтап және Алматы қаласындағы мейрамхана
бизнесінің жағдайын анықтау. Жұмыс барысында
мейрамханадағы басқару структурасы,
мейрамханаға келушілердің жарты тәуліктегі
санын анықтайтын кесте мен мейрамхана
шаруашылығының сыныптамасы жасалды.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ ІСТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Ежелгі дүниедегі қонақ жайлық кәсіпорындары
1.2.
19 ғасырда мейрамханалардың дамуы
2 ТАРАУ. АЛМАТЫ Қаласындағы МЕЙРАМХАНАЛЫҚ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУ
2.1. Мейрамханалар сыныптамасы
2.2. Мейрамханадағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
2.3. Мейрамхана қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары
2.4.
Мейрамхана қызметінің негізгі көрсеткіштерін
талдау
3 ТАРАУ. Қазақстандағы мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
3.1. Алматыдағы мейрамханалық бизнесті басқарудың даму келешегі мен проблемалары
3.2.
ТОО «Тау Дастархан»
мейрамханасы мысалында мейрамхана кешенін
басқару тәжірибесі мен практикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанда,
соңғы жылдар ішінде, нарықтық экономика
мен соған қатысты
Дамыған бәсекелестік фирмалардың пайдалылығын төмендетеді деген пікір тараған, өйткені көбінесе қосымша бірқатар шығындарды талап ететін жаңа қызметтерді әзірлеуге, жарнамаға жұмсалатын шығындарды көбейтуге тура келеді. Дегенмен бәсекелестік артықшылық барлық уақытта пайдалылықтың қысқаруымен қатар жүрмейді. Ең маңызды бәсекелестік артықшылық фирманың экстенсивті дамуының есебінен жүзеге асырылмайды, ал оның қолданудағы құралдарының тиімді пайдаланылуын жоғарылатымен жүреді, яғни шығындарды төмендетумен, қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату жолымен менеджментті жақсартумен және т.б.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген мейрамханалар әрекет етеді, жәнеде олардың негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Сондықтанда олардың арасындағы бәсекелестікте осы жерде жоғарылайды. Осы күреске төтеп беру үшін, мейрамханалар көрсететін қызмет сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны үстауы, жәнеде басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Бұл саладағы зерттеулермен маркетинг айналысады.
Бүгінгі күнде менеджмент тақырыбы өте көкейтесті болып табылады. Қазақстандық фирмалар менеджмент саласында бірінші тәжірибелерін алуда.
Мейрамханалық бизнесте басқарудың алатын орыны ерекше. Бұл нарықты дер кезінде зерттеу, тапсырыскерлердің қажетсінуін айқын анықтау және бәсекелестердің қызметін тұрақты талдау өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және дұрыс стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты, өз кезегінде тапсырыскерлер қатарын көбірек тартуға және кеңейтуге, пайда алуға және оны жоғарылатуға бағытталған, мейрамханалардың анық маркетингілік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әсер ететін, мейрамханалық кешенді басқаруға ықпал етуші әдістер мен функцияларды зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- мейрамханалық кешенді басқарудың әдістерінің және функцияларының мазмұнын анықтау;
- қызмет көрсетудің мейрамханалық нарығының ерекшеліктерін зерттеу;
- халықтың қызметтің осы түріне қажетсіну жағдайын зерттеу;
Зерттеудің теориялық мәнділігі, нарықтық экономика жағдайларындағы туризмнің дамуымен тығыз байланысқан, мейрамханалық бизнестегі қызметтің ең тиімді аспектілерінің бірін зерттеумен анықталады.
Зерттеу нәтижелері туристік қызмет көрсету нарығының дамуының оның жеке субъектілерінің мақсаттарымен өзара қатынасын түсінуге әсер ете алады.
Жұмыстың
тәжірибелік мәнділігі, оның нарықтағы
мейрамханалық қызметтің
Экономикалық құбылысты зерттеудегі дұрыс тәсілдеме, нақты практикада қолданылатын жаңа білімді алу үшін қажетті теорияның жетілдірілуінің алғы шарты болып табылады.
Сондықтан дипломдық жұмыста, қызмет көрсету проблемасы ерекше маңызға ие болатын, тереңдетілген теориялық мәнін түсіну мен негіздеуді қажет ететін проблемалар кешені қарастырылады.
Сондықтан жұмыстың бірінші тарауы мейрамханалық істің даму эволюциясына; бұрыннан тұрақтанып қалған көптеген ұғымдар өзінің мағынасы мен мәнін өзгерткен кездегі, нарықты экономиканың қазіргі кезеңі үшін үлкен мәні бар қызмет көрсетудің теориялық түсіндірілу проблемаларына; сонымен қатар мейрамханалардың даму тарихына арналған.
Жұмыстың екінші тарауы мейрамханалық нарықтың қазіргі жағдайына талдама шолу жасауға арналған. Онда мейрамханалық кешендердің қызметтерінің нақты деректері келтірілен. Осы тарауда, мейрамханалық кешенді басқарудың өскемендік тәжірибесіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда, Қазақстандағы, әсіресе Алматы қаласындағы, мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері қаралған.
Қорытындыда, республиканың ары қарай дамуы жағдайларында, мейрамханалық бизнес менеджерлерінің жоғары білікті кадрлары әлуетінің болуының қажеттігі туралы тұжырым жасалынды.
Зерттеу тақырыбы болып мейрамханалық кешенді басқарудың әдістері мен функциялары, жаңа мейрамханалық кешендерді құру бойынша зерттеудің әдістемелік әзірлемесі табылды.
Зерттеу мақсаты ретінде мейрамханалық істің дамуының әдістемелік негіздері; мейрамханамен, пайда алуға және оны жоғарылатуға, нарықты «жаулап алуға» бағытталған анық басқару стратегиясын әзірлеу қажеттігінің негіздері алынады.
Жұмыстың теориялық негізін, басқару теориясының проблемаларын зерттейтін отандық және шетелдік экономистер еңбектеріндегі жағдайлар мен ережелер құрады.
Жұмыста
мейрамханалық нарықтағы
1. МЕЙРАМХАНАЛЫҚ
ІСТІҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1.
Ежелгі дүниедегі қонақ жайлық
кәсіпорындары
«Қонақжайлылық» ұғымы адамзат өркениеттілігі сияқты ескі ұғым. Оның өркендеуі, ел кезушілермен бір түйір нанды бөліп жеудің ертедегі дәстүрінен бастап қонақжайлылық индустриясының қазіргі көпфункционалды конгломераттар қызметімен аяқталады.
Қонақжайлылық индустриясының бірінші кәсіпорындары – "таверналар" – туралы еске алуларды ғалымдармен көне дәуірге жатқызылатын манускриптерден (қолжазбалардан) табуға болады. Таверналар, көбінесе «азғындар үйлерінің» функциясын орындай отырып, күдікті атақтарға ие болды.
Сауданың
дамуымен және соған байланысты жүріп-тұрудың
көбеюімен, ел саяхаттаушылар үшін тек
түнейтін жер емес, сонымен қатар
тамақтанудыда ұйымдастыру
Рим империясы кезінде керуен сарайлар мен таверналар барлық жерде пайда бола бастады. Керуен сарайлар, әсіресе барлық басты, үлкен жолдарда, іскерлікпен тұрғызылды және өз уақыты үшін ыңғайлы болды. Олар жуық шамамен бір – бірінен 25 миль жерлерде орналасты, бұл үкіметтік шенеуніктер мен хабаршылар, шабармандар жолда қатты шаршамауы үшін, олардың әрқайсысында демалуы үшін жасалынды.
Ерте римдік керуен сарайлар қожайындарын өз уақытының Конрадтары, Хилтондары деп атау қиын шығар. Олардың азаматтық құқықтары болған жоқ. Бұл бизнеспен айналысушылардың моральдық ұйытқысына күмән келтірілген жоқ.
Кәдуілгі таверналар күнәлер қордасы деп есептелінді және онда қарапайым халықтан өзге, әбден азған ақсүйектер ғана кіретін еді, ал жоғары топқа жататындар қоғамдық моншаларда демалуды қалады.
Ерте Персияда түйелермен, үлкен керуенмен жолаушылады. Шатырларда немесе керуен сарайларда түнеді – оларды қонақ үйлер кешенінің прототипі деседе болады.
Англияда керуен сарайлар саяхаттаушыларға бағдарланды. Сол жылдардағы адамдар мен саяхаттаушылар патша сарайымен немесе шіркеумен байланысты болды. Саяхаттаушылардың көбісі миссионерлер немесе дін қызметкерлері және қасиетті жерлерге саяхат жасаушы пилигримдер еді. Әрине, барлық керуен сарайлар осы адамдарды тамақтандыру арқылы жақсы табыс табуға ұмтылды.
Орта ғасырларда адамдар көбірек жолаушылай бастады және керуен сарайлар саны көбейіп, ондағы қызмет көрсету дәрежесіде жоғарылай бастады. Көптеген жолаушылар аухатты, ақшалы адамдар болғандықтан, бұл қызмет көрсету саласының да өркендеуіне әкелді.
Бай адамдар, ол кезде, өзінің меншікті мезіретін құра отырып, үйде тамақтануды дұрыс көрді. Сондықтан байлар ұлан-асыр той жасап, онда жүздеген қонақтарға қызмет көрсетілді. Тойларда қызмет көрсетуді «кемсітушілік» деп атауғада болатын, өйткені әртүрлі шендегі қонақтарға әртүрлі ас берілетін. Жоғары ақсүйектер әрине тамақтың ең жақсы кесектерін алды.
Әншейінде,
әрбір тамақтануға ондаған
Информация о работе Мейрамханаға келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру