Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3


І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7


1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15


ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ


2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23


2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7

1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15

ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23

2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

       Бұл  келісімшарт американдық капиталдың  Қазақстан экономикасына кең  ауқымды енгізілуінің бастамасы  болды. «Қазақстанкаспийшельф» ұлттық  мұнай компаниясы американдық  «Мобил Олй Компани», «Шелл», «Тексако».  «Амоко», «Эксон» компанияларын қоса алғандағы батыстың 6 ірі мұнай корпорацияларымен біріге отырып, Каспий теңізі шельфін өңдеу бойынша халықаралық консорциум тағайындады. Қазіргі уақытта екіжақты ірі жобаларға АҚШ-тың мұнай компанияларын бір қатарын кірістірілген.

2.2  Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық

          АҚШ елшісі Джон Ордвейдің Алматы қаласынан Американдық мәдени орталықтың  ашылуы. Екі ел арасындағы мәдени гуманитарлық саладағы байланыстар кең көлемде, жоғары қарқынмен даму үстінде. Бұл салада атқарылған іс-шаралар өте көп және әртүрлі. Солардың тек кейбіреулеріне ғана мысал ретінде толталамыз. 2008 жылдың  26 қаңтарында АҚШ елшісі Джон Ордвей Алматы қаласындағы ҚР-ның Ұлттық Кітапханасында жаңа Американдық мәдени орталықты ресми түрде ашты. Американдық мәдени орталық АҚШ елшілігінің, Ұлттық Кітапхана мен «Шеврон» корпорациясының біріккен жобасы болып табылады. Бұл жобаға сәйкес, осы орталық АҚШ туралы барлық жаңа да сенімді мәліметтерді беріп отырады, сондай-ақ лекцияларды, бағдарламаларды, семинарларды, көркемөнер көрмелері мен фильмдерді қоса алғандағы мәдени және білім беру бағдарламаларына арналған орын да бола алады. Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының өкілі Замира Канапыснова мен Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Гулиса Балабекова және АҚШ елшісі Джон Ордвеймен бірге отырып, осы орталықтың ашылу салтанатына қатысты және осы үжмақты ынтымақтастықтың жалғасуы – жоғарыда аталған орталықтың ашылуына алып келгендігін атап өтті. Орталықтың ашылу салтанатында ҚР-ның Үкіметінен Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен Алматыдағы сыртқы істер Министірлігінің өкілдігінің басшысы Айымдос Бозжигитов екеуі барды. Дәл сол ашылу салтанатында және одан кейінгі кештерде 200-ден астам адам болды. Қонақтар арасында шет елдік дипломаттар, пресса өкілдері, Қазақстандық кітапханалар ассоциясының өкілдері, зерттеушілер – Фулбрайд бағдарламасының стипендия иегерлері, сондай-ақ шет елдік және Қазақстандық студенттер де болды. Онда Алматының джаз-оркестр музыкалық компазицияларды орындады.

       2007 жылы 19 маусымда АҚШ елшісі Джон Ордвей ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті мен Орталық ғылыми кітапхананың директорымен біріге отырып, ҚР-ғы жетінші Американдық бұрышты ашты. Бұл жоба АҚШ-тың пресса, мәдениет пен білім беру бойынша елшілігінің бөлімі мен еліміздегі алдыңғы қатарлы ірі Орталық Ғылыми (Академиялық) кітапхана арасындағы ынтымақтастық жобасы болып табылады. Оның ашылу салтанатына американдық алмасу бағдарламаларының бітірушілері, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) өкілдері, кітапханашылар, ағылшын тілі оқытушылары мен БАҚ қатысты. Бұл жоба АҚШ Үкіметінің 22 мың доллардан астам қаржылай көмегінің, кітапханаға бірнеше жыл бұрын сыйға тартылған американистика бойынша жинақтық көмегімен, сондай-ақ Орталық ғылыми кітапхана мен АҚШ елшілігінің ақпараттық – ресурстық орталығы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асырылды. Салтанатты ашылу барысында АҚШ елшісі Джон Ордвей мен ҚР-ның Ұлттық Ғылыми Академиясының студенттерге қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы артуының құндылығы мен маңыздылығын атап өтті.

      2008 жылдың 8 сәуірінде  АҚШ елшісі Джон Ордвей Ақтөбе  облысының әкімінің орынбасары  Жеткерген Оралмағамбетовпен біріге  отырып, Қазақстандағы Ақтобе қаласының  Республикалық Ғылыми – техникалық  кітапханасы филиалынан сегізінші Американдық бұрышты ашады. Бұл жоба АҚШ елшілігінің пресса, мәдениет және білім беру, мәселелері бойынша бөлімі мен  Ақтобе қаласының Республикалық ғылыми –техникалық  кітапхана арасындағы ынтымақтастығы сипатында болып келеді. Оның ашылу салтанатына Американдық алмасу бағдарламасының бітірушілері, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) өкілдері, кітапхана қызметкерлері, ағылшын тілі мүғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жоба АҚШ Үкіметінің 30мың доллардан астам көлемдегі қаржылай көмегінің арқасында жүзеге асырылды. Ашылу салтанатында АҚШ елшісі Джон Ордвей Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты арттыру мен күшті стратегиялық ынтымақтастықты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

       10 наурызда  АҚШ елшісі Джон Ордвей және  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серікжан Қанаевпен біріге отырып, Қарағанды облыстық Гоголь атындағы кітапханадан тағы да бір Американдық бұрыш ашады. Бұл бұрыштың ашылу салтанатына жергілікті пресса өкілдері, АҚШ алмасу бағдарламаларының бітірушілері, Әлем корпусының волонтерлері, ағылшын тілі мұғалімдері, кітапханашылар, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) және саяси партиялар мен жергілікті басшылық өкілдері қатысты. Өзінің сәлемдесу баяндамасында АҚШ елшісі Джон Ордвей АҚШ пен ҚР-ның халқы арасындағы ынтымақтастықтың артуындағы Американдық бұрыштардың алатын орнына баса назар аударып, атап өтті. Қарағанды облыстық кітапханасындағы ынтымақтастықтың артуындағы Американдық Бұрыштың координаторы Шолпан Баймурзина ашылу салтанатына қатысушыларға әлем корпусының қолдауымен өткізілетін дискуссиялық клубтар мен американдық фильмдер көрсетілімі сияқты іс-шаралар мен жоспарлар жайында кеңінен мағлұматтар бере отырып, айтып  өтті.

      «Экон  Мобил» компаниясы ҚР-ғы әлеуметтік  және мәдени бағдарламаларды  белсенді түрде қолдауда АҚШ мәдениеті қолдаудың Ұлттық қоры өткізілетін «Шығармашылық жаңалықтары» атты концерттік бағдарламаларына демеушілік жасай отырып, Қазақстанның талантты жастарына көмек беруде! Бұдан басқа АҚШ балалары үйлері мен мектептерді қажетті заттар мен құралдармен қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларды қаржыландырып отыр, сондай-ақ жасылдандыру іс шаралары мен бүкіл Қазақстандағы балалар демалыс орындарына демеушілік жасауға және Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің негізгі демеушілерінің бірі  болып табылады. Компаниялардың әр қайсысының Алматы және Астана қалаларында өз кеңселері бар және бұл компания қызметкерлерінің 95% астамы ҚР-ның азаматтары болып табылады. 2001 «Эксон Мобил» компаниясы «Қазақстан жаны» альбомының, яғни табиғат, көне заман заттары, өнер, салт-дәстұр және дін туралы суреттер мен очерктер жинағының шығарылымына демеушілік жасады. 2003 жылы «Эксон Мобил» компаниясы ҚР-да жергілікті халқы үшін қауіпті де қатерлі ауру түрі гепатитке қарсы күрес жобасын жүзеге асыра бастады. Сондай-ақ, «Эксон Мобил» компаниясы 2003жылдың мамыр айында Жамбыл облысында болған жер сілкінісімен байланысты қиыншылықтармен күресуге көмек берген және жарты Ай қоғамы арқылы жер сілкінісінен зардап шеккендерді алғашқы қажетті заттар мен қамтамасыз ету бойынша көмек берген алғашқы компаниялардың бірі болып табылды.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 
ҚОРЫТЫНДЫ

 

    «Америка Құрама  Штаттары мен Қазақстанның саяси  қарым-қатынастары» атты  курстық жұмысымызды қорытындылай келе, АҚШ-тың соңғы онжылдықтағы Қазақстанда жүргізіп отырған сыртқы саясаты мен дипломатиясын қарастырып, аталмыш тақырыпты қазақстандық және американдық көзқарастардың тұрғысынан зерттелді. Жұмыстың нәтижесінде бірнеше ғылыми тұрғыдан маңызды қорытындыларға, жаңалықтарға, тың пайымдаулар мен негізі бар тұжырымдамаларға қол жеткізілді. Тақырыптың Қазақстан үшін маңыздылығының ерекшелігі, АҚШ-тың еліміздің ұзақ мерзімді саяси және экономикалық стратегиялық серіктесі болуымен анықталады. АҚШ - Қазақстанмен бірқатар аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберінде елбасының жеке бастамаларын, еліміздің экономикалық даму бағытын, елдегі демократиялық, гуманитарлық, зияткерлік, зайырлық  және мәдени-өркениеттік бетбұрыстарын қолдап келе жатқан алып та ықпалды ел. Вашингтон Қазақстанның экономикалық-саяси дамуының кепілі деп айтса да болады. АҚШ Қазақстандағы ең ірі инвестор. Соңғы онжылдағы Қазақстан экономикасына құйылған салымдардың дені - $15 млрд. долл. Американың ұсынған көмегі. Екі ел арасындағы осы жылғы тауарайналымы $2 млрд. долл. құрайды. Қазақстанда 400 американдық компания жұмыс істейді. Бұл жайт Қазақстанның келесі жылдардағы экономикалық өрлеуінің американдық факторға байланыстылығын дәлелдейді. АҚШ Қазақстанда саяси реформалардың дұрыс жүргізілуінде мүдделі болумен қатар, әсіресе, еліміздің мәдени-тарихи дамуын да қалайды. Жалпы алғанда, АҚШ билігі өкілдері еліміздегі соңғы демократиялық үрдістердің жетілу қарқынына көңілдері толады. Бұл жайт, американдықтардың қазақстандықтармен келешекте достық, өзара тиімді қатынастарды дамытуға дайындығын меңзейді. АҚШ басшылығы «Қазақстанды лаңкестікпен күресудегі Американың сенімді серіктесі деп санайды, және әрине, бұған себеп, оның әлемдік энергетикалық ресурстарға деген сұраныстарды қанағаттандырудағы халықаралық рөлінің зор болуы.

АҚШ мына объективті себептермен  Қазақстанмен ынтымақтастық қатынасын  дамытуға мүдделі:

а) геосаяси фактор: Вашингтон  Орталық Азиядағы саяси-экономикалық үрдістерге ықпалы жасағысы келеді, ал, Қазақстан саяси тұрақтылығы мен шаруашылық өсімі жағынан өрлеп келе жатқан сенімді серіктес. Яғни, АҚШ, Қазақстан арқылы Орталық Азияда өзінің геосаяси мүдделерін ілгерілетуге құлықты. АҚШ-тың негізгі көздеген мүддесі – оның қазақстандық мұнай және газ ресурстарын Таяу Шығысқа балама ретінде қолданып, энергетикалық жағдайын алдын-ала қауіпсіздендіру және сақтандыру. Америка Құрама Штаттары алдағы бес жылда Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін 2 есе көбейтетіні жуырда жоғары деңгейдегі ресми жиында мәлімдеді.

 ә( Қауіпсіздік және терроризммен күрес. Қазақстан АҚШ-тың Ауғанстандағы және Ирақтағы әскери іс-әрекеттеріне жанама болсын, тікелей болсын тартылды: еліміз белсенді гуманитарлық көмек көрсетеді, Ираққа 2003 жылы Астана инженерлік-саперлер әскери шағын құрылымын жіберді. Бұл әскери екіжақты ынтымақтастықтың тек бір ғана мысалы. Екі жақты қауіпсіздікті қатмамасыз етудің келісімдік-құқықтық негізі салынды. Екі елдің әскери басшылығының келісімінің қорытындысы бойынша, екі ел бірлесіп, халықаралық лаңкестікпен күресуге, шетел тілдерін оқытуға, әскерилерді даярлауға келісті.

б(. Демократияны ілгерілету. АҚШ еліміздің демократиясын дамытуға, саяси реформалардың жүргізілуіне мүдделі.Сол үшін АҚШ Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен қатынасу арқылы әртүрлі қаржылық, гуманитарлық, мәдени, денсаулық сақтау, адам құқығын қорғау салаларындағы жобалар мен іс-шараларды қаржыландырады. АҚШ-тың мақсаты – азаматтық қоғамды құруға жәрдемдесу. Осылайша, АҚШ-тың Қазақстанға қатысты саясаты негізінде, АҚШ-тың геосаяси мүдделерін қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздігін қамсыздандыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризммен күресуге, сондай-ақ, саяси реформаларды және батыс демократиясының мұраттарын бағытталады. Әрине, қазақ-американ қатынасының нашарлауына Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасының  нашарлауы әсер етуі мүмкін.

      Қазігі  таңда АҚШ елшілігі  Қазақстан  Үкіметімен екіжақты және аймақтық  ынтымақтастықтың төмендегі мәселелері  бойынша жұмыс істеп келеді: олар : сауданы дамыту, іскерлік қатынастарды нығайту, демократияны тарату, гуманитарлық көмек беру, қорғаныс пен қоршаған ортаны қорғау салаларында бірге іс атқарылып жатыр..  
Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастар – халықаралық қатынастардағы өзара әрекеттесудің, дипломатиялық саясат жүргізудің, әртүрлі оқиғалар мен үрдістерді басқарудың көрнекі мысалы бола алады. АҚШ халықаралық ұйымдар мен институттармен анық және жүйелі ұйымдасқан жұмыс жүргізіп, еліміздің демократиялық және жаңашылдық жолға түсуіне 90-ші  және 2000-ші жылдардан бастап-ақ түрткі болып келеді. Еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың сенімді сипаты, мемлекеттің, тіпті, халықтың дамуға, батысшылдыққа оң қарауы, еліміздің халқының саяси және экономикалық жақтан тез әрі сәтті дамуы елдің сыртқы саяси бағытына айтарлықтай өз пайдасын тигізді. Қазақстанның К.К.Тоқаев бастаған сыртқы саяси басшылығы қолда бар, мүмкін құралдар жиынтығын және барлық мүмкіндіктерді мүмкіндігінше прагматикалық және тиімді түрде пайдаланып, Вашингтонның аймақтық сахнадағы көкейкесті мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз етіп келеді. Әрине, Қазақстанның сыртқы саяси бағытын да оның серіктесінің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұстарын ескере саясат жүргізуге тырысты. АҚШ соңғы онжылдықта қазақстандық ішкі саяси реттеуде, аймақтық саяси істерде, аймақтың шаруашылықты ретке келтіру саласында алға үлкен секіріс жасады; НАТО, ЕҚЫҰ сынды ұйымдардың аясында іс-әрекет етуші белсенді субъекті болып табылатын алыпауыт ел Қазақстан басшыларының белгілі бір іс-шараларды бастама етіп, көтерген жағдайларда, ұйымдастыру мен реттеу мәселелерінде үнемі оң қабақ танытып, өзінің Қазақстанмен аймақтық мәселелерді шешуде бір қатарда екенін әрдәйім көрсетіп келді.

    Қазақстанның  АҚШ-пен сауда, экономика, құрылыс,  туризм, тасымалдау, бизнес, капиталды салу, байланыс, экология салаларында жасайтын ортақ жоспарлары, мүмкіндіктері келісімдер аясындағы міндеттемелері де жетерлік. АҚШ Қазақстанды гуманитарлық, саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық жақтардан қолдау саясатын жалғастыра бергені соңғысы үшін әлі де аса тиімді әрі пайдалы. Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік тұтастығы мен қауіпсіздік іс-шаралары мәселелеріндегі белсенділігі жағынан АҚШ Қазақстанмен белсенді және қыруар жұмыс жүргізіп келеді. Курстық жұмысты қорытындылай, таңдалған тақырыптың негізгі аспектілерінің түпкі мәндерін ашылды. Жұмыспен айналысу барысында сан-алуан қызғылықты, жаңа, тың мәліметтер жиналды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1 Деректер

 

1.1 Заңнамалық актілер

  1. Конституция Республики Қазақстан от 30 августа 1995г.

     (в редакции  от 02 сентября 1995 г).

  1. Концепция о реструктизации МИД до 2020г.
  2. Положение Министерства иностранных дел Республики Казахстан

 

1.2 Дипломатиялық  құжаттар

1  Договор о коллективной безопасности между странами СНГ. “Каз. правда”, 1992 г. 19 мая.

2  Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год. Послание Президента народу Казахстана Астана, апрель, 2002 г.// Казахстанская правда. - 2002. - 2 мая.

3  Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 января 2002 года №5 «Об утверждении Плана мероприятий по реализации задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Назарбаевым Н.А. в торжественной речи 16 декабря 2001 года, посвященной празднованию 10-й годовщины независимости Республики Казахстан».

4 Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың ҚР СІМ-нің Коллегиясының  кеңейтілген отырысындағы сөзі. 1998 ж. 14 қыркүйегі // Дипломатия жаршысы.  Арнайы шығарылым. 1998. – қазан. 5-7.

5 Қазақстан Республикасының  Парламент Сенатының  “Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды” ратификациялауы. 2006 жылғы 27 маусымдағы Сенаттың жалпы отырысынан..

6  ҚР СІМ Ресми  өкілі Е.Ашықбаевтың дәстүрлі  баспасөз-брифингтегі сөзінен үзінді: алдағы оқигалардың анонстары  (2007 ж. 14 мамыр)

Информация о работе Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары