Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3


І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7


1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15


ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ


2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23


2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7

1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15

ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23

2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

     1997жылдың  сәуірінде КИМЭП-те «КИМЭП болашағы»  атты конференция болып өтті. Оған шақырылғандардың ішінде  үкімет аппараттарының қызметкерлері,  жергілікті және шетел компанияларының  өкілдерімен халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

Қазақстанның тәуелсіздігі мен зайырлығын арттыру жолында  АҚШ–пен ынтымақтастықта болу - өте зор маңызға ие. Сондықтан  американдық бағыт өз белсенділігін  сақтап қалады, сондай-ақ, біздің еліміздің  сыртқы саясатындағы алатын орны мен маңызын да сақтап қалады. Жоғарыда атйып өткеніміздей, ядролық қарудан бас тарту мен қауіпсіздік мәселелері басымдылыққа ие болды. Вашингтон ҚР-ның территориясында ядролық қару орналасқан және табиғи ресурстарға бай мемлекет ретінде қарастырды. Ядролық қарусыздандыру мәселелерінің қандай жолмен шешілгендігіне байланысты Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығындағы приоритеттер сауда-экономикалық байланыстарды дамыту жағына қарай ауысып отырды.

Қазақстан-АҚШ қатынастары  б.гінгі кұні үлкен мүмкіншіліктерге ие болып отыр. 1997 жылы экономика және бизнес істері бойынша мемлекеттік хатшының орынбасары С.Айзенстат АҚШ Конгресіндегі баяндамаларының бірінде Ортаазиялық аймақтың АҚШ үшін стратегиялық маңыздылығына ие облыс ретінде қарастырылатындығын атап етті.

       Каспий  теңізі Бассейні көлемі жағынан  4млн доллар ақшаға бағаланатын  әлемдегі мұнаймен газдың ірі  бастауларының бірі болып табылады. Ол АҚШ пен Батыс елдеріне  Парсы шығанағының энергетикалық  ресурстарының тәуелділігін жоюға  көмектесе алады. Кавказ және Орта Азия аймақтары Еуропа мен Азияны байланыстырып отырған сауда-саттық және көліктік жол артықшылқтарына ие болып отыр. Және, соңында қазіргі уақыттың ұлы эксперименттерінің бірі – бұл аймақтық өмірлік маңызы бар экономикалық және маңызды саяси реформалар өткізілетін орынға (зертханаға) айналғандығы болып табылады.

      Осыдан  келе, С.Айзенстат АҚШ-тың осы  аймақтағы бес маңызды элементін  бөліп көрсетті.

    • олардың халықаралық саяси және экономикалық институттарға интеграциялануына дайындау;
    • Каспийдің энергетикалық ресурстарын АҚШ-тың белсенді коммерциялық тұрғыда қатысуы мен өңдеуге үлес қосу, сондай-ақ, көптеген құбыр жолдарының құрылысы мен евразиялық көлік жолын одан әрі кеңейтуге, осы аймақтағы және Батыс елдері арасында тығыз байланыстар орнатуға қажетті байланыс құралдарының, көлік пен басқа инфрақұрылымдардың құрылысына көмек көрсету;
    • аймақтағы гүлдендіру ынтымақтастық қатынастарын жақсарту және Тәжікстан мәселесін ондағы шиеленістерді халықаралық юделдалдар арқылы тезірек шешу;
    • Ресей, Туркция және осы аймақпен көршілес елдердің қызығушылығын арттырып, сонымен бір уақытта Иранды изоляциялай отырып, осы зайырлы да тәуелсіз мемлекеттер мен ынтымақтастық қатынаста болу;

      Соңғы  жүзжылдықта болған АҚШ-тағы Президенттік  сайлаушылардың нәтижесінде - 43-ші Президент Дж.Буш (кіші) сайланды. Осы арлқылы Америка экономикасының гүлденуі және өсу мен сипат алған демократтардың сегіз жылдық билігі көрініс тапты [28].

Осыдан келе АҚШ-тың  негізгі артықшылықтары деп мынадай  жағдайдар аталды:

  • трансатланттық ынтымақтастық пен НАТО-ның ролінің артуы.
  • АҚШ өмірлік қызығушылықтары аймақтарына жатпайтын жерлердегі американдық әскерилер масштабын қысқарту;
  • әлемдік аренада АҚШ-тың басты бәсекелесіне айналып келе жатқан Қытайға  баса назар аудару;
  • БҰҰ-н жаңа жағдайларға бейімдеу мақсатымен реформациялау;
  • 1997 жылғы хаттамадан (Киот) АҚШ-тың шығарылы.

        2001 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің  Америка Құрама Штаттарына ресми сапары кезінде “Хьюстон бастамашылығы” ретінде белгілі Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы туралы  уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. “Хьюстон бастамашылығы” екі мемлекеттің жеке секторларын жақындату, Қазақстанның бизнес секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өнімдерін бірлесіп әлемдік нарыққа шығару және өткізу жөніндегі Қазақстан мен АҚШ-тың серіктестігін білдіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған идарааралық  жұмысшы тобы осы Бағдарламаны іске асыру мақсатында  Қазақстан-Американ кәсіпкерлік қоғамын құру тұжырымдамасын әзірлеген болатын. Сонымен қатар Идарааралық комиссия құрылды.

     Қазіргі  уақытта Бастамашылықтың бірінші  кезеңі аяқталып, екінші кезең  шеңбері аясында 2006 жылы 5 мамырда Астанада “Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға” қол қойылды.

Бұл Меморандумның мақсаты  – Экономикалық даму жөніндегі “Хьюстон бастамасы” Қазақстан-Американ бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.

       Бағдарламаның  ережелерімен Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға экономиканың, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдем көрсету және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу көзделген [29].

       Бағдарламаны  Қазақстан Республикасының Үкіметі (15,5  млн. АҚШ доллары) мен Халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттіктің (ЮСАИД) атынан Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (24,5 млн. АҚШ доллары) бірлесіп қаржыландыратын болады.

Америка Құрама Штаттарының Үкіметі тарапынан  Американың Халықаралық Даму жөніндегі агенттігі (ЮСАИД) бағдарламаның Үйлестірушісі болып табылады.

        ЮСАИД 1992 жылдан бастап Қазақстан  Республикасы аумағында жұмыс  жүргізіп,  осы жылдар ішінде Қазақстанға 450 миллион АҚШ долларын бөлді.

         Қазақстан Республикасы мен   Америка Құрама Штаттары арасындағы  тауар айналымы жылдан-жылға арта  түсуде. Егер оның көлемі 2001 жылы 500 млн. АҚШ долларынан астам   болса, ал 2005 жылы 1,9 млрд. АҚШ долларына жеткен. АҚШ – біздің еліміз үшін ең ірі инвесторлардың бірі.

Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндет — әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  елу елдің  қатарына  кіру жолында   ЮСАИД-тің  көмегінің елеулі  болатыны сөзсіз.

 

 

      Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарқынды және кеңейіп келе жатқан байланыс, мінеки, 15 жылға созылуда. Екі ел арасындағы байланыс 1991 жылдың  25 желтоқсанында, АҚШ-тың Мемлекеттік хаттшысы Джеймс Бейкер Алматы қаласына ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуге және осы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату мақсатымен келгенде басталған болатынын айтып кеткен едік. Осылайша, АҚШ – Қазақстанды мойындап, онымен дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы мемлекет болды.

       Алғашқы  күндерден бастап-ақ екі ел арасындағы қатынастар – Қазақстанның әлемдік сахнада бастаушы роль ойнауына көмектесуге негізделді. Алғашында, мұнда жас, тәуелсіз Қазақстан үшін ядолық қаруға қатысты КСРО-ның құлауы қандай нәтижеге алып келеді деген, нақтырақ айтсам, жаппай жою қаруларының ядролық және т.б. түрлерінің кең ауқымды арсеналына деген жауапкершілікке қатысты қорқыныштар болған еді. 1992 жылы ҚР-на осы қаруландыру мен оның экспортын реттеудің өзіндік бақылау ұйымдастыру мәселелері бойынша қазақстандық басшылықпен жұмыс істей бастаған жоғарғы лауазымды ресми өкілдер іссапары ұйымдастырылды. Екі ел арасындағы бұл аспектідегі қатынастары өте қарқынды түрде дамыды, себебі мұнда екі ел Қазақстан Республикасына ядролық қарудан бас тартып, оның алып келу жүйелерін және өзін ликвидациялауға мүмкіндік беретін саяси жүйе, негіз қалыптастыруға тырысты. Бұл салада, АҚШ үшін Қазақстаннан тиімді мемлекет болмады, және бұл ел бүкіл әлемге өз жетістіктерімен танылды және ядролық қарудан бас тарта отырып, өз қауіпсіздігін сақтап қалды. Екі ел арасындағы бұл саладғы ынтымақтастық әлі де жалғасып, одан әрі дамуда, себебі бұл елдер алдында, негізінен, биологиялық терроризмнің алдын алуға қатысты XXIғ. Қарудың таралуына шек қою міндеттері тұр.

        Америка Үкіметі мен жеке компаниялар басынан бастап-ақ Қазқстанмен әлемдік энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, сондай-ақ оның экономикалық мәселелерін шешуге ықпал ететін ашықтық, транспаренттік және бәсекеге қабілеттілік сияқты қасиеттерге негізделген ірі энергетикалық ресурстарын дамыту саласында жұмыс істеуде. Қазақстанның туындаған күрделі мәселелерді шешу бойынша алға жылжушылығы мен дамуына сәйкес, екі ел арасындағы екіжақты қатынастар да дамуда. Америка әр түрлі салаларына көмек беріп отырған Қазақстандық экономикалық реформа қазіргі күнгі шынайы, қол жеткізуге болатын мақсат - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу кезеңіне енді [30].

         Қазақстан – АҚШ қатынастары 1992 жылдың мамыр айындағы Қазақстан Республика Президенті Н.А.Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми іссапарынан басталды, мұнда екі ел елбасшылары «жаңа қатынастар» орнатылғаны туралы жариялады [31].

 Келесі кезеңдерде екіжақты қатынастар динамикасы арта бастады. Осылайша, 1992жылы ҚР АҚШ делигациясының бір қатарына барды. Олар – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша АҚШ конгересі компаниясының делегациясы, сенаторлар  Гренстон Сенанн және Ричард Лугар. Қарым қатынастар мен байланыстар барысында американдықтар ҚР-на ядролық қару демонтажы мен осы мақсатта қаржылай қөмек қөрсету мәселелеріне қаржылық және техникалық көмек беруге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, АҚШ ҚР-на қауіпсіздік мәселелері бойынша да көмек беруге даяр екендігін білдірді.

       1992 жылдың  желтоқсанында  ҚР-дағы АҚШ-тың  әлемдік корпусы қызметі туралы  келісімге қол қойылды. Бұл  келісімге сәйкес, АҚШ-тың еркін  азаматтары ҚР-дағы әлеуметтік  және экономикалық реформаларға  жүзеге асыруға көмектесуге кіріскен болатын.

       Экономикалық  қатынастар саласында көбінесе, энергетика, көлік, құрылыс, тау-кен  өнеркәсібі, телекоммуникация салаларындағы  мәселелерге баса назар аударылды. 1993 жылдың ақпан айында дипломатиялық  қатынастар нәтижесінде, сауда-саттық байланыстар туралы келісім өз күшіне енді.

      Қазақстан – АҚШ қатынастары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтің АҚШ-қа жасаған іссапарынан соң одан әрі жандана түсті. (1997ж,қараша). Осы іссапар барысындағы келіс сөздер кездесулердің басты қорытындысы – екіжақты қатынастарды болашақтағы қауіпсіздікті, тәуелсіздік пен зайырлылықты, Қазақстанның территориялық біртұтастылығы мен демократиялық дамуын, сондай-ақ, жалпы аймақтың тұрақтылық пен экономикалық гүлдендіруді нығайтудың жолы болып табылатын стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне жеткізу болады.

        Іссапар барысында ҚР Президенті  мен АҚШ Президенті Б.Клинтон  кездесулері, вице-президент А.Гормен, министрліктер басшыларымен кездесулер  өтті, сондай-ақ, Қазақстандық-Американдық  Біріккен Комиссияның төртінші жыл сайынғы отырысы болып өтті. Ресми іссапар іс шаралармен қатар «Қазақстанның сауда-саттық және инвестициялық мүмкіншіліктері және оның геостратегиялық маңыздылығы» атты конференция өткізілді.

       АҚШ  әкімшілігімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде құрамына экономикалық ынтымақтастық бойынша әрекет ету Бағдарламасы енетін, екі жақты 18 құжатқа қол қойылды. Бұл құжаттар қатарына, сондай-ақ, ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен екі елдің кедендік қызметтер арасындағы біріге өзара әрекет ету және өзара көмек көрсету туралы келісімге енеді. Сонымен қатар, Қарашығанақ мұнай-газ  конденсаттық кен орнын игеру бойынша және Каспий шельфі өнімдерін бөлісу туралы екі ірі коммерциялық келісімшарт жасалды.

      ҚР мен  АҚШ арасындағы сыртқы тауар  айналымы 1998 жылы 280 млн долларды  құрады, оның ішінде экспорт -170 млн доллар көлемінде болса, импорт -110 млн долларды құрады. 1996 жылмен салыстырар болсақ,  59.4 млн долларды экспорт құраса, импорт -66.3 млн долларды құрады. Экспорттың негізгі номенклатурасын шикі заттық ресурстар, мұнай, қара және түрлі-түсті металлдар бейорганикалық химия құрады. Және мұнда, болат өнімдерінің экспорты 1997 жылмен салыстырғанда 10 есеге артты.  Импорт құрылымында құрылғылар мен сұранысқа ие тауарлар басымдылыққа ие болды. Американдық салымдар көлемі 1990 жылдардың басында 1.5млрд доллардан асты және Орта Азия аймағындағы ірі салымдардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР-да  325 Қазақстан-Американдық Біріккен кәсіпорындар мен 96 компания тіркелген. АҚШ-тың Қазақстанға берген көмегін жүзеге  асыратын мемелекеттік емес ұйымдар (ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар)) бойынша Үкіметаралық Келісімге сәйкес, Республиакда 50-ден астам американдық ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) өз қызыметін жасауда.

       Екіжақты  сауданың дамуына АҚШ Президенті  Б.Клинтонның ҚР-ның Джексон Веник  толықтыруларының статиялары мен  1974 жылғы Сауда Актіне толығымен  сәйкес болуы туралы анықтамаға  қол қоюына ықпал етті.

АҚШ ҚР-ның Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына енуі жолында техникалық көмек көрсетуде. Осыған қоса АҚШ ҚР арқылы төмендегідей мәселелерді шешу арқылы өзіне қолдауын шарттарды, олар: интеллектуалдық жеке меншік құқықтарын қолдау қорғау бойынша Берн конвенциясының қағидаларын орындау мен сақтау бойынша қатаңырақ міндеттемелерді қабылдау; стандарттау және стратефикациялау салаларында антидемпинг бойынша заңдар даярлау.

       Екіжақты  қатынастардың қарқынды дамуы мұнай саласындағы ынтымақтастықпен өте тығыз байланысты. Қазіргі күні АҚШ ҚР-н мұнай экспортының ірі әлемдік экспортеріне айналуына қабілеті бар мемлекет ретінде қарастырады. Әлемдік нарықтағы Қазақстан мұнайының үлесі Тенгиз кен орнындағы жоспарланған үлес  көлемі және Каспий шельфіндегі эскплуатация үшін де еш азшылық етпейді.

       Іскерлік  ынтымақтастықпен қызметтестікті  дамытуда елімізде алғашқылардың  бірі болып бизнес бастаған  және өз мүмкіншіліктерін көрсете  білген «Шеврон» компаниясы өте  үлкен орын алады. АҚШ-та бұл  компанияның ҚР-ғы қызметінің  нәтижелері позитивті тұрғыда қарастырылады. СП «Тенгишевройл» компаниясының әрекеті нәтижесінде Тенгиз және Корольдік кен орындарынан өндірілген ішкі мұнайдан келген жалпы кіріс 40 жыл шамасында 50 млн долларды құрауы тиіс. 1993жылы Теңіз кен орнын игеру, жұмыстарын бастаған «Шеврон» компаниясы 1997жылдың соңына таман 80 млн доллардан астам кіріс көлемін қамтамасыз етті. Осындай қысқа мерзімдегі осы тектес кіріс көру – бұл компанияның басқа да елдердегі көмір қышқыл шикі заттарын өңдеу жұмыстарымен салыстырғанда, өте сәтті жұмыс болып табылады.

Информация о работе Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары