Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3


І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7


1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15


ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ


2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23


2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

І . ҚАЗАҚСТАН – АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.1 Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының қалыптасу кезеңі .................................................................................................................7

1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жаңа мүмкіндіктері ..................................................................................................15

ІІ . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Білім саласындағы ынтымақтастық............................................................. 23

2.2 Мәдениет саласындағы ынтымақтастық .....................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.......................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 330.50 Кб (Скачать)

       Қазақстан  мен АҚШ өңірлік және халықаралық  қауіпсіздікті, ең алдымен жаппай  қырып-жою қаруын таратуға қарсы  күрес мәселесі бойынша қауіпсіздікті нығайту ісіндегі жемісті диалогты ұстанып келеді. Біздің еліміздің халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды және ядролық салада өзіне алған халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындауды берік жақтаушылығы әлем жұртшылығы тарапынан мойындалып, халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге ұмтылатын мемлекет ретіндегі рөлін нығайтты. Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын және Құрама Штаттардың басқа да жетекші әлемдік державалармен бірге республикаға тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге кепілдік беруін айрықша атап көрсеткен жөн [13].

       Қазақстан  мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастық саласындағы басымдықтары 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тың Қарулы Күштері арасындағы Бесжылдық ынтымақтастық жоспарында анықталған. Мұның өзі ҚР Қарулы Күштерін нығайтуға жәрдемдесудің маңызды бір құралы болып табылады. Осының негізінде “Шетелдік әскери қаржыландыру”, “Халықаралық әскери оқыту және әзірлеу” бағдарламалары және екі жақты ынтымақтастықтың басқа да бағдарламалары жүзеге асырылады. 2006 жылы АҚШ біздің елімізге 4,22 млн. доллар сомасына әскери құрал-жабдық пен тренинг беруді жоспарлап отыр. Каспий мен Қазақстанның батыс өңірінің қауіпсіздігі мұнай мен газды жеткізуді қамтамасыз ету үшін де маңызды екенін ескере отырып, Каспий маңы және Орал өңіріндегі мұнай кен орындарын игеруге жетекші компаниялары қатысатын АҚШ патрульдік катерлер мен радарлық жабдықтар беру ниетінде.

       Біздің  елдеріміздің арасында халықаралық  лаңкесшілдікке қарсы күресте  сындарлы өзара ықпалдастық жолға  қойылған. АҚШ Қазақстанның Ауғанстан мен Ирандағы лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның күш-жігеріне көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды, мұны 2006 жылғы 25 ақпандағы Қазақстанға сапары барысында АҚШ Қорғаныс министрі Д.Рамсфельд қуаттады. 1991 жылы Қазақстан өзіне мұраға қалған ядролық қаруды Ресейге қайтаруы, ал 2002 жылы Орталық Азиядағы төрт елмен ядролық қарудан ада аймақ құру жөнінде келіссөз жүргізуі американ тарапынан айрықша бағаланып отыр. Д.Рамсфельд атап өткеніндей, “егер Ирак Қазақстан моделін ұстанып, БҰҰ-ның 17-ші қарары қабылданғаннан кейін Қазақстан істегендей қарусызданған жағдайда, соғыс та болмас еді”. Америка басшылығы 27 әскери қызметші инженерден тұратын взводты бітімгершілік миссиясын атқару үшін Иракқа жібергені үшін республикаға талай рет алғыс сезімін білдірді [14].

АҚШ Президенті Дж Буш пен Қазақстан Бірлескен  мәлімдемесінде былай көрсетілді:

«Біз ғаламдық экономика мен демократиялық  мемлекеттер қауымдастығына барынша  өскелең дәрежеде интеграцияланып  келе жатқан XXI ғасырдағы бейбітшіл, өркендеген және Егемен Қазақстанның жалпы көрінісіне қол жеткізу мақсатында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұстанымымызды мәлімдейміз.  Осы мақсаттар үшін біз терроризмге қарсы күресте және қырып жоятын қаруды таратпау, демократиялық, саяси нарықтық және экономикалық реформалар, сондай-ақ, нарықтық инвестициялар мен энергетика қорларын дамыту жөніндегі өз ынтымақтастығымызды алға бастыра береміз»[15].

Бұл мақсаттар  одан әрі біздің терроризм мен  жаппай қырып-жоятын қаруды тарату қатерінің  Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ғана емес,  сонымен бірге бүтіндей алғанда, бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін мойындайтынымызды айғақтайды. Осыған орай,  екі жақ  ондай қатерлерге қарсы тұрып, Қазақстанмен оның Орталық Азиялық көршілерімен, Құрама Штаттармен, сондай-ақ, екі жақтың еуропалық достарыменен, әріптестерімен және одақтастарымен арадағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуға ұмтылады.  Осы мақсаттарға жету үшін олар ынтымақтастықты НАТО- ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде де екіжақты негізде дамыта түсуге ниетті.

Тараптар  терроризмге қарсы соғыстағы  бірлескен қимылды халықаралық  коалиция шеңберінде де,  ол аяқталғанға  дейін жалғастыра беруге деген ниетімізді айғақтайды.

Тараптар  өзіміздің кең өкілеттіліктегі  Ауғанстан үкіметінің ел ішінде және көршілермем бейбітшілікке қол жеткізуіне қолдау жасайтынымызды атап көрсетеді. Сондай-ақ,  тараптар Ауғанстанды қайта құруда бірге қызмет етуге,  ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейді.

АҚШ пен Қазақстан  Қазақстанның ядролық мәртебеден өз еркімен бас тартқан бірінші ел екенін мойындай отырып,  біз жаппай қырып жоятын қаруды таратпауға деген өзара ұстанымымызды айғақтайды.  Тараптар барлық иеленуші елдердегі қарулардың ядролық, химиялық, және биологиялық компоненттерінің нақтылы сақталуы мен есепке алу және олардың заңсыз айналымының алдын алуға ерекше назар аудару қажеттігіне өзара келісім білдіреді. Тараптар қатерді бірлесіп қысқарту туралы Американ-Қазақстан келісіміне сәйкес осы мәселелер бойынша өз ынтымақтастығымызды ұлғайтуға дайын екенін меңзейді.

Қазақстан мен  Құрама Штаттар Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі әріптестік рухтағы  ынтымақтастықты күшейте түспек.  Екі жақ та Орталық Азия мемлекетгері арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды басым салалар бойынша кеңейту, оның ішінде экологияны, су қорларын, көлік жүйесін қоса отырып, аймақтық интеграцияны тереңдету,  аймақтағы кауіпсіздікке негіз болады деп біледі.  Құрама Штаттар шекаралық бақылауды күшейту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс қабылетін арттырудағы Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын нығайту туралы мәселені қарайтын болады.

Екі жақ нарық  экономикасы мен заңның үстемдігі  біздің азаматтарымыздың әлауқаты мен  біздің қоғамымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі неғурлым тіимді тәсілдер екенін мойындайды.  Құрама Штаттар мен Қазақстан екі жақты экономикалық сауда және инвестициялык, қарым қатынастарды,  екі мемлекеттің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту жолымен де алға бастыруға міндеттенеді.

Президент Н Назарбаев 2006 жылғы халқымызға Жолдауында «Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық езгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың кең ауқымымен сипатталады» деп көрсетті.

2006 жылғы қыркүйекте  Президент Н Назарбаевтың АҚШ  қа алтыншы ресми сапары болды. Онда Елбасы АҚШ Президенті Джордж Бушпен «Қазақстан-Америка бірлескен мәлімдемесіне» қол койды. Бұл құжатта «Біз Қазақстанның және Құрама Штаттарының стратегиялық әріптестігімізді ілгерілетуде қол жеткізген прогресіне қанағаттанушылық білдіреміз. Қазақстан мен Құрама Штаттар демократиялық дамудың маңыздылығын қуаттайды және К,азақстанның өкілетті институттарды нығайту жөніндегі күш жігерді жеделдетуді жақтайды. Құрама Штаттар Қазақстанда демократияны ілгерілету, діни бостандықтарды нығайту және азаматтық қогамға қолдау жасау жөніндегі күш-жігерге қолдау білдіреді. Құрама Штаттар Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі секілді өзара түсіністікті ілгерілету жөніндегі халықаралық бастамасын, содай ақ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес секілді, бейбітшілікті нығайту жөніндегі бастамасын құттықтаймыз. Біз Қазақстандағы жоғары байытылған Уранды араластыру жөніндегі жаңа келіссөзді және Қазақстанның жуырда басталған Ядролық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандык бастаманы қолдауының нақты қадамы ретінде, Ядролық саладағы таратпау режимін нығайту жөніндегі бекем саясатын құттықтаймыз» [17].  Қазақстанның таңғажайып экономикалық табыстарын мойындай отырып, Құрама Штаттар Қазақстанның күшті экономикалық дамыған мемлекетке айналуына жәрдемдесуін жалғастырады, Құрама Штаттар Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуына қолдау білдіреді.

   «Біздің  халықтарымыз арасындағы достықты нығайту мақсатында біз студенттер айырбасын қоса алғанда, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастығымызды кеңейту ниетіндеміз, Құрама Штаттар Қазақстанның өңірлік интеграциядағы көшбасшылығына қолдау білдіреді.  Біз заң аясында жүзеге асырылып жатқан сауда-саттыққа шекаралық өтулер мен кедендік рәсімдерді жақсарту, көліктік және инфрақұрылымдык жобаларды іске асыру, трансшекаралық ресурстарды пайдалану жолымен қолдау білдіруге міндеттенеміз», деп атап көрсетілген екі жақты маңызды құжаттарда. [18].

 Сонымен, дүниежүзіндегі саяси экономикалық және әскери жағынан ең қуатты мемлекет  -  АҚШ пен Қазақстанның көпжақты қатынасы ойдағыдай дамып келеді деген қорытынды жасауға болады.

 

1.2 Қазақстан және АҚШ: ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен  саяси мәдениетке ықпалы

Бүгінгі таңда ең қуатты әскери-саяси және экономикалық әлеуетке ие болып отырған Құрама Штаттар  әлемдегі және оның түрлі өңірлеріндегі, соның ішінде Орталық Азиядағы да, стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйіне көп ретте шешуші ықпал етіп келеді.

АҚШ-тың Орталық Азиядағы елдермен сан қырлы ынтымақтастығы өңірді экономикалық дамытудың, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Вашингтонның Орталық Азиядағы саясаты мүдделердің үш тобын: қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық және саяси реформалар жүргізуге жәрдемдесуді, сондай-ақ сауда-экономикалық, ең алдымен, энергетикалық саладағы ынтымақтастықты көздейді.

Бұл тұрғыда таза прагматикалық  және өзара тиімді стратегиалық мысалын  Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас көрсетіп отыр. Бірінші кезекте бұл біздің елдеріміздің екі жақты да, сондай-ақ көп жақты да ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы бойынша мүдделерінің сәйкес келуінен туындап отыр.

Соңғы жылдары Қазақстан-Америка  өзара ықпалдастығы сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін айтқан жөн. Вашингтон Қазақстанды Орталық Азиядағы өңірлік лидер және АҚШ-тың ең сенімді де болашағы зор әріптесі ретінде танып отыр. АҚШ Президенті Джордж Буштың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауында атап өтілгеніндей, «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі өңірдің басқа елдері үшін модель болып табылады». АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы К. Райс Астанаға 2005 жылғы қазандағы сапары кезінде Қазақстанның «Орталық Азияда көрші елдерге экономикалық тұрғыда әлдеқайда ашық, саяси тұрғыда әлдеқайда тұрақты болуға көмектесе отырып, шешуші рөл атқаруға» барлық қажетті құрамдастары бар екенін атап көрсеткен болатын [19].

     2006 жылы  күзде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Америка Құрама Штаттарының Вице-президенті Ричард Чейнимен кездесті. Н.Назарбаев пен Р.Чейни алдымен екеуара әңгімелесті, одан кейін Қазақстан басшысы мен АҚШ Вице-президентінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүрді. Кездесулер мен жүргізілген келіссөздерде энергетика саласына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы геосаяси жағдай туралы, аймақтық интеграция, Каспий бассейні мен Еуразиялық кеңістік жайында пікір алмасылды. Назарбаевтың ойынша, Чейнидің Қазақстанға бұл сапарыңыздың маңызы ерекше, ол туралы елбасы кеңейтілген құрамдағы кездесуді ашардағы сөйлеген сөзінде айтты. «АҚШ – біздің еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. Содан бергі уақытта екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды таратпауды мақсат етіп, Семей ядролық полигонын жаптық. Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында белсенді жұмыстар жүргізу үстінде. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестіктен кейін Қазақстан АҚШ-тың халықаралық терроризмге қарсы күрес бастамасына алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Қазіргі кезде Қазақстаннан жасақталған саперлар құрамы Иракты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып жатыр. АҚШ еліміздің ең ірі инвесторы болып табылады. Америкалық компаниялардың экономикамызға салған инвестиция көлемі 12 миллиард долларды құрайды. Біздің елдер арасындағы өзара тауар айналымы 2 миллиард доллардан асты. Бұл – жетістігіміз. Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін»[20].

      Бұған сол кездегі  американдық вице-президент былай  деп жауап беріп, Американың  дәл сол кезеңдегі саяси ұстанымын  жеткізді: «Өткен 15 жыл ішінде Қазақстанның қол жеткен табыстарына бүкіл америкалықтар өз ықыластарын білдіріп отыр, – деді Ричард Чейни. – Қазақстан Америка Құрама Штаттары үшін жақсы дос және көптеген салаларда стратегиялық сенімді серіктес бола білді. Біз сіздердің Ирактағы жағдайды тұрақтандырып, елді қалпына келтірудегі біздің бастамамызды қолдағандарыңызға алғыс айтамыз. Қазақстандағы орасан зор ресурстар экономиканың барлық саласына үлкен пайда беретіні анық. Біз бүгін осында Астана қаласының өркендеп келе жатқанына куә болдық. Қазақстан мен АҚШ-тың түрлі салалардағы байланыстары алдағы уақытта да қарқынды дамитынына сенімдіміз»[21].

      АҚШ Қазақстанның  тәуелсіздік алғанын 1991 жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Содан бергі уақыт ішінде мемлекеттер аса ауқымды стратегиялық әріптестік деңгейінде бірлесе қимыл жасап келеді. Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94 келісімнен тұратын құқықтық берік база жасалды. Оның 30-ы – ведомствоаралық. Екі жақты ынтымақтастықты дамытуда өткен жыл ерекше жемісті болды. Үкіметаралық және парламентаралық делегациялар алмасылып, жоғары деңгейдегі диалогтың сапасы артты.  Бұған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Джордж Буштың өзара достығы, мемлекеттердің бір-біріне деген сенімділігі арқау болғаны ақиқат.  

         Елбасының Құрама Штаттар төріндегі өткен жылғы сәтті ресми сапары М.Тәжиннің Вашингтондағы кездесулерінің  жемісті аяқталуының алғышарты болды десек қателеспейміз. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы мен Қазақстан  Сыртқы істер министрінің әңгімесі Орталық Азиядағы тұрақтылықты тұрлаулы етуде маңызды рөлге ие Қазақстанның осы өңірдегі орнына, қазақстандық-америкалық әріптестіктің келешегіне арналды. Бұл кездесу өңірлік қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелерін, энергетикалық диалогтарды айналып өтпейтіні алдын ала белгілі болған еді.      Әсіресе,  өңірлік қауіпсіздік мәселесі жан-жақты әрі әр қырынан талқыланды. Кондолиза Райс  өңірлік экономикалық әріптестікті жандандырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалайтындығын және Ақ үй мен Ақорда арасындағы барлық ынтымақтастық бастамаларға және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы Сауда және инвестиция туралы келісім-шартты (TІFA) іске асыруда Астананың интеграциялық әрекеттеріне Вашингтон   барлық кезде қолдау көрсететіндігін мәлімдеді.

      Кондолиза Райс  кездесу барысында екі елдің сыртқы саясат ведомстволары әріптестігінің маңыздылығына ерекше тоқталып, “Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жетекшілерімен onlіne режімінде жұмыс істеу, яғни тұрақты диалогтар жүргізу  қажет” екендігін ерекше атап өтті [22]..

Информация о работе Екі елдің ынтымақтастығының жаңа формалары