Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Работа содержит 1 файл

Экологиялық туризм және оның маңызы.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

      Экологиялық туризмнің экономиканың маңызды  бір саласы ретінде дамуына Кения  мысал бола алады. Бұл мемлекеттің  басшылығы экологиялық туризмді дамыту ортасында белсенді саясат жүргізуде. 1977 жылдан бастап толығымен аңға шығуға шектеу салу заңы әрекет етуде. Экотуризмнің дамуындағы жетістік жақсы реттелген ЕҚТТ жүйесіне негізделеді. Бұрын экологиялық туризмнен түскен қаржының біраз бөлігі ЕҚТТ және жергілікті қоғам арқылы мемлекеттік бюджетке түсіп отырды. Қазіргі уақытта Кенияда ЕҚТТ-ны өкілетті басқаратын және және барлық ақшалай қаражатты рационаьды үлестіріп отыратын Жабайы табиғат қызметі құрылған. Нәтижесінде түскен пайданың негізгі бөлігі жергілікті жерде қалдырылуы ұлттық саябақтардың қаржылай мәселелерін жеңілдетті.

      Сонымен, экологиялық туризмнің дамуы  табиғи капиталды қолдану есебінен жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін  табиғи орта күрделі антропогендік  өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұл осы елде экотуризм толығымен дами алады дегенді білдіреді. Экологиялық туризм ОАР-да қарқынды дамыды. 1994 жылы республика ДТҰ-ға мүше болды. Бұл жыл туризм ортасында түбегейлі өлшемдерді қабылдау жылы болды. ОАР туристік кеңесі елдің табиғи шарттарының әртүрлілігіне байланысты арнайы туристік гидтерді даярлайды.

      Экологиялық туризмнің түрлері әр түрлі –  бұлар жорықтар, ботаникалық экскурсиялар. Елдің табиғаты антропогендік жүктемелерге ұшырамаған, сондықтан экологиялық  туризмнің ұйымдары үшін қажетті шынайы ландшафттың едәуір бөлігі сақталған. АҚШ – бұл ішкі және халықаралық туризм қатар дамыған ел. Экологиялық туризм бұл елде көбірек танымал. Мұнда экотуризмнің өркендеуі үшін арнайы ұлттық саябақтар жүйесі қызмет етеді. Ол тек табиғатты қорғау құралы емес, сондай-ақ экомаршруттар өтетін жақын елді-мекендердің инфрақұрылымының жақсаруына әсер етеді.

      Елде  экотуризммен байланысты ұйымдар саны көп. АҚШ-та экотуризмнің жаңа түрлерінің бірі – отбасылық фермадағы туризм. Экономикалық қиындықтарға тап болған фермерлер пайданың жаңа көзін іздеуге мәжбүр. Отбасылық фермадағы туризм  дамуы үшін қаржыны қажет етпейді, сонымен туризмнің фермаларда дамуы олардың негізгі қызметіне қолайлы толықтыру болып табылады.

      АҚШ-та және басқа дамыған елдерде экологиялық  туризмнің ролі жергілікті деңгейде үнемі өсіп отырады.

      Ұлыбританияда ішкі экотуризм дамуда. Елге бағытталған  дүниежүзілік туристік сапарлардың  көп бөлігі іскерлік, ғылыми және мәдени экотуризммен байланысты.

      Экологиялық туризмнің дамуы негізінен Англияның ауылдық жерлер жөніндегі комиссиясымен ретке келтіріліп отыратын жергілікті әкімшіліктің қарамағында.

      Ауылдық жерлер жөніндегі комиссия ландшафтты қайта қалпына келтіретін фермерлерді  ынталандыратын бағдарлама шығарады, соның ішінде агротуризм маңызды  роль атқарады. Ұлыбританияда экотуризм жергілікті халықтың экономикасының дамуы мен жерді қалпына келтірудің маңызды көзі болып табылады.

      Емдік туризм жүйесі жақсы дамыған Чехия  елінде экологиялық туризмнің дамуына  көп көңіл бөлінеді. Чехиядағы  ең көрікті орын «Чех Швейцариясы» деп аталатын қорық. Мқнда экологиялық туризмнің қарқынды дамуы үшін қажет мүмкіндіктер бар. Олар: ертегідегідей қалың орман, суретті жазықтар, терең шатқалдар, өзінің әдемілігімен және айбындылығымен керемет романтикалық жартастар мен ескерткіштер.

      Экологиялық туризм Бразилияда тез қарқынмен  дамып келеді. 1996 жылы Бразилия экологиялық  туризм үшін Доминик республикасы, Эквадор, Перу, Чили және Аргентина  сияқты елдерге қарағанда 3 млрд. АҚШ  долларын салды. Дегенмен, қоршаған ортаны жоспарлау мен басқару жөніндегі ассосацияның мәліметтері бойынша бұл елде инвестицияның деңгейі жоғарылауда: 1988 жылы ол 8 млрд.-ты, ал 1999 жылы 12 млрд.-ты құрады.

      1997 жылы Бразилияда әр түрлі елден  2000 делегат келіп қатысқан «World Ecotour 87» конференциясы болып өтті. Рәсімнің ашылу салтанатында ДТҰ-ның бас хатшысы Франческо Франджелли экологиялық туризмнің барлық дамушы жолдарын атап көрсетті. «1997 жылдағы дүниежүзілік туристік сапардан түскен пайда 620 млн. долларды құрайды » -дейді Франджелли мырза. Экотуризм осы түскен қаржының 20%-ін құрайды. Мамандардың болжамы бойынша экотуризм әрі қарай өсуге деген беталысты сақтап келеді.

      Экологиялық туризмнің дамуы мен ұйымдардың сауалына ТМД елдерінің басқасына  қарағанда Ресей көп көңіл  бөледі. Бұл елде экотуризмнің дамуы үшін маңызды потенциалдар жеткілікті, мысалы: территориясының 45%-ы антропогендік өзгеріске ұшыраған, ал АҚШ-та бұл сандар 4%, Батыс Европада 2-3%-ды құрайды.

      Ресейде ЕҚТТ-ны басқаратын арнайы қызметтер, экотуризмнің Академиясы құрылған. Барлық осы ұйымдар экотуризмді дамыту мәселелерін шешу үшін күш жұмсайды. Дегенмен, оған қарамастан Ресейдің көптеген ұлттық саябақтарында туризм табиғатты қорғаудан тыс өркендеуде. Жеке компаниялар негізінен өздеріне табыс әкелетін адамдар үшін элитарлық экотуризмді дамытумен айналысады.

      Соңғы уақытта жергілікті билік туристік саланың тұрақты дамуымен байланысты экологиялық туризм және территорияның  тұрақты даму мәселесімен айналысады. Экологиялық туризм Қиыр Шығыста  маңызды роль атқарады. Бұл ауданның ортақ туристік-рекреациондық потенциалы экотуристерді әр түрлі қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Мұнда экологиялық туризм ұйымының сауалдарымен Қиыр Шығыстың жабайы табиғат қорының бөлігі айналысады. Экологиялық туризм бойынша болып тұратын тұрақты семинарлар, конференциялар, форумдар туризмнің осы түрімен айналысатындар үшін, әлемдік экологиялық туризмнің тәжірибиесін үйренем деушілер үшін, сондай-ақ осы ортада өз тәжірбесімен алмасамын деушілер үшін жақсы мүмкіндік.

      Экологиялық туризм ұйымының тәжірибиесі Қиыр Шығыстың барлық ЕҚТТ-ларында бар: «Морской», «Уссурийский», «Лазовский» қорықтарында; «Сисунайский», «Монерон аралы» ұлттық саябақтарында. ЕҚТТ-да экологиялық туризм экожолдармен экскурсиялау, жергілікті музейлерге бару және табиғаттағы жануарларды бақылаумен біріктіріледі. «Удегейская легенда» деп аталатын ұйымдасқан ұлттық саябақ Сихтэ-Алинскілік метеорит түскен орынды тамашалауды және тау көлдері мен еріген «қар адамын» көруді ұсынады. Камчаткадағы ең белгілі экологиялық туризмнің объектісі ретінде Кроноцкілік мемлекеттік биосфералық қорық қарастырылады. Оның территориясында атақты “гейзерлер жазығы”, вулкандар мен түбектердегі көлдер  сияқты табиғи объктілер кездеседі.

        Қазақстан Республикасының тұрақты  даму концепциясында экологиялық туризм сияқты табиғатты сақтаушы туризм түрлерінің дамуы көрсетіледі.

        Қазақстанда экологиялық туризмнің  дамуы үшін қажет ресурстар  жеткілікті. Дегенмен әлеуметтік-экономикалық қиындықтар,материалдық-техникалық құралдардың жетіспеушілігінен ЕҚТТ-да экологиялық туризмнің дамуы үшін мүмкіндік жоқ, ал қолданылатын экомаршруттарға лайық қондырғылар жоқ және ақпаратпен қамтамасыз етілмейді.

      Экологиялық туризмнің әлсіз дамуының негізгі  себебіне экотуризм дамуы бойынша  мемлекеттік бағдарламалардың болмауы және туризмнің бұл түріне мемлекеттен ешқандай қолдаудың көрсетілмеуі. Дәл осы экотуризм туризмнің экологиялық қауіпсіз түрі болғандықтан келешекте біздің республикамызда жергілікті билік пен оған сай құрылымдар экологиялық туризмге назар аударады деген үміттеміз. Сонымен бірге бұл ұйым дұрыс құрылып, және ол мемлекетпен қатаң қадағаланып отырса, табиғи ландшафтты қорғау тиімділігі артады.

        

2.5 Биологиялық көптүрлілікті  сақтаудағы экологиялық  туризмнің ролі 

      Туризмді  дамыту және туристік мақсаттар үшін табиғи ортаны пайдалану әрқашанда өзекті мәселелер болған. Алайда, ХХІ ғасырдың басында олардың өзектілігі одан әрі маңызды болды. Бұл табиағаты тартымды аудандарға бағытталған туристік қозғалыстың өзгеруімен байланысты. Ал бұл табиғаттың деградация процесінің күшеюіне әкеп соқтырды.

      Туризмнің бақылаусыз дамуы, осы салада сауатты  басқарудың болмауы биологиялық  сиреуіне көптеген бірегейлі табиғи комплекстердің бұзылуына, ландшафттардың өз эстетикалық тартымдылығының жоғалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан туристік қызметтің табиғатқа әсерін азайту үшін осы территорияның туризмге жарамдылығын зерттеп, қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалау қажет. Осы мақсатпен бағалаудың келесі әдістерін пайдаланады:

  • геофизикалық әдіс. Осы әдістің көмегімен табиғи орта компоненттерінің арасындағы су және жылу алмасуын және олардың экожүйенің өнімділігіне әсерін зерттеуге, өзгерген және бұзылған территориялардың баланс құрылымын салыстыруға болады;
  • геохимиялық әдіс. Табиғи жолмен және адамның шаруашылық әрекетінен пайда болатын химиялық элементтердің миграциясын талдауға мүмкіншілік береді. Бұл әдіс қоршаған ортаның химиялық құрамынның өзгеру заңдылығын экожүйенің өздігінен тазаруға, ластану масштабын анықтау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді;
  • индикациялық әдіс. Табиғи ортаның жағдайын бағалауға бірегейлі. Табиғи ортаның ең әлсіз элементі бұл өсімдік жамылғысы екені бәріне мәлім. Индикациялық әдіс көмегімен морфологиялық, фитоценотикалық, флористикалық белгілері бойынша өзгерістерді анықтауға болады. Бұл көрсеткіштердің сандарының азаюына байланысты немесе сапасының нашарлауы өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырағанын көрсетеді.
 

     Қоршаған  ортаны бағалау оның жағдайын анықталған нормативтермен салыстыру жатады. Нормативтер  орнына табиғи комплексерінің бұзылмаған күйіндегі көрсеткіштері болады.

     Туристік  қызметті ұйымдастыру табиғатты  тиімді пайдалану қағидаларына бағынуы  қажет. Ландшафттардың және территориялардың рекреациялық мүмкіншілітер тұрақтылығын ескеру керек. Экологиялық туризм табиғи қорғау және экологиялық мәселелерді шешуші, экожүйелердің сапасын және алғашқы күйінде сақталуын қамтамасыз ету, биологиялық көптүрлілікті сақтау, жергілікті халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, жергілікті халықтың өмірінің жақсаруының шешуші құралы ретінде қолданылуы керек.

     Қазақстан Республикасының табиғи жағдайларының әртүрлілігі себебі, бұл өсімдік және жануар әлемінің байлығы. Көптеген жануарлар және өсімдіктер түрлері өздерінің құндылығына, сирек кездесетіндігіне, эндемиктігіне байланысты ҚР Қызыл Кітабына енген. Осылайша сүтқоректілердің – 22,5% , құстардың – 11,4%, бауырымен жорғалаушылардың – 20,4%, балықтардың – 15,4% енгізілген.

     Кейбір  авторлар (Воо, Кusler) экологиялық туризмді биологиялық ресурстарды сақтап қалуды қамтамасыз ететін құрал ретінде қарауға шақырады. 

     Экологиялық туризм табиғатты сақтаудан пайда түсірудің маңызды көзі болып табылады. Бұл:

    • табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеу, көлікті пайдаланғаны, аңшылық трофейлер үшін ақы төлеу
    • тамақтану, уақытша тоқтау, көлік, гид қызметтері үшін арендалық ақы алу
    • берілген территорияға келетін туристерге тауарларды өткізуден түскен табыс пайыздары
    • тауарларға, қызметтерге салық салу
 

     Шетелдік  табиғи парктер тәжірибесі көрсеткендей, парктерге кіру ақысы салыстырмалы төмен болады. Бұл табиғи парктерді  адамдардың барлық категориясына ашық екендігін көрсетеді. Мысалы, Голапогостық аралдар шетелдік туристерден Эквадор тұрғындарына қарағанда көп ақы алады, ал жергілікті тұрғындардан тіпті алмайды. Біздің елімізде де қаржылық проблемаларға байланысты шетел және жергілікті туристер үшін дифференцияланған кіру ақысы енгізілуі қарастырылады.

     ҚР  экологиялық туризмді дамыту үшін барынша  рекреациялық ресурстарға ие. Мәселен, ерекше қорғалатын табиғи территориялары және объектілер туралы, анықтап айтқанда – қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғи ескерткіштері.

     Бұған қоса республикада өзінің табиғи, рекреациялық потенциалы бойынша бірегей және экотуризмді ұйымдастыру үшін жарамды, шаруашылық әрекет әсер етпеген территориялар  бар. Дегенімен, Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы бастапқы кезеңде ғана тұр. Бұның себептері басты түрде әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарда, материалдық-техникалық құралдардың жетіспеушілігінде және де біздің ЕҚТТ жүйесінің өзгешелігінде.

     Экотуризмнің  негізгі міндеттері:

    • экологиялық білім, табиғатпен қарым-қатынас мәдениетін жоғарылату, табиғи ортада жүріс-тұрыс экологиялық нормалары, әр адамда табиғат тағдыры үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
    • адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, сапалы демалысты қамтамасыз ету.
    • табиғатты қорғау, табиғи ортаға зиян келтіруді барынша азайту
    • тұтас мемлекеттің және де бөлек аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу

Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары