Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:13, курсовая работа

Описание работы

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп жариялады. Сол жылы мамыр айында Квебек провинциясында (Канада) Дүниежүзілік экотуризм саммиті өтті. Осы саммитқа дайындық барысында Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізу инициативасын ұсынды. Соған байланысты Алматы қаласында (Қазақстан) «Экотуризм – XXI ғасырдағы ТМД, Қытай және Моңғолия елдерінің өтпелі экономикаларының тұрақты даму құралы» атты, 2001 жылы қазан айында, семинары өтті.

Содержание

Кіріспе………………………………………………….................................. 3
1 Экологиялық туризм географиясының теориялық және методологиялық сұрақтары………………………………….................. 4-10
1.1 Экологиялық туризм ұғымы........................................................... 4-
1.2 Экологиялық туризм ерекшеліктері……………………................ 7
1.3 Экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызы………………………………………………………............ 9
1.4 Қазіргі заманғы классификациядағы экологиялық туризмнің алатын орны……………………………………............................. 10
2 Экологиялық туризм және тұрақты даму…………………...... 13
2.1 Мемлекеттердің тұрақты даму концепциясы……………............ 13
2.2 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде……………………………………………………….......... 16
2.3 Тұрақты дамудағы экологиялық туризм ролінің географиялық аспектілері………………………………….................................... 18
2.4 Әлемнің кейбір мемлекеттеріндегі экологиялық туризмнің маңызы мен ролі………………………………….......................... 22
2.5 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы экологиялық туризмнің ролі………………………………………………............................ 25
3 Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары…………………........................31
3.1 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының жағдайы мен оның талғануы……………………………………………............. 31
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы республиканың ресурстық потенциалы…………………….................................... 34
3.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының проблемалары мен перспективалары………………………….............................. 38
Қорытынды………………………………………………………………...... 40
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………… 42

Работа содержит 1 файл

Экологиялық туризм және оның маңызы.doc

— 293.50 Кб (Скачать)
 

      Бұл мақсаттар дүниежүзіндегі әрбір  ЕҚТТ жұмысының негізі болып табылады. Қазақстандық ЕҚТТ болса бұл міндеттер толық емес және әрдайым орындала бермейді. ЕҚТТ да экотуризмді ұйымдастыру әдістері жоқ, нақтылап айтқанда: жалпы пайдаланылатын экомаршруттардың сәйкес құралдары жоқ, ақпаратпен қамтамасыз етілмеген, келушілерді қабылдайтын және экологиялық ағартушылықпен айналысатын кадрлар жүйесі реттелмеген.

      Республикада  шетелдік туристерді күтіп, қызмет көрсетуге  ерекше көңіл бөлетін комерциялық  туристік фирмалар жасайды. Бұл тек  аз уақыт ішінде көп пайда табу ғана емес, кейбір мемлекетіміздің  туристерінің теріс әрекеттері (тамақта ашық отта даярлау, қоқыс тастау, тастарға және тарихи объектілерге жазу) басты себепші болды.

      Ұлттық  парктер аудандарында экскурсияларды жүргізу және экологиялық ағартушылық  жұмыстарын ұйымдастыру қоршаған ортаны саұтауда маңызды роль атқарады. Ұлттық парктерге келетін туристерді парк функцияларымен, не қорғайтынын, не үшін құрылған, қандай шекаралары бар сонымен қатар оның территориясындағы қызметтер ережесімен танстыру қажет. Мұндай анық құрылған аұпараттық бағдарлама парк зонасындағы экологиялық туризмнің дамуның басты элементі болып табылады.

      Бүгінгі күні табиғаттың туризммен жүктелуі адамзаттың өзекті мәселелеріне айналған. Осылайша туристердің 52% ландшафттың  туризм әсерінен бұзылуы жергілікті тұрғындар үшін қауіп төндіреді  деп санайды. Жергілікті тұрғындар туризмнің зиянды әсерінен пайда болатын факторлар ішінен бірінші орынға көлік пен ауаның ластануын және жердің дұрыс пайдаланбауын қояды.

      Әдетте  туризмнің  әр түрі қоршаған ортаға өзінің кері әсерін тигізеді. Экологиялық  туризмде бұл әсер ету өте аз болады. Сондықтан туристік әрекет кезінде қоршаған ортаның деградациясын болдырмау үшін мынадай іс-шаралар қолдану қажет:

    • ЕҚТТ да экологиялық туризмді ұйымдастырғанда табиғатты сақтау режимдерін қатаң түрде қадағалау керек
    • Болашақта экологиялық объектілерді пайдалануда бағдарламалар құру мақсатымен олардың жағдайын периодты бақылап тұру
    • Табиғи ортаға түсетін экологиялық жүктемелерді ескере отырып әр маршрут үшін туристер топтарын құру
    • Экологиялық маршруттарды жасағанда, көлік қызметі кезінде, туристерге қызмет көрсету кезінде, экологиялық таза және ресурстарды үнемдейтін қазіргі заманғы құрал жабдықтарды пайдалану
    • Экологиялық туризмнің әрбір объекті үшін күнделікті, айлық, жылдық келушілер санын құру, объектіге келушілер үшін жабық болатын кезеңдерді анықтау
    • Объектіге ең ыңғайлы маршруттарды және жақындау тәсілдерін анықтау
    • Рекреациялық жүктемелері бар табиғи территорияларда демалушылар ағымының жіктелуін туристік қозғалыстың жоспарлы территориялық ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету
    • ЕҚТТ дан тыс жерлерде орналасқан экологиялық туризм объектілеріне ерекше көңіл бөлу. Өйткені олар аз мөлшерде қорғалады.
    • экологиялық туризм объектілердің экологиялық зиянды өндірістердің жайлап жойылуын қамтамасыз ету
    • пайдалануға алынатын табиғи территориялардың толық сақталуын және таз күйінде болуын қамтамасыз ететін туристік фирмаларға ғана лицензияларды беру
 

     ЕҚТТ  дың  экотуризмнің объектілері ретінде  пайдалану пайда түсіруі қажет, ал оның жартысы міндетті түрде:

    • ЕҚТТны күту және қарауға
    • Экотуризмнің инфрақұрылымының, келу орталықтардың дамуына, маршрутты жолдардың жабдықталуына
    • Табиғи ескерткіштердің және табиғи ортаның қалпына келтірілуіне
    • Білім саласының, гидтарды дайындауға бөлінуі қажет.
 

     Экологиялық туризмнің биологиялық көптүрлілікті  сақтаудағы ролі экотуристердің өздері барған территориялардың қорғаушыларына айналатынында да білінеді. Шет мемлекеттер тәжірибесі көрсеткендей әдетте экотуристер барған жерлер табиғатын қорғау үшін барлық күштерін және уақыттарын қиюға дайын болады. Көптеген туристік ұйымдар туристер келетін территориларды ақпарат көздері көмегімен, ғалымдар, экологтармен кездесу ұйымдастыру сонымен өатар қаражаткөздерін ұйымдастыру арқылы экологиялық тепе-теңдікте сақтайды.

     Американың  көптеген елдерінде сонымен қатар  Африканың кейбір мемлекеттерінде табиғатты сақтаудан жекеменшік әрекет жүргізілуде. Жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін сақтап қалу әлемде көптеген жекеменшік қорықтарының пайда болуына әсер етті. Мұндай қорықтар экологиялық тұрғыдан маңызы зор, өйткені табиғи ресурстарды сақтап қалу және кейбір табиғи түрлері санының өсуіне қосымша күш ретінде қабылданады. Мысалыға, Африканың көптеген елдерінде ранчо иегерлері жерлерінің жарты бөлігін ауыл шаруашылығына, ал қалған бөлігін жабайы табиғатты сақтауға және туристерге көрсетуге бөлетін кездер болады.

     Қорғалатын  территорияларды қадағалаудағы ең нәтижелі құрал бұл зоналау болып табылады.

     Әдетте  зоналау процессі ЕҚТТ жұмысы істеу жобаларына енгізілген. Бұдан қорық немесе ұлттық парк басқармасы олардың жұмысын еркін қадағалау жұмысын жүргізе алады. Осы зоналау көмегемен жабайы табиғатқа басып кіруді немесе бұзылуды азайту үшін туризмді тиімді ұйымдастыруға болады. Мысалы, адамдардың басып кіруі кері әсер ететін жануарлардың немесе өсімдіктердің көбею зоналарында немесе төзімді табиғи орталары үшін туризм тіпті мүмкін емес.

     Қолайлы және тұрақты туризм ең бастысы зонаның  биологиялық қасиеттерінен, табиғи жүйелердің төзімділігіне сонымен  қатар қорғалатын территорияларды; табиғи парк және қызметтер кешеніне қажетті экономикалық және адам ресурстарына тәуелді болады. Сол уақытта туристер келетін территориялардың туризм ауыртпалықтарына төзімділігі міндетті түрде бағалануы қажет. Бұл туристер ағымын қадағалауға және келушілер статистикасын құруға мүмкіндік береді.

     Осылайша, экономикалық және табиғатты қорғау әрекеті ретінде экологиялық туризмнің үлкен потенциалы тек сәйкес мемлекеттік басқару және реттелу болатын кезде ғана орындалады. Экотуризмнің жабайы табиғатты қорғауға қаржылай және ұйымдастырушылық пайдасы тиюі үшін туризмге көрсетілетін қызметтердің және табиғи объектілерді пайдалану бағасы реттелетін сәйкес баға құрылу саясаты жұмыс істеуі қажет.

     Барлық  жағдайда экологиялық туризмнің  дамуы биотүрлілікті сақтап қалу мақсатында болып, пайда түсіруге міндетті. Бұл мынандай жағдайларға байланысты болады:

    • Туристер келетін территорияларда келушілерді қызықтыратын табиғаттын қызықты, бірегей компоненттері болуы қажетті
    • Қорғалатын территориялардың басшылығының ЕҚТТ да тұрақты туризмді енгізуге және жетілдіруге заңды құқығы болу керек
    • Адамдардың қаржы төлеу мүмкіндіктерін, баж салығын ескеретін икемді баға құру саясаты жасалуы қажет.
 

     Нәтижесінде барлық түскен қаражат елдегі биотүрлілікті сақтап қалуды және қорғалатын территорияларға бөлінуі қажет.

     Тұрақты дамуға ауысу кезінде экологиялық  туризмнің көпшілік туризм альтернативасы болуының екі негізгі себебі бар:

  1. Табиғи экожүйелерге көпшілік туризмге қарағанда, экологиялық туризмнің жағымсыз әсері әлдеқайда аз болып келеді.
  2. Экологиялық туризм адамдардан аз игерілетін жердерді экотуризм қызметі үшін алып, табиғи құндылықтар сақталуын қамтамасыз етеді.
 
 
 
 
 

3. Экологиялық туризмнің  Қазақстандағы дамуының  алғышарттары мен перспективалары 

      3.1 Қазақстандағы экологиялық  туризм дамуының жағдайы  мен оның талғануы 

     Мыңдаған  жылдардан бері Қазақстанда халықтың аз орналасуына және көшпелі өмірдің  басым болуына байланысты экожүйе  адам қолы тимеген күйінде болды. Бірақ ХХ ғасыр республика үшін табиғи ресурстарды шексіз қолдануға әкеліп соққанымен қатар табиғатты қорғау талабы қойылмады, ол жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің өмір сүру деңгейін күрт төмендетті. Қазақстанда аз ғана уақыттың ішінде Прежевальск жылқысы, құлан, тұран-барсы мүлдем құрып кетті. Осы уақытта жоғалу қауіпі үстінде қар барысы, гепард, тұр. Браконьерлік аңшылық ақбокендердің санын айтарлықтай төмендетіп жіберді. Ұя салатын аймақтардың тарылуын алып бүркіттер мен қырандар сияқты жыртқыш құстардың жойылу қауіпіне әкеп соқты.

     Республиканың барлық аумағында дерлік тұрғындарың  экологиялық  сауаты жетіспегендіктен қршаған орта туралы толық ақпарат  жетпегендіктен экологиялық тұрақтылық бұзылған. Дәл осы уақытта табиғи орта кез-келген әсерге сезімтал.

     Қазақстанның қазіргі заманда табиғи ортасы үлкен алаңдаушылықты тудырады және табиғатты қолдану қағидаларын өзгертуді талап етеді. Республикадағы табиғат экожүйесін қалпына келтіру мен экологиялық  апаттың алдын алу үшін елде табиғатты қорғау мен мемлекеттің экономикалық мұқтаждың арасында бірқалыптылық болу қажет.

     Қазақстан Республикасында экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің дамуы үшін басты бағыттар ішкі және сыртқы саясат.

     Қазақстан Республикасында экологиялық саясат жүргізу үшін табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жағынан арнай жүйелейтін құрылым - Қазақстан  Республикасының Экологиялық тұрақты даму Орталығы ашылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарымен жұмыс істейді. Орталықтың міндеттеріне проблемамаларды анализдеу, әлеуметтік маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыру жатады.

     Конституцияға ҚР заңдарына, Деклорация шарттарына, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау және оны  дамыту конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992) Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа деген «Қазақстан – 2030» жолдауында қоршаған ортаны қорғау және дамуды тұрақтандырудың Көпуақытылық Экологиялық Бағдарламасы (КЭБ) «Экология және табиғи ресурстар – 2030» атты ұлттық деңгейдегі жоспар жүзеге асырылды.

     КЭБнің  негізгі мақсаттары - қоршаған орта мен қоғам арасындағы тығыз байланыс, сонымен қатар экологиялық жағымды орта құру.

     2030 жылға дейін қойылған мақсатқа  жетудің 4 негізгі басты бағыты  бар:

    • Қауіпсіз экологиялық орта құру;
    • Табиғат ресурстарын рационалды қолдану;
    • Өсімдік және жануар әлемәнің көптүрлілігін сақтау;
    • Тұрғындардың экологиялық ақпараттану деңгейі
 

      Қазіргі заманғы қоршаған ортаның бағасы әлде қайда маңызды проблемаларда. Қоршаған орта жағдайы туралы арнайы мекемелердің қорытындысы бойынша ең бірінші кезекте:

    • Су ресурстарының жетіспеуі;
    • Игерілетін жерлердің деградациясы;
    • Урбандалған территориялардың атмосферасының ластануы;
    • Су объектілерінің су ағыстрымен ластануы;
    • Қоршаған ортаның қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
    • Ормандар мен ерекше қорғалатын орындардың жетіспеушілігі.
 

     Ланшафтты және биологиялық көптүрлілікті сақтаудың бір жолы әр түрлі деңгейдей ЕҚТТ жүйесін құру орынды.

     Алғашқы экологиялық проблемалардың қатарына туризмдегі проблемаларды шешу маңыздылығы  сәйкес келеді. Ең бірінші орында тұратын  даму үшін қоршаған ортаның жақсаруы, ал туристік сферада туризмнің табиғатқа қатысы бар түріне ерекше көңіл бөлуіміз шарт. Ұзақ уақыттық 2030 «Эклогия және табиғи ресурстар» бағдарламасына байқаусыздан экотуризмнің дамуы кірген жоқ.

     Мүмкін, қазіргі заман қоғамынығ тенденциясы  экологиялық  туризм тенденциясына әсер етер.

     Біріншіден, қоғамдық өндіріс болашақта дами түседі. Ол адам жүйке психологиясына жүк түсіреді, ол бос уақытты кішкене  болсын табиғи, шынайы жабдықталған орында өткізгісі келеді.  

     Екіншіден, табиғат ресурстарын өндіріске енгізілуі табиғи ортаны деградациялайды. Осы мақсатта экотуризм мағынасы күшейе түсе отырып, өндірістік және ауыл шаруашылығының қолданылуынан табиғи экожүйе бөлініп шығады.

     Үшіншіден, қазіргі заман адамының өмірі  ғылыми-техникалық жетістіктермен күрделенген. Сондықтан, өмірді оңайлату салтымен қоғамдық құндылықтарды, сонымен қатар демалу және туризм сферасын дамыту керек.

     Бұл процесстер бүкіл әлем мемлекеттері үшін әр түрлі деңгейде бағаланады. Біріақ Қазақстанда экотуризмнің дамуына  әсер етуді азайту үшін әр түрлі жергілікті және мемлекеттік деңгейде экотуристік қызметті күшейту қажет.

     Ең  бірінші керегі:

    • Туризм сферасына жақындаудың жаңа жолын табу туризмнің қауіпсіз түрлерін құру, экотуризм сияқты, республикадағы экотуризмді дамыту бағдарламасын жоспарлау
    • Туристік мекемелердегі жұмысшылардың біліктілігін арттыру, экологиялық туризмде көрсетілетін бағдарламалық қызмет аясын кеңейту
    • Туристерге қызмет көрсетуде экологиялық білімді кадрлар дайындау, сонымен қатар байланыс саласындағы мамандар, компьютерлік техника, әлеуметтанушылар мен психлогтар және басқа мамандарды Қазақстандағы табиғи көрнекті объектілерді шетелдік туристерге көрсету үшін даярлайды.
 

     Жекеленген  Қазақстан аумақтары табиғи, географиялық себептерге байланысты әр түрлі жағдайда экологиялық туризм ресурстарымен жабдықталған. Тұрақты меңгерілетін экологиялық туризм әр салада өзінің ерекшелігімен көрінеді. Экологиялық туризммен аз қамту саласында өмір сүретін туристік объектілерді сақтау және тұрақтандыру деңгейін көтеру. Экологиялық туризмге жақсы ресурстарымен қамтылу саласындағы ішкі және халқаралық туризмнің рекреациондық және денсаулық сақтау қажеттілітерін қанағаттандыру. Мемлекеттік саясаткерлердің мақсаттары халықаралық байланыс саласында әр түрлі жоспарлы жұмыс, сонымен қатар:

Информация о работе Экологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары