Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42
Қазіргі уақытта туристік қызмет республикадағы болып жатқан жағдай, яғни орталықтанған әкімшілік жүйенің нарықтық механизмге көшіру, әр түрлі формадағы жекешелендіру әсер етуде. Республикадағы экологиялық туризмнің дамуымен айналысатын «Экожоба» ЖШС мамандарының айтуы бойынша экологиялық туризм басқаруының ерекше түрін ұсынды. Осындай басқару құрылымы 3 деңгейден құрылуы керек: макроэкономикалық, мезоэкономикалық және микроэкономикалық.
Кешенді экологиялық туризмде макроэкономикалық деңгей екі жақты басқарыумен шешілуі керек - Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігі, мәдениет Министрлігі және Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Министрліктерінің сәйкесінше қатысуы.
Мезоэкономикалық
деңгей орталық экономикалық жағдайда
тұрады, экологиялық туризмнен
Микроэкономикалық деңгейде экологиялық туризмнің қызмет көрсету мекемелерін анықтайды. Ондай мекемелерге жататындар:
Қазақстан өзіне тән мамандандырылған, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы аумақты дамыту жоспарымен ерекшеленеді. Осыдан экотуризмнен экономикалық пайда түсіру қарқындылығын анықтауға болады. Егер аймақта экотуристік объект орналасқан жерде экологиялық зиян өнеркәсіп орналасса, онда олардың зияндылығын жою үшін перспективті жоспар құру керек. Экотуристік объектілері бар территорияларда ерекше мән берілетін жағдай, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты экологиялық ортаны құру.
Қазақстан
Республикасы тұрақты экологиялық
ортаға айналуы үшін, экотуризмнен
барынша экономикалық пайда және
экологиялық әсерін көру үшін табиғи
шаруашылықтық жүйесін қайта
бағалау сатысына өткізу керек.
3.2
Экологиялық туризмді
дамыту мақсатындағы
республиканың ресурстық
потенциалы
Қазақстан Республикасы – 2,7 млн шаршы шақырым жерді алып жатқан, әлемдегі территориясының көлемі жағынан тоғызыншы ел. Халқының саны - 15 000 мың адам (2004 жылғы халық санағы бойынша). Қазақстан Евразия континетнтінің ортасында орналасқан. Бұлай орналасқандығы тарихи ұлы геосаяси маңызын анықтайды. Ал басты трансазияттық жолдары арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы байланыс жүзеге асырылады. Қазақстан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қытай елдерімен шектеседі және Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттарынан мөлерімен бірдей ара-қашықтықта орналасқан. Республика батысында Каспий жағалауынан шығысындағы Атлант тауларына дейін 3000 шақырымға, ал солтүстістігіндегі Батыс Сібір жазығынан оңтүстігіндегі Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1700 шақырымға созылып жатыр.
Республика территориясы орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады. Қазақстанның кең көлемді бөлігін ойпаттар мен жазықтар алып жатыр. Олар шығыс және оңтүстік-шығыста Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және солттүстік Тянь-Шаньмен түйінделеді.
Қазақстан климаты шұғыл континетті, ол оның материк ортасында, ашық теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасқандығына байланысты.
Туризмнің кез-келген аумағында дамуы, оның географиялық орны, ресурстары мен жағдайы және инфрақұрылымының жағдайымен анықталады.
Елдегі экологиялық туризмді дамыту үшін басым потенциалға ЕҚТТ ие. Бүгінгі таңда республикада 9 қорық, 4 ұлттық табиғи парк, 50 жуық қорықшалар, 24 табиғат ескерткіштері, 3 зоологиялық парк, 7 ботаникалық саябақ, 3 халықаралық маңызы бар сулы-батпақ орындары.
Сонымен
қатар Қазақстан
Егер қорықтарға тоқтала кететін болсақ, олар сирек және бағалы қсімдіктердің, жабай жыртқыш аңдардың, құстардың, балықтардың және жергілікті жануарлар «тұрақтарын» сақтаудағы шешуші роль атқарады. Мысалы, Алматы қорығында тау етегі далалары, Іле Алатауының альпі ландшафттары қорғауға алынған. Қорықтын басты объектісі болып Тянь-Шань шыршасы орманы. Бұл шыршалар 500 жылға жуық өмір сүреді, биіктігі 50 метрге дейін жетеді. Оның акустикалық қабілеті музыкалық аспаптар, ал мықтылығы құрылыс материалдарын жасау мүмкіндігін береді.
Бұл қорықта әлемге әйгілі, әрі өте сирек кездесетін – шахин сұңқары құсын көруге болады.
Марқакөл қорығында оңтүстік Алтай таулары мен ормандары қорғауға алынған. Қорық Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Алтайдың оңтүстік-шығысында орналасқан. Территориясы 1485 метр биіктігінде орналасқан Марқакөл көлі маңымен әйгілі. Көлде эндемиктік балықтар түрлері өмір сүреді. Мысалы, ленок, жергілікті халық оны «ұшқыш» деп атайды, харис, гольтс.
Бұл қорықта бағалы емдік-шипалық қасиеті бар өсімдіктер өседі (дала пионы, ақ түсті герань, қызғылт радиола («золотой корень») және т.б.
Үлкен қызығушылықты Қостанай облысындағы Наурызым қорығы тудырады. Қорық территориясы бойымен Ұлы Торғай құс қоныс аудару жолы өтеді. Бұл қорықта реликтік қарағай орманы орналасқан. Ең белгілі объектілері ТМД және ҚР Қызыл Кітабына енген қызғылт бірқазандар, сұр қаздар мен үйрект ер болып табылады.
Қорғалжын қорығы – көлдері халықаралық маңызы бар сулы-батпақты орындар ретінде танылып, Миграциялаушы құстарды қорғау Конвенциясына енген жалғыз қорық. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан. Бұл жерде Евразиядағы қоқиқаздың ең солтүстік ұясын қорғайды. Эндемикті өсімдігі - өте әдемі, қара-күлгін түсті «түс-шөбі» атты гүл.
Үстірт қорығы – Тұран ойпатының Үстірт жазығында орналасқан. Маңғыстау облысының Ерали ауданында орналасқан. Бұл жердің рельефі эолды түрде, көне өзендер «іздері» қалған. Бұл қорықтың көрікті жерлеріне археологиялық ескерткіштер мен көне қорғандар жатады. Кейбіреулері бүгінгі күнге дейін зерттелмеген.
Батыс Алтай қорығында Батыс Алтай тауларының альпілік және тундралық биік шыңдары қорғауға алынған. Экотуризмді дамытудағы Батыс Алтай ормандары маңызды рольді ойнайды. Сол ормандардың басты ерекшелігі олардағы ағаш түрлерінің көптүрлілігі. Батыс Алтай қорығы жас болғандықтан (1994 жылы құрылған) оның фаунасы аз зерттелген. Ең белгілі «Қызыл кітапты» құстары мыналар: балобан – сұңқары, бүркіт, жапалақ. Сүтқоректілерден американдық норка, қоңыр аю,маралдар бар.
Барсакелмес қорығында Арал теңізіндегі шөлді, аралды қамыс өсімдіктері қорғауға алынған.
1938 жылы құрылған
бұл қорық Қазақстан
Бұл қорық түрікмен
құланының акклиматизациялау
Оңтүстік Қазақстан өңірінің қызықты табиғи объектісі болып – ең ескі Ақсу-Жабағылы қорығы саналады. Бұл қорықта Талас Алатауының биік таулы ландшафтары мен арша ормандары қорғалады. Ақсу-Жабағылы – бұл алпауыт батыс Тянь-Шань таулы мемлекетінің кішігірім бөлігі. Құнді сүтқоректілері: арқар, тау ешкісі, марал, құстардан: ең үлкен бүркіттердің бірі (қанаттарын жайған кезде 3 меттрге дейін жетеді) балован сұңқары, т.б.
Алакөл қорығында Евразияның қақ ортасындағы сулы-батпақты ландшафт дельталары, көлдер жағалаулары қорғалады. Қорғауға алынған объектілері: 98 құс түрі (12 ҚР қызыл кітабына енген), 107 өсімдік түрі, 21 сүтқоректілер тобы, 4 жорғалаушы.
Табиғи кешендер резерванты ретінде құрылған қорықтарға көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Ұлттық табиғи парктерде табиғатты қорғау мақсатындағы іс-шаралар мен экологиялық ағартушылық, туризм және халық демалуы үшін жасалатын іс-шаралар бір-бірімен ұйқасады.
Ұлттық парктердің функциональды міндеттері мен бағыты экотуризм мақсаттарына сәйкес келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
«Іле Алатау» ұлттық паркі Іле Алатау қыратының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл паркте әлемге әйгілі Шренк шыршалары мен Сиверс алма ағаштары өседі. Парк территориясында 200-ден аса жануарлар түрі мекен етеді. Бұл Қазақстан фаунасының 23% құрайды. Жануарлар әлемінің көптүрлілігіне қарамастан олардың басым бөлігі ҚР мен Дүниежүзілік табиғатты қорғау бірлестігінің Қызыл кітаптарына енген, мысалы, арқар, тянь-шань тау қойы, тянь-шань қоңыр аюы және т.б.
Парк
«Алтын Емел» ұлттық паркі Жоңғар Алатауы маңында орналасқан.
Флорасы 1800 жоғарғы деңгейлі өсімдіктерден тұрады, олардың 21 ҚР Қызыл Кітабына енгізілген, ал 60 өте сирек немесе эндемикті болып келеді.
Фаунасына келетін болсақ:парк территорисында шөл джейрон-киігі, 3000 тау сібір тау-текесі, 300 жуық 80-жылдары Барсакелмес қорығынан әкелінген құландардың ұрпақтары өмір сүреді.
Парк
«Баянауыл» ұлттық паркі өзініңс ландшафтары мен Жасыбай, Торайғыр атты көлдерімен әйгілі. «Банауылдың» табиғи-климаттық жағдайы адам денсаулығына өте пайдалы: таза ауа, көптеген бұлақтар мен көлдер.
«Көкшетау» ұлттық паркі дала зонасындағы гранитті массивтердегі азональды қайың-емен ормандарын қорғау үшін құрылған.
Ең әйгілі объектісі Солтүстік Қазақстан маржаны – Бурабай көлі болып саналады, оның емдік-шипалық қасиеттері ел шекарасынан әлдеқайда алыс жерлерде белгілі.
Экотуризм
жағынан ең үлкен қызығушылықты
тудыратын экзотикалық «
Сөзсіз, ұлттық парктер экотуризмнің дамуы үшін жоғары ресурстық потенциалға ие.
Қорықшала – шаруашылық қызмет формалары мен түрлеріне уақытша немесе жыл бойы тиым салынған территориялар. Қорықшалар негізінен геологиялық, зоологиялық және ландшафтық болады.
Табиғат ескерткіштері – ғылыми, мәдени, экологиялық-эстетикалық, оқу-ағартушылық маңыздары бар және өзінің бірегейлігімен ерекшеленетін, қорғауға алынған тірі емес табиғатпен жасалған жеке объектілер. Барлық табиғат ескерткіштері экотуризм объектілері болып табылады, мысалы, Шарын өзені каньоны (Іле өзенінің сол жақ саласы); Кіші Алматы өзені өңіріндегі жартастар, оларды басқаша «жандармдар» деп атайды.
Экотуризм
объектілері ретінде
Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары