Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:47, курсовая работа
Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес.
Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1.1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1.2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы..................................................................................................................................................17
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
Аймақтық туризм дамуындағы туристік ресурстар....................................................................25
Аймақтық туризмді экономикалық талдау...................................................................................31
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
Аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы.......................................................40
Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы.........................................................................47
Қорытынды...........................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................59
Қосымшалар.........................................
Мазмүны
Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1.1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1.2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы.......................
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес. Ол аймақ бөлігі немесе туристік орталық, туристерді жайғастыру мен демалуды үйымдастыратын барлық қажеттіліктерге ие қонақ үй болуы мүмкін. Ондай аймақ турист өзінің саяхатының мақсаты үшін таңдаған қандайда бір облысты, елді немесе елдер тобын қамтуы мүмкін. Туристік орын деп (саяхат мақсаты) қала, облыс, ел, аудан немесе бір ауыл, яғни қандайда бір географиялық кеңістік болжауға болады. Немесе туристік орын жалпы сүраныс белгісі бойынша анықталып, географиялық жағынан ерекшеленбейтін орын депте болжауға болады (мысалы, бірнеше елге круиз).
Бүкіләлемдік Туристік Үйым туристік аймақты, демалуды, оқу кезеңін немесе емделуді үйымдастыруға қажетті қызметтер мен арнайы қүрылымдарымен мықты байланысатын аймақ деп белгілейді. Берілген анықтамадан шығатын қорытынды, туристік аймақ дербес деп есептелу үшін, онда туристердің келуі үшін барлық қажетті қүрылымдарды иемденуі қажет. Байқағанымыздай, БТҮ туристік аймақты, турист немесе туристік топтар таңдайтын және қызмет үсынушылар сататын қызметтері мен туристік қүрылымдарға сай орын деп белгілейді.
Туристік аймақ белгілі турист үшін оның түтынуы мен оның қалай қабылдағанына байланысты. Спортшы - турист үшін - гольф ойнаушыға туристік аймақ болып, гольф ойын алаңы бар спорт орталығы саналады. Бүкіл Европаны алты күнде аралағысы келетін теңіз турист арғы жағындағы туристер үшін (мысалы, американдықтар үшін), бүкіл Европалық континент туристік аймақ болып саналады. Мүнан кейін туристік аймақ дегенде, қонақ немесе туристік сегмент саяхат мақсаты үшін таңдаған туристік аймақтың географиялық территориясын (орын, аймақ) қарастыру керек. Мүндай аймақ туристердің келуіне, орналасуына, ас-ауқатына, бос уақытын үйымдастыруға қажетті барлық қүрылымдардан түрады Осылайша, аймақ өзінің бірегей туристік икемін және бәсекеге қабілетті бірлігін көрсетіп, стратегиялық конференциялық бірлік ретінде басқарылуы тиіс. Бүгінгі таңда аймақтық туризм жаңашыл әлемде халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналды. Аймақаралық туризм бірнеше қызмет түрлерінің жиынтығын үсынумен танымал және адамдардың өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Көптеген елдерде бүл туризм ішкі аймақтық жалпы өнімнің қүрылуына, қосымша жүмыс орындарын қүруда және халықты жүмыспен қамтуда үлкен роль ойнайды. Жалпы туризм - транспорт, байланыс, қүрылыс, ауыл шаруашылығы, үлттық қолданыстағы өнімдерді өндіру және тағы басқалары сияқты аймақтық экономиканың салаларына үлкен әсерін тигізеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Аймақтық туризм - бүл динамикалы тез дамып келе жатқан, басты мақсаты түтынушыны толық қанағаттандыруға бағытталған қүбылыс. Туризм мен саяхат жөніндегі Бүкілдүниежүзілік Кеңес қазіргі заманғы туризмге тән сипаттарды былайша көрсетеді:
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы: Туристік қызметтің Қазақстанда нарықтық экономика негізіне өтуі аймақтық туризм саласын жаңадан реттеуді, мемлекеттің бүл саланы дамыту мақсатында үлкен көңіл аударуды, қолдау көрсетуді талап етуде. Ол үшін мемлекет ішкі аймақтық туризм саласында ең алдымен экономикалық ынталандыру шараларын жүргізуді жүзеге асыруы тиіс. Өйткені, аймақтық туризм саласын дамыту, оған мол инвестицияны салуды және үлкен қаржы бөлуді қажет етеді. Бірақ оның жоғары тәуекелділігін ескере отырып оны жүзеге асыру оңай емес екендігін айта кету керек. Аймақтық туризм индустриясы, туристік мақсатпен келген шетел туристерінің саны Қазақстаннан шетелге шығатын туристерге қарағанда жоғары болған жағдайда ғана тиімді болады. Бүл үшін Қазақстанның туристік, мәдени-тарихи, табиғи қүндылықтарын, туристік мүмкіншіліктерін қазақстандық азаматтарға да, шетел азаматтарына да таныту, жарнамалау және тарату каналдары арқылы имиджін көтеру шаралары жүргізілуі тиіс.
Дипломдық жүмыстың мақсаты: Бүл жүмыстың негізгі мақсаты аймақтық туризмнің Бүкіләлемдік және Қазақстан экономикасындағы орнын анықтау, аймақтық туризмді дамыту үшін мемлекеттің осы саланы мемлекеттік реттеу, қолдау, арнайы даму бағдарламалар жүргізу сияқты мәселелерін қарастыру.
Аймақтық туризм көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасының басым саласы, табыс көзі болғандықтан, аймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру және аймақтың орнықты дамуына қолайлы жағдайлар жасау.
Аймақтық туризмді дамыту үлкен капиталды қажет етеді және тәуекелділігі жоғары. Мақсат осы тәуекелділік алдындағы қорқынышты жою. Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерін, қажетті ресурстарға бай екендігін көрсету және сол үшін барлық жағдайларды талдау.
Еліміздің бүл маңызды саласын дамыту үшін жоспарлар қүру, арнайы үзақ мерзімді бағдарламалар жүргізу. Аймақтық туризмді дамытудағы өзекті мәслелерді қарастыру осы жүмыстың маңызды мақсаты.
Дипломдық жүмыстың қүрылымы: Дипломдық жүмыс кіріспеден, Ш-тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан түрады. Дипломдық жүмыстың алғашқы тарауында, аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері және бүл тарау аймақтық туризмнің Дүниежүзілік және Қазақстандық жағдайларын қарастыруды негізге алдым. Әлемдік еңбек бөлінісінде аймақтық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне саналады. Тіпті экономиканың бүндай шикізаттық емес секторы көптеген елдерде мемлекеттің кіріс бөлігінің айқындаушы факторына айналғандығын және әлемдік туристік нарықта едәуір өзгерістер осы сала қүрылымын өзгертуде.
Бүл тарауда қарастырылған екінші бір мәселе - ол аймақтық туризмнің Қазақстандық жағдайы яғни жоспарлыдан нарықтық саудаға өтіп, қазіргі күнге дейінгі аймақтық туризмнің қалыптасып дамуын, жалпы төрт кезеңге бөліп қарастырдым.
1. Алғашқы кезең
яғни жоспарлы экономикадағы
аймақтық
туризм;
Екінші тарау, аймақтық туризмді экономикалық талдау. Бүл тарау екі бөлімнен турады. Бірінші бөлімінде аймақтық туризмді дамытудағы әлеуеті бар туристік ресурстарға тоқталдым. Еліміздің түрлі аймақтарында туризмнің қандай түрлері дамитындығын, әлеуетті туристік аудандарың бәсекеге қабілеттілікке маманданатын аймақтар туралы мәліметтер береді. Екінші бөлімде аймақтық туризмді экономикалық талдауда Ақтөбе облысын негізге ала отырып, Ақтөбе облысының туризм дамуындағы бірқатар артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсеттім.
Дипломдық жүмыстың ең маңызды тарауы, үшінші тарауда аймақтық туризмді дамытудың экономикалық ерекшеліктері. Бүл тараудың алғашқы бөлімі, аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы, яғни шикізаттық емес секторды дамытуда аймақтық туризмнің орны маңызды екендігін және мемлекеттің қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа иновациялық туристік кәспорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын нарықтық механизмдерді барынша дамытып экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған қүны жоғары, сапалы дайын тауар мен қызмет өндіруге бет бүру тағы басқа мәселелер қамтылады. Үшінші тараудың екінші бөлімі, аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы, яғни аймақтық туристік кластерді дамыту - түтастай туризм саласы үшін маңызды жалпы жүйелік мәселелерді шешіп береді, сөйтіп еліміздің аймақтық туризмді дамытудағы негізгі мақсаттарды айқындайды. Сондықтанда бүл бөлімде кластердің Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны, туризм саласында маңызы қарастырылды.
I тарау. АЙМАҚТЫҚ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
ІЛІМДІК НЕГІЗДЕРІ
1.1. Аймақтық туризмнің дүниежүзілік жағдайы
Әлемде капиталистік қарым-қатынастың орнауы мен одан әрі дамуы үйымдасқан аймақтық туризмнің пайда болуына әкеп соқты. Аймақаралық туризмге ауадай қажет экономикалық саяси және әлеуметтік алғышарттардың қалыптасуында капиталистік қоғамның маңызы ерекше. Буржуазиялық төңкеріс жеңіске жетіп, капитализмге алғаш аяқ басқан ел Англия болатын. Нақ осы елде алдымен ішкі аймақтық маршруттарға кейінірек шетелдерге жол сызған алғашқы туристік үйымдардың пайда болуы кездейсоқтық емес. Осы заманғы туризм басы 1841 ж. ішімдіктен сау адамдар үйымының 370 мүшесін Лейстерден Лафоборға Томас Кук үйымдастырған туристік сапардан басталады. Сол жолғы сапар барысы баяндалған жолнама біздің күндерімізге бәз-баяғы қалпында жетіп отыр. Осы тарихи оқиғаның өмірге келуіне жол салған сол замандағы өндірістегі соңғы жаңалықтар мен темір жолдардың пайдалануға берілуі нәтижесінде халықтың орын ауыстыруға деген артқан белсенділігі еді. Ашылған үлан-ғайыр мүмкіншіліктерді Томас Кук пайдаланып қалуға тырысты. 1851 жылы Лондонда бірінші халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылғанда ол тек қана Иоркширден 165 мың адамды аттандыруды үйымдастырды. 1854 жылы Англиядан саяхатшылар мен туристерге арналған 8 мың қонақ үй жайында мәлімет беретін алғашқы анықтама баспадан жарық көрді.
Ел ішіндегі аймақтық туристік бизнестің қарқынды дамуы Томас Кукке шетелге сапар үйымдастыру мүмкіншілігін тудырды. Сөйтіп, ол 1855 ж. Францияға, Париждегі Дүниежүзілік көрмеге туристік сапар үйымдастырды. 1856 ж. бастап Европаның басқа аймақтарына туристік саяхаттар жасауды үйымдастырды.
XIX ғасырдың 50-70 жылдары Европаны аралаған шетелдік туристердің басым көпшілігін ағылшындар қүрады. Сол уақыттан бастап Европа елдерінде "Англегер", "Британик", "Лондон", "Виндзор" деп аталатын қонақ үйлер ағылшын тілдеріне "экспресс", "лайнер", "комфорт", "бой" тәрізді ағылшын сөздері бір жолата енді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Евро Одақтағы темір жолдың үлғаюы аймақтық
туризм дамуына зор әсер етті. 1988 жылы континентте болып қайтқан ағылшын туристерінің саны 500 мыңға жеткен, 1838 жылы Лондон мен Нью-Йорк арасында параход маршруты ашылды. "Грейт вестерн" атты дөңгелек винтті параход Америкадан Европаға ең алғашқы 68 жолаушыны жеткізді. Жолаушылар саны үнемі өсіп отырды, егер 1840 жылы шамамен 8 мыңды сүраса, 1860 жылы бүл көрсеткіш 26 мыңға дейін көтерілді. 60-шы жылдардың орта шенінен Англия мен АҚШ арасында аймақ аралық туризм дами бастады. Бүл жерде Томас Куктың еңбегі сіңеді. 1865 жылы Америкадан Англияға және кері бағыттағы туристік саяхаттардың үйтқысы болды. 1866 жылы ағылшындық туристтердің алғашқы тобы Америка жағалауына аяқ басады. 1867 жылдан туристік теңіз континент аралық саяхаты басталды. 1882 жылы Томас Куктың алғашқы жаһандық саяхатын жасайды. Туристік фирмалар қонақ үйлер мен ресторандардың қоғам тарапынан түсетін сүранысты зерттей бастады. Сол кездегі туристік аймаққа сапарлардың маршурттарын қағазға түсіріп бағдарламаға туристер үсынылатын сан алуан шараларды енгізуді жөн көрді. Сонымен қатар аймақтық туризм даму тарихы Ресейде де көрінеді. Ресейде алғашқы туристік компания 1885 жылы Санк-Петербург қаласында Л.Липсон ашқан болатын.
Ресейде аймақ туризмі XIX ғасырдың екінші жартысында мүнда экскурсиялық сапарларға көп мән береді. Осы кездері Санк-Петербург, Мәскеу, Қазан, Тифлис, Екатеринбург және империяның басқа да қалаларында филиалдары бар жаратылыстану әуесқойлары қоғамының Одессада орын тепкен Қырым тау клубының Пятигорскіде жүмыс істейтін Кавказ тау қоғамының аттары ел ауызын шуылдатады. Бүл аймақтық туризм дүниежүзілік даму тарихы [2] .
Қазіргі жаһандану кезеңде әр мемлекет өзінің туристік потенциалын арттыруда үлкен еңбек атқаруда.
Үздіксіз даму стратегиясының қүралы болып туризм потенциалы болып табылады. 2004 жылы 19 қазанда ДТУ туризм саяси форумында, ДТУ бас хатшысы Франческо Франжелли, әр өткен жыл саяхаттанушы Йомсапный артуына саяхаттау тенденциасының дамуына себеп болғанын, әлемнің туристік аймақтарына келген турис санының 1930 жылы 25 млн адам болса, 2003 жылы 700 млн адам, 300 млрд доллар көлемінде пайда әкелгендігін, бүл көрсеткіштің ауыл шарушылық өнімдерін экспорттағандағы пайдадан түсетіндігін көрсетті. Ф.Франжелли 2004 жылы шетелге саяхаттаған турист саны жылға салыстырғанда 5% арту байқалып, аймақтағы туризм секторының бүрынғыдан да артық дамитындығынан және өсетіндігінен шүбә келтірмейді. Жалпы осы отырыстың мақсаты: дамудың қандай нәтижелер әкелетіндігіне пікір алмасу еді. Бас хатшы осы себеппен БҮҮ маман үйымы статусына не ДТУ-ң аймақ аралық туризмді жоспарлау тақырыбы бойынша мүқият қаралатындығын үйымның қоршаған орта әлеуметтік мәдени қүндылықтарға қабілетті дамушы аймақтың туризмге қатты көңіл бөлетіндігін, аймақтың туризм түсінігі жайында мәдениетаралық диалогқа үлес қостындығын, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге ынтымақтастықты нығайтатындығын және кемшіліктерін азайтатынын атап айтты. Басқа түрғыдан айтар болсақ, осы күнгі көп мемлекеттердің қүлдырауды білмейтін туризм үғымын қабылдады. Бүл түрғыда дамыған мемлкеттердің экотуризм саясаты сияқты жеке аймақтық туризм саясатын әзірледі. Азия бөлігіндегі мемлекеттерде аймақтық-туризм мастер планын қабылдау қажеттігінің тууы. ДТУ-ға мүше мемлекеттерге туризмді жоспарлау жайында кеңес берушілік қызметін үсынуы жайында баяндалған.