Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:43, курсовая работа
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7
1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15
ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23
2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7
1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15
ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23
2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37
Осылайша, М.Тәжиннің ойынша, «Қазақстан мен АҚШ көптеген мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған осындай тамаша диалогтар формасын тауып алған” [23]. Мәселен, жыл басынан бері Қазақстанға да АҚШ-тың мемлекеттік департаменттері мен басқа да көптеген агенттіктерінің делегациялары келіп, бірқатар келелі мәселелерді жоғары деңгейде талқылып, ортақ мәмілелерге келіп отыр.
Марат Тәжин 2007 ж. 10 мамырында америкалық іскер топ, ғылыми зерттеу саласы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен болған бейресми кездесуде де «екі мемлекеттің келешекке арналған қарым-қатынасы алдағы уақытта қалай өрбитіні” туралы тиянақты әңгімелеп берген еді. Министр “Қазақстан өзгермелі әлемде” деп аталатын баяндамасында келешектегі америкалық-қазақстандық әріптестікті алға сүйрейтін күш – тұрақтылық пен болжамдылық екендігін атады.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету тақырыбын қозғаған кезде біз үшін бұл жәй өзіндік мақсат емес, осы қадам еліміздегі реформаларды дамытудағы күшті катализатор болатындығын мәлімдеді. Және ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі демократия мен ашық қоғамды дамытуда таңдаған жолының дұрыстығына қосымша кепілдік болатынын айтты.
Қай тұрғыдан болса да Қазақстанның аталған ұйымға жетекшілік етуіне алғышарттар бола алатын игі үдерістер елде үздіксіз жүріп жатқанын барлық кездесулер барысында сыртқы саясаттағы жетекшіміз жіпке тізгендей нақты мысалдармен жеткізіп отырды. Министрдің ел табыстары мен келешектегі жоспары, ұстанған саясаты туралы ұғынықты әңгімелері, америкалық стильдегі өткір әзіл-қалжыңдары АҚШ-тың саяси серкелерін тағы да Қазақстанға бір қадам жақындатты.
Қазір елімізде кәсіби Парламент, көппартиялылық жүйе қалыптасқан. Ондаған саяси партиялар бәсеке жағдайында қызмет етіп жатыр. Мемлекеттің қолдауына ие бес мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар ырғақты дамуда. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жеткілікті, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 85 пайызы жекеменшік. Қай салада болсын Қазақстан қоғамды демократияландыруды жалғастыруға қауқарлы.
Қысқасы, Қазақстан Сыртқы істер министрінің бұл сапары Астана мен Вашингтонды бұрынғыдан да жақсы түсінісуге жетелеп, жақындаса түсуге айтарлықтай үлес қосты деп айта аламыз. Әсіресе, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесіне түйткіл болып тұрған сауалдарды оңтайлы шешуге аталған кездесулердің көп септігі тигеніне әлі қайта-қайта оралатын боламыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрінің АҚШ-қа сапары америкалық БАҚ өкілдері тарапынан елеусіз қалған жоқ. Сейсенбі және сәрсенбі күндері Марат Тәжин бірқатар халықаралық ақпарат агенттіктеріне сұхбат берді. Сәрсенбі күні осы елдің жетекші басылымы – “Вашингтон Таймс” газеті бірінші бетінде Қазақстанның Сыртқы істер министрімен сұхбатын жариялады. Сұхбат Елизавета ІІ Ханшайымның АҚШ-қа мемлекеттік сапары және Франция президенті Жак Ширактың үлкен саясаттан кетіп жатқаны туралы мақалалармен қатар тұрды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің Вашингтондағы былтырғы жыл бойында толассыз жүрген кездесулері мен АҚШ-тың саяси аренасындағы аса ықпалды тұлғалармен болған жүздесулері екі елдің түсіністігін тереңдете беретіне сеніміміз мол.
Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде АҚШ-тың маңызды әріптесі болып табылады. Бұл ретте, ең алдымен, біздің еліміздің Ауғаныстан мен Иракты тұрақтандыру үдерісіне қосқан үлесін еске салған жөн. Қазіргі кезде қазақстандық бітімгершілік батальон Иракта бесінші рет мерзімдік кезеңін өтеуде.
Ал Қазақстан үшін Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мұның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, АҚШ пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту республиканы тұрақты да өскелең дамытуға жәрдемдесетін факторлардың бірінен саналады. Мұны Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлеміндегі АҚШ-тың үлесі 30 пайыз шамасын – 12 млрд. доллардан астамды құрайтыны да дәлелдеп отыр.
Қазақстанның АҚШ-пен экономикалық саладағы өзара ықпалдастығы бүгінде біздің еліміздің алдында тұрған әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешу аясында бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Іс жүзінде сөз Қазақстанның аса ірі жаңару жобаларын іске асыру туралы болып отыр және бұл тұрғыда АҚШ-пен өзара ықпалдастық өте пайдалы бола алады.
АҚШ-тың әлемдік экономикадағы көшбасшылық тұғырға, ең алдымен, американ үкіметінің соңғы елу жыл бойына ғылым мен білім секторына ауқымды инвестициялар салу нәтижесінде қол жеткізгені баршаға мәлім. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, АҚШ-тың Екінші жаһандық соғыс аяқталған кезден бергі экономикалық өсімінің үштен бірі нақ осы серпінді секірістік технологиялар арқасында жүзеге асқан. Осы заманғы білім экономикасы жағдайында инновацияларды ендіру арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан да қауырт жеделдікпен ұлғая түседі. Осыған байланысты биылғы жылдың басында АҚШ Президенті Дж. Буш «Америкалық бәсекеге қабілеттілік саласындағы бастама» ұсынды, оның негізгі мақсаты американ ұлтының инновациялық әлеуетін өсіру болып табылады. Сондықтан Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырып жатқан біздің еліміз үшін АҚШ-пен ынтымақтастық әсіресе осы заманғы ғылыми-техникалық талдамалар мен инновацияларға қол жеткізу тұрғысынан зор мүмкіндіктер туғызбақ [24].
Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басуы өзінің негізгі әріптестерімен қарым-қатынасының сипатын өзгертпеуі мүмкін еместігін атап көрсету керек. Бұл ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне тән мысал ретінде 40 млн. АҚШ доллары сомасына есептелген (25 млн. – ЮСАИД, 15 млн. – Қазақстан Үкіметі) экономикалық даму бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Үкіметінің ЮСАИД-пен әріптес болғанын айтқан жөн. Және мұндай оң өзгерістер Қазақстан-Америка өзара ықпалдастығының түрлі салаларына қатысты болып отыр.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену болып табылады.
Ал АҚШ-ты демократияны дамытуға үлес қосу, инвестицияны қорғауды
қамтамасыз ету, терроризм мен есірткі
тасымалымен күреспен қатар, Қазақстанның
Ауғанстанды қайта қалпына келтіру үшін
экспорттық ағынға бейімделуіне қызығушылық
танытып отыр. Сондай-ақ, Пентагонның әскери
операцияларына жергілікті елдердің саяси
қолдауы да маңызды.
Бүгінде қазақтың мұнайлы «астанасы»
Атырауда АҚШ қаржыландыратын әскери
базаның ашылуынан кейін, АҚШ пен НАТО
Астанамен Каспий теңізінде бірлескен
мүдделерді қорғау мақсатында Қазақстанның
әскери-теңіз флотилиясын құру жайлы келіссөздер
жүргізуде.
Көмірсутек шикізатына бай Қазақстан
үшін өз байлығын өзгеге жеткізетін құбырлардың
маңызы зор. Мұнай-газды тасымалдауда
Қазақстан үшін маңызды бірнеше бағыттар
бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий
мұнай құбыры, оның ең жоғарғы өткізу мүмкіндігі
жылына 67 тоннаны құрайды. Алайда, барланған
мұнай-газ қорының молдығын ескерсек,
Қазақстан үшін 2007-2008 жылдары келесі құбыр
мәселесіне де маңыз беру керек: ол – «Баку-Жейһан»
жобасы немесе Самара – Балтық елдері
тармағы немесе Парсы шығанағына Иран
арқылы шығатын жол болатыны әлі нақтыланбаған.
Қазір Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы жаңа бір «көзір» – ол әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетуде.
2006 жылы мамыр айында
АҚШ-тың вице-президенті Дик
Қазақстанға тартылған шет елдік 45 миллиард
доллар инвестицияның үштен бірі – американдық
инвестиция. Энергетика саласында 300-ден
аса американдық компаниялар жұмыс жасауда [26].
АҚШ қазір Иранға қарсы
әскери әрекет жасауға дайын екендігін
танытып жатыр. АҚШ вице-президенті Дик
Чейни Аустралияға сапары кезінде, Уашингтонның
Иранның ядролық державаға айналуымен
еш келіспейтіндігін атап өткен болатын.
Ал Тегеран иран билігінің өз ядролық
бағдарламасын жалғастыратындығын, үзбей
мәлімдеп келеді. Ресей ресми түрде америкалық
саясаттың Иранға қатысты қарсылығына
өз келіспеушілігін білдірген. Ал бұл
ретте Астана алыптар қақтығысынан тыс
қала алмайды. Өйткені, Орталық Азия, оның
ішінде, бірінші кезекте, Қазақстан ең
басты ұрыс алаңына айналуда. Бір нәрсе
анық: ешбір аймаққа, ешбір елге осы АҚШ-Иран
қақтығысынан тыс қалуға мүмкіндік жоқ.
Мемлекеттерге таңдау жасауға тура келеді.
Бұл ең қиыны, өйткені Ресей мен Қазақстан
арасындағы мәңгі достық туралы келісім
мен тығыз саяси мемлекетаралық құрылымдар
арасындағы екіжақты, көпжақты жалпы интеграциялану
үрдісі қалыптасқан. Сонымен қатар, Ресей
мен Қазақстанды әлемдегі ең ұзақ мемлекетаралық
шекара жалғастырып жатыр. Ресей сарапшылары
Қазақстан мен Ресей қатынасы Канада мен
АҚШ қатынасы тәрізді деп баға береді,
алайда, канадалықтарда «американдықтар
немесе басқа біреулер» деген таңдау жоқ
болса, Қазақстанда ондай мүмкіндік бар.
Ресей Қазақстан үшін мәңгі дос және көрші
болғанымен, Қазақстанға құйылған инвестицияның
басым бөлігін АҚШ салып отыр. Экономикалық
мағынада АҚШ Қазақстан мен Канада үшін
бірдей жағдайда: себебі көршілес Канада
үшін де, алыстағы Қазақстан үшін де АҚШ
алып инвестор. Осыдан АҚШ-тың Канада үшін
ғана емес, Қазақстан үшін де «бірінші
дос» болғысы келетіндігін көруге болады.
Ал АҚШ-пен достық көп міндет жүктейді,
бұл ретте Ресеймен де дәл осындай жағдай
туындайды.
Қазақстанның экономикалық
дамуына үлкен үлес қосқан Америка
компаниялары әскери база ашуды ұсынуы
әбден мүмкін. Бұл мәселе, әсіресе,
Өзбекстандағы Карши-Ханабад
Қазақстан – АҚШ арасындағы екіжақты тауар айналымы жыл сайын 2 миллиардтан артып отыр. Каспий аймағындағы мұнай мен газдың барланған қорының 75 пайызының Қазақстанда болуы мен Америкадан Қазақстанға құйылатын болжамды инвестицияның көлемі алдағы онжылдықта 100 миллиард доллардан артуы екі ел арасындағы әріптестіктің нығаю мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары
қазіргі заманғы халықаралық
жағдайдың мазмұнына үндес
Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Оның 30-ы – ведомствоаралық. Екі жақты ынтымақтастықты дамытуда өткен жыл ерекше жемісті болды. Үкіметаралық және парламентаралық делегациялар алмасылып, жоғары деңгейдегі диалогтың сапасы артты. Бұған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Джордж Буштың өзара достығы, мемлекеттердің бір-біріне деген сенімділігі арқау болғаны ақиқат.
Ара қашықтығы едәуір болатын, екі құрлықта жатқан Қазақстан мен АҚШ-тың түрлі салаларда қол жеткізген бүгінгі табыстарына әртүрлі деңгейдегі кездесулердің, делегациялар алмасулардың үлес қосқаны белгілі. Әріге бармай-ақ өткен жылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанға сапармен келуін, сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың АҚШ-та Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдпен және АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесулерін алсақ та болады.
Екі
елдің арасындағы сауда-
Құрама Штаттардың біздің
елімізбен көп қырлы
АҚШ-пен энергетикалық саладағы ынтымақтастық ел экономикасының ілгерілеуіне игі ықпалын тигізуде. Каспий бассейніндегі қорлардың басым бөлігіне иелік ететін Қазақстанның энергетикалық жобаларына әлемнің бірқатар елдерінен ең ірі компаниялардың, соның ішінде америкалықтардың белсенді қатысатыны белгілі. Қазіргі замандағы мұнай мен саясаттың жымдасып кетуі америкалық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен қатынастардың басымдылығын белгілейді. Парсы шығанағындағы ірі мұнай қорларына иелік етуші мемлекеттер Ирактағы тұрақсыздық пен Иран төңірегіндегі күрделі жайттардың бұған қатысы жоқ деп айту, әрине, қиын.
ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Қазақстан мен АҚШ арасындағы білім беру және гуманитарлық салаларындағы қарым-қатынастар
Білім беру саласындағы ҚР
мен АҚШ ынтымақтастығы, АҚШ-тың
ҚР-ның оқыту мекемелеріне
ҚР
Білім беру бағдарламаларында
әлем корпусының алатын орны
мен маңызы өте зор. Әлем
Корпусы 1961жылы Дж.
1993 жылы
Әлем Корпусы Қазақстанға
Информация о работе Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары