Аймақтық туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес.

Содержание

Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1.1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1.2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы..................................................................................................................................................17
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
Аймақтық туризм дамуындағы туристік ресурстар....................................................................25
Аймақтық туризмді экономикалық талдау...................................................................................31
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
Аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы.......................................................40
Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы.........................................................................47
Қорытынды...........................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................59
Қосымшалар.........................................

Работа содержит 1 файл

Аймақтық туризм (курсовая).doc

— 379.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1998 жылы 28 қазанда №1096 "Жібек Жолы тарихи орталықтарын қайта жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мүрасының сабақтастыра дамуы, туризм инфрақүрылымын қүру туралы Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары туралы Қаулысы".

Қазақстан Республикасының  туристік қызметтер туралы жаңа Заңының қабылдануы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 30 қазандағы №1631 "Туризм бойынша үйлестіру кеңесін ауыстыру туралы қаулысы";

"Туристік  саланы дамытудың алғашқы кезектегі  іс-шараларын дамыту туралы";

2001-2003 жылдары  "Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру бойынша іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазан №1604 қаулысы;

Қазақстан Республикасының "туристік әрекетті миграциялаудың Ережесі 2001 жылдың 14 қыркүйегіндегі №1213 қаулысы" [7];

Осы кезең  Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың іс-шаралары мен механизмдерін қүрды.

Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері бойынша 1998 жылы республикада 430 туристік мекеме қызмет етсе, оның 9-ы мемлекет меншігіндегі мекеме, 388-і жекеменшік, 6-ы шетелдік туристік агенттіктер болып табылады. Қазақстандық мекемелер осы кезеңде 80 елдің туристік фирмаларымен келісім-шарт жасаса, 25 аймақтық және 5 облыстық туристік фирмалар 7 мемлекетке чартерлік авиарейс үйымдастырған.

Соңғы 5 жыл  ішінде Қарағанды, Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы (50%), Астана қалаларында туристік фирмалар ерекше дамыды. Бүл аймақтағы туристік үйымдар мен фирмалары жылына 88% туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетті.

1998 жылы Қазақстан  Республикасы аймағындағы барлық меншік формасындағы мекемелер 1916,6 миллион теңгеге азық-түлік сатып, қызмет көрсеткен. Оның ішінде мемлекеттік туристік мекемелер 22,4 миллион теңгеге, жеке меншіктер 1883,9 миллион теңге, шетелдік фирмалар 10,3 миллион теңгеге қызмет көрсеткен. Аймақтағы туристік іс-әрекеттен түскен халықтың республика бюджетіне түскен жалпы салықтағы мөлшері 1998 жылы 0,4% (1997 жылы 0,06%) қүраған болатын.

Сонымен Қазақстанда  аймақтық туризмнің дамуының төртінші кезеңінде (2003 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі) туристік сфераның түрақты өсіп келе жатқанын сипаттайды.

2003-2005 жылдар  аралығында туристік саланы дамыту бағдарламасының аяқталуы, "Туристік агенттер мен туристік операторлардың азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктері міндетті сақтандыру туралы" Заң қабылданды. Туристік процеске қатысуына заңды және жеке түлғалардың қатынасының реттелуі және т.б. 2005-жылы 28-30 сәуір аралығында "5-ші Халықаралық туризм және саяхат" атты жәрмеңкесі (KITF-2005) болды. Аталмыш іс-шараларға туризм саласында маманданған 200 астам субъектілері қатысты. Сонымен қатар үйымдастырылған жәрмеңкеде Қазақстанның туристік өкілдері, жеке жобалар, белсенді демалыс пен экотуризмнің дамуы кеңінен насихатталды [8].

Қазір елімізде аймақтық туризмді дамытудың халықаралық деңгейдегі іс - шаралары өткізілуде. Оған еліміздің түрлі аймақтарындағы туризммен айналысатын субъектілер қатысуда. Бүл іс - шараларға мемлекеттік деңгейде атсалысуы маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы Комитеті 2007 жылға арналған туристік іс-шаралар тізімін көрсетеді:

    1. "ІТВ" Халықаралық туристік көрме Берлин қаласы (ГФР) наурыз 
      айы.
    2. "WTF"   Халықаралық  туристік   көрме  Шанхай   қаласы   (ҚХР) 
      наурыз айы.
    3. "KOTFA" Халықаралық туристік көрме Сеул қаласы (Оңтүстік 
      Корея) шілде айы.
    4. "JATA" Халықаралық туристік көрме Токио қаласы (Жапония) 
      қыркүйек айы.

5. "WTM"     бүкіләлемдік     туристік     биржа     Лондон     қаласы 
(Үлыбритания) қараша айы.

6. Еуропаға       арналған       Бүкіләлемдік       туристік       үйымдар 
комиссиясының кезекті отырысы. Мамыр айы.

  1. Бүкіләлемдік  туристік  үйымның  Бас  Ассамблеясының     ХҮІІ 
    сессиясы. Қараша айы.
  2. Туристік салаларды дамыту мәселесі жөнінде семинар. Сәуір айы.
  3. Шетелдік   жетекші   тур    операторлар    мен   БАҚ   өкілдерінің 
    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық тур. Мамыр айы.
  4. Іле-Балқаш регатасы. Мамыр айы.
  5. "Сарқырама    саяхат"     (жылжымалы)     Қазақстан     туристік 
    жәрмеңкесі. Қыркүйек айы.

12. "Жоңғария" республикалық туристік саяхат. Шілде айы [9]. 
2003 жылғы Статистика агенттігінің көрсеткіштері бойынша 713

туризм агенттігі 299000 туристке қызмет көрсеткен. Көрсетілген  туристік қызметтер көлемін алып қарасақ, 2003 жылы туризм қүнына кірмейтін визалық, экскурсиялық және өзге де қызметтер көлемінің республика бойынша жалпы сомасы 1112,5 мил. теңге қүраған (2001 жылы 875,5 млн.теңге). Жекелеген аймақтар бойынша деректерге назар аударсақ: бірінші орында Алматы қаласы, оның үлесіне 986,2 млн теңге. Барлық соманың 87% келеді. Астана қаласының үлесіне 66,8 млн теңгенемесе 6%; Қарағанда облысының үлесіне 20,3 млн теңге немесе 1,8%; Батыс Қазақстан облысының үлесіне 14,6 млн теңге немесе 1,3%; Павлодар облысының үлесіне 13,6 млн теңге немесе 12% келеді.

Жоғарыдан көріп отырғанымыздай әлемдік туризмнен өз үлесін алу үшін Қазақстан керекті шарттарды түрлі мемлекеттермен жасасуда. Экономика жағынан нашар топтар үшін әлеуметтік туризммен қоса аймақтық туризм даму бағдарламарын дайындауда. Еліміздегі саяси түрақтылық пен экономикалық даму аймақтық туризм имиджін қалыптастыруға оң ықпалын тигізіп келеді.

Әлемге әйгілі Forbes журналы туристерге қауіпті 14 мемлекеттің тізімін жариялады. Олардың арасында Иран, Ауғанстан, Бурунди, Гайти, Грузия, Зимбаве, Конго, Пото Ивуар, Либериа Пәкістан, Папуа, Жаңа Твинея Сомали, Судан көш басында түр, тіпті Бенил, Гомбия, Камерун, Эфиопия түрлі аурулардың көбеюі Турия Тунис, Мысыр, Үндістан, Қытай, Тайландтағы түрақсыздық жайлауы. Ал ТМД ауласында ауа-райы мәз емес. Мәселен, Ресейдей үлтаралық тау-жыра жолды былай қойғанда елді дүрліктірген "тақырбастар" қара торы үлт үшін қауіпке айналды. Ал өзіміздің маңайымыздағы көрші елдер Өзбекстан мен Қырғызстан да мазасыз мемлекеттер қатарында түр. Әлемде осылай дүрбелеңдер ДТУ Европаның комиссиясы өзінің 45-ші отырысын Қазақстанда өткізуді орынды көріпті. Бүл да бір жағынан түрақтылықтың кепілі болмақ. Аталған үйымның қолдауымен жақында Алматыда үйымдастырылған "Туризмді орнықты дамыту саясаты, стратегиясы мен тетіктері" атты жиынға алғаш рет 34 мемлекеттен 450 туристік компания жетекшілері қатысатын ел экономикасына қомақты табыс түсіретін саланың жай-күйін талқылады[10].

Қазақстан Республикасы әлемдік туристік нарықта бәсекелістікте төтеп беретін туристік индустрияны қүра бастады. Көптеген туристік саласы дамыған елдермен инвестиция саласында және туризм саласында ынтымақтастықты кеңейту туралы халықаралық келісім-шарттар түзді. Сонымен қатар туризмнің өңірін даму бағдарламасымен қоса, Қазақстан Үкіметі экономиканың бірнеше саласын іріктеуді жоспарлап отыр, олар Қазақстанның әлемдік нарықтарда бәсекелестік басымдықтарға ие бола алады. Олар индустриялық инвестициялық иновацияның даму саласы, әлеуметтік саласы, экологиялық саласы және туризм саласы.

Туризм саласы:

-Аймақтарда (яғни қалаларда) сервистік және қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін туристік инфрақүрылым обьектілерін дамыту;

-Аймақтық  келбеті мен оның бейнесі мен  туризм үшін тартымдылығын айқындайтын бірегей сәулет обьектілерін орналастыру;

-Курорттық  аймақтарда, қорықтарда қол жетерлік  мүмкіндіктерді пайдалану орнитологиялық, флоралық, мәдени танымдық туризмді дамыту, сондай-ақ әр облыстарда, "көшпенді түрмыс" жағдайына, шетелдік туристік аңшылыққа, балық аулауға, далалық сафариге және аймақтардағы туризмнің басқа да обьектілеріне туристердің қызығушылығын туғызу [11].

Сырттан келушілер  туризмнің және ішкі аймақтық туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің түрақты өсуін, халықты жүмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекелестікке қабілетті туристік индустрия қүру мақсатында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында 2011 жылы ішкі аймақ туристер оның 45 миллион адамға жететіні күтілуде. Қазір еліміздің әр облыстарында туризм секторын облыс экономикалық кіріс секторы етіп қарастырып, әр облыстарда туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламалары әзірленуде. Осылардың ішінде Түркістан қаласында туризмді дамытудың аймақтық бағдарламалары да бар.

Қазіргі статистикалық  көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, жылдан жылға Қазақстанға шетелдерден келген туристер саны артуы байқалуда. 2005 жылы Қазақстанға келген туристер саны 5990691-ге жеткен. Ал, Қазақстаннан шыққан туристер саны 2974869-ды қүрайды. Және туристік фирмалар саны 846-ға жеткен. Туризм саласында өндірілген өнім (жүмыс пен қызмет) көлемі 29944,0 млн теңгені қүраса, өнімді өткізуден түскен табыс көлемі 35026,2 млн теңгені, шығыстар 38106,9 млн теңгені қүраған [12].

2006 жылғы деректер бойынша және алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда аймақтық туристік индустрияның дамуының оң үрдісі байқалуда. Бүған төмендегі көрсеткіштер дәлел бола алады. Сырттан келушілер туризмі 19 пайызға өсіп, 5 млн 200 мың адамды қүрады, шығу туризмі 30 пайызға артып, 5 млн 900 мың адамды қүрап отыр. Ішкі аймақ туризмі 8 пайызға өсіп, 3 млн 500 мың адам. Жалпы алғанда Республика бойынша аймақтық туристік индустрия кәсіпорындарына түскен кіріс 14,6 пайызға артып, 35 млрд теңгені қүрайды. Сондай-ақ бюджетке 7 млрд теңге аударылды. Бүл өткен жылғымен салыстырғанда 8 пайызға артық. Аймақтық жүмыс істеп жатқан туристік фирмалар саны 2006 жылы 903-ті қүраса, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артқан. Қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындарының саны 17,6 пайызға, яғни 385-тен 453-ке артты (оның ішінде мемлекеттік меншікте - 31, жекеменшікте - 35, шетелдік қатысуымен бірлескен кәсіпорындар меншігі - 41).

Елімізде  сонымен қатар аймақтық-экологиялық  туризм дамып келеді. Ол отандық табыс көзінің басты факторы бола алады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дамыған мемлекеттердің көпшілігі бюджетін түрлі инвестициялар толтыру кезінде көбінесе осы салаға арқа сүейді.

Бүгінге дейін қазақ туризм секторының дамуы үшін жасалған анализдер, халықаралық келісім-шарттар, үсыныстар, бағдарламалар "Қазақстан-2030" стратегиясына сүйеніп жасалуда. Аймаққа келетін туристер тек іс-сапар ғана емес, көңіл көтеру және демалуға, тарихи ескерткіштер мен табиғат сүлулықтарын көруге, әулие жерлерге зиярат етуге, қазақ салт-дәстүрін тануға, қалаларды аралауға келеді [13].

Бүгінгі таңда  Қазақстанның халықаралық авиа жерлерінің, Германияға, Үндістанға, БАӘ-не, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа және тағы басқа мемлекеттерге үшуды жүзеге асыратын мүмкіншілігі туды. Ішкі аймақтық және халықаралық нарықтарда жүмыс істейтін "Эйр Қазақстан" үлттық тасымалдаушысы және басқа да осы әуе компаниялары әуе тасымалдауын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдауға қарағанда әуе рейстерін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін жөн көреді. Сонымен статистикалық көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, 2005 жылы Қазақстан Республикасы әуе көлігі туризммен байланысты қызметтерінің көлемі 31727,5 млн теңгені қүрайды.

Теміржол  көлігі 25814,7 млн теңге көлемінде қызмет көрсеткен. Негізгі теміржол тасымалдаушысы "Қазақстан теміржолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 халықаралық аймақтар бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның теміржолдары мен, транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Түркменстан мен Қытайдың жолаушылар поезы өтеді.

 

П-тарау. АЙМАҚТЫҚ ТУРИЗМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТАЛДАУ

2.1.Аймақтық  туризм дамуындағы туристік ресурстар

Халық шаруашылығы салысы ретінде аймақтық туризм сүраным мен үсыныстық нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс туристік ресурстарына лайық болуы шарт. Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 2,7 млн километр квадрат жерінің 90 пайыз жердің оңтүстікте және оңтүстік шығыста көкпен тілдескен Тянь-Шань таулары Сауыр-Тарбағатай, шығыста Алтай таулары орналасқан таулы өлкенің табиғи және климаттық жағдайы мен орташа қар жамылғысы (36 см) аймақта қыстық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Елімізде қыстық туризм Алматы Шымбүлақ аймағында ғана дамиды. Елімізде қүрғақшылық климатына байланысты су торабына бай емес. Үзындығы мың шақырымнан асатын 10 өзен бар. Ең үзын өзен - Ертіе өзені. Ең үлкен көл - Балқаш көлі, ең терең көл - Алакөл көлі. Алакөл, Зайсан, Балқаш көлдері және Қапшағай, Шардара, Бүқтырма су қоймалары жағалаулары жағажай ретінде дамитын болса, бүл су ресурстары су спортын дамытуға мүмкіндік беруде. Жалпы Қазақстан маймағы бойынша 500-ге жуық минерал су көздері, 120-ға жуық емдік батпақтар бар [14].

Республика  аумағының 7 пайызын орманды дала алып жатыр, бүл аймақ қоңыржай континентті. Мүнда вегетациялық үзақтылығы 120-145 күнге тең. Мүнда Батыс-Сібір типтес жайпақ ойдымды, шоқ қайыңды ормандар басым келеді. Тыныс органдарымен байланысты дерттерге өте жақсы ем ретінде қолданылады. Бүл ландшафт грунтының ылғалдануы жағдайында жарылу тегі бір-біріне жалғасқан көне көлдік және шөлдік деңгейлер жазықтықтарға қалыптасқан. жақсы кәрізделген саздақты жерлер мен өзен бейткейлерінде жоғары бөліктерін қүнары аз шайылған қара топырақты қабатты астық түқымдас түрі, шөпті-тоғайлы дала алып жатыр. Орманды қара топырақта көк теректі, қайыңды орман өседі. Дала ландшафтысы Қазақстанның 20 пайызы алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері қуаң және қүрғақ климаттық жағдайланырда қалыптастқан. Вегетациялық кезең үзақтығы 130-170 күн. Бүл зонада түзды, түссыз көлдерде қүстар. өте көп. Бүл ормитологиялық туризм үйымдастыруға қолайлы. Шөлейт ландшафт зонасы ландшафтың зоналық типі ретінде тек Қазақстанда орын алған. Бүл зона Каспий маңы ойпатының Алтайға дейінгі 2900 км-ге созылған, шамамен 23 пайызға созылған. Вегетациялық кезең - 170 күннен астам.

Информация о работе Аймақтық туризм