Аймақтық туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес.

Содержание

Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1.1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1.2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы..................................................................................................................................................17
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
Аймақтық туризм дамуындағы туристік ресурстар....................................................................25
Аймақтық туризмді экономикалық талдау...................................................................................31
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
Аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы.......................................................40
Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы.........................................................................47
Қорытынды...........................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................59
Қосымшалар.........................................

Работа содержит 1 файл

Аймақтық туризм (курсовая).doc

— 379.50 Кб (Скачать)

Өзгеру кезеңінде  елдердің әрқайсысында кластерлерді қаллыптастырудың өзіне тән бірегей іскерлік жағдайы қалыптасады, сонымен қатар мемлекеттердің осы бөлігі үшін бірқатар ортақ ерекшеліктері бар, мүның өзі дамушы елдерден ерекшелендіріп тұрады.Олардың бәрі де жоспарлы экономикадан нарыққа өту процесіне тартылған бұл бәсекелестік жағдайында қызмет тәжірибесінің болмауы немесе жеткіліксіздігінде, іскерлік қауымдастыққа тән ынтымақтастықтың дамымауы немесе әлсіздігінде, үкімет бастамасына сенімнің төмендігінде көрінетін қиындықтармен қатар жүреді. Осы топқа жататын көптеген елдер үшін салыстырмалы түрде экономикалық дамудың ұзаққа созылған кезеңі болып табылады. Орталық және Шығыс Еуроапа елдеріндегі әлеуметтік —экономикалық өзгерістер тәжрибесі, олардың кластерллік бастаманы жүзеге асыру да ғылыми тәжірибесі Қазақстан туризмінің кластерлік дамуына септігін тигізері анық. Нарықтық экономикаға көшкен қазақстанға кластерлік үлгімен танысу және оны енгізу экономикалық ғана емес, сонымен бірге психологиялық ықпалын тигізуде. Алғашқы кездері экономиканы баяу әрі жүйесіз реформалау, бір біріне қайшы келетін заңдар мен актілердің болуы кластерлік құрылымдарды қалыптастырудағы проблемаларды тудырды.[22]

2004 жылдың  маусым айынан бастап кластерлік әдістермен Қазақстан Республикасы экономикасын диверсификациялауға жаңа жоба жұмысына кірісті. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты Қазақстанның шикізаттық емес секторларын дамыту және тұрақты бәсекеге қабеліттілікті көтеру жөнінде іс-шаралар жобасын әзірлеу болып табылады. Кластерлік даму бойынша басымдықтардан күтілетін нәтижелер:

1 .Жұмысбастылық деңгейінің көтерілуі (жаңа жұмыс орындарының құрылуы).

2.Экспорт (көп сұранысты нарыққа өтім).

З.Диверсификация (мұнай табысына тәуелділікті төмендету).

4.Қазақстанда салалық  кластерлердің көбірек даму.

З.Бәсекеге қабілетті салалық кластерлердің құрылуы бойынша өкіметтің мақсаты мен үгітін қолдау (халық тарапынан) және жағымды түсінік қалыптастыру.

Кластер дегеніміз  не? Кластер - бір-біріне жақын орналасқан біріне-бірі байланысты, өзара шаруаларын толықтыра алатын, белгілі бір салада еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың тобы.

Кластерлік  дамуды жүзеге асыру Қазақстанның экономикалық өсімін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейге көтеруге себепші болады. Бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасы өкіметінің белгіленген ұйымдары мен мемлекеттік органдарымен бизнес қауымдастықтарымен, білім мекемелерімен және басқа да ұйымдармен тығыз өзасра қарым-қатынаста болады. Біздің отанымыз тек қана бірегей табиғи әлеуетке ғана емес, сонымен қатар туризм саласында келешегі бар бағыттар қатары: мәдени-танымдық, экологиялық, экстремальды, іс-сапар (іскерлік) сауықтыру туризм түрлері дамиды. Нақ сол себепті 2004 жылдың қараша айында пилоттық кластердің құрылу жөнінде жобаларды жүзеге асыру туралы бастамасы бойынша АҚ маркетингтік және аналитикалық зерттеу орталығы американдық "Austin Associates", "Economic Competitiveness Group" компанияларымен бірге шешім қабылдаған болатын. Аталмыш жобаны жүзеге асыру шеңберінде туристік кластерді дамыту стратегиясы Қазақстанның туристік әлеуетін талдау негізінде анықталып алдын ала қарастырылған болатын. Индустрия министрлігі және Сауда министрлігі туристік қызмет пен сауданы реттеу жөніндегі комитет төрағалары туристік кластер құру жөнініде жұмыс құрамын жасақтады. Қазіргі таңда Алматының АҚ "ЦМАИ" базасында жұмыс тобының үшінші мәжілісі өтті. 2005 жылдың 4-ақпанында өткен төрт кездесу сондай-ақ жергілікті атқару органдары мен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігі, орман және аң шаруашылығы комитеттерін шақырылу жоспарлаған [23].

 

Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігі мен кластерлік дамудың

перспективалары

Қазақстан Үкіметі  жоба негізінде өндірістің шикізат  емес салаларын кластерлік даму жолымен экономикасын диверсификациялау жұмысын бастады. Жоба Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы ҚР Үкіметінің ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында "Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлтына" негізделген, 2004 жылдың аяғына дейін еліміздің бәсекелестік басымдықтарына тиісті талдау жүргізу және нақты тұжырымдауды ұсынған. ҚР Үкіметі маркетингтік талдамалы зерттеу орталығына бәсекеге қабілеті бар құндылықтарды және Қазақстаннның перспективалы секторларын оларды дамыту жөнінде кеңес беру бағдарламасын іске асыру мақсатымен J.E Austin Associates Inc (JAA) компаниясымен келісімге келуді тапсырды. Аталған он екі айлық жобаның тапсырмасы Қазақстан Республикасының шикі зат емес секторларын бәсекеге қабілетті тетеіктерін көтеру үшін нақты іс-қимылды жоспар әзірлеу болып табылады. Жоспарды әзірлеу процесі бәсекеге қабілетті және кластерлік даму жөніндегі процестегі барлық қызықтырушы тараптарды (үкімет, бизнес-қауымдастық, БАҚ) қатыстыру жолымен қарқынды қызмет істейді. Сондай-ақ, "Жеңіске жылдам жету" қызықтыру үшін сала және фирма деңгейінде қысқа мерзім ішінде бәсекеге қабілеттілікті көтеруді әлпеттейтін болады.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі бағдарламасы Қазақстанның ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде экономикалық өсімі үшіен жүйелік тосқауылдарды жоюды шапшаңдату және бәсекелестік мүмкіндігін анықтау үшін кластерлік талдауды қолданудың уақытылы мүмкіндігімен өзін өте жақсы ұсынды. Бағдарлама үкімет мүшелері тетіктерімен бизнес орталықтарымен, кәсіпкерлермен, ғалымдар, инженер - кадрлар мен және зерттеу орталығымен тығыз ынтымақтастық құруды жоспарлап отыр. Аталған бағдарламаның мақсаты Қазақстанның экономикасының шикізаттық емес секторларын бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар өндірістің және экономикалық өсімін ұлғайту. Компаниялардың көпшілігі ағымдағы бұл салалар шағын және орта кәсіпорындар әлемдегі көптеген елдерді экономикалық өсуіндегі инновацияға негізделген қуатты генератор болып табылады.

J.E Austin Associates-нің бас атқарушысы халықаралық консальтингтік компаниялардың көшбасшысы болып табылатын стратегиялық мүмкіндіктерге жету үшін мемлекеттің және жеке сектордағы клиенттерге көмек көрсететін стратегиялық жоспарлау арқылы экономикалық дамуды және тұрақты дамудағы кедергілерді анықтап, жоюды компания әлемнің 100 елінің 400-ге жуық стратегиялық жобаларын кластерлерді құрудағы және бәсекеге қабілеттілік жөніндегі қанша көпжақты басымдықтарды қоса жүзеге асырады.

Economic Competitiveness Group, Inc (ECG) компаниясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік жөніндегі бағдарламасына қатысатын болады. ECG аймақтардағы экономиканы жоспарлау және менеджменті экономикалық стратегияларды нығайтуға және дамытудағы жұмыс істейтін өзінің жоғары маманданған халықаралық сарапшылардан құралған командасын ұсынды. ECG компаниясы экономикалық-стратегиялық даму мақсаттарын әзірлеу және нығайту сферасындағы аймақтық (қала, мемлекет және интеграциялық ұйымдар) консальтингтік қызметке көмектесуге мамандандырады. Компания мемлекеттік сектор және бизнес көшбасшыларымен тығыз ынтымақтастық құрады.

Команда JAA және ECG Қазақстанның ерекшелігі мен шарттарына икемделуіне, өзінің әлемдегі жаңашыл әдістері мен методтары мен танытуға мүдделі. Аталмыш жоба экономикалық талдау мүмкіндігі мен микроэкономикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі үшін кедергілер мен тосқауылдарды мұқият айғақтайтын болады. Жоба негізінде жұмыс істейтін команда өз алдына ағымдағы жобаланған мерзімде нақты және айтарлықтай нәтижеге жетуге тапсырма алды. Жобаны қажетті элементтерінің бірі ұлттық деңгейде қатысушыларды қызықтыру, сонымен қатар жолбаға қатысушыларды және кең көлемде қоғамдық қызығушылықты қалыптастыру мен жобаны бірдей ұғынуды тудыру болып табылады. He себепті жоба семинарлар мен презентацияларды жүргізуді қарастырғандығын оның ішінде бәсекеге қабілеттілік Қазақстан желісін құруын және жобаның вебсайтында көрсетіледі. Бұдан басқа бағдарлама әйгілі танымал экономист Майкл Портердің жобаның академиялық кеңесшісі ретінде қатысқандығын қамтиды. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілік жөнінде Қазақстандық жобаның өзіне бірінші класты зерттеуді қамтитындығын сондай-ақ бағдарламаға күмәнсіз өз үлесін қосатындығына кепіл болады. Қатысушы профессор Портер Қазақстанның бәсекеге қабілетті жаһандық картадан лайықты орын алуына көмектеседі. Бағдарламын табысты жүзеге асыру қазақстандықтарды жақсы нәтижеге жетелейді. Бұл нәтижелердің көпшілігі бағдарламаны жүзеге асырған соң көрінеді. Олар мыналар:

1 Экономикалық өсімнің тұрақты көтерілімі, көпшілігі жалпы өсімімен табыстың тең дәрежеде бөлінуі;

2. Экономикалық диверсификациялық өсімі шикізаттық сала арқылы.

З.Фирмалардағы өнімділіктің, жобада қамтылғандай, делдалсыз экспорттың өсуі және өндірілген өнімнің жоғары қосылған құнымен, сонымен қатар экспорт бірлігінің құнының өсуі.

4.1шкі инвестициялар  өсімі.

З.Шикізаттық емес саладағы күшті ресми қоғамдастықтар бәсекеге қабілеттіліктің тұрақтылығына мән береді.

б.Ресми климаттағы сапаның қолдағы өсімі.

Т.Қазақстанды  бәсекеге қабілетті ел және тура шетел инвестицияларының өсуін қодаушы ел деп біртіндеп мойындау.

8. Көрші елдермен  сауда саласында тығыз қарым-қатынаста болу.

Бұл теорияның шешуші тетіктері әлемнің бәсекеге қабілетті негізгі 5 факторын қамтитын "ұлттық ромб" ретінде қарастырады. Бұл факторларға:

  • өндіріс факторларымен қамтамасыз ету
  • фирманың стратегиясы
  • құрылым және бәсеке
  • сұраныстың шарттары
  • көмекші және қолдаушы салалар (тура және жанама салалар) 
    Портердің кеңейтілген ромбсына екі толықтырушы анықтауыш -

кездейсоқ жағдай мен үкімет жатады.

Аталмыш теорияның  маңызды тұжырымы «кластер».

Бәсекелестік мүлік теориясы өзіне мақсатты және бәсекеге қабілетті талдауға жаңашыл әдістерді қамтиды және негізгі жобада әдістемелік әдістердің бірі ретінде қолданылады.

Өндіріс саласын талдау аталмыш құрылым шегінде ҚР экономикасындағы көптеген перспективалық кластерді анықтауға, олардың бәсекелесу ортасын түсінуге және ҚР Үкіметіне ұлттық бәсекеге қабілетттілік платформасын жақсартуға көмектеседі [24].

Кластер туризм секторында тұтынушыларға толық рекреациялық қызметтер спектрін қамтамасыз ету кезінде бірігуді, үйлестіруді көздейді. Мысалы, Ақсу-Жабағылы табиғи қорығының буферлі зонасында осыған барлық алғышарттар бар: қонақ үйлер, гид-экскурсовод қызметін көрсету, аң аулау, альпинизм және т.б. жағдайлар жасалады.

Жалпы алғанда  кластерлер жеткізушілердің, өндірушілердің, тұтынушылардың торабын, инфрақұрылымды, ғылыми- зерттеу институттарды, жоғары оқу орындарды қамтиды. Кластерлердің құрылымы екінші сызбада көрсетілген. Қосымша (4), сурет №1

Кластер ерекше экономикалық жүйе ретінде салалық  және сала ішіндегі өзара байланыстарды қалыптастырады. Кластердің басты мақсаты өндіріс фкаторларының тиімділігінің тұрақты өсуінде. Республиканың дүниежүзілік шаруашылық қауымдастығына интеграциялануы үшін кластеризация зор мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің ойымызша, бірішіден, тұрақты субконтрактингтік сызбалар, екіншіден, трансшекаралық кластерлерді қалыптастыруды қажет болады. Бірақ осы жағдай төменгі факторларсыз жүзеге аспайды:

  1. елдегі жағымды инвестициялық климат;
  2. жетілдірілген бәсекелестік;
  3. бірыңғай ақпартттық кеңістік.

Соңғы аталған  екі фактор халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру үшін өте қажет. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мынадай факторларға байланысты:

    • экономикалық (макро және микро деңгейде);
    • әлеуметтік;
    • экологиялық;
    • тарихи-мәдени және т.б;

Біздің елімізде так-кен металлургиялық секторлармен қоса туризм секторларында кластерлер классикалық сызба бойынша қалыптасуы қажет. Кластер құрылғанда аймақтық факторлар ерекше мәнге ие болады. Аймақтық кластерлерді қалыптастырғанда мемлекеттік реттеудің маңызы артады.

Мемлекет  аймақтық экономикасының даму деңгейі кластерді қалыптастырумен тығыз байланысты. Дамушы елдер экономикалары үшін кластер сызбаларының вертикалды интеграциясы тән. Сол себепті кластерлік тәсіл микро және мезоэкономикалық процестерді зерттеу барысында басқарудың барлық деңгейінің базалық талдау құралына айналды. Халықаралық бәсекеге қабілеттілік индикаторына мыналарды жатқызуға болады:

    1. әлемдік саудадағы сала көлемі бөлігінің асуы;
      1. салалық  турғыда  экспорттың   импорттан   артуы   (туризм 
        саласында керісінше болып келуі мүмкін);

Кластерлік даму осы факторларды есепке алады

а) Негізгі және қосалқы өндірістер мен мамандандырылған сервистің 
теңгерімді дамуы;

э) Ішкі бәсекелестіктің жоғары деңгейі;

б) Ғылыми - зерттеу және иновациялық әлеует;

в) Интенсивтік кластер ішіндегі өзара іс-қимылдар; 
Мемлекеттік экономикалық саясат тұрақты  және  мүмкіндігі  бар

кластерлерге  негізделеді. Сол үшін Қазақстан  кластерлік дамуда ең қолайлы ел деп білемін. Бүкіл аймақтың бәсеке бірлігі ретінде стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті ұзақ мерзімге қамтамасыз ету. Салалардың өзара әрекеттестігі (қонақ үйлердің, тасымалдау кәсіпорындарының, сауданың), олардың нарықтарының, елді мекендерінің және қоршаған ортаның аймақтың бәсеке қабілеттілігіне ықпал етеді. Нарықтар өнімге жоғары талаптар қояды, сонымен қатар салалар еңбегіне жағдай жасайды, және керісінше: бәсекеге қабілетті салалар орнында талап қойғыш клиенттер санының ұлғаюына және сақталуына қызығушылық танытады. Туризмнен жақсы пайда көрген салалар жергілікті елді мекендерге белгіленген позитивті пікір қалыптастырады. Өзінің жерінде туризмге позитивті қарайтын елді мекендер, - инновациялық туристік жобаларды жүзеге асыруды жеңілдететін қонақжайлылық кепілі. Қоршаған орта мен аймақтың өзара әрекеттестігі, әсіресе елді мекендердің позитивті және негативті ішкі әсерлерге қарым-қатынасы немесе позитивті және негативті негізгі ойларға әсері, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілік жағдайына ықпал етеді. Міне осындай жағдайдан кейін кластерлік даму нарықтық экономикада бәсекелестік қуаты бар, сонымен бірге аймақтық туризмнің дамуында өзіндік катализатор дегім келеді.

 

 

 

 

 

Информация о работе Аймақтық туризм