Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.
Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42
Қоршаған
орта мен жалпы туризм арасында екіжақты
байлйныс бар. Экологиялық туризмде
- табиғатты қорғауға туристтердің
өзі де және туристік ұйымдар да талпынады;
соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін
алға жылжытуға байланысты, олардың ішіне
сапалы қызмет көрсету, табиғи территориаларды
жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің
популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі
шынайы табиғи орта туристтердің арасында
үлкен сұранысқа ие.
Экотуризм
тұрақтылығына баға
беру
Экотуризм Туризм тұрақтылығының градациялары |
Жабайы табиғат |
Жасандылар |
тұрақты |
жағымды |
жағымдылығы аз |
тұрақсыз |
жағымдылығы аз |
жағымсыз |
Экологиялық туризм – бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамыған қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Бұл жөнінде экотуризмнің даму қызметіне белгілі. Оны Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры(WWF) және халықаралық табиғатты және табиғат ресурстарын қорғау одағы(IUCN) сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды. Сонымен қатар, экотуризмнің халықаралық және аймақтық деңгейде дамуы үшін конгресстер, семинарлар өткізіледі, туризмнің барлық түрінен негізінен экологиялыққа көп көңіл бөлінетін фирмалар саны көбеюде.
ДТҰ экологиялық туризмді туризмнің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Туризм тұрақтылығының иаңызды қағидаларына мыналар жатады: саланың тұрақты дамуы үшін құқық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау; туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу; халық арасында ағартушылық-агитациялық жұмыстардың жүргізілуі;шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту; туристік өкімді реализациялау; көлік жүйесін экологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз ету; табиғи кешендердің туристік-рекреациялық жүктемелеріне тұрақтылық деңгейде баға беруі.
Әлемде экотуризмнің әйгілілігі тек қана қоршаған орта жағдайының нашарлауынан ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру ортасының күрт өзгеруімен, яғни жүйке психологиялық ауырлықтың өсуіне де байланысты.
Экологиялық
туризмнің жалпы туризмнен
Біріншіден, экотуризм – территориясы жақсы сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Бұндай территорияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқа қорғалатын териториялар жатады.
Екіншіден,
экотуризм – ең экологиялық табиғатты
пайдаланушы болып саналады. Экотуристердің
табиғатты эксплуатациялау
Үшіншіден, экотуризм туристердің ЕҚТТ-да жүріс-тұрысын қадағалайды, соның ішінде қатаң тәртіп белгілеу арқылы (турист гид-жолаушыға еріп жүргенде арнайы жолды пайдалануы керек, өсімдіктерді жұлмау, шуламау, т.б.). Бұл ережелерді сақтау экологиялық туризм дамуының ұстанымды шарты болып табылады.
Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғынның ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді, ұлттық-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жаңғыруына әсер ететін дәстүрлі ұлттық өнер түрлерін дамыту жолымен. Бұның барлығы халыққа белгілі пайда келтіреді және әлеуметтік экономикалық дамуына әсер етеді.
Өзіндік ерекшелігі бар экотуризмнің бұқаралық туризмнен айырмпшылығындай, экотуристердің де жаппай туристерден айырмашылығы бар. Бұқаралық туристер ұйымдасқан және жеке түрде белгілі жерлердің шегінде үнемі саяхаттайды, көп жағдайда өз елінде. Оларға қарағанда, экотуристер адамдар аз өзгерткен табиғи территорияларда сапар шегеді, және олар саяхаттың шектелген жағдайлары мен ыңғайсыз шарттарына шыдамды болады.
Авторлар қатары экотуристерді олардың қызығушылық деңгейіне қарай бөледі. Мысалы, Lindberg экотуристердің төрт тобын бөліп көрсетеді.
Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп қарастыруға болады, яғни бұл – жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлерімен танысу үшін ғана емес, өскелең және келешек жас ұрпақ үшін шынайы ортаның алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен негізгі айырмашылығы осыдан тұрады. Экологиялық туризм үнемі бұқаралық туризмнің баламасы ретінде қарастырылады.
Экологиялық
туризм жиі көпшілік туризмнің альтернативасы
ретінде қарастырылады, және қазіргі
уақытта ол туристік қызметтің ең
перспективалы және динамикалық
түрде дамып келе жатқан формасы
болып табылады.
Экологиялық туризмнің Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы – тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады.
Экологиялық туризмге экономикалық көзқараспен қарасақ, экологиялық бағыттарға жақын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар экологиялық туризмнен күн көретіндей пайда табуы мүмкін, жекелеген туристер мен туристік топтарды күзету арқылы, туристерді қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы, сонымен бірге үйлерді жалға беру арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризмді экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады, шетелдік туристерді, шетелдік ақшаның белгілі бір мөлшерін елге кіргізу арқылы мемлекетке үлкен кіріс кіргізуге болады.
Қорытындылай келсек, экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен бірге, экологиялық туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың сақталуымен тығыз байланысты болуы шарт. Сонымен қатар ынталы түрде табиғатты қорғау үшін бұл пайда белгілі мөлшерде бөлініп және пайдаланып отыруы тиіс. Егер табыс шағын ортада дұрыс бөлінбесе, тұрғылықты тұрғындарда қорғалатын аумақтың ресурсын рациональды түрде қолдану ынтасы болмайды. Сол себепті экологиялық уризмнің мүмкіншілігі толық табиғи ортаның жағдайына байланысты.
Көптеген мемлекеттерде туристерді қызықтыратын ерекше табиғи аумақтар ауылшаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуда. Әр жыл сайын өсіп бара жатқан жер өңдеу, ағаш дайындау, сонымен бірге халықтың күн санап өсуі, көші-қон және орналасу бұл аумақардың тек қана жерінің сапасын ғана емес, экожүйенің тұтастығын да бұзады. Осы мақсатта экологиялық туризм бұл аумақтар үшін неғұрлым күштірек экономикалық негіз бола отырып, неге басқаша жолмен ауылшаруашылығын және өнеркәсіпті дамытуға болмайды.
Қазіргі кезде экотуризмді республикада дамытудың тағы бір түрі – экономикалық даму мен табиғатты қорғау мақсаттарынан басқа адамның арқасынан физикалық және рухани жүкті түсіру. Белгілі болғандай, техникалық даму және урбандану адамның материалдық жағынан өмір сүруін жеңілдетті, екінші жағынан күйзелістер мен соққылар жүйкеге ауыр психологиялық салмақ күшейіп кетті. Американдық социологтардың зерттеуі бойынша зерттеуі бойынша ауқатты адамдар санының өсуімен экологиялық таза аумақтарға деген сұраныс, табиғат аясына шығу ғажайып пейзажды тамашалау мүмкіншілігі мен таза ауамен демалу бір-бірімен пропорционалды түрде.
Сонымен,
экологилық туризмді дамыту бос уақытта
қолдану мәселесіне жүйелік жақындаудың
жолы салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіншіліктерін
тарату және құру.
Туристік саяхат адамның белгілі бір мөлшерде қажеттілігін қанағаттандырады. Бір нәрсені ескеруіміз қажет, адамның қоршаған ортаны зерттеуінің барлығы саяхатпен байланысты. Қозғалыс – туризмге тән ерекшелік. Тіпті бұрынғы уақытта сауда байланысын ұстау үшін адам көрмеген жаққа сапар шеге берген. Осындай саяхаттар тек қана сауданы дамытқан жоқ, терең түрде еңбекті, қоғамдық жағдайды бөлді және адамдардың қоршаған әлемді тануына кеңінен тануына мүмкіндік берді. Әлемдңік шаруашылықтың күшеюіне байланысты тұрғындардың қозғалысы аумақты масштабта ұлғайды және туризмнің дамуына себеп болды.
Миллиондаған адамдар саяхатқа жаңа жерлерді көру үшін, табиғаттың әдемілігіне сүйсіну үшін, таудың немесе орманның таза ауасымен демалу үшін, қала халқымен қарым-қатынасқа кенелу үшін, сонымен бірге көпғасырлық өнер мен мәдениетті тамашалау үшін аттанады. Осы күнде әр түрлі деңгейде туризм жауламаған ел қалмаған. Жыл сайын бүкіл әлемде 4 млрд.-тан астам адам 5-6 күннен кем емес уақытын өзінің тұрып жатқан жерінен тыс өткізеді. Жартысының көбі демалу мақсатымен сапар шегеді, төрттен бір бөлігінің көбі іс-сапармен, 5-6%-ы халықаралық конгресстердің, симпозиумдардың, жиналыстардың қатысушылары, 10-15%-ы туған-туысқандарына бару үшін саяхатқа шығады.
Сонымен туризм қазіргі заман адамының тұрмысына нық орналасып алды. Туризмге деген қызығушылық күн санап өсіп келеді. ДТҰ болжамы бойынша 2010 жылға қарай халықаралық туристік сапар 1 млрд. АҚШ долларын, ал 2020 жылға қарай-1,6 млрд. АҚШ долларына тең.
Туризмнің
халықаралық даму динамикасының
болжамы бойынша болашақта
Сонымен қатар қазіргі заман туризмінің классификацияснан экологиялық туризмге орын тауып беру керек. Осы кезде туризм әр формада және байланыста өзін көрсетуде, сондықтан оның классификациясын құру шарт болды.
Қазіргі заманғы
туризмді классификациялауда саяхатшының
алға қойған мақсаты маңыздырау, ол
өз кезегінде туристердің
Қазіргі заманғы туризмнің классификациясында экотуризм экскурсиялық туризм ретінде қарастырылады. Экскурсиялық туризм бұл табиғаттың, мәдениет пен тарихтың көрнекі орындарында болу, яғни экологиялық туризмнің белгілеріне тән.
Жоғарыда
Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары