Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Работа содержит 1 файл

Экологиялық туризм және оның маңызы.doc

— 293.50 Кб (Скачать)
  • Алғашқы пайда болған табиғатты қарамағымызға алу және оған үнемділікпен қарау;
  • Туризмнен түсіп жатқан пайдадан міндетті түрде табиғи экожүйені бірқалыпты деңгейде сақтауға қаржы бөліп тұру қажет.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Экологиялық туризм және тұрақты даму 

2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы 

      ХХІ ғасыр қарсаңында адамзат бірқатар проблемаларға тап болды, бай  мен кедей арасындағы теңсіздік, ашаршылық, әр түрлі аурулар, халық  санасыздығы, бірақ ең бастысы – қоршаған орта проблемалары және экологиялық жүйе деградациясының күшеюі. Өркениет болашағы осы проблемаларға тәуелді болып келеді.

      Бүкіл әлемде қоғам  қоршаған ортаны бүлдіре  отырып, өз болашағын жойып отырғанын  түсіне бастады. Соған байланысты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, даму жөніндегі агенттіктер және жеке адамдар келе жатқан ғаламдық дағдарыс тудыратын жағдайдан шығу жолдарын іздей бастады. Олардың шаралары ақылдаспаушылық іс әрекеттерден тұрды, мысалы, бір жерде табиғатты  қорғау заңдарын шығару, келесі жерде экологиялық ұйымдар жұмысшыларының санын көбейту. Бірақ бұл шаралардың барлығында соңғы нәтиженің нақтылығы болмады. Қазіргі заман жағдайы әлем саясатының жаңа бағытын, яғни экономикалық және экологиялық тұрақтылық арқылы адамзат қауіпсіздігіне жетуді қажет етеді.

      Әлем  қоғамының қоршаған орта жағдайына  алаңдаушылығы 1972 жылы БҰҰ Стокгольм  конференциясында арнайы құрылым –  қоршаған орта жағдайы бойынша БҰҰ  Бағдарламасының пайда болуына  себеп болды.

      1983 жылы - қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Халықаралық Комиссиясы құрылды, оның басшысы болып Норвегия премьер-минситрі Гру Харлем Брунтланд тағайындалды. Комиссия әлемнің әр аумағындағы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық алаңдаушылықты тудыратын проблемаларды толық көлемде ашу және оларды шешу үшін шақырылған.

      1987 жылы қоршаған орта және оның  дамуы бойынша Халықаралық Комиссиясы  «Біздің ортақ болашағымыз» атты  баяндамасында өркениеттің жаңа  моделі қажеттілігі туралы мәселесін  көтерді. Осы баяндамада бірінші рет «тұрақты даму» ұғымы пайда болды және тұрақты даму концепциясын жасау жұмыстары басталды. Аз уақыт ішінде өркениет болашағын талқылаған уақытта бұл ұғым ең көп қолданысқа ие болды.

      Бірегей жағдайда - тұрақты даму – бұл  қоғамның табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануы негізінде дамуы, ал ол өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді (адам денсаулығы, жағымды қошаған орта, экологиялық қауіпсіздік, және т.б.).

      Тұрақты даму адамзаттың ХХ ғасыр соңы –  ХХІ ғасыр басындағы басты қарастыратын мәселесі болып саналды.

      Қоршаған  орта және оның дамуы бойынша Халықаралық  Комиссияның тұрақты даму концепциясы  өзіне мынадай басты мәселелерді  қосады:

      1. Адамзат болашақ ұрпақтарды өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігінен айырмай, қазіргі кезде тұрып жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай келетін даму процессіне тұрақтылық және көп уақыттылық мінездемесін бере алады. Ол үшін мынадай талаптар қойылады:

    • Экологиялық қауіпсіздік және жағымды ортада тұру жөніндегі адам құқықтарын іске асырудағы әділдік.
    • Ауыстыруға келмейтін табиғат ресурстарын эксплуатациялауды уақытша тоқтату
    • қоршаған ортаның  қажетті сапалығын сақтау және экологиялық регенерация мүмкіндігі
    • қоршаған орта және адамзат генофондының азаюын тоқтату
 

      2. Тұрақты даму негізінде өзімізде  бар табиғи ресурстар мен ғаламшардың  экологиялық потенциалы жатыр.  

     3. Тұрақты ғаламды даму үшін  жеткілікті құралдары барлар  өздерінің күнделікті өмірлерін Жердің экологиялық мүмкіншіліктерімен бірлестіру керек, мысалы, энергияны тұтыну  

      4. Тұрақты даму – ол гармонияның  өзгерген түрі емес, ол қазіргі  және болашақ қажеттіліктермен  сәйкестенетін техникалық дамуға  бағытталған өзгеру процессі. Нәтижесінде  тұрақты даму негізінде саяси  ынта болу керек. 

     1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода Қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Конференциясы өтті. Онда тұрақты даму жөнінде халықаралық келісімшарттар жасалды, маңызды құжаттар қабылданды:

    • адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруы мен дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация
    • ХХІ ғасыр күн тәртібі – экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуға ауысу бағдарламасы
    • климаты өзгерулер туралы БҰҰ конвенциясы
    • әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен технологиялардың қайта құрылуын іске асыруды қажет ететін биологиялық көптүрлілік БҰҰ конвенциясы
 

     Соған байланысты соңғы уақытта тұрақты  дамуға ауысудың теоретикалық базасы құрылды. Ауысудың негізгі талабы «табиғат – қоғам» жүйесі функциясын гармонизациялау болып табылады. Ол өз кезегінде функциясы мен компоненттерін бұзбайтындай, әлеуметтік-экономикалық жүйешенің функциясы мен компоненттерін өзгертеді. Табиғи жүйешенің құрылымын сақтау, адамның өмір сүру ортасының комфорттылығын сақтау және өміріндегі материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте маңызды.

     Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін әлемге ТМД аумағындағы саяси  тұрақты даму көшбасшысы ретінде  танытты - әлем тарихында бірінші  рет ядерлік палигонды жауып, ядерлік полигоннан бас тартты. ТМД елдері арасында интеграциялық процестердің талапкері болды.

     Қазақстан Рио-де-Жанейрода өткен Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылды, онда ол өте маңызды конвенциялырға – биологиялық көптүрлілікті  сақтау, климат өзгерулері, шөлденуге қарсы күреске қол қойды. Тұрақты даму мәселесін талқылауда БҰҰ шешімдерін қолдады.

     Республиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыты, қоршаған ортаны қрғау үшін жасалатын іс шаралар жоспары  мен ХХІ ғасыр Күн тәртібі  экологиялық қауіпсіздік Концепциясында бекітілген. Бұнда Қазақстанға экология жағынан әлсіз ел ретінде анықтама беріледі, себебі болып елдегі ғаламды түрдегі проблемалардың шоғарлануы айтылады (Арал, Каспий, Семей өңірі және т.б.).

     ТАСИС жобасының «Халақты қоршаған орта проблемалары туралы ақпараттандыру» әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері бойынша тұрғындардың 89% қоршаған орта жағдайына алаңдаушылық білдірді.

     Кез келген елдің тұрақты даму концепциясы  экологиялық тұрақты болашақтың құрылыуын талап етеді. Мөлшерімен тұрақтылыққа 2030 жылы жету керек. Арнай зерттеулердің мәліметтері бойынша табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруы болмаса, әлемде табиғи ресурстардың азғыруы мен экономикалық төмендеуі байқалады.

     Әлем  жағдайын бақылау Институтының ғалымдары  Р. Лестер мен К. Флэвин зерттеулері бойынша 2030 жылы әлем экономикасы жанар-жағармай ретінде көмір, мұнай және табиғи газды қолданбайды. Қолдану негізіне күн және ядерлік энергия ие болады. Әрине, бұлардан басқа жаңа технологиялар жасалынады.

     Ел  президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Казахстан – 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев» кітабында Қазақстан болашағының барлық басты мәселелері қарастырылған.

     Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрақты  дамуға ауысу үшін әлеуметтік, саяси  және экономикалық жағдайлар қалыптасты. Соңғы уақытта ел Президенті, саяси және ғылыми ағартушылар өздерінің еңбектерінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөле бастады.

     Қарым-қатынас  және бірлесу процесі, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму Ғаламдық конференциясында басталды. Ұлттық деңгейде Орталық және Шығыс Европа және ТМД елдері қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының   Ұлттық жоспарын жаай бастады.

     1992 жылы ТМД елдері Мемлекетаралық Экологиялық Бірлестік (МЭБ)  құрды. 1997 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында І Қазақстанның Ұлттық табиғат ұйымдарының (ҰТҰ) форумы өтті, бұл форум Қазақстанның экологиялық жүйесі және оның тұрақты даму жағдайындағы перспективалары туралы құнды ақпараттардың жиналуына зор үлесін тигізді.

     Қазақстанның  халықаралық форумдары мен жоғары деңгейдегі кездесулерге белсенді қатысуы  республиканың әлем экономикасының саяси кеңістігіне енуіне зор  ықпалын тигізеді.

           Тұрақты даму концепциясы  экономикалық даму экологиялық шаралар процесстерін біріктіру мүмкіншілігін бере алады: нарық механизмдері экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді өндірістің шығаруына мүмкіншіліктер береді.

           Қысқа уақыт ішінде тұрақты даму ұғымы халық санасына республиканың экономикалық және саяси өміріне енді.

     Бүгінгі таңда Қазақстан болашақ ұрпақ  қажеттіліктерінің қауіпсіздігін  сақтай отырып қазіргі өзінің қажеттіліктерін  қанағаттандыратын жаңа тұрақты  қоғам құру жолында.

     Бізге, адамзаттың Жер ғаламшарының потенциалды  экожүйе шекарасында ғана өмір сүру крек екенін мойындау керек. Оған нақты альтернатива жоқ. Сондықтан егер біз ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын дұрыс әрі рационалды пайдаланбасақ адамзат өз болашағынан айырылады. Бүгін біз болашақ ұрпақтар өмірі үшін жауаптымыз. Ол туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, қазіргі период мәселелерінен басқа болашақ ұрпақтар алдында мойнымызда үлкен жауапкершілік жатқанын әр күні есте сақтауымыз керек». 
 

     2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде 

     Туризмнің даму концепциясы әлемнің көптеген елдерінің назарын өзіне аударды. Туризмдегі тұрақтылық қағидалары ДТҰ  және Дүниежүзілік саяхаттар және туризм бойынша бірлестікпен құрастырылған. Олар экологиялық, экономикалық, мәдени тұрақтылыққа және жергілікті халыққа арналған тұрақтылыққа әкеледі. Туризмдегі тұрақтылық мыналарды білдіреді: табиғат және мәдениет потенциалының сарқылмас қолданылуы; жергілікті халықты экотуризмді  дамыту жобаларына тарту; туриз ұйымдарының ресурстарды сақтаушы технологияларына аусыуы, өндіріс қалдықтарының азаюы; қоғамдық және жеке секторлардың бірлесе жұмыс істеуі; туризмнің елдердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарылауына өз үлесін тигізу.

     Қазіргі кезде туризм негізінен экологиялық  түрлеріне бағытталған. Себебі олар табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайды.

     Экологиялық туризм қоршаған ортаға ең жақын туризм секторы болып табылады. Экотуризмнің даму табиғатты пайдалану модельдерінің  аусуына, мәдени және табиғи байлығымызды қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға зор ықпалын тигізеді. Осы элементтер жүйені құрайды және бір біріне әсер етеді.

     Айта  кету керек, тұрақтылыққа тек көп  салалы экономикалық салаларының арасында тығыз байланыстар нығайғанда ғана жетеді. Экотуризмге келетін болсақ, ол тек қана өзінің даму нәтижелерімен ғана пайдалануымен шектелмей, сонымен қатар басқа да әлеуметтік-экономикалық  сфера секторларына өз әсерін тигізеді.

     Экологиялық туризм және тұрақты даму байланысы  жолдарының ең маңыздыларын қарастырайық.

     Экотуризмнің  дамуы пайдалануды рационализациялайды. Көптеген территорияларды туристік мақсатта пайдалану, сол территорияларды ауыл шаруашылығы өндіріс салалары мақсаттарында пайдаланудан әлдеқайда көп табыс әкеледі. Мысалы, Кениядағы зерттеулер мынадай мәліметтер көрсетті, жердің жануарларды ұстау территориясынан туризм үшін қорғау территориясына ауысуы (айналуы), сол жердің өз бағасы құнының 50 есе өскенін көрсетті, 1 га – 40 АҚШ долларына жеткен.

     Тұрақты дамудың маңызды проблемаларының  бірі биологиялық ресурстарды пайдалану болып табылады. Экотуризмнің әсері тіпті барлық жағдайда олардың физикалық жойылуына әкеп соқтырмайды. Негізінен ол ағаш дайындау альтернативасы болады. Жыл сайын тропиктерде 17 млн га жуық орман шабылды. Экотуризмнің дамуы Бразилия, Кения, Коста-Рика және т.б. елдердің ормансыздану процесінің тоқтатылуына өз үлесін тигізеді. Жыл сайын осы табиғат «шығындарын» өтегісі келетін экотуристер саны көбейіп келеді. Мысалы, Кения ұлттық парктеріне жылына 650 мың адам келеді, ал олардан түсетін түсім шамамен 350 млн АҚШ долларын құрайды.

     Кей жануарларды экотуризм объектілері  ретінде пайдалануы, оларды утилитті түрде пайдаланудан әлдеқайда әсерлі әрі тиімді. Olindo (1998) есептеулері бойынша Кениядағы Амбоссели ұлттық паркіндегі бір піл жылына 14 мың доллардан астам немесе бүкіл өмірінде 900 мың доллар табыс әкеледі. Бұл олардың тұмсық сүйектері мен терлерінен түсетін пайдасынан әлдеқайда жоғары болып қана қоймай, осы жануарларды қрғау мен олардың популяциясының жандандыруына кететін шығындарды да ақтайды.

Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары