Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3


І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7


1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15


ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ


2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23


2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7

1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15

ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23

2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

 

 

   І .   ҚАЗАҚСТАН – АҚШ   ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 

 

    1.   Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі  .................................................................................................................7

 

 

    1.   Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері  ..................................................................................................15

 

 

   ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

 

 

    1.  Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23

 

 

    1. Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

      Курстық жұмыстың өзектілігі. Мәдениет XXI ғасырда стратегиялық маңызды   ресурсқа айналып отыр. Алдағы уақытта оның ауқымы мен мазмұны кеңейіп,    экономикалық, геосаяси категорияға айналуы да мүмкін. Өйткені қазіргі кезде түркі әлеміндегі елдердің арасында ортақ құндылықтарды жекешелендіру, бөліп алу тенденциясы жүріп жатыр.  Сондықтан мәдени саясат дегеніміз мемлекеттің мәдениетке қатысты ұстанып отырған саясатын іс жүзінде жүзеге асыруы болып табылады. Кез келген мемлекеттің мәдениет саласында өзіндік стратегиялық басымдықтары болады. Сол басымдықтар арқылы ұлттық мәдениетін әлемдік қауымдастық аренасына шығаруы – мәдени саясаттың бір саласы. Ал саяси мәдениет деген – саяси жүйенің жүзеге асуы. Бұл екі ұғымның айырмашылықтары да бар. Сонымен қатар екеуі бір-бірімен қабысып, әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады.

       АҚШ-тың  «америкалық арман» идеологиясы  қазіргі уақытта жетер шегіне  жетіп, құлдырап бара жатыр.  Бірақ 270-280 жыл бойы АҚШ-тың дамуына ықпал ете алды. КСРО-ның локомотиві – «коммунизм» идеясы миллиондаған адамды баурап алды. Тапқа негізделген бұл идеология болмаса, Кеңес Одағы 70 жыл өмір сүрмес еді. Ал Қазақстанға «қазақылық, білімділік, мәдениет» призмасындағы идеология қажет дер едім. Әрбір азамат қазақы дәстүр мен ділді көкірегіне құйып, заманауи үрдіске сай білім-ғылыммен алға ұмтылуы керек. Ал ұлттық құндылықтарды меңгеріп, білімді болған халық мәдениетті тұлға болып қалыптасады.  

        Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы саяси қатынастардың мәнін ашу болып табылады.  Қазақстан Республикасының Президенті өзінің бір жыл бұрыңғы халыққа Жолдауында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының ең маңызды 30  бағытын айқындап берген еді [1]. Осыған сәйкес, қазіргі таңда елдің сыртқы саясатының бағыттарының арасында елбасымыз әлемнің ірі де алпауыт саяси «ойыншыларымен» тиімді ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін баса айтқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына арнаған 2007 ж. Жолдауында АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті дамытудың қажеттілігін тағы да қуаттады. Қазақстанды жеделдетіп жаңғырту үшін қажетті қолайлы жағдайларды жасаудың және басым мақсаттарды жүзеге асырудың қазіргі сатысында бізге АҚШ-пен ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалану маңызды. АҚШ Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың шешуші маңызын, өңірдің қалыпты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудегі ұдайы экономикалық өсімін әрі сындарлы сыртқы саясатын атай отырып, Қазақстанның өңірлік рөлін жоғары бағалайды. Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны ілгерілетудегі Қазақстанның ұмтылысы АҚШ тарапынан өңірлік тұрақтылық пен ынтымақтастықтың айрықша факторы ретінде қарастырылады. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің үлесіміз - халықаралық лаңкестікпен және діни экстремизммен күрестегі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтудағы, сондай-ақ Ауғанстан мен Иракты қалпына келтірудегі сәтті әрекеттестігіміз болып табылады.                     Президент Дж. Буштың Президент Н.Назарбаевтың атына жолдауында Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына жоғары баға берілді, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, лаңкестікке қарсы күрес және Иракты қалпына келтіру үрдісіне қосқан үлесі үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Қазақстанның экономикалық және саяси жетістіктері Дж.Буштың төмендегі сөзіне арқау болды: «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі осы өңірде басқа елдерге үлгі бола алады» және «әріптестік рухында ытнымақтастықты кеңейтуге» АҚШ әзір [2]. 

         АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстанға демократияны таратуға қолғабыс көрсеткені үшін алғысын білдіріп: «Мен Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының құрамында болған кезінен бастап, осыдан 15 жыл бұрын тәуелсіздігіне ие болған бұл мемлекет әлем қоғамдастығының толыққанды мүшесі ретінде орныққан кезге дейін Қазақстанның дамуын ықыласпен байқап отырдым» - деп мәлімдеді [3].  Екі жақты әріптестікте терроризмге қарсы күрес, демократия және адам құқығы, жаппай қырып жою қаруын таратпау, энергетика  және нарықтық экономика бағыттары басымдыққа ие. «Қазақстан – Орта Азияда, Азияда және жалпы ислам әлемінде демократия және нарықтық қарым-қатынастарды іске асыруға болады деген мүмкіндікті  көрсететін демонстрациялық жоба» екенін АҚШ бірнеше мәрте атап өтті.  

          АҚШ Қазақстанда біріншіден, демократиялық өзгерістердің және нарықтық экономикалық реформалардың ілгерілеуін көздейді. Екіншіден, АҚШ қауіпсіздік саласында Орталық Азияның дербестігі мен тәуелсіздігін қалайды, терроризммен күрес, жаппай жою қарудың таралуын қадағалау және есірткінің заңсыз жайылуының алдын алу сияқты іс-шараларды атқаруға мүдделі.  Үшіншіден, Орталық Азияның орасан зор энергетикалық ресурстарын дамыту АҚШ-тың стратегиялық мүддесі болып. Американдық компаниялар Қазақстанның әлеуетін түсініп, Қазақстанның үлкен көлемдегі мұнай және газ ресурстарын дамытуда ынтымақтасып жатыр. Олар Қазақстанның ең ірі мұнай-газ жобалары – Теңіз бен Қашағанның ең басты демеушілері және дамытушылары болып табылады. Америка Құрама Штаттарының Орталық Азиядағы ықпалын танымал қазақстандық сарапшы М. Әшімбаев былайша түсінеді: «АҚШ-пен жан-жақты қатынасу Орталық Азияның дамуының және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Вашингтон әртүрлі халықаралық қаржыдық ұйымдармен бірлесіп, ондағы  елдердің аймақтық интеграциясын қолдап ғана қоймайды, ол сондай-ақ сауда, көлік және энергетика сияқты аймақтық өзара әрекеттестікті нығайту жөніндегі әртүрлі бағдарламалардың бастамашысы ретінде де әрекет етеді» [5]. 
       Курстық жұмыстың мақсаты. ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы Қазақстан мен Америка арасындағы байланыстарының қалыптасуы мен дамуы негізінде  АҚШ тың Қазақстан саяси мәдениетіне тигізетін ықпалын   жан-жақты қарастырып, оған талдау жасау.

        Курстық жұмыстың міндеттері. Зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

-  Қазақстан мен  АҚШ дипломатиясының қалыптасу  барысында, екі       мемлекеттің ынтымақтастығының  қазіргі жай күйі мен жаңа  мүмкіндіктерін айқындау;

  • Америка Құрама Штаттарының Қазақстанда жүргізіп отырған сыртқы саясатының басым бағыттарын, атап айтсақ, аталмыш мемлекеттің Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық, денсаулық сақтау мен білім салаларындағы қатынастарын зерттеу;
  • АҚШ-тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын; оның қалыптасуының кезеңдерін, даму ерекшеліктерін көрсету;
  • АҚШ және Қазақстан Республикасы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын, оның даму перспективасын талдау.

        Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейіне келсек, келесі деректемеге сүйену арқылы аталмыш мәселенің зерттелу деңгейі туралы айтуға болады. Біріншіден, дипломатия тарихы , жаңа заман тарихы, саясаттану  ғылымдарының мамандарының және саясаткерлердің  ғылыми еңбектері қарастырылды.

а) Шетелдік зерттеулерге жеке тоқталсақ, біріншіден, АҚШ және Орталық Азия, Кавказ саяси қатынастары мәселелерінің сарапшысы және жаңа заман тарихы пәнін зерттеуші Д.И. Мамедовтың «США и Центрально-азиатский регион: исторический обзор, проблемы и перспективы стратегического сотрудничества» атты тарих ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін жазған диссертациясының қолжазбасының көшірмесі.

б) Екінші  кезекте  отандық еңбектерге тоқталғанды жөн көрдік, Елбасының - Н.Ә. Назарбаевтың және беделді саясаткер Қ. Тоқаевтың еңбектерін қарастырдық. Н.Ә. Назарбаевтың осы дипломдық жұмысты дайындау барысында қолданылған  еңбектері: «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «XXI ғасыр тоғысында», “Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства”, «Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2030» на новом этапе развития Казахстана», «Пять лет независимости»  және т.б. еңбектері қарастырылды.

в) Қ.К. Тоқаевтың «Бел асу», «Жаһандану жағдайларындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» (Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации), «Внешняя политика: Время размышлений, время действий. // Казахстан и мировое сообщество», «Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации». «Дипломатия Республики Казахстан», «Дипломатиялық очерктер» ж.т.б. да басқа еңбектерінде АҚШ-Қазақстан саяси қарым-қатынастары кеңінен қарастырылған.

     г) Үшіншіден,  «Азия и Африка Сегодня», «Вестник МГУ»,  «ҚазҰУ хабаршысы», «Дипломатия жаршысы», «Центральная Азия и Кавказ», «Саясат», «Форин Полиси», «Ақиқат», «Континент» журналдарында осы тақырыпқа байланысты жарияланатын мақалалар, осы мәселені терең зерттеуге бағытталған. Д.И. Мамедовтың «США и Центрально-азиатский регион: исторический обзор, проблемы и перспективы стратегического сотрудничества» атты еңбегіне жұмыс барысында көп жүгінілді.

      Бұл  ғылыми жұмыстарда екі елдің  байланысының тарихының басталуы, қатынастардың перспективалары, мемлекетінің сыртқы саяси дамуының құрылымы мен өзіндік даму ерекшелігі, Орта Азияның ішкі және сыртқы мәселелердің себептерін анықтау; Америка Құрама Штаттары және өзге аймақтық, аймақтық емес және алыстағы әртүрлі даму деңгейіндегі мемлекеттер арасындағы саяси қатынастар елдегі ішкі оқиғалар аясында және халықаралық деңгейдегі оқиғалар аясында солардың ықпалымен қалыптасқанын көрсету; XX ғасырдың соңы мен жаңа ғасырдың басындағы Еуразия аумағындағы АҚШ саясатының азиялық саяси құрылымдардың саясатындағы маңыздылығы, АҚШ-тың Ресей, Мұсылман әлемі, ЕО, Орталық Азия саяси күштермен қарым-қатынасын орнатуының және оны дамытудың ерекшеліктері, ұлы құрушы тарихи лидерлердің рөлін көрсету; АҚШ-тың жаңа сыртқы саясатының принциптері мен қалыптарын салыстырмалы талдап сараптау; АҚШ-тың қоластындағы саяси ұйымдардың Орталық Азия мен Қазақстанда демократияны дамытудағы істерін, инвестициялық саясатының белсенділігін, саяси мүдделестігін және тарихи қызығушылығын айғақтау мақсаттарына қол жеткізілді деп айтуға болады.

Қорытындыласақ, біздің ойымызша, осы зерттеу  АҚШ-тың Қазақстанмен сыртқы саясатының тарихына және американ дипломатиясына қатысты зерттеулерде өз орнын табады деген үміттеміз.

        Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. АҚШ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарының соңғы онжылдықтағы басынан өткізген тарихи өзгерістері мен даму үрдістерін зерттеу әдістемесінің негізінде АҚШ-тың әлемдік ықпалды мемлекет, әлемдік саясаттың мазмұны мен бағытына әсер етуші мықты саяси күш ел, НАТО-ға мүше мемлекет ретінде әлемдік әскери-саяси дамудың бағыттары мен сипаттарын айқындайтын фактор екенің үнемі ескеру; оның сыртқы саяси басымдықтарына талдау жасау; АҚШ пен Қазақстан басшылықтарының халықаралық жағдайға жәкне бірбіріне концептуалды көзқарастарын салыстыру арқылы екіжақты қатынастарды талдау әдістерін қолдандық. Осы тұста, ҚР президентінің еңбектері мен идеяланына жүгіндік; Интернет ресурстарды көп қолдандық. Дипломдық жұмыстың дайындалу барысында синтез және анализ әдісі, салыстырмалы әдіс, хронологиялық және жүйелік әдістер қолданылды. Бұл әдіс АҚШ-тың сыртқы саясатының дамуын зерттеуде өте пайдалы болды. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, аталмыш зерттеу жұмысында АҚШ-тың  дипломатиялық мәдениетінің ерекшеліктері мен мазмұнына қатысты саяси талдау тәсілі қолданылды. Ал, аталмыш елдің Орталық Азиядағы және Қазақстандағы дипломатиясының қалыптасу тарихын және оның дамуын  зерделеу үшін, АҚШ-тың Сыртқы саяси іс-әрекетінің, бағыттарының, бетбұрыстарының, тәжірибелерінің маңыздылығын білу шарт болып табылады.

І .   АҚШ – ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 

1.1 Қазақстан мен АҚШ  дипломатиялық қарым-қатынасының  қалыптасу кезеңі

         1991 жылғы 25 желтоқсан - Америка  Құрамы Штаттары Қазақстан Республикасынның  тәуелсіздігін мойындады. 1991 жылғы  26 желтоқсан - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1992 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасында Америка Құрама Штаттарының елшілігі ашылды. 1992 жылғы 30 қазан - Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ.Б.Саудабаев (2000 жыл, желтоқсан). Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дж. Ордуэй (2004 жыл, қыркүйек). 

     АҚШ-тың  жаһандық даму мен әлемдік  экономикадағы рөлін және жаһандық қауіпсіздікті орнықтыру жолындағы айрықша жауапкершілігін ескерер болсақ, осынау алып державамен достық және тұрақты қатынас республиканың ұлттық мүдделеріне сай келеді. Қазақстан-Америка байланыстары өскелеңділікпен дамып келеді, оның негізінде өзара мүдделестік, бір-бірінің мүдделерін құрметтеушілік, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын екі жақты деңгейде және халықаралық ұйымдар аясында шешудегі өзара қолайлы шешімдерді іздестіру жатыр. Біз жоғарыда айтып өткендей, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздік алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін, екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды [6].

Информация о работе Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары